Тарауих намазы қалай оқылады? (видео)

Тарауих намазы жиырма рәкәғат. Әр екі рәкәғаттан соң сәлем бергенімен, әр төрт рәкәғаттан соң бір сәт демалғаны үшін бұл төрт рәкәғатты «таруиха» деп атайды. Бір тарауих намазында бес таруиха бар. «Таруих» - дем алу деген мағынаны білдіреді. Көпше түрі – тарауих.
Айша анамыз былай дейді: «Алла Елшісі (Алланың Оған салауаты мен сәлемі болсын) кешкісін мешітте тарауих намазын оқыды. Мұсылмандар да оған ұйып тарауих намазын бірге орындады. Ертесі күні....


Кеңестер
Толық

Уа, жеңгелер, жеңгелдер (Қазақ ауыз әдебиеті)

Мінезім бар кей уақыт құдай атқан,
Борндатқан, бұрқаған, дауылдатқан.
Сол мінезім жақпай ма құрбыларға,
Кездерім көп қыздардан тауым қайтқан.

Қайырмасы:

Уа, жеңгелер, жеңгелер,
Мінез деген өзгерер.
Маған лайық бір сұлу,
Қайдан кез келер?.....
Өлеңдер
Толық

ҰОС жылдарында ерен еңбектің үлгісін көрсеткен ақтөбелік әйелдер

Совет әйелдері теңдесі жоқ табандылық пен еңбек қаҺармандығын көрсетті... Коммунистер дұшпанға қарсы күрестің ең қиын және шешуші учаскелерінде болды. Олар өз басының өнегесімен, жалынды партиялық сөзімен совет адамдарын жігерлендіріп, жеңіске бастады» /КПСС ОК-нің «Совет халқының 1941-1945 жылғы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 40 жылдығы қаулысынан/.
Ұлы Отан соғысының алғашқы күндерінен бастап Кеңес Одағындағы барша еңбекшілер сияқты ақтөбеліктер де еліміздің әскери және өндірістік қуатын молайту мен билеуші партия талаптарын орындауға жұмыла кірісе бастады. Қалалар, кішігірім елді мекендер мен кәсіпорындарда халықтық митингілер өткізіліп, көп ұзамай шаруашылықтағы маңызды нысандардың жұмысын соғыстық экономикаға бейімдеу жұмыстары қолға алынды. Неміс басқыншыларының батыстағы жойқын шабуылдарынан кейін Кеңес билігі өз үндеулерінде барлық тұрғындар үшін алдағы ауыр кезеңдердің тұрғандығын және оны жеңіп шығуда көпұлтты халықтың жұмылуы керектігін жеткізді. Республика экономикасын соғыс мүддесіне бағындыра қайта құру ісі Кеңес Одағының батыс өңірінен көшіріліп әкелінген кәсіпорындарды орналастыру жұмыстарымен қатар жүрді. Қысқа уақыт ішінде Қазақстан экономикалық жағынан маңызды әрі қуатты аудандардың қатарына жатқызылды...
Шығармалар
Толық

Жомарттық пен сараңдық

Игі адамның «жомарт» аты шығады,
Ол өлсе де, «тірі» деп жұрт ұғады.

Сараң – пайғамбардың жиені болса да пейішке бармайды,
Жомарт – қара құлдың баласы болса да тозаққа бармайды.

Жомарт ерге ел алғысын төгеді,
Сараң атын естісе жұрт сөгеді.

Жомарт ер білім жолын жете білер,
Мал беріп, атақ алып өте білер.
Жарылқап кем-кетікті білімменен,
Жақсы атпен дүниеден өте білер.

Жомарттыққа не жетсін?
Жүйріктен құтылып не кетсін?

Жомарттық – сұратпай сыйлау.
Мақал-мәтелдер
Толық

Байлық, баршылық, тоқтық, кедейлік

Денсаулық — зор байлық.

Ай бетінде де дақ бар.

Құзғын ас таңдамайды.

Байлық не керек,
Адалдан жимасаң.
Билік неге керек,
Әділдік құрмасаң!

Су байлық —
Алты айлық.
Қар байлық —
Үш айлық.

Байлық байлық емес, бірлік — байлық.

Байлық мұрат емес,
Жарлылық ұят емес.

Бақыт — қолға қонған құс.
Байлық — қолға ұстаған мұз.
Құс ұшып кетеді
Мұз еріп кетеді,
Дүниенің қызығы — сіз бен біз.

Кедей мен бай жолдас болмас,
Қасқыр мен қой жолдас болмас.

Алтынды тот баспайды.

Аузы қисық болса да, байдың ұлы сөйлесін.

Қарыз қатынас бұзады.

Тіленшіге жел қарсы.

Базар – бай, алушы – кедей.

Жоқшылық жомарт ердің қолын байлар.

Жоққа жүйрік жетпейді.

Жіп жіңішке жерінен үзіледі.

Байлық — мұрат емес,
Кедейлік — ұят емес.

Ауызы қисық болса да
Байдың ұлы сөйлесін.

Ашаршылықта
Ашқарақ алдымен өледі.

Сараң бай союға қозы таппай
Жарлының жалғыз тоқтысын сұрайды.

Бар мақтанса, табылар,
Жарлы мақтанса, шабылар.

Көз бір уыс топыраққа тояды.
Мақал-мәтелдер
Толық

Дүниежүзі елдерінің экономикалық даму көрсеткіштері №3 (10 сынып, III тоқсан)

Пән: География
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Геоэкономика
Сабақтың тақырыбы: Дүниежүзі елдерінің экономикалық даму көрсеткіштері №3
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)10.4.1.11 дүниежүзі елдерін экономикалық даму деңгейі бойынша жіктеу
Сабақтың мақсаты: Оқушылар :
• Дүниежүзі елдеріне экономикалық даму көрсеткіштері бойынша бағалау және елдерді көрсеткіштері бойынша салыстыру..
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Сабақ жоспары: Дүниежүзі елдерінің экономикалық даму көрсеткіштері №2 (География, 10 сынып, III тоқсан)

Пән: География
Ұзақ мерзімдік жоспардағы тарау: Геоэкономика негіздері
Сабақтың тақырыбы: Дүниежүзі елдерінің экономикалық даму көрсеткіштері №2
Оқу мақсаты: 10.4.1.10 дүниежүзі елдерінің экономикалық даму көрсеткіштерін салыстыру (қазақстандық компонентті қосымша қамту негізінде)
10.4.1.11 дүниежүзі елдерін экономикалық даму деңгейі бойынша жіктеу....
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Дүниежүзі елдерінің экономикалық көрсеткіштері №1 (10 сынып, III тоқсан)

Пән: География
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Геоэкономика негіздері
Сабақ тақырыбы: Дүниежүзі елдерінің экономикалық көрсеткіштері №1
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)Әлем елдерінің экономикалық даму көрсеткіштерін салыстыру (қазақстандық құрамды қосымша қамту арқылы)
Сабақ мақсаттары: • Елдердің ЖІӨ бойынша картадан ЖІӨ жоғары, орта, төмен 5 елден жазу
• Елдердің ЖІӨ-ін есептеу
• Елдердің дамуына әсер ететін факторды анықтау
• Қазақстаның аудандарының даму көрсеткіштерін кескін картаға түсіру.....
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Дүниежүзі елдерінің экономикалық даму көрсеткіштері (10 сынып, III тоқсан)

Пән: География
Ұзақ мерзімдік жоспардағы тарау: Геоэкономика негіздері
Сабақтың тақырыбы: Дүниежүзі елдерінің экономикалық даму көрсеткіштері
Оқыту мақсаты: 10.4.1.11. Дүниежүзі елдерін экономикалық даму деңгейлері бойынша жіктеу
Сабақтың мақсаты: Дүниежүзі елдерінің экономикалық даму көрсеткіштерін анықтау.....
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Елдерді ластану деңгейі бойынша топтастыру (10 сынып, II тоқсан)

Пән: География
Бөлім: Геоэкологиялық зерттеулердің негіздері
Сабақтың тақырыбы: Елдерді ластану деңгейі бойынша топтастыру
Оқу мақсаттары: 10.3.2.3 Ластану және бұзылу деңгейі бойынша әлем аумағын аудандастыру
Сабақтың мақсаты: Оқушылар:
Мемлекеттерді ластану деңгейі бойынша аудандастырып, үйренеді....
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық