Арыстан күшігін асыраған мысық

Бір Мысық қаңғырып жүріп өліп жатқан арыстанға тап болады да оның жетім қалған күшігін бауырына басып, емізіп асырайды. Арыстан өсіп, азулы аң болады, өз тамағын өзі тауып жейтін халге жетеді.

Бір күні ашыққан Арыстан өзін асыраған Мысықты жемек болады. Мысық оның бұл ойын сезіп, өрмелеп ағаш басына шығып кетеді. Сонда Арыстан тұрып:

— О, менің ақ сүтін емізген асыраушым! Маған сен туған анамдай ыстықсың. Бар ақылыңды үйреткенде, ағашқа өрмелеуді неге үйретпегенсің? – дейді.

— О, қайырымды балам! Сені мен кішкентайыңнан бауырыма басып өсірдім, білген ақыл-айламның бәрін үйреттім. Бірақ құлқыныңнан қорқып, бір өнерімді айтпай, бүгіп қалып едім, оным ақыл болған екен! – дейді.......
Ертегілер
Толық

Қу түлкі

Жолбарыс бір Түлкіні ұстап алады. Түлкі құйрығын бұлаңдатып, тұмсығын жоғары көтеріп:

— Мені жей алмайсың! Мен осы орманға қожалық етуге келгенмін, – дейді.

Жолбарыс Түлкіге олай бір, былай бір қарап, сенбей:

— Мүмкін емес, – дейді.

— Сенбесең, менімен бірге орманға жүр. Ондағы барлық аңдардың менен қалай қорқатынын өз көзіңмен көр, – дейді Түлкі.

— Жарайды, көрсек көрейік! – дейді Жолбарыс.......
Ертегілер
Толық

Жақсылыққа жамандық

Кез келгенді мүйіздей беретін сүзеген бұқа байқаусызда құдыққа түсіп кетіпті. Құдықтың ішін бар перменімен сүзгілеп, топырағын айналғанын, өзінің бекерден-бекер өлерін бұқа біліпті. Біреу болмаса, біреу құдықтан мені шығарып алар деп, бар пәрменінше өкіріпті. Мұның бақытына қарай жақын арада бір қойшы қой жайып жүр екен. Мұның даусын естіп, қойлар мен қойшы жүгіріп келеді.

— Шырақтарым, қарақтарым, шығарып алсаңдаршы, – деп, бұларға әдеппен, ибалықпен жалынып, бұқа сөйлей бастайды. — Мені жазасыз, кінәсіз өлтірмеңдерші, ғұмырымда жанға жамандық ойлап, қас қылмаушы едім. Менің мінезімнің жақсылығы Зеңгі бабаға мәлім, достарым, қарақтарым, мені шығарып алыңдаршы! Өлгенімше сол жақсылықтарыңды ұмытпаспын, – дейді, бұқа жалынып-жалбарынып.

— Қойлар,бұқаны құдықтан шығарып алып, жақсылығын көрейік! – дейді қойшы.......
Ертегілер
Толық

Бақа мен кірпі

Көлшік маңындағы көгалда бақа мен кірпі бір-бірінің түрін көріп, қайран қалысыпты. Көзі бадырайып, жүрегі лүпілдеген бақа:

— Тұла бойың түгел тікенек, не деген тұрпайысың! – депті кірпіге, бақаға батпай бұйығып тұрған кірпі:

— Өзгелердің көзінше тұла бойын тыртитып сенің түрің де келісіп тұр екен! Түріңді көргенде, денемнің түршіккенін-ші! – деп, тікенектерін тікірейтіп, тұмсығын тыжырайтып, күліп жіберіпті.......
Ертегілер
Толық

Айлакер түлкінің ажалы

Түлкі, қасқыр, жолбарыс, түйе төртеуі жолдас болыпты. Тапқандарын бірге жинап, ұдайы бірге жүріпті. Содан кейін қыс кетіп, жаз болады, жыртқыштардың бұрынғыдан да табыстары азайып, қарындары ашады, түйе болса жегені шөп, семіреді. Бір күні түйе жайылып кеткенде, түлкі қасқыр мен жолбарысқа:

— Мына түйені жейік, – дейді.

Жолбарыс:

— Аңғал емес пе, түйе көне ме? – дейді.......
Ертегілер
Толық

Қарлығаштың құйрығы неге айыр

Күндердің бір күні Жылан жер жүзіндегі жанды мен жансыздарға мынадай арыз айтады:
— Мені Тәңірім сендердің бәріңнен кем жаратыпты. Аяқ-қолым жоқ. Басымды көтере алмай, жер бауырлап қалдым. Не жеп, не қоярымды да білмеймін. Сендердің бәрің бір бүтін тілдісіңдер, ал мен айыр тілдімін. Ойлап отырсам, жанды мен жансыздың ішіндегі сорлысы мен екенмін. Маған ешқайсыңның жәрдем еткілерің келмейді. «Сен қасіретті көп тарттың, ондайлар әрдайым әділ келеді, сен барлығымызға патша да бола аласың» деп, сөзбен болса да жұбатып кетпейсіңдер, – деп, ол екі көзінен қанды жасын сорғалатып, ағыл-тегіл жылайды.......
Ертегілер
Толық

Залым түлкі

Бір күні Арыстан ұйқыдан жаңа оянып, есінеп отырса, салып ұрып Түлкі келеді.

— Сәлеметсіз бе, Арыстан аға, әдейі іздеп келдім, – дейді.

— Жай ма? – деп сұрайды Арыстан.

— Арыстан аға, сонау қарлы таудың ар жағында балбырап тұрған бау бар. Бұдан шыға берісте, көкорай шалғын сай бар. Сол сайдың бойында мыңғырып жайылып жүрген сансыз көп қой бар. Қасыңызға біраз......
Ертегілер
Толық

Бес ешкі

Ертеде бір кедей болыпты. Оның бес ешкі, бір қара тоқтысы және бір құла аты болыпты. Кедей ешкілері мен тоқтысын байдың қойына, атын байдың жылқысына қосады екен.

Бір күні азынап тұрған боранда бай бес ешкі мен қара тоқтыны, құла атты өз малынан бөліп, елсіз-күнсіз айдалаға айдап жібереді.

Ұли соққан боран, үскірік аяздан бүрсең қаққан бес ешкі бір тасқа келіп ықтайды да тасжарғанның бүршігін күрт-күрт шайнап тұра береді. Қара тоқты бишара оларға ере алмай, «Енді өлдім-ау» деп, маңырап тұрғанда, тап қасынан бір түп көкпек көрініпті. Көкпектің түбіне келіп, теуіп-теуіп кеңейтіп, бүрлерін бырт-бырт шайнап, жата беріпті.

Жал-құйрығына қар қатқан......
Ертегілер
Толық

Кептерлер кеңесі

Ілгергі кезде бірнеше көк кептер патшасымен бір жерді мекен қылып жатыпты. Күндерде бір күн араларынан бір топ кептер бір жаққа жолаушы барып келіп, мұндағы кептерлерге көрісіп, есендік сұрасып болғаннан кейін, барып, келген жерлерінен хабар беріп, сөз арасында айтыпты:
— Бір керуен сарай бар екен, сол сарайдағы керуендер көшіп, сарайын қалдырып, басқа жаққа кетіпті. Ол сарайы иесіз қалыпты. Қанша заманнан бері халық мекен қылған сарайларда есепсіз дәндер төгіліп қалыпты. Енді бізге ұқсас құстар мекен қылуға тиісті болыпты.
— Енді сол сарайға көшсек, үш-төрт күнде жетіп барып, рақатқа батар едік, – дейді. Оны баршасы мақұл көріп, патшасына арыз қылыпты......
Ертегілер
Толық

Жыл басына таласқан хайуандар

Ең ерте заманда хайуандар жылдың басы болуға таласыпты. Сонда жылқы айтыпты:
— Мен алысты жақын қыламын. Күшімді көреді, сүтімді ішеді, қылыма шейін арқан, жіп еседі. Адамға менен пайдалы мал жоқ, жыл ағасы мен боламын, – дейді.
Түйе айтады:
— Сен адамның жұмысын қылсаң, сұлы, шөп асайтын тамағың үшін құл болдың, міне, мен сен көтере алмайтын ауырды көтеріп, неше айшылық алыс жерлерге барамын. Аш болдым деп, арпа, сұлы сұрамаймын. Көде болса, көде, жусан болса, жусан, не кез келсе, соны қорек етіп, табылса, су ішіп, табылмаса, шөлде де жолға жүре беремін. Жыл басы болу маған лайық.......
Ертегілер
Толық