Жағымсыз тері иісінен қалай құтылуға болады

Жағымсыз тері иісі ешкімге абырой әкелмейді. Қазіргі кезде тері иісін залалсыздандыратын түрлі дезодоранттар мен антиспиранттардан дүкен сөрелері қайысып тұр. Соған қарамастан қоғамдық орындарда жағымсыз тері иісі мұрныңды жаратын адамдарды күнделікті кездестіресің. Кейде «өздері қалай сезінбейді, неге жуынбайды?» деген күңкілді де естіп қаласың.

Жағымсыз тері иісі неден пайда болады?

Мәселе жуынбауда емес, тері иісінің белгілі бір физиологиялық және психологиялық себептері бар.

Физиологиялық себептеріне қалқанша бездің зақымдануы, гормондардың өзгерісі, ішкі органдардың ауруға шалдығуы, иммунитеттің төмендеуі, кейбір дәрі-дәрмектің қанның құрамына әсер етуі, т.б. жатады. Сондықтан жағымсыз тері иісінен құтыла алмай жүргендер міндетті түрде эндекринолог, терапевт мамандарға қаралу қажет. ......
Кеңестер
Толық

Бөлме гүлін баптау

Бөлменің сәнін келтіретін үй өсімдіктері мен гүлдер ерекше күтімді қажет етеді. Сондықтан оларды аптасына 1-2 рет жылы сумен жуып тұру керек. Одан өзге гүлдерді өсіру, баптау тәсілі санқырлы. Назарларыңызға бөлме гүлдерін әдемі етіп өсіру мен баптауға арналған кейбір кеңестерді ұсынамыз.

• Бөлме өсімдіктерін бойына қарай ретімен орналастырады. Сонда олардың барлығына ауа мен жарық жеткілікті, өсуі қарқынды болады.

• Жаз мезгілінде күн көзі гүлдерге тікелей түссе, қурап кетпес үшін көлегейлеу қажет.

• Гүл әдемі болып өсу үшін, оған құятын суды 1 күн бұрын ыдысқа құйып, бөлме ішіне беті ашық күйінде қояды. ......
Кеңестер
Толық

Сұлулыққа картоптың пайдасы

Картоп арзан әрі қолжетімді көкөністердің бірі. Арзан болғанымен оның қабығының астында пайдалы заттар көп екенін де біліп жүрейік. Қарапайым картопты үй жағдайында косметикалық құрал ретінде пайдаланудың жолдарын ұсынамыз.

✅ Көз
Қияр кесектерін қою арқылы көз ісінуін кетіруге болатынын білеміз. Картопты да сол мақсатта пайдалануға болады. Картопты жіңішке етіп тураңыз немесе үккіштен өткізіп, дәкеге салып, көзде 10-15 минут шамасында ұстаңыз. Уақыт өткен соң бетіңізді жылы сумен жуып тастаңыз. ......
Кеңестер
Толық

Ақшадан маңызды 11 дүние

Ақшадан да маңызды, қымбат заттар бар. Бірақ біз оларды көбіне ұмытып кетеміз. Міне, алдарыңызға ақшадан қымбат 11 дүниені ұсынамыз...
Қарым-қатынас тәжірибесі
Әлдекімді ойлайсыз, оның сіз туралы ойы сіз үшін қымбат. Жасырмай-ақ қойыңыз. Сүйіңіз, іштегі сырды тарқатыңыз, өмірдің қызықты сәттерін бірге өткеріңіз. Ақырында мұның расымен де, қымбат екенін ұғасыз.
Даналық
Мәселенің шешімін білу – даналық емес. Даналық тынбай оқумен ғана келеді. Оқуды жалғастырыңыз. ......
Кеңестер
Толық

Табиғи сұлулық табиғи өнімдерден

Табиғатпен етене байланыста болуды сән мамандары да, денсаулық сақтау мамандары да қайталайды. Қолданысымыздағы жасанды емес, табиғи өнімдер пайдалылығымен шектелмейді, олар бұл күні өте сәнді. Табиғи өнім деп отырғанымыз —жерден өсіп шығатын көкөніс не жеміс-жидек.

✅ Табиғат — шабыт пен шаттықтың, сұлулық пен қуаттың қайнар көзі. Сұлулық пен тән саулығы үшін табиғат берер қоректік заттар мол.

Жасыл түс — нағыз табиғи түс ......
Кеңестер
Толық

Тіс ауруын басатын 7 тәсіл

Тіс ауруы – күтпеген кезде келетін қонақ. Бұл мәселе сіз үшін бейтаныс болуы мүмкін. Алайда тіс – адамның ең жанды жері. Бұл жағдайды түзетіп, қорқынышты сезімнен қалай арылуға болады? Біз сіздерге ауруды бірден басатын 7 әдісті ұсынғымыз келіп отыр.

✅ 1.Тіс ауруына қарсы сарымсақ, пияз және тұз көмектеседі. Бұл тағамдарды уатып, тіске басу арқылы аурудан арыла аласыз.

✅ 2. Мақта тығынын самырсын майында жібітіп, ауырған тісіңізге немесе қызыл иекке 10-15 минут басып, 1,5-2 сағаттан соң тағы бір рет қайталасаңыз, нәтижесін көресіз.

✅ 3. Тіс ауруынан құтылуға бас бармақ пен сұқ саусақтың сүйектері кездесетін жерге массаж жасау көмектеседі. Массажды тіс ауру аймағына қарама-қарсы саусақпен жасаймыз. Әрекетті 5-10 минут сайын жасап тұру керек. ......
Кеңестер
Толық

Пияз дене қызуын түсіреді

✅ 1. Пияз дене қызуын түсіреді

Әсіресе балалардың денсаулығына пайдасы мол. Егер дене қызуыңыз көтеріліп тұрса, пиязды кесіп, алма қышқылына салыңыз. Артынша бірнеше тілімін құлағыңыздың үстіне, нәскиіңіздің ішіне салып қойыңыз. Осылайша денеңіздің қызуы жылдам түседі.

✅ 2. Инфекцияны өлтіреді

Ең алдымен, пияз пастасын дайындау қажет. Ол үшін нанның үстіне сүтті қайнатып құйыңыз. Бетіне пиязды үккіштен өткізіп салыңыз. Артынша жараңыздың үстіне жағыңыз. 2-2,5 сағат тұрса, жеткілікті. Бұл рәсімді инфекция толығымен залалсыздандырылғанша қайталауыңызға болады. ......
Кеңестер
Толық

Қиярдың пайдасы

Жазда сүйіп жейтін көкөністердің бірі -қиярдың пайдасы жайлы біліп жүріңіздер.

Бұл көкөністе ағзамыз қажет ететін пайдалы заттардың көбісі жинақталған. Олар: B1, B2, B3, B5, B6, С дәрумендері, фолий қышқылы, кальций, темір, магний, фосфор, калий мен мырыш.

Ауыр жұмыс күнінен шаршап, үйге әрең жеттіңіз бе? Кофены қоя тұрыңыз. Тоңазытқыштан бір балғын қиярды тазалап, жеп көріңіз. Құрамындағы В дәрумендер топтамасы мен көмірсутектер сізді бірнеше сағатқа энергиямен қамтамасыз етеді.Кішкене әжім мен целлюлитке қарсы қымбат кремдерді алудың қажеті жоқ. Қиярдың бір тіліміміен теріңізді сүртуді әдетке айналдырсаңыз, келешекте бұл сіз үшін қиын мәселе болмайды. ......
Кеңестер
Толық

ТЕРІ ҚАБЫНУҒА

Бір тал жұмыртқаны бір кесе қытай сірке суына матырып қойып 7 күннен кейін жұмыртқаны шағып, оның ағын əртүрлі тері қабынуларына жағады. Күніне 2-3 реттен 7 күн жақса жазылады. Ем қабылдау кезінде спирттік ішімдік ішу-ге, ащы тағамдар жеуге тиым салынады.

КӨК ЖӨТЕЛ

Тауық өтін отқа кептіріп, талқандап, азырақ қан тараластырып, күніне 3 реттен 2 күн ішу керек. Ескерту: Барлығын бір ретте ішуге əсте болмайды.......
Кеңестер
Толық

Күйік шалғандағы халық емі

Күнбағыстың майымен, ара балауызымен. 200 грамм күнбағыс майы мен 20 грамм ара балауызын баяу отта ерітеді, жылы ерітіндіге 1 жұмыртқаның сарысын және 1 ас қасық кілегейді қосады, жақсылап араластырады, әзір болған жақпа майды күйген жерге жағады.

✅ Картоппен. Балғын картопты үккіштен өткізеді, шүберекке салып күйген жерге таңады. Компресті жылыған кезде алып тастайды.

✅ Шаймен. Қара немесе көк шайды қоюлап демдейді, 13-15 градусқа дейінсуытады, күйген жерді бинтпен орай отырып, оған жылы шайды үзбей құяды. Осынау ем 10-12 күнге арналған. Көмегі жақсы.

✅ Асқабақпен. Оны үккіштен өткізіп, күйген жерге таңып қояды. Бұл емді үсік шалғанда да пайдаланады. ......
Кеңестер
Толық