Бір шалдың төрт ұлы болыпты. Бір күні шал ұлдарын жинап алып: - Мен қартайдым. Біреуіңнің үй иесі болатын уақыттарың жетті. Кімнің ақылы байлығына сай болса, сол мұрагерім болады. Әр қайсың маған байлыктарың мен ақылдылықтарынды көрсетулерің керек,— дейді. Үлкен ұлы асыл тас салған жүзігінің көзін көрсетіп: - Міне, менің байлығым. Ал кім бай.....
Ешбір жұмыс тындырмас, шөптің басын сындырмас, еріншек бір етікші болыпты. Еріншек етікшінің үш ешкісі бар екен. Күн суытып, қыс түсіпкележатқанын көре тұра еріншек ешқандай қам жасамапты. Ешкілеріне азықтық жем-шөп жинамапты. Бір түнде боран қар жауады да, жердің бетін ақ көрпе бүркеп қалыпты. Ешкілері енді бұрынғыдай өрістеп жайыла алмай, суық қорада бүрісіп, дірдектеп тұрады. Етікші, керек десең, сыртқа шығуға да.....
Ертеде, ерте заманда, ешкі құйрығы келте заманда бір патша бар екен. Оның жалғыз ұлы болыпты. Ол ұлы ажалы жетіп ауырып өліпті. Жалғыз ұлының күйігінен патша далаға шықпай жатып алыпты. Бұл патшаға бірнеше патша көңіл сұрай барыпты. Сонда да тұрмапты. Патша басқармаған соң елі күйзеліпті. Осы елде жан ашыр адамы жоқ, әке-шеше, аға-іні дегендей туған туысы жоқ үшжетімек бар екен. Бұлар үшеуі ақылдасып «біз патшаның көңілін сұрасақ қайтеді» деген оймен патшаға бармақшы болады. Бұлар халықтарына «біз барып көңіл сұрасақ қайтеді» деп ақылдасады. Халықтары: «Сен үшеуің түгіл сендерден де зорлар барып көңіл айтқан сонда да тұрмаған патша, сендерге тұра ма?» - депті. Әрине ол уақта жетім-жесірді көрсе де көзге.....
Қарабатыр деген ерді бала күнінде түрікпен елінің жортуылшылары ұстап алып, еліне апарған соң қой бақтырыпты. Аш, жалаңаш сақтап, жөнді тамақ бермеген соң бала қойдың далада сүтін сауып ішіп, сонымен күн көріп жүріпті. Бір күні бала далада қамығып жылап отырғанда, алдына бір қарға келіп қонады. Бала қарғаға айтты: - Қарғалар-ау, қарғалар, қанды көрсе жорғалар, тұмарымды алсана, біздің елге барсана, сағынып жүрген әкеме, тұмарды бере қалсана. Қарға бір қарқ етті де, ұшып кетті. Бір мезгілде сауысқан келіп қонды. - Ай, сауысқан, сауысқан, өлеске жеп тауысқан, тұмарымды алсана, елге бара қалсана... Сауысқан шық-шық етті де....
Баяғы бір заманда бай мен кедей көрші өмір сүріпті. Олардың араздығы сондай, бірін-бірі көргісі келмейді екен. Байдың үйі кең, әдемі болыпты. Іші толған – алтын мен күміс. Ал кедейдің үйі ағаштан жасалған, төбесін бұтамен жапқан қора екен. Алтын мен күміс түгілі, нанын әзер тауып жепті. Егін егіп, оны суарып, күтіп, орып, өз күнін өзі көріпті.
Бір жылы көктемде алапат, су тасқыны болады. Бай алтынын көтеріп ағаштың басына шығып кетеді. Ал кедей болса, бір көмеш нанын қойнына салып, ол да ағаштың басына көтеріледі. Су тасқыны он бес.....
Жоламанқызы Маржан 1-сынып оқушысы Қызылорда облысы Жалағаш ауданы Жаңадария ауылы №203 орта мектеп
Баяғы өткен заманда бір гүл өмір сүріпті. Гүлдің басқа достары болмапты. Бір күні күн бұлттанып, жаңбыр жауа бастайды. Гүл жаңбырдан қаша алмайды. Жаңбыр жауып, басылған соң, күн қайта ашылады. Кейін гүлдің көңілі көтеріліп, қуанады. Ол әр-түрлі қимыл жасап билейді. Бір кезде оның басындағы тұқымы.....
Күндердің бір күні Жылан жер жүзіндегі жанды мен жансыздарға мынадай арыз айтады:
— Мені Тәңірім сендердің бәріңнен кем жаратыпты. Аяқ-қолым жоқ. Басымды көтере алмай, жер бауырлап қалдым. Не жеп, не қоярымды да білмеймін. Сендердің бәрің бір бүтін тілдісіңдер, ал мен айыр тілдімін. Ойлап отырсам, жанды мен жансыздың ішіндегі сорлысы мен екенмін. Маған ешқайсыңның жәрдем еткілерің келмейді. «Сен қасіретті көп тарттың, ондайлар әрдайым әділ келеді, сен барлығымызға патша да бола аласың» деп, сөзбен болса да жұбатып кетпейсіңдер, – деп, ол екі көзінен....
Ерте заманда бір тазша баланың әке-шешесі өліп, жетім қалыпты. Күндерде бір күн тазша базарды аралап жүрсе, мұңайып отырған бір шалды көреді. Тазша шалдың қасына келіп отырады. Шал: – Не қылып жүрген баласың? – деп сұрайды. Сонда тазша: – Баласы жоққа бала болайын деп жүрмін, – дейді. Шал: – Ендеше, балам жоқ еді, маған бала бола ғой! – деп, тазшаны ертіп, үйіне алып келіпті. Бір күні шал тазшаға: – Анау көрінген ағаштың басында ақ сары деген құстың....
Ертегілер - халық өмірі, қала берді тек ой жететін, қиял ғана бара алатын өлкелер туралы алғашқы көркем әдебиеттің шағын туындылары. Ертегі соңы кейіпкерлердің бақытқа, көздеген арманына жол жеткізуімен бітіп отырады. Соның нәтижесінде айтушы да, тыңдаушы да жақсылықтың, бақыттың бар екеніне сеніп, өмірге жігермен қарауға үйренеді. Ертегілер төмендегідей түрлерге бөлінеді. 1. Қиял-ғажайып ертегілер. 2. Хайуанаттар жайлы ертегілер. 3. Салт (шыншыл) ертегілер. Қиял-ғажайып ертегілер - адам табиғат сырын әлі анық түсінбей тұрған кезде туған ертегілер. Бұлар ертегілер ішіндегі ең көнесі әрі көбі. Ертегінің осы түрінде табиғаттың, қоршаған ортаның нелер тұңғиық сырлары, соны танымаққа ұмтылған қазақ ойы, білсем танысам деген қазақ арманы, әлемді шарласам, айға жетсем, мұхитты төңкерсем, қу медиен даланы көк жазираға бөлесем деген қазақ қиялы бейнеленген. Сол жолда кездесер жаңалық пен ескіліктің, адалдық пен жауыздықтың, адалдық пен арамдықтың зор арпалысы суреттеледі. Ертегідегі жақсылыққа, не болмаса белгілі бір мұратқа жетсем деген басты кейіпкерге көмектесер Шаңжұқпас. Саққұлақ, Таусоғар, Көлтауысар секілді бейнелер болса, оған қарсы жалмауыз кемпір, жалғыз көзді дәу, дию, жезтырнақ секілді қиялға тән сұмдық құбыжықтар қарсы тұрады. Жамандық пен жақсылық, зұлымдық пен адамдық қарапайым да қым-қиғаш жагдайда күресіп, жақсылық жеңеді. Қиялға ғажайып ертегілері - оқиға орны және оған қатысушылары, кейіпкерлері де ерекше, уақыт өлшемі басқаша ертегілер. Ертегіде Қыдыр ата, Таусоғар, Желаяқ, Жалмауыз кемпір секілді адам қиялына сыймас кейіпкерлер жер астында, жер бетінде, жеті қат көкте жүреді. Тек қиялға ғана сиятын, ақылмен түсіну қиын оқиғалар жүзеге асып жатады. ....
Мақсаты: 1. Сауат ашу, математика, қоршаған орта пәндерінен жыл бойы алған білім, білік дағдыларын пысықтау, бекіту. Дыбыс, әріп, дауысты, дауыссыз дыбыстар, көлеміндегі сандар, табиғат туралы алған білімдерін жалпылау, оқушылардың білім деңгейлерін анықтау. 2. Баланың тілін, ой - өрісін, логикалық ойлау қабілетін дамыту. 3. Сөз арқылы ойын дұрыс байланыстырып айта білуге, ұйымшылдыққа, мейірімділікке тәрбиелеу. Сабақтың түрі: Қорытынды бақылау сабағы. Әдіс - тәсілдері: Көркем сөз, сұрақ - жауап, ертегі кейіпкерлерінің қатысуымен өтеді. Көрнекілігі: Сандар сәулесі, әліпби, ертегі кейіпкерлері, суреттер. Дидактикалық ойындар: «Көршісін ата», «Ретімен орналастыр», «Орныңды тап», «Сөз қуаласпақ». Пән аралық байланыс: сауат ашу, математика, қоршаған орта......