География | Желдің болуы
Муссондар.Теңіздер мен мұқиттар жағалауындағы аудандарда температураның жылдық өзгеруі болады. Сондай-ақ ол циркуляция мен аналогиялық бризды тудырады, бірақ жылдық периодпен. Муссон дегеніміз- бризға қарағанда үлкенірек аумақтағы циркуляция. Муссондар келесі себептерден туындайды: жаздың күні континент оны қоршап жатқан теңіз бен мұқитқа қарағанда өте қатты қыза бастайды; осыған байланысты континентте төмен қысым пайда боладыастыңғы ауа мұқиттан континентке қарай ұмтылады, ал жоғарыда керісінше континенттен оны қоршап тұрған мұқитқа қарай беттейді. Бұл желдер теңіздік муссондар деп аталады. Қыста континент теңіз бетінен қарағанда әлдеқайда суықтау; оларда қысымның жоғарылау аймағы пайда болады. Осыған орай астыңғы қабаттағы ауа континенттен мұқитқа қарай бағытталады. Бұл желдер материктік муссондар деп аталады. Күшті муссондарды Азияның оңтүстік жағалауларында, Үнді мұқитында және Арабия теңіздерінде байқауға болады. Яғни жазда муссондардың бағыты оңтүстіктен батысқа қарай, ал қыста солтүстіктен шығысқа қарай болады. Азияның шығыс жағалауларында муссондар байқалады. Қыста солтүстік батыс материктік сұрапыл желдер соғады; жазда оңтүстік шығыстық және оңтүстік теңіздік ылғал желдер соғады. Бұл желдер шығыс өлкесінің климатына әсер етеді. ....
Рефераттар