Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6 Сабақ тақырыбы:Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті. «Шалқан» ертегісін жазу. (2-сабақ) Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)Ж 5 Жай сөйлемдерді жазуда бас әріптер мен нүктені саналылықпен қолданады. Сабақ мақсаттары:Барлық оқушылар төмендегіні меңгереді: Жай сөйлемдерді жазуда бас әріптерді қолданады. Оқушылардың көпшілігі: Жай сөйлемдерді жазуда бас әріптер мен нүктені саналылықпен қолданады. Кейбір оқушылар: Жай сөйлемдердің арасына қойылатын тыныс белгілерді саналылықпен қолданып, ара жігін ажырата алады.......
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6 Сабақ тақырыбы:Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті. Ертегі кейіпкерлері. (1-сабақ) Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)Ж 5 Жай сөйлемді жазуда бас әріптер мен нүктені саналылықпен қолданады. Сабақ мақсаттары:Барлық оқушылар төмендегіні меңгереді: Мұғалімнің көмегімен жай сөйлемді жазуда бас әріптер мен нүктені қолданады. Оқушылардың көпшілігі: Жай сөйлемді жазуда бас әріптер мен нүктені саналылықпен қолданады. Кейбір оқушылар: Жай сөйлемді жазуда бас әріптер мен нүктені саналылықпен қолданып, сөйлемнің аражігін басқа да тыныс белгілермен белгілей алады......
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6 Сабақ тақырыбы:Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті. Ертегілер – қысқа фильмдерді көру. (3-сабақ) Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)Т 3 Әңгіме (оқиға), өлең, ән жанрларын түсінеді, ажыратады, таниды. Сабақ мақсаттары:Барлық оқушылар төмендегіні меңгереді: Мұғалімнің көмегімен әңгіме (оқиға), өлең, ән жанрларын түсінеді, ажыратады, таниды Оқушылардың көпшілігі: Әңгіме (оқиға), өлең, ән жанрларын түсінеді, ажыратады, таниды Кейбір оқушылар: Әңгіме (оқиға), өлең, ән жанрларын түсінеді, ажыратады, таниды, өз сөзімен түсінік бере алады.......
Ордада ханның қасында әр уақытта ақылшы жыраулар болған. Жыраулар - халық поэзиясын жасаған ақылғөй даналар. Олар заманының өздері куә болған елеулі уақиғаларын, тарихи кезеңдерді жырға қосқан...
Жыраулар поэзиясына дейінгі әдебиет халык жасаған ауыз әдебиеті деп аталды. Жыраулар поэзиясы Қазақ....
Айыр қалпақ Аса қымбат матамен тысталып, ішіне жұқа киіз немесе қалың мата салынып, сырылып тігілетін ер адамдардың бас киімі. Сыртына өсімдік тектес өрнек салынып, алтын жіппен зерленеді. Оны ертеде хан-сұлтандар салтанатқа киетін болған. қазір оны құрметті адамдарға сыйлайды.
Сеукеле Үзатылатын қыз - қалыңдық киетін ғұрыптық киім. Оның сом күмістен құйылған төбесіне үкі тағылып, маңдайына жақұт қондырылады. Екі жақтауына моншақтан салпыншақ өріледі, төбесінен жерге дейін төгілген ақ желек жабылады.
Ішік Сырты матамен тысталып, түрлі аңның терісінен жүнін ішіне қаратып тігілген қысқы сырт киім.
Кебіс месі Месі - өңделген жұқа теріден қонышына ою салынып, табансыз, ұлтансыз, негізінен үйде киілетін жеңіл аяқ киім. Кебіс – табаны қалың, өкшесі биіктеу, сыртына түрлі өрнектер салынып тігілетін, месінің сыртынан киюге арналған аяқ киім.
Жарғақ шалбар Иленіп, өңделген теріден тігіледі. қызғылт түске боялып, түрлі-түсті өрнек салынады. Бұл сенді киімді кезінде батырлар, бектер мен билер, сал-серілер салтанатқа киген.
Шапан қалыңдықтың сырт киімі. Асыл матадан алтын жіппен зер салынып, өрнектеліп тігіледі. Етегіне өсімдік тектес өрнектер кестеленеді.
Кимешек Егде ейелдер киетін бас киім. Көкіректі жауып тұратын тұтас матадан тігіледі. Жағы, өңірі оқаланып кестеленеді. Төбесіне сендік үшін күндік сияқты ақ мата оралады.
Тақия Биіктігі 10-15 см. мөлшерінде дөңгеленіп тігілген, қыздар киетін үкілі тақия. Жиегіне ою салынып, түрлі асыл тастармен көмкеріледі.....
Мектептегі информатика курсының практикалық мақсаты – оқушылардың еңбекке және политехникалық дайындығына үлес қосу, олардың мектеп бітіргеннен кейінгі еңбек етуіне дайындығын қамтамасыз ететін білімдермен, дағдылармен және іскерліктермен қаруландыру. Курстың бұл мақсаты қолданбалы және теориялық аспектілердің байланысын жүйелі түрде ашып көрсетіп, алгоритмдеудің, программалаудың ЭЕМ-ның қазіргі кезеңдегі өндірістегі ролі мен маңызын айқындау болып табылады. Қорыта келгенде, информатика курсының мақсаты – оқушыларды практикалық қызметке, еңбекке, басқа пәндерді оқыту процесінде практикалық есептер шешуге және оны информациялық қоғамда өмір сүруге дайындауға бағытталған. ....
Қазақ халқының қолөнері деп халық тұрмысында жиі қолданылатын өру, тігу, тоқу мүсіндеу құрастыру, бейнелеу сияқты творчествалық өнер жиынтығын айтады. Шын мәнінде қолөнер түрлерінің әрқайсының талай ғасырлық тарихи бар. Қазақ халқы өзінің күн қөріс тіршілігіне қажетті үй жай салуды, киім-кешегімен тігуді, азық –түлік өндіруді өзінің тұрмыстық кәсібі етіп, оларды күнбе-күнге тіршілігін барысында орынды пайдаланса, әсем бұйымдар жасап, өмірде сән-салтанатта құра білді. Бұдан біз халық, творчествасының қандай түрі болса да халық өмірімен сай халықтың қоғамдық тарихы мен күн көрісі мен, кәсібімен тығыз байланысты екенін көреміз. Халықтың қол өнеріне әдет-ғұрып жабдықтары мен қатар аң аулау, сырмақ тоқу т.б. жасады. Киіз үйдің сүйегі ағаш керует, кебеже , сандық жасап киіз сырмақ, алаша, ши түрелрі басқұрлар тоқып арқан жір есіп көнені және алуан ыдыс-аяқ адалбақан, асадал, бесік және т.б. көптеген заттарды халық шеберлері өнерпаздар өз қолдарымен жасап, түрлі нақыштармен жекелейтін болды. Қол өнерінде көңілге қонымды мәнерлер мен ондаған өолданылған әдістер архитектурада кеңінен қолданылып келеді. Қайта жаңғырып жастар тәрбиесіне арқау болып отырған халықтың педагогика бұл күнде педагогтар қауымына ғана емес бүкіл қоғамымызға ортақ әлеуметтік қозғалыс халықтың педагогика кешегі қариялардан, ойшылдар мен сал-серілерден шешен билерден ақын- жыраулардан мирасч болып қалған ұлы тәрбие құралы оның өміршең идеялары халықпен қайта қауышып, жүректерінен орын алуда. Ұлттық педагогикалыны насихаттауға қай пәннің болсада ыңғайлы мен мүмкіншіліктері мол. Соның ішінде еңбекке баулу сабақтарында қол-өнеріне үйрету арқылы тәлім-тәрбиені оқу тәрбие процесіне арқау ету негізі міндетіміз. Ұлттық тәрбині жүрекке жаттық болғанымен ауқымы шексіз, белгілі бір жүйеге келтірілген тың дүниелер. Бұл мыналарды педагогикаға пайдалана білу үшін оларды терең оқып үйрену, игеру қажет болады. Осылайша белгілі бір деңгейде игердік-аудеген қол-өнеріне баулу саласының мақсаты. ....
Қазақ мәдениетін қарастырғанда туатын маңызды мәселе шаруашылық-мәдени типтердің (ШМТ) өзіндік ерекшеліктерін анықтаумен байланысты. Шаруашылық-мәдени тип ұғымы соңғы кезге дейін этнографиялық және тарихи зерттеулерде көбірек қолданылып келді. Шаруашылық-мәдени типтердің нақтылы мысалдары: арктикалық аңшылар, тропиктегі аңшылар мен терімшілер, өзен аңғарларындағы егіншілер, оазистік дихандар, еуроазиялық көшпелілер ж.т.б. Өзінің мағынасы жағынан ШМТ ұғымы мәдениеттанудағы хро¬нотоп ұғымына жақын. Алайда хронотоп негізінен көркем әдебиеттен алынып, рухани мәдениеттің кеңістіктік және уақыттық бітімдерін білдірсе, шаруашылық-мәдени тип материалдық мәдениеттің көрінісін айқындайды. Әрине, ШМТ-тід руханилықпен байланысы жоқ деп сыңаржақты айтылған пікір дұрыс емес. Онда салт-дәстүрлер, сенім-нышандар, фольклор, дүниетаным шаруашылық әдістерімен тығыз байланысты әрекет етеді. Шаруашылық-мәдени тип ұғымының тым абстрактылы алынған түрі ретінде қоғамдық-экономикалық формацияны да көрсетуге болады. Бірақ бұл ұғым тым дерексіздендірілген және әмбебаптық сипаты жеткіліксіз. Мысалы, еуроазиялық номадаларды осы бес формацияның ешқайсысына тіркеп қоюдың негізі жоқ. Оларды «азиялық өндіріс тәсілінің» өкілдері деудің де реті аз. Бұл жерде Азия қүрылығындағы әртүрлі шаруашылық типтерінің арасындағы айырмашылық жоғалып кетеді. «Дала феодализм!» сияқты атаудың ойдан құрастырылғаны тікелей көрініп тұр. Батыстық мәдениеттануда «мәдени ареал(аймақ) ұғымы да жиі қолданылады. Бұл ұғымның шаруашылық-мәдени тип ұғымымен жақындығы бар. Бірақ мәдени аймақ негізінен белгілі бір этномәдениеттің жағрафиялық детерминанттық факторларына басты назар аударады. Біртұтас мәдени ареалда әртүрлі ШМТ – дің болуы мүмкін. ....
«Шу дастаны» – қазіргі түркі тілдес халықтардың арғы тегі саналатын, көне тарихқа біздің заманымыздан бұрынғы ежелгі дәуірлерден мәлім сақтардың шежіресін аңызға айналған тарихи деректер бойынша жыр еткен ерлік эпосы. М. Қашқаридің «Диуани лұғат ат-түрік» атты еңбегінде Шу батыр біздің заманымыздан бұрынғы VI ғасырда өмір сүрген сақ билеушілерінің бірі екені айтылады. Ежелгі түркі ауыз әдебиетін зерттеуші ғалымдардың пікірі бойынша, «Шу» дастаны қадым заманда, сақтар дәуірінде-ақ өмірге келген жыр. Белгілі түрік ғалымы Н.С.Банарлы «Түрік әдебиетінің тарихы» атты зерттеуінде «Шу» дастаны бізге Қытай көне жазбалары арқылы жеткен мәліметтер бойынша, сақтар өз мемлекетінің ұлан-ғайыр бір аймағын Шу өлкесі деген екен. Аса даңқты түрік билеушісі, есімі кезінде әлемге мәшһүр болған дарынды қолбасшы Шу батыр сақтар мемлекеттік бірлестігіне қарасты Шу аймағында өмір сүргені белгілі. Ал сақтар қазіргі Орта Азия, Қазақстан, Шығыс Түркістан, Алтай өңірін біздіі жыл санауымыздан бұрынғы дәуірлерде мекен еткен тайпалардың бірі. Иран тарихшылары сақтарды үш топқа бөліп қарастырады. Солардың ішінде, Арал теңізі төңірегін, Қаратау мен Жетісу жерін, Яксарт (Сырдария) пен Оксус (Амудария) өзендеріне дейінгі аймақты мекен еткен сақтарды кезінде парсылар өз тілінде «Тьяй-парадарая» (яғни теңіздің арғы жағындағылар) деп атаған. «Шу» батыр дастанында алдымен оқи болып отырған осы өңірдің көз тартатын ғажайып табиғат көріністері, бау-бақшалы егістік алқаптар, жыландай бұралаңдап ағатын өзендер мен айдынында аққу құстар қиқу салған көлдер, өзенен бойында қалың болып өскен құрақ-қамыстар суреттеледі. Байырғы Баласағұн шаһарының маңында жас әмірші Шу батыр жаңадан салдырған Шу қала-қамалының сәулеті жайында айтылады. Содай ақ дастанда биік биік тау штқалдары мен кең жазық дала ойнақ салып жүгірген сансыз көп арқар, бөкен, елік, таутеке, марал, барыс, аю, бөрі, арыстан сияқты аңдар көрініс тапқан. (К.Әкішеш, Г.Қошаев «Іле қзені алқабындағы сақтар мен үйсіндердің ежелгі мәдениеті»). Шу батыр – еңсегей бойлы, қақпақ жауырынды, өткір көзді, түсі суық, шашы ұзын, білектерінде бұлшық еттері ойнаған, сақал-мұрты енді ғана тебіндеп келе жатқан бала жігіт ретінде бейнеленген. Ел билеушісі Шу батыр әрдайым, қысы жазы көктем күніндей жайқалып тұратын өзінің ғажайып бау бақшасы ішінен айналасы атшаптырым, аса үлкен күміс хауыз салдырады. Ол хауызда көптеген үйректер, қаздар, аққулар лек легімен қысы жазы жүзіп жүреді екен. Ал. Шу батыр осы киелі құстардың қимыл әрекетіне қарап отырып өз елінің болашағын болжап біледі екен. Мәселен, дастанда Шу батыр сақтар еліне қалың қолды бастап Ескендір келе жатқанын хауыздағы суға қарап отырып күні бұрын біледі. Алайда жұртты дүрліктірмеу үшін өзінің болжамын ешкімге айтпайды. ....