Әйел, қатын

Әйел боянса — бұзылады,
көп қиқандаса — ұрылады (Ғ.Мүсірепов).

Әйел ашуланса — жеңіледі,
еркелесе — жеңеді (Ғ.Мүсірепов).

Әйел ашуланса күші екі көзіне жетеді.

Мақал-мәтелдер
Толық

Әділдік

Әділет қылышы кескен қол ауырмас.

Әділ сөздің зілі жоқ,
Көп көзінен өткен істің міні жоқ.

Әділін айтсаң — әдемі айтқаның.

Мақал-мәтелдер
Толық

Ауыл

Айтысқан ауыл болмас,
Болыспаған бауыр болмас.

Алыс деп ауылыңа бармаймысың.

Мақал-мәтелдер
Толық

Аға

Аға алғанша, жеңге жегенше.

Аға алдында арсыз іні сөйлейді.

Мақал-мәтелдер
Толық

Тұз

Ас бұзылса – тұз түзейді,
Байұлы бұзылса – беріш түзейді.

Астың дәмін келтірген тұз әулие
Елдің сәнін келтірген қыз әулие.
Көріксіз қыз тұзсыз нанмен тең.
Мақал-мәтелдер
Толық

Жас, кәрі, үлкен, кіші

Жақсы жастан шығады,
Темір тастан шығады.

Елу шылбырдан алды,
Алпыс тізгіннен алды,
Жетпіс өре салды,
Сексен – тұсау салды,
Тоқсан – толқып қалды.

Су ағады, тас қалады,
Кәрі кетеді, жас қалады.

Қарттың айтқанын істе,
Жастың тапқанын же.

Үлкенге – ізет, жасқа – жол.

Көп жасағаннан сұрама,
Көпті көргеннен сұра.

Кәрі –қалтаң,
Жас – жалтаң,
Жас келсе – іске,
Кәрі келсе – асқа.
Мақал-мәтелдер
Толық

Бар мен жоқ

Бармын деп аспа,
Жоқпын деп саспа.

Барым әзір, жоғым жай.

Жоқтан бары артық.

Бар – балпаң,
Жоқ – жалтаң.

Базар барға – балдай,
Жоққа – зәрдей.

Бар болса, көре алмас,
Жоқ болса, бере алмас.
Мақал-мәтелдер
Толық

Адам, кісі, халық, жұрт

Адам деген ардақты ат.

Адамдықтан үлкен ат жоқ,
Наннан үлкен ас жоқ.

Еңбек – адамның көркі,
Адам заманның көркі.

Ат аяғынан семірер,
Адам құлағынан семірер.

Адам тастай берік,
Гүлдей нәзік.

Адамның күні адаммен.

Адам бір-біріне қонақ.

Ат жақсысын мақта,
Адам жақсысын жақта.

Адам қайғысы – заман қайғысы.

Жасық адам жасына жетпей қартаяр,
Асыл адам жасына жетпей марқаяр.
Мақал-мәтелдер
Толық