Ерке қыз мысық және ғажайып дүкен
Ерке қыз өте ақылды, елгезек қыз. Әрине, кейде еркелеп, болмашы нәрсеге бұртиып өкпелеп қалады. Бірақ онысы ұзаққа созылмайды. Күні бойы өкпелеп жүргеннің несі жақсы? Ешкіммен ойнай да алмайсың. Онан да тез арада татуласып алған жөн. Ерке қыз анасының тапсырып кеткен жұмыстарын тап-тұйнақтай етіп орындап қойды. Өз бөлмесін және інісі шашып тастаған ойыншықтарды жинау соншалықты қиын жұмыс емес қой. Оны тіпті сен де істей аласың. Сонда анаң «Қолқанатым» деп қуанатын болады.
— Мысығым, жүрші, «Ғажайып дүкенге» барып келейік, - деді Ерке қыз бір кезде. «Ғажайып дүкенде» тек пайдалы заттар ғана сатады. Ол жердегі Дүкенші ағай өте мейірімді. Балаларды қатты жақсы көреді. Екеуі дүкенге келген кезде Дүкенші ағай көңілденіп, әндетіп отыр екен:
Бұл ғажайып дүкенге,
Келдіңдер ме, ал,тұрма
Не қаласаң берейін,
Тек пайдалы зат мұнда.
Денсаулыққа пайдалы,
Сүт пен қымыз болып тұр,
Жеміс деген әнекей,
Көкөніс те толып тұр.
Айналыссаң спортпен,
Денің сау боп жайнасаң
Асық та бар, доп та бар.
Шахмат бар ойнасаң.
Ауырмайсың ешқашан,
Таза жүрсең балақай,
Щетка, жөке, сабын бар,
Алақай-ау, алақай!
— О, Ерке қыз келіпті ғой!- деп ерке қыз бен мысықты көріп, дереу әнін аяқтады. Әрине, олар келмегенде әлі де біраз әндетер еді.
— Сәлеметсіз бе ағай,- деп Ерке қыз бен мысық Дүкенші ағайға сәлем берді.
— Сәлемет пе, Ерке қыз. Қалың қалай, Мысықжан. Дүкеніме қош келдіңдер! Ал, не қалайсыңдар, айта қойыңдар.
— Ағай маған газды сусын мен қытырлақ картоп беріңізші.
— Жо-жоқ, менде ондай денсаулыққа зиян тағамдар жоқ. Ерке қыз, білесің бе, газды сусын да, қытырлақ картоп та сен сияқты өсіп келе жатқан кішкентай балаларға өте зиян. Денеңдегі барлық дәрумендерді жойып жібереді. Сен онан да, қарашы, мұнда тәтті айран, сүт, кепкен жемістен жасалған сусындар бар. О! Бұлардың ішсең денің сау, ақылың көөөп болады.
— Солай ма? Жарайды, онда ақылды қыз болып өсуім үшін маған әне бір әдемі құтыдағы айран, құрт және тәтті бәліштен беріңізші.
Екеуі дүкеннен шықты. Айран шынымен де дәмді екен. Бірақ, жүріп бара жатып ас ішуге, тіпті су ішуге болмайды. Отырып ішу керек. Олар дүкен жанындағы саябаққа барып, сол жердегі сәкіге отырып, қолдарындағы тәттілерін жеп алды. Әрине, сол жерде ойнап жүрген достарымен де бөлісті. Үйлеріне келе жатып, Ерке қыз мысығының бірнәрсе шайнап жүргенін байқады.
— Сен сағыз алғанбысың? Ол зиян ғой!
— Жоқ, бұл тіске нағыз пайдалы, шайырдан жасалған сағыз, -деп маңғаздана жауап берді мысығы.
Иә, балақай, ақылды, шымыр болып өсу үшін тек қана пайдалы ас ішуге дағдылан.

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: ертегі Ерке қыз мысық және ғажайып дүкен туралы ертеги казакша сказка на казахском, сказки Ерке қыз мысық және ғажайып дүкен для детей на казахском языке, балаларга арналган кызыкты ертегилер, 3-4 жастағы 5-6 кішкентай балаларға арналған ертегілер Ерке қыз мысық және ғажайып дүкен, ертегилер казакша оку, Ерке қыз мысық және ғажайып дүкен