География | Қазақстан жеріндегі дәстүрлі шаруашылық мәдени типтер
Қазақстан жеріндегі дәстүрлі шаруашылық-мәдени типтер
Қазақ мәдениетін қарастырғанда туатын маңызды мәселе шаруашылық-мәдени типтердің (ШМТ) өзіндік ерекшеліктерін анықтаумен байланысты. Шаруашылық-мәдени тип ұғымы соңғы кезге дейін этнографиялық және тарихи зерттеулерде көбірек қолданылып келді. Шаруашылық-мәдени типтердің нақтылы мысалдары: арктикалық аңшылар, тропиктегі аңшылар мен терімшілер, өзен аңғарларындағы егіншілер, оазистік дихандар, еуроазиялық көшпелілер ж.т.б. Өзінің мағынасы жағынан ШМТ ұғымы мәдениеттанудағы хро¬нотоп ұғымына жақын. Алайда хронотоп негізінен көркем әдебиеттен алынып, рухани мәдениеттің кеңістіктік және уақыттық бітімдерін білдірсе, шаруашылық-мәдени тип материалдық мәдениеттің көрінісін айқындайды. Әрине, ШМТ-тід руханилықпен байланысы жоқ деп сыңаржақты айтылған пікір дұрыс емес. Онда салт-дәстүрлер, сенім-нышандар, фольклор, дүниетаным шаруашылық әдістерімен тығыз байланысты әрекет етеді.
Шаруашылық-мәдени тип ұғымының тым абстрактылы алынған түрі ретінде қоғамдық-экономикалық формацияны да көрсетуге болады. Бірақ бұл ұғым тым дерексіздендірілген және әмбебаптық сипаты жеткіліксіз. Мысалы, еуроазиялық номадаларды осы бес формацияның ешқайсысына тіркеп қоюдың негізі жоқ. Оларды «азиялық өндіріс тәсілінің» өкілдері деудің де реті аз. Бұл жерде Азия қүрылығындағы әртүрлі шаруашылық типтерінің арасындағы айырмашылық жоғалып кетеді. «Дала феодализм!» сияқты атаудың ойдан құрастырылғаны тікелей көрініп тұр.
Батыстық мәдениеттануда «мәдени ареал(аймақ) ұғымы да жиі қолданылады. Бұл ұғымның шаруашылық-мәдени тип ұғымымен жақындығы бар. Бірақ мәдени аймақ негізінен белгілі бір этномәдениеттің жағрафиялық детерминанттық факторларына басты назар аударады. Біртұтас мәдени ареалда әртүрлі ШМТ – дің болуы мүмкін.
Шаруашылық-мәдени типтер уақыт пен кеңістіктің әрекет ету және даму заңдылықтарына тәуелді. Бұл процесті шаруа¬шылық-мәдени конвергенция (тұтастану, жүйелену) деп атауға болады. Шаруашылық-мәдени типтің құрылымы неғұрлым күрделі болса, онда оның климат пен ландшафтан тәуелділігі соғұрлым аз болады. Мысалы, малшылар мен егіншілер ертедегі терімшілер мен аңшыларға қарағанда, кеңістікте еркінірек әрекет еткен. Тағы бір ескере кететін жайт: уақыт ағынына байланысты ШМТ-тердің оқшаулық аймағы азайып, олардағы қарым-қатынастық белгілер қөбейе түседі.
ХХ ғасырдың басына дейін көшпелілік өмір салты қазақ халқында негізгі этноқұрастырушы белгі ретінде түсінілген. Яғни, «көшпелі» — «көшпелі емес» оппозициясы өте жақын түрік халықтарын бір-бірінен айырып тұрған және маргиналдық аймақтарда этностардың алмасуына себепкер болған. Мысалы, Тәшкент облысындағы құрамалар осындай этноөзгерістерді бастарынан өткізген. Бұл процестің өзі Орталық Азиядағы екі ШМТ-дің бір-біріне ауыса алатындығын көрсетеді.
Тарихи деректерге сүйене отырып, еуроазиялық далада екі түрлі шаруашылық-мәдени типтер қалыптасты деген қорытындыға келуге болады. Оларға қуаң дала көшпелілері және оазистер дихандары мен қала тұрғындарын, тұтас көшпелілік мәдени ареалдағы отырықшылық ошақтарының баламасы ретінде қолданып отырмыз. Бұл негізгі екі ШМТ-дің тарихи даму барысындағы арақатынасынсыз қазіргі қазақ мәдениетінің менталитетін түсіну қиынға соғады. Біркелкілік пен бірыңғайлықтан қоршаған табиғи және әлеуметтік ортаның көпдеңгейлігі мәдениет үшін қолайлы. Егер оқшауланған қуаң дала шеңберімен шектелсек, онда түрік халықтарының тарихтағы ұлы жетістіктерін түсіндіре алмас едік. Шаруашылық-мәде¬ни типтің жиынтық, қосынды ұғым емес екендігін, оның жүйе түрінде әрекет ететіндігін аңғару қойылған мәселе үшін маңызды. Жүйе деп философияда өзара байланысты құрылымдық элементтердің тұтастығын айтады. Сондықтан ғылыми зерттеудің келесі сатысы құрылымдық типологияны анықтаумен қатысты.
Шаруашылық-мәдени типті динамикалық қимыл-қозғалысты, үнемі өзгерістер үстінде қарастыру керек. Яғни бұл типо¬логия тарихи типологияға жатады, шаруашылық-мәдени типтер уақыт ағынына тәуелді. Қоғамды «елдік» принцип бойынша ұйымдастыру жоғары деңгейде болған алғашқы түріктік мемлекеттерде оазистік ШМТ-тің үлесі қомақты еді. Кейін бұл өрқениеттің ыдырау кезінен бастап, осы принцип күйзеліске ұшырайды, онымен бірге отырықшы мәдениеттің де өрісі кеміді.
Көшпелілік шаруашылық-мәдени тип Қазақстан жеріндегі климаттық және ландшафтық ерекшеліктерді ұтымды пайдалана білген. Оны маусымдық жайылымдардың алмасуы деп атауға болады және ол Қазақстан территориясында номадалық типтің XX ғасырдың басына дейін басым болғандығын дәлелдейді. Жауын-шашьшы молырақ және мал азығы жеткілікті Солтустік Қазақстанның ормаңды-далаларын, таулы альпілік шалғындарды, өзен-көл аңғарларын халық жайлау ретінде пайдаланған. Қыста қары аз, тебінге қолайлы оңтүстіктегі және орталықтағы аймақтар қыстау үшін таңдалып алынған. Көктеу мен күздеу мал қыстайтын жерлерге тікелей жалғасып жатқан.
Қалыптасқан дәстүр бойынша маусымдық жайылымдардың рулар арасында бөліске түскенімен, мал қыстайтын жерлердей басқасын елдің бәрі бірдей пайдаланған. Бұл көшпелілік ШМТ-тің тұтастығын және ынтымақтастығын арттырған. Осы жөнінде М. Әуезовтың «Абай жолы» трилогиясында шебер суреттелген көріністер көп.
1897 жылғы халық санағының деректері бойынша қазіргі Қазақстан территориясында қазақтардың тек 1,14% калаларда тұрған. XX ғасырдың басында отырықшылардың жалпы саны 100-мың адамға ғана жеткен (қазақтардың сол кездегі жалпы саны шамамен 6 миллиондай адам).
Аталған санақ қазақтардың 77% негізінен номадалар болғанын, ал 18% — диқаншылықпен айналысқанын көрсетті. Маргиналдану аймақтарында егіншілердің үлес салмағы жоғары болған. Мысалы, Тәшкент уезінде қазақтардың 88% диқаншылық¬пен айналысқан.
Көшпелілік менталитетте шаруашылық тәсілін алмастыруға теріс баға берілген. Мысалы, «жатақ» деп өмірде табысқа жете алмаған аутсайдерді айтқан. Көшпелілік мәдени типтің қүйзелісі қоғамда пауперлену тудырып, бұрынғы «ынтымақтастыққа негізделген адамдық тәртшті» (Ф. Хайек) шайқалтқан. Табиғи биоценоздың тұтастығының бұзылуы адамдық қауымдасуға да кері әсерін тигізеді.
Алайда шаруашылық-мәдени типтердің күрделене түсуіне байланысты адамдық топтастық табиғи ортадан тәуелсіз бола бастайды. Еңбек бөлінісінің тереңдеуі, мамандандырылу және ондіргіш күштердің өнімділігінің артуы материалды мәдениетті Жер бетіндегі геологиялық күштермен пара-пар, антропопеноздық жасампаз факторға айналдырды. Осының нәтижесінде дәстүрлі қоғам индустриалдық қоғамға көшеді.
Бұл түрғыдан алғанда көшпелі мәдени-шаруашылық тип мәңгі бола алмас еді. Сондықтан оған кері қарай шақыру тарихты кері бұрғанмен бірдей.
Мәдениетті материалдық және рухани деп бөлудің шартты екендігін ескерте кеткен жөн. Кез келген рухани құбылыс пен оның заттандырылған түрі — адамдық тұтас әрекеттің екі жағы. Қоршаған ортаға адамның сәулесі түсіп тұр, ал оның сезімдері мен ақыл-ойы әлемнен нәр алады. Осы тұтас мәдениет әлемін түсіну мақсатында ғылыми дәстүр бойынша әрқайсысы жеке талданады. Қазақ халқының материалдық мәдениеті осы аймақты мекендеген ертедегі көшпелі тайпалар мәдениеті мен орта ғасырларда өркендеген отырықшы және қалалық мәдениеттің дәстүрлерін жалғастырды. Ғылыми зерттеулер мен археологиялық қазбалар XV ғасырдан кейін Қазакстан жерінде қалалар құлдырап кетті деген пікірді өзгертуге мүмкіндік берді. Жергілікті құрылыс мәдениетінің жоғары дәрежеде болғанына XV—XVIII ғасырлардағы Яссы (Түркістан), Сауран, Отырар, Сығанақ, Сайрам тәрізді қалалар, Орталык Қазакстандағы Домбаул, Алашахан, Жошыхан гибадатханалары, Оңтүстік Қазакстан және Маңғыстаудағы сәулет ескерткіштері куә.
Осы сәулет үлгілерін салуда халықтық мәдениеттің озық және тапқыр шеберлері жарасымдылықтың, үйлесімдік пен тутастықтың шешімдерін таба білген. Ислам діні тірі жанды суретке түсіруге тыйым салғаны белгілі. Сонда да қыш құмыра әшекейлеріндегі түбі сонау сақтардың «аң» стилінен басталған қазақтың ою-өрнектері тіршілік иелерінің нобайын бейнелеген.
Алайда қазақ хандығының қалалық мәдениетінің одан әрі оркендеуіне сыртқы жағдай онша қолайлы болмады. Жоңғар шапқыншылығы, Орта Азия хандықтарының толассыз шабуылылы,ең бастысы — батысынан және шығысынан шыққан екі империяның — Ресей мен Қытайдың жаугершілік саясаты салдарынан қазақ халқы отырықшылықтан гөрі жылжымалы киіз үйге қайтадан көбірек қөңіл бөлді.
Киіз үй тек баспана емес. Ол халықтың өмірлік салт-дәстүрінің таңбасы қызметін атқарады. Шексіз даланы көк теңізге теңейтін пікірдің жаны бар: көкжиекте, көк аспанның астындағы шексіздікте ақшағала дөңгелек киіз үйлер аралдар тәрізді, олардың арасын дала кемелері — түйелер мен ұшқыр қайық — аттар қосып тұр. Қатал үскірік аяздан, шілденің аптап ыстығынан қорғайтын, тез жинап, тұрғыза қоятын баспанаға қиіз үй өте сай келеді. Дөңгеленген сыртқы пішіні қатты желге орнықты болса, туырлықтар жауыннан кейін тез кебеді. Шаңырақ — Шеңбер тәрізді шабағынан және қүлдіреуіштен тұрады. Оның төбесін түндіктің жартылай ашық тұруы, бір жағынан, тұрмыс қажеттерінен туса (жарық түсетін терезе, түтін шығатын мұржа, таза ауа), екінші жағынан, шаңырақ шексіз аспанның белгісі, мәңгілікке апаратын жол іспеттес. Егер киіз үйге жоғарыдан темен қарасақ, онда шаңырақ күнге, ал уық-керегелері оның сәулелеріне ұқсас. Халық санасындағы фәни өмірден нұр жауып тұрған аспанға ұмтылу идеясы киіз үй құрылысынан өз көрінісін табады.
Тұрғын үй адамның өмір салтымен, оның дүниетанымымен, әлемдегі алатын орнымен тікелей қатысты. Мысалы, орманды мекен ететіндер ағаштардың арасынан аспанды төртбұрышты бітімінде көреді, олардың үйлері де төрт қабырғалы, Кавказдың биік тауларындағы үй көшпелі шаруашылық типінде де әрекет етеді. Жазық дала тек қөкжиекпен шеңбер тәрізді шектелген. Сондықтан көшпелілердің тұрағы да дөңгелек. Орталық Азиядағы күмбездік архитектураның бір бастауы — көшпелілердің киіз үйі. Бұл тағы да оазистік және көшпелі шаруашылық-мәдени типтердің түрік өркениетіндегі синхрондығын көрсетеді.
Натуралдық шаруашылық жағдайында қазақ халқы қолөнер шеберлерін жоғары бағалаған. «Ағаштан түйін түйген», «Он саусағынан онер тамған» сияқты шебер ұсталар, тоқымашылар т.б. іскер адамдар халықтың материалдық мәдениетінің тамаша үлгілерін жасаған. Халық өнері әсіресе киіз үй жиһаздары мен ұлттық киімнен айқын көрініс тапты. Қазақ жерінде XIX ғасырда айдауда болған поляк Бронислав Залесский былай суреттейді: «Бұл бір ғажайып көрініс: олар көш кезінде, мерекедегідей жасана киінеді, ең әдемі киімдерді, әсіресе байлардың алтын зер төгіп тіккен шапандарын осы кезде көруге болады. Ауыл ақсақалы көш бастаса, ер-тоқымына қызыл шұғамен тысталған көпшік немесе кілемше жапқан атқа мінген зайыбы оның соңынан ереді... Атты, атқа салт мініп жүруді жақсы көретін бұл халық ең алдымен көлігінің әбзеліне көбірек көңіл бөледі. Ер-тұрман олар үшін барлықтың, байлықтың белгісіндей болып безендірілуге тиіс. Ердің алдыңғы қасын көбіне күміс қаптатып өрнектейді, тіпті қолы жеткендерінің асыл тас орнататындары да болады. Жүген, өмілдірік, құйысқан — бәрі де шебер өріліп, Шығыс үлгісіндегі өрнектермен безендіріледі». (Қазақ даласының тіршілік тынысы — Әлем).
Киім киюдің де өзіндік рәсімі болған. Мысалы, жасөспірім қыздар аң терісінен жасалған, төбесіне үкі тағылған бөрік кисе, жаңа түскен келін әуелі сәукелемен жүрсе, кейін басына желек салады. Отыздан асқаннан соң әйелдер кестеленген кимешекпен жүреді. Әшекей тастарды қолданудың да өзіндік рәмізі бар. Халық інжу — көзді шел басудан, көз сүйелінен; құлпырма тас — көз тиюден, маржан — азғындыққа түсуден, дүр тасы — жемсау ісігінен сақтайды деп есептеген, әйелдің қолындағы жүзікті ас адалдығының кепілі деп білген.
Жоғарыда келтірілген деректерден көшпелілік шаруашылык-мәдени типінің адамзаттың материалды және рухани қорына қосқан үлесінің қомақты екендігіне көзіміз жетеді. Кейде «вар-вар-көшпелілер» жер бетінде қиратудан басқа мұра болып қалатын құндылықтарды қалдырмады деген пікірді еурорталықтық мәдениеттанушылар жиі айтады. Оған дәлелді жауабымен тойтарыс берген ғұлама Л. Гумилев ойын былай түйіндейді: «Осынау ерекше сахара мәдениеті көне достүр мен тереңге меңзейтін тамырлардан нәр алғанымен, бізге отырықшы елдердің мәдениетіне қарағанда құптарлық дәрежеде белгілі емес. Мұның мәнісі түркілердің, басқа да көшпелі тайпалардың көршілеріне қарағанда дарындылығының төмендігінде емес, олардың заттық мәдениетінің қалдығы — киіздің, терінің, ағаш пен былғарынын нашар сақталатындығында болып отыр...»
Көшпелілерді кейбір зерттеушілер сияқты ертедегі феода¬лизм өкілдері деп айдар таққанша, олардың кәсіптік ерекшеліктерін атап өткен жөн. Рылыми әдебиетте көшпелілік өмір салтының мынадай типтік белгілері айқындалған: 1) мал бағу — шаруашылықтың басым түрі; 2) жыл бойы малды табиғи ұстауға негізделген шаруашылықтың экстенсивтік тәсілі; 3) жер жағдайына қарай маусымдық көшіп-қону; 4) қазіргі капиталистік ранчолардан өзгеше шаруашылықтың натуралдық әдістерінің басымдығы.
Қазақ мәдениетінің негізгі архетипті — көшпеліліктегі тағы бір маңызды мәселе ондағы әлеуметтік құрылымға, қоғамдық ұжымдасу ерекшеліктеріне қатынасты. Мұндағы алдымен көзге түсетін нәрсе — қауымдық тұтастық. Егер еуропалық нарықтық қоғамда зат иелену мен азаматтық қатынастар шешуші қызмет атқарса, көшпелілерде туысқандық, рулық байланыстар ең құнды болып есептелінеді. «Ата қоныс» ұғымы көшпелілер үшін қасиетті, ол өз жерінің тұтастығының кепілі және көршілес жатқан мекендерге де қол сұғуға болмайтындығын мойындау. Қауымдық қатынас мекендер егшендігінен туады. Ата қоныстың әр жағрафиялық белгілері халық санасында киелі жерлер деп есептелінеді, яғни қоршаған орта киелі таулардан, өзендер, көлдерден, аңғарлар мен төбелерден, аруақтар жатқан молалардан т.б. тұрады. Олардың қасиеттілігі аңыз-әпсаналарда, жырлар мен көсемсөздерде болашақ үрпақтарға мұра ретінде қалдырылған. ....

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
kz | Рефераттар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: реферат Қазақстан жеріндегі дәстүрлі шаруашылық мәдени типтер туралы реферат казакша на казахском акпарат малимет, реферат Қазақстан жеріндегі дәстүрлі шаруашылық мәдени типтер на казахском языке скачать бесплатно информация, рефераттар жинағы География жоспарымен, казакша реферат жоспар, Қазақстан жеріндегі дәстүрлі шаруашылық мәдени типтер