Дәрігердің еңбегі мен жұмсаған энергияның ең басты бағасы – ауру адамға көрсеткен көмегі. Бұл дәрігерлік тәжірибенің баюы мен оның беделінің өсуіне септігін тигізеді. Дәрігердің беделі ауру адаммен тіл табысуда үлкен роль ойнайды. Отандық медицинаның классиктері медицина қызметкерінің беделін көрсететін амалдарды тереңірек шешті. Бұл, ең бірінші – терең білім, ауру адамды оның проблемаларын сабырлы, дұрыс және тез түсіне білу қабілеті, осыған байланысты оның тез және толық сауығуына лайықты жол таба білуі. Бұл – дәрігердің бірбеткейлігін, шынайылығын, мейірімділігін, табиғи сыпайылығын, барлық адамгершілік көрінісін ашатын жеке тартымдылыығы. Дәрігердің әр әрекеті мен ісінде әрдайым басты мақсат көзделеді, ол – ауру адамның игілігі үшін. Керемет орыс клиницисті С.П.Боткиннің клиникалық және жан қабілеттерін жоғары бағалаған И.П. Павлов былай деп жазған екен: «Бұл ғалымның тартымдылығы ауру адамдар ішінде шынайы бір сиқырлы қасиетке ие болды, көбінесе оның бір ғана сөзі, не бір ғана кіріп – шығуы жаза алатын. Павлов ғалымның оқушыларынан олардың қолданатын рецептері қолайсыз болғанда мұғалімнің қолында сиқырлы бір қабілетке енетіндей болады» - деген сөздерді көп естіген. Ауруға психологиялық әсер ету - дәрігер беделін көрсететін ұлы қасиеттердің бірі. Бұл әсер тартымдылықпен, аурудың тағдырына шынайы қызығушылықпен, жақсы қарым – қатынаспен, сабырлылықпен, аурудың сауығуы үшін үздіксіз онымен кездесуге ұмтылумен қамтамасыз етіледі. ....
Ұйымдастырылған оқу - қызметі Тақырыбы: Дәрігер Айболит бізде қонақта Мақсаты: Балаларды тазалыққа баулу және салауатты өмір салтын ұстануға дағдыландыру. Байланыстырып сөйлеуге, сюжетті - рөлді ойынды өз ұйымдастыру, түсініктерін ойын барысында әсерлі қолдана білу іскерліктерін дамыту.
Шаттық шеңбер: Аспанымыз ашық болсын, Еліміз тыныш болсын Деніміз сау болсын, Достарымыз коп болсын.
Тәрбиеші: Балалар денсаулық тазалық кепілі, біздің тазалығымызға және деніміздің сау болуына, ауырмау үшін не істеуміз керек? Балалар: Жаттығу жасаумыз керек, жуынып жүруміз керек, тісімізді тазалап, тамақ ішер алдында қол жууымыз керек. Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар, денсаулықты сақтау үшін көптеген ережелерді біледі екенсіңдер. Мен сендерге бүгін тері тазалығы туралы айтайың мына суретте 5 ереже мына суретте. Біреу есік қағып тұр бұл кім кірқожалақ бала келеді. Сәлеметсіңдер ме неге бәрі тап - таза әдемі. Тәрбиеші: Сен кімсің? Балақай сен неге кірсін жоқ тазамын, сен құлап қалдың ба жоқ таңертең жуындың ба ия қалай көрсетші. Мұрат қолына түкіріп бетін сүрте салады. Ой деп тәрбиеші......
Кіріспе Мал дәрігелік энтомология-жануарлардың денсаулығына зиян тигізетін жәндіктерді және олармен күрес шараларын зерттейді. Жануарлар денсаулығына жәндіктер өз зиянын бір жағынан эктопаразиттер ретінде тигізсе, екінші жағынан – жұқпалы аурулар қоздырғыштарын тасымалдайды. Кейбір жәндіктер ішқұрттардың дамуында аралық ие, ал басқа біреулері мал өнімдерін бүлдіреді. Жәндіктер тудыратын аурулар – энтомоздар деп аталады. Жәндіктердің дене құрылысы. Жәндіктер денесі 3 бөлімнен құралған: оған бас, кеуде және құрсақ жатады. Денесі, бунақталып келіп, сыртынан хитинді қабыршақпен жабылған, ол сыртқы әсерден қорғаумен қатар, қаңқа міндетін де атқарады. Жәндіктер басы кеуде бөлімімен қозғалмалы түрде тіркеседі. Басы 6 буыннан құрылып, бас сүйек қорабын түзейді. Басында ауыз мүшелері мен 2 мұртшасы (антенна) бар. Мұртшалары көздерінің ортасында, бастың алдыңғы жағына орналасқан және бірнеше буыннан құралған, қозғалмалы. Ол иіс сезу және сезімталдық қызметін атқарады.....
1829 жылдың жазғытұрғы бір жайдары күнінде жасы елулер шамасындағы кісі Гранд-Шартрезге таяу орналасқан үлкен елді мекенге қарай бет алып, өрлеу жолмен салт келе жатты. Бұл мекен — табаны тастақ, арнасы көбінесе құрғап қалатын шағын тау өзенінің аңғарында ұзыннан созылып жатқан, халқы тығыз кантонның орталығы. Қазірде қар суымен толысқан өзен аңғарды бойлай бұрқ-сарқ ағып жатыр, арнасы екі жақтан бір-біріне қарама-қарсы ентелеп келіп беттескен қос қыраттың ортасында қысылып қалған, үстеріне жан-жақтан анталап, Савойя мен Дофиненің шыңдары төніп тұр. Екі Морьенаның тізбек-тізбек жоталары, жалпы нобайлары бір-біріне ұқсас болғандарымен, жанағы бейтаныс кісі өтіп бара жатқан өңірдегідей жердің ала-құлалығын, дәл сол тұстағыдай күн сәулесі мен көлегей көлеңкенің құбылған ойнақылығын басқа ешқайдан табуға болмас еді. Біресе аңғар алқабы далия шалқайып кетеді де, жылдың қай мезгілінде де тау бұлақтарынан сусындаған құнарлы жердің нәрлі өсімдігі жап-жасыл кілемдей болып көздің жауын алып жатады; біресе алдыңнан су күшімен жүретін тақтай зауыттары көлденеңдеп шыға келеді де, оның әр жерде жайылып жатқан жұпыны құрылыстары, қабығы аршылған шырша бөренелерінің қоймалары жалт етіп көзге шалынады; жаңағы буырқана сарқыраған өзеннен бұрып әкеліп, ауқымды тақтай науалар арқылы ағызып қойған су шыжымдары және көрінеді. Әр жерде шашыраған лашық үйлер мәуелі жеміс бақтарына көміліп, еңбекқор кедейшілік жайындағы ойға итермелейді. Ал одан әрегіректе балықтың қабыршақтары секілді бір-біріне қабаттаса жабысқан дөңгелек қышпен жабылған қызыл төбелі шағын үйлер ұзақ жылдар бойғы еңбектің берекелі нәтижесін айғақтап тұрғандай.
Әрбір әйел, жарты жылда бір рет болсын, гинеколог маманына қаралуы керек. Алайда, кеңес үкіметінің дәуірінде өмір сүрген әйелдерге, жай ғана тексерілу түгіл, емделуге барудың өзі ұят болып көрінеді. Себебі, гинеколог міндетті түрде сұрақ қояды. Арасында, тіпті жауап беруге ыңғайсыз сұрақтар да болуы мүмкін. Әрине, дәрігердің мұндай сұрақтарды жайдан жай қоймайтыны анық. Олай болса, не үшін?
Медициналық сұрыптау. Төтенше жағдайдай ошағындағы дәрігерлік көмек шаралары
Апат кезінде көмек көрсетудің үш сатысы болады:
Оқшаулау. Сырттан көмек мүмкін емес. Тірі қалу мәселесі өзі немесе өзара көмек жолымен шешіледі. Бұл шараның ұзақтығының шегі әртүрлі.
Құтқару. Құтқару жұмыстарын жүргізу, зақымдалғандарды медициналық көмек көрсету пункттерінде орналастыру. Орындалған шұғыл көмектер өмірлік көрсеткіштер бойынша және эвакуациялау.
Қалпына келтіру. Зақымдалғандар мамандандырылған және арнайы көмек кезеңдеріне түсік, зақымдалу сипатына сәйкес емдеу қабылдап, реабилитацияланады.
Медициналық эвакуациялаудың І кезеңі (госпиталға дейінгі): науқастар мен зардап шеккендерге жоспарлы және шұғыл медициналық көмек көрсетіледі......
Астанадағы тіс емдейтін клиникалардың біріне барып, 1 миллионға жуық қаражат жұмсаған тұрғын қызмет сапасы сын көтермейтінін айтып, жанайқайын жеткізді. NUR.KZ редакциясына хабарласқан тұрғынның айтуынша, клиника дәрігерлері тісіне зақым келтіріп қана қоймай, ем-домға кеткен қаражатты қайтарудан да бас тартып отыр екен.