Дүниежүзі елдерінің экономикалық көрсеткіштері №1 (10 сынып, III тоқсан)

 Дүниежүзі елдерінің  экономикалық көрсеткіштері №1 (10 сынып, III тоқсан)

Пән: География
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Геоэкономика негіздері
Сабақ тақырыбы: Дүниежүзі елдерінің экономикалық көрсеткіштері №1
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)Әлем елдерінің экономикалық даму көрсеткіштерін салыстыру (қазақстандық құрамды қосымша қамту арқылы)
Сабақ мақсаттары: • Елдердің ЖІӨ бойынша картадан ЖІӨ жоғары, орта, төмен 5 елден жазу
• Елдердің ЖІӨ-ін есептеу
• Елдердің дамуына әсер ететін факторды анықтау
• Қазақстаның аудандарының даму көрсеткіштерін кескін картаға түсіру.
Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу
Оқушыларды 4 топқа бөлу қалам, қарындаш бойынша жүргізіледі.
Оқушылар суретке қарап сабақтың тақырыбын анықтайды.
(М) Сабақтың тақырыбымен оқу мақсаты, сабақ мақсаты, бағалау критерийлерімен таныстырады.
Сабақта қолданатын сөздерді сыныпқа түсіндіреді.
Оқушыларға «Миға шабуыл» әдісі арқылы сұрақтар қойылады.
Елдердің даму көрсеткішін немен анықтайды?
Жалпы ішкі өнім дегеніміз не? ЖІӨ
Жалпы ұлттық өнім дегеніміз не? ЖҰӨ
Мешеу елдер дегенді қалай түсінесіз.
(М) ЖІӨ - жыл бойы елде өндірілген барлық соңғы тауарлар мен қызметтердің нарықтық құны.
ЖҰӨ - елде және басқа елдерде ел азаматтарының меншігіндегі өндіріс факторларының құрылған өнімдерінің (резиденттер) мәні. Бұл таза табыс факторлары деп аталады.
Шетелден таза факторлық табыс дегеніміз - елдің шетелдегі азаматтарының түсімі мен ел аумағында алынған шетелдік азаматтардың табыс арасындағы айырмаға тең болып табылады.
(С) ЖІӨ КАРТАСЫН ПАЙДАЛАНЫП
ЖІӨ-нің жоғары, орташа және төмен көрсеткіштері бар елдердің атауын (5 тен кем емес) жазыңыз;
ЖІӨ-нің ең жоғары көрсеткіштері бар елдер (55 000 -29 000 $)
ЖІӨ-нің жоғары көрсеткіштері бар елдер ($ 20999-5000)
ЖІӨ-нің төмен көрсеткіштері бар елдер ($ 4999-500)
(М)
Экономикалық өсу немесе дамуды есептеу:
Нағыз ЖІӨ өсуі = Y1 – Y0
Нағыз ЖІӨ өсуі пайызбен (%) = (Y1-Y0)/Y0 *100
Экономикалық даму деңгейі = Y1/N,
Y0 – нағыз ЖІӨ былтырғы жылғы
Y1 – нағыз ЖІӨ ағымдағы жылы,
N – халық саны
Тапсырма №1
(Ж) жеке жұмыс
Берілген елдердің жан басына шаққандағы
ЖІӨ-ін есептеп кестені толтырыңыз
Мәтінді оқып ,елдердің дамуына әсер ететін факторды анықтап кластер құрастырыңыз. 10 минут
Бағалау: Өзін-өзі бағалау әдісімен 5 балдық жүйемен бағаланады.
Тапсырма №2
(Ж) Жұптық жұмыс
Елдердің берілген жылдардағы
экономикалық өсуін есептеп диаграмма сызыңыз.
Дескриптор:
4 елдің экономикалық өсуін есептесе
Мәліметтерді диаграммаға түсірсе
Ұқыпты, таза жазса
Бағалау: Оқушылар бір-бірінің жұмысына баға береді.......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру