Жабайы аққулар

Біздің жақта қыс түскен кезде қарлығаштар ұшып баратын сонау ит арқасы қияндағы бір елде король болыпты. Оның өндірдей он бір ұлы, Элиза деген жалғыз қызы бар еді. Ағалы-інілі он бір ханзада мектепте сабақ алатын. Омырауларына жұлдыз тағып, белдеріне қылыш байлап жүретін. Алтын тақтаға алмас қаламмен жазатын. Бәрі де сабаққа жүйрік оқуға алғыр болушы еді. Ханзада екендіктері айтпай-ақ көрініп......
Ертегілер
Толық

Жүз ауыз өтірік айтқан Тазша

Баяғыда бір хан болыпты. Ханның сұлу қызы бар екен.

Бір күні хан: «Кімде-кім жүз ауыз өтірік айтса, қызымды беремін!», — деп жариялапты. Таланттының бәрі де өтірік айтамын деп одан-бұдан құрап айтса, не дәмін келтіре алмай, не жүзге толтыра алмай, ханға басын алдыра беріпті.......
Ертегілер
Толық

Ай мен Күн

Жер ананың сұлу қыздары.Ертеде Жер ана дүниеге екі сәби әкеледі.Екеуі туылғанда Жер ана біреуіне Ай , екіншісіне Күн деген есімдерді береді.Жер Күн мен Айды мәпелеп ,алтын бесікте бірдей тербетіп өсіреді.Осылайша екі ару өсе береді.Сұлулар өскен сайын бір-біріне сүйіспеншілік емес, жек көрініш пайда болады.Күн де Ай да әркез айнаға қарап әдеміліктерін тамашалаумен болатын.Ия дәл солай, олардың......
Ертегілер
Толық

Кішкентай көлік Машка туралы ертегілер

Машка және жаңа жол

Кішкентай бір гаражда Машка есімді ақ көлік тұрыпты. Бұл гараж орманға жақын жерде орналасқан еді. Сондықтан Машка орманға жиі барып тұратын. Әдетте ол гараждан тұп-тура бұлаққа алып баратын соқпақпен серуендейтін. Жаңбыр көп жауып, ой-шұқырлы болып кеткен соқпақ кең болса да өте ыңғайсыз еді. Кейде шұңқырлар суға толып қалғанда Машка қанша тырысып ақырын жүрсе де үсті-басы батпақ болып қалатын. Енді......
Ертегілер
Толық

Ғажайып сөмке

Бүгін Ерке қыз ерекше қуанышты. Өйткені, жақында мектеп табылдырығын аттайды. Даярлық сыныбына бармақшы. Енді оның сүйікті ұстазы, көп достары болады. Тек мысық қана уайымдап жүр. Ерке қыз сабақтан келгенше кіммен ойнамақшы? Мектеп табалдырығын аттау құрметіне ата-анасы жақындарын, көрші......
Ертегілер
Толық

Үйшік

Ерке қыз бен мысық бүгін де Ғажайып орманға жол тартты. Жолда Дүкенші ағайдың «Тек пайдалы заттар» сататын дүкенінен балқаймақ пен жеміс шырынын алды. Бұл орманның жай орман емес, Ғажайып орман екенін білетін боларсың, балақай. Ерке қыз ашық алаңқайда өсіп тұрған әдемі гүлдерді көріп, бір-екеуін жұлып алмақшы болып еді, гүлдер сыңғырлап күліп қоя берді:

Ерке қыз-ау, ерке қыз,
Біз де сіздей еркеміз.......
Ертегілер
Толық

Тамшы

Әкесі әлемнің мұхиттары мен теңіздері, анасы көк аспандағы қара бұлт кішкентай Тамшы бүгін қатты қуанышты. Өйткені, ол алғаш рет жерге түспекші. Биіктен қарағанда жер өте әдемі екен. Жап-жасыл бір әлем. Әдемі қызғалдақтар мен сарғалдақтар, раушан гүлдер мен қоңыраугүлдер, жасыл тал-теректер......
Ертегілер
Толық

Ғажайып қап

Ерке қыздың достары көп. Олармен ойнаған өте қызық. Бүгін де мысығы екеуі достары ойнап жүрген ойын алаңына барды. Мұнда әткеншек те, сырғанақ та, белтемір де бәрі-бәрі бар. Қалағаныңша ойнауға болады. Тек, достарыңмен таласып, өкпелетіп алмасаң болғаны.
— Ерке қыз келді! – деп қуанды Айна қыз.......
Ертегілер
Толық

Ерке қыз мысық және ғажайып дүкен

Ерке қыз өте ақылды, елгезек қыз. Әрине, кейде еркелеп, болмашы нәрсеге бұртиып өкпелеп қалады. Бірақ онысы ұзаққа созылмайды. Күні бойы өкпелеп жүргеннің несі жақсы? Ешкіммен ойнай да алмайсың. Онан да тез арада татуласып алған жөн. Ерке қыз анасының тапсырып кеткен жұмыстарын тап-тұйнақтай етіп орындап қойды. Өз бөлмесін және інісі шашып тастаған ойыншықтарды жинау соншалықты......
Ертегілер
Толық

Ерке қыз бен мысықтың басынан кешкен ғажайып оқиғалары

Кең жайылған Қазақ елінде бір шағын ғана ауыл бар. Ауыл биік таудың баурайында орналасқан. Қыс болса ақ көрпеге оранып, Қар патшалығына айналады. Ал жазда жұпар гүлдің иісі жаныңды сергітіп, самал жел көк майсаны тербетіп жап-жасыл Ертегі әлеміне енгендей болады. Әсіресе, өткінші жауыннан кейінгі күй керемет. Аспан күмбезіне керілген кемпірқосақты айтсаңшы! Қызыл-жасыл, көздің жауын......
Ертегілер
Толық