Білім күні – мереке

Білім күні – мереке

Балабақша ауласы 1 - Қыркүйек - Білім күніне сай безендіріледі. Жеңіл музыка ырғағымен әр топтың балалары екі қатармен келіп, орындарына тұрады. Жүргізуші баларды мерекемен құттықтайды.
Қастерлемес даңқын кім,
Қадірлемес салтын кім?
Әнұраны елімнің,
Үні, Тілі халқымның!
(Әнұран орындалады)

Жүргізуші:
Сәлем, достар, балалар!
Жаңа білім күніңмен!
Білім - күні мереке,
Ән салсам да әдемі.
Туған тілім - береке,
Сөз арнасам кәделі!...
Сценарийлер (ертеңгілік)
Толық

1 қыркүйек – білім күні (Сыңғырла алғашқы қоңырау!)

Тақырыбы: 1 қыркүйек – білім күні (Сыңғырла алғашқы қоңырау!)

1 - жүргізуші:. Аралап көрікті жерлерді,
Жаз бойы тынығып демалдық.
Білімге шақырып келді күз,
Мектепке көңілді оралдық.

Армысыздар, құрметті қонақтар мен ата - аналар! Ұлағатты ұстаздар!

1 - жүргізуші: Бармысыздар қымбатты жаңа оқу жылының күміс қоңырау үнін сағына, асыға жеткен оқушылар!
Айналайын, дарын бол,

2 - жүргізуші: Жақсы оқып, ер жетіп.
Оқу оқып, ғалым бол,
Жанған оттай жалын бол!
Әділ шешер әр істі
Ақылың асқан дана бол.........
Сценарийлер (ертеңгілік)
Толық

Ел ертеңі - адал ұрпақ!

Адалдық... Осынау қасиетті де ауқымды ұғымның адам баласы үшін алар орны, атқарар қызметі орасан зор. Тек орнымен қолдан, қасиетті сөздің қадіріне жете біл! Сонда ғана бұл сөз өзінің қадір-қасиетін жоғалтпай, мәні мен мағынасы арта түсері сөзсіз.

Атам қазақ «ардың ісі - адалдық» деп бесенеден жоғары бағалағаны айтпаса да белгілі. Ендеше осынау қасиетті ұғым қазірде өз дәрежесінде, өз биігінде самғай алып жүр ме?

Қайдам... Бұған бір-ақ мысал аш қасқырдай жалақтаған жемқорлық деген пәлені қайда қоямыз? Бұл біздің күнделікті өмірімізге баса көктеп кіріп, жаппай қоғамның дертіне айналып бара жатыр ма деп қаламыз. Себебі кез келген жаңалыққа құлақ түрсеңіз еріксіз «пара алыпты», «пара беріпті» деген сөздермен қаласаңызда, қаламасаңызда ұшырасасыз. Ойлап қарасақ, бұл күнделікті әдетке айналып бара жатқан сияқты.

Ай мен күннің аманында, ел ішіндегі тыныштық заманда адам баласының бұлай бұзылуына не жетіспейді екен деп бір сәт ойға шомасыз. Ойлана-ойлана пенденің пендешілдігі шығар деген шешімге еріксіз келесіз. Басқа ақтар себепте жоқ сияқты. Болған үстіне бола түссе деген ашкөздік, байлығымды еселей түссем деген көрсе қызарлық. Бұл - пенденің пендешілдігі емей немене......
Эсселер
Толық

Шәкіртімнің ертеңгі жетістігі – менің бүгінгі тәлімімнің нәтижесі!

"Білім – парасатты, ол – бір ағын,

Шәкіртке төгеді ылғи жан шуағын.

Ұстаз деп қоғам әр кез танитұғын,

Қастерлі, қасиетті – ол мұғалім"

Иә, әрине,ұстаз ұрпақ тәрбиелеп өсіруші, қоғам сенген адам. Ұстаз болу әрі бақыт, әрі абырой. Осы қастерлі мамандықтың қадірін біліп, шәкірттерінің жүрегіне асыл қасиеттерін ұялатып, өн бойына ұстазға тән салмақтылық пен мәдениеттілікті сыйғыза білген жандарды халқымыз әрқашанда ерекше құрмет тұтқан.

Жаһандану заманында өркениет көшінен қалмау үшін білімді, саналы ұрпақ тәрбиелеу маңызды. Ұстаз тәлімінен нәр алып сусындаған шәкірттің жетістікке қол жеткізуі – біздің қоғам үшін ең басты рухани құндылыққа апараы сөзсіз. Біліммен қаруланған тұлға қоғамды дамытуға өз үлесін қосатыны белгілі. Қазіргі заман талабына сай әр баланың қабілетіне қарай дарындылығын дамыту, білім бәйгесінде, дүбірлі жарыстарда жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шәкірт шығару – ұстаздардың ерен еңбегінің жемісі......
Шығармалар
Толық

Қазақ тілінің бүгіні мен ертеңі

Тіл тағдырына қамқорлық – әр адамның міндеті. «Ана тілі халық болып жасалғаннан бері жан дүниесінің айнасы, өсіп-өніп, түрлене беретін мәңгі құламайтын бәйтерегі» дейді Ж. Аймауытов. Иә, бүгінгі таңда күн тәртібінен түспейтін мәселе – ана тілдің бүгіні мен ертеңі. Өйткені ол – ана тіліміз, ұлттық тіл, тәуелсіз Қазақстанның мәртебелі мемлекеттік тілі. Оның бүгінін тұғырлы, ертеңін тағдырлы жасау – біздің жауапкершілігіміз.

Қазақ тілі – қоғамда заңмен бекітілген мемлекеттік тіл. Алайда барлық салада кеңінен қолданылады десек, онда кемшіліктерге көз жұмғанымыз. Егер қоғам азаматтары тілдің мәнін, рөлін бағалап, түсінсе, онда мемлекеттік тілді жиындарда пайдалану, құжат толтырудан бастап, қызмет көрсету терминалдарын қазақ тілінде сөйлету кезінде кемшіліктер орын алмас еді. Бұл – араздық тудыратын арзан айқай емес, тіл тарихы мен тіл мәртебесіне құрметті талап ету.

Тілдің ертеңі туралы ойымызды жинақтасақ, «Егер мемлекеттік тіл кеңінен қолданыс таппай қағажу көрсе, оның болашағы қандай болмақ?», «Өз ана тілінің қадірін сезінбеген жан ұлт тілінің сол ұлттың төлқұжаты екенін қалай түсінбек?» деген сұрақтар бой көтереді. Менің ойымша, қоғамдағы жауапкершілік әр адамның сындарлы ой қорытып, салауатты пікір тұжырымдауымен, яғни саналылығымен өлшенеді. «Өз тілімен сөйлескен, өз тілімен жазған жұрттың ұлттығы еш уақытта адамы құрымай жоғалмайды. Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тілі» (А. Байтұрсынұлы). Бұған дәлел – XXI ғасыр басында 29 адам қажетсінбеген, тек бір адам ана тілім деп қолданып келген лив тілі. Жалғыздың жүрек соғысы тоқтағанда бұл тіл де ресми түрде өлді. Бұл – қасірет... Осыған жол бермей, тілді сақтау – әр ұлт перзентінің борышы......
Шығармалар
Толық

Тәуелсіздік-ел ертеңі

Туған елім – тірегім!
Н.Назарбаев
Атамекен – халқымыздың ерте заманнан берi мекендеп, суын iшiп, өсiпөнiп, өмiр сүрiп келе жатқан кең байтақ жерi. Атамекен дегенде алдымызға айдын шалқар көлдерi мен мөлдiр бастау қайнарлары, сарқырай аққан тасқынды өзендерi, алып таулары мен жасыл желек жамылған сыңсыған орман-тоғайлар, кең байтақ, ұлан-ғайыр далалар келедi. Бұл жердiң тарихы – Қазақстан тарихы. Н.Ә.Назарбаев: «Әрбiр адамзат тарих қойнауына тереңдеу арқылы өзiнiң ата-бабалары қалдырған осындай кең-байтақ жердiң лайықты мұрагері болуға ұмтылсын» деген аталы сөз келтiрген. Қазақ халқының өткен тарихы – ата-бабамыздың бостандық пен бақытты болашақ жолындағы ұзақ та ауыр күресiнiң тарихы. Отансүйгіштік – адамның өзінің туып-өскен өлкесіне деген сүйіспеншілігімен қоса, үлкен достық жанұя құрайтын жүзден астам ұлттар мен ұлыстар мекендеп отырған біздің ұлан-байта Отанымызға деген сүйіспеншілік. Қазақстан Республикасының азаматымын деп сезініп, Қазақстан Республикасының азаматы болуды өзімізге тиген зор бақыт және үлкен жауапкершілік деп түсінеміз. Біз осы ұлан байтақ жерде, осы мекенде туғанымыға шын мәнінде де бақыттымыз. Себебі біздер қазақы иісі аңқыған Бейбарыстың, жырлары жалын атқан өр Махамбеттің, қазақта дана да, дара болып кеткен асыл Абайдай ұлылардың ұрпағы емеспіз бе? Қазақ жерінде туып, қазақ жерінде өсіп-өніп өркендеп отырған әрбір өскелеңнің жүрегі «Менің елім - Қазақстан» деп соғуы тиіс деп білеміз. Ендеше, асыл елім, кіндік қаным тамған жерім, жүргіміз тек сен деп соғады. Имандылық пен парасаттылыққа, адамгершілік пен ізгілікке толы жанымызды, жүрегімізді таңғы шықтай таза ұстап,еліміз үшін адал еңбек етейік дегім келеді. Бүгінгі ұрпақтың тыныш өмір сүріп отырғаны, Алланың маңдайын жарқыратып халқына берген Нұрсұлтандай патшамыздың арқасында екенін айқын білеміз......
Шығармалар
Толық

Отан – ұрпақтың күліп атар ертеңі

Қазақстанның болашағы – қоғамның
идеялық, саяси бірлігінде.
Елімізді сақтасақ, қорғай білсек,
кез келген сынақтар мен
кедергілерден сүрінбей өтеміз.
Н. Ә. Назарбаев.

Құрметті менің шетелдік досым! Мен бұл хатымда саған менің елімнің Қарулы
Күштері жайлы айтпақпын. Менің елім қанаты қатайып, кемелденіп келе жатқан
«Қазақстан» атты жас мемлекет. Өз алдына отау тігіп, көк туымыз асқақ желбіреп,
Тәуелсіздігіміз салтанат құрғанына, міне, биыл 20 жыл!....
Шығармалар
Толық

Болашақ ұрпақтың баянды ертеңі үшін

Ерте ғасырларда жужандар мемлекетінің елшілер ғұндарды Мөңке қаған билеп тұрған сәтте қонаққа келіп, басынсыған түрмен, қағанның астындағы атын сұрапты. Бұған би-сұлтандар дау-дамай көтергенімен, қаған көніпті, келесі де сұлу жарын сұрапты, бұл бұйымтайларына да көніпті. Ендігі де елінде бос жатқан жерді сұрағанда, би-сұлтандар керек емес жерді берейік деп ұйғарғанда, Мөңке қаған атылып тұрып, «Ата-бабам жанын салып қорғаған, халқым мен оның ұрпағы мекендейтін ата-қоныс ешнәрсеге тең келмейді. Олардың жерімді сұрағаны қай сасқаны» деген ашумен, бірнеше күнде сол мемлекетті жаулап алған көрінеді. Ұлтарақтай болса да, ата қоныс — жер қымбат, ат төбеліндей болса да туып-өскен ел қымбат,- дейді дана халқымыз. Әйтсе де өзгенің жеріне ортақтасып, билік жүргізуге құмартқандар тарихымызда көптеп кездеседі. Ежелгі Македонияның патшасы Ескендір Зұлқарнайын да осындай нысананы көздей отыра, әлемге бастаған жорығы сәтсіз болып, көптеген шығынға ұшыраған болатын. Бірінші дүниежүзілік соғыс отының тұтануына себепкер болған тағы да Наполеонның әлемді билегісі келген арманы талай адамның қаны мен терін төкті. Мұндай дүниеқоңыздық талай мәселенің түйткіліне айналмақ. Жерге деген ашкөздік көптің сағын сындырып, қара халықтың басына талай нәубетті тарттырады......
Шығармалар
Толық

Тәуелсіз елдің ертеңі

Мен XXI ғасырдың ұрпағымын. Мен бейбіт, тәуелсіз елдің ертеңін жалғастырушы болашағымын. Осындай елде жас ұрпақ алаңсыз еш қайғысыз, азат өмір сүру үшін ата-бабамның жасаған ерлігін ұмытпаймын. Үстіміздегі жылы адамзат тарихындағы ең сұмдық соғыстың болып өткеніне 71 жыл толады. Бірақ, Ұлы Жеңістің ұмытылмайтындығы сияқты, соғыс та біздің санамызда ұмытылмас із қалдырды. Адамзат тарихындағы осы бір жойқын соғыста миллиондаған адамдар мерт болды, қаншамасы мүгедек болып қалды, миллиондаған адамдар хабар-ошарсыз кетті, тылда да халқымыз қанша қиындық көрді...
2015 жылдың 9-мамырында селомыздағы жауынгер ескерткішінің жанындағы салтанатты жиында алғаш рет ешқандай соғыс ардагері болмады. Ең соңғы ардагер бұл жиынға келе алмады, себебі денсаулығы жоқ екен. Мен өзімнің ұстазым Гүлшат Мүсілімқызы Рамазанованың өз шығармашылығынан оқыған «Соғыстың соңғы солдаты» өлеңін тебірене тыңдадым. Ұстазымның толқыған жан дүниесі, өзегін өртеген өкініші менің де жүрегімді дірілдетіп, терең ойға шомдым. «Ол кім екен? Қандай адам? Соғыста қандай жерде соғысқан?»- деген сұрақтар көңілімнен шықпады. Ақыры мен ол кісімен таныстым. Ол жайында негізгі бөлімде әңгімелемекпін.2. Негізгі бөлім: а) Ұлы Отан соғысы парақтарынан.
КСРО жеріне басып кірместен бұрын 12 мемлекет басып алған және 14 одақтасы болған жау Баренц теңізінен Қара теңізге дейінгі аралықта зор майдан шебінде соғыс ашты. Гитлер «тұтқиыл» шабуылмен Кеңес елін талқандап, әлемдегі алғашқы социалистік мемлекетті құртып, кеңес адамдарын құлға айналдыруды, Кеңес елін өз отарына айналдыруды көздеді. Бірақ, кеңес халқы тұтқиылдан шабуыл жасаған жауға қарсы тұра алды. Майданға кеткен мыңдаған ерлердің орнына барлық жұмысты ұйқысыз, ас-сусыз еңбек еткен әйелдер мен балалар атқарды. Соғысқа дейін бір сағатта істеген істерін соғыс уақытында бір минутта істеуге тырысты......
Шығармалар
Толық