file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

Қиял-ғажайып ертегі: Жүсіп мерген

Бір күні Жүсіп өзінің шиті мылтығын алып келе жатса, бір ағаштың басында қарақұс отыр екен. Жүсіп атайын деп оқтала бергенде, қарақұс: «Мерген, сен мені атпай-ақ қой»,—дейді. Әуелі таң қалып қалған Жүсіп ойланып: «Осы қарақұстың тірі жүргенінен өлгені артық болар»,—деп, атуға екінші рет оқталады. Қарақұс тағы да: «Мерген, мені атпай-ақ қой!»—дейді. Жүсіп тағы да ойланып, үшінші рет қарақұсты қарауылға алғанда: «Мен сенің қолыңа қонайын, сен мені бақ»,—дейді.

Жүсіп құстың айтқанын жасайды. Бір күні қарақұс Жүсіпке:—Сен арқама мін, орманға апарайын,—дейді де, Жүсіпке арқасын тосады. Жүсіп мысықтай ырғып құстың арқасына отырып қалың тоғайға келеді.

—Сен осының ішінен бір үлкен ағаш таңда!—деді қарақұс. Жүсіп көрсеткен ағашқа қарақұс қонады да, ағашты сілкілейді, бірақ оған ағаш сына қоймайды. Қарақұс: «Мені әлі де бақ»,—дейді. Жүсіп құсты екі ай бағып, қайта әкелгенде Жүсіптің таңдаған ағашы шорт сынады. Сонда қарақұс: «Сен менің арқама мін»,—деп әмір етеді. Жүсіп қарақұсқа мініп, аспанға ұшады. Қарақұс аспанға шарықтап, бір теңіздің үстіне келе бергенде Жүсіпті тастап жібереді де, суға жақын келгенде іліп әкетеді. Екінші рет жанып жатқан өрттің үстінен тастап жіберіп, отқа жақын қалғанда іліп әкетеді. Үшінші рет құздың үстінен тастайды да, тасқа жақын қалғанда қағып әкетеді. Сонда қарақұс бір төбеге қонып, Жүсіптен: «Сен жаңағы судан, өрттен, таудан қорықтың ба?»—деп сұрайды......
Ертегілер
Толық