Психология | Қоғамдағы дәрігердің біліктілігі

Психология | Қоғамдағы дәрігердің біліктілігі

Қоғамдағы дәрігердің біліктілігі.

Дәрігердің еңбегі мен жұмсаған энергияның ең басты бағасы – ауру адамға көрсеткен көмегі. Бұл дәрігерлік тәжірибенің баюы мен оның беделінің өсуіне септігін тигізеді. Дәрігердің беделі ауру адаммен тіл табысуда үлкен роль ойнайды. Отандық медицинаның классиктері медицина қызметкерінің беделін көрсететін амалдарды тереңірек шешті. Бұл, ең бірінші – терең білім, ауру адамды оның проблемаларын сабырлы, дұрыс және тез түсіне білу қабілеті, осыған байланысты оның тез және толық сауығуына лайықты жол таба білуі. Бұл – дәрігердің бірбеткейлігін, шынайылығын, мейірімділігін, табиғи сыпайылығын, барлық адамгершілік көрінісін ашатын жеке тартымдылыығы. Дәрігердің әр әрекеті мен ісінде әрдайым басты мақсат көзделеді, ол – ауру адамның игілігі үшін. Керемет орыс клиницисті С.П.Боткиннің клиникалық және жан қабілеттерін жоғары бағалаған И.П. Павлов былай деп жазған екен: «Бұл ғалымның тартымдылығы ауру адамдар ішінде шынайы бір сиқырлы қасиетке ие болды, көбінесе оның бір ғана сөзі, не бір ғана кіріп – шығуы жаза алатын. Павлов ғалымның оқушыларынан олардың қолданатын рецептері қолайсыз болғанда мұғалімнің қолында сиқырлы бір қабілетке енетіндей болады» - деген сөздерді көп естіген. Ауруға психологиялық әсер ету - дәрігер беделін көрсететін ұлы қасиеттердің бірі. Бұл әсер тартымдылықпен, аурудың тағдырына шынайы қызығушылықпен, жақсы қарым – қатынаспен, сабырлылықпен, аурудың сауығуы үшін үздіксіз онымен кездесуге ұмтылумен қамтамасыз етіледі. Бір ғана дәрігердің ауру адамды қарап, емдеуінің маңыздылығын баса айтқан белгілі дәрігер Х.В.Гуфеляндтің ( 1762 - 1836) сөздері қаламбур сияқты естілгенімен, мағынасы өте зор. Ол былай деп жазған: «Бір дәрігер – жақсы, екеуі – орташа, үшеуі – сұмдық. Көп дәрігердің бір ауру адамды емдеуі көбінесе аурудың өршуіне әкеледі». Дәрігердің ауру адамға көмегі тек оның толық сауығуына шейін емдегенде ғана толыққанды бола алады. Дәрігердің қарапайымдылығы - оның ең қажетті қасиеттердің бірі. Медицина көптеген керемет жетістіктерге жетті. Дегенмен, қазіргі кездің өзінде де біздің білгенімізден білмейтініміз көп: біз қолымыздан келіп, қанша тырысып, соған жеткіміз келсе де, көбінесе ауру адамға толыққанды көмек көрсете алмай жатамыз аурудың түрлері мен лоарды емдеу жолдары туралы біліміміздің жетіспейтіндігін мойыелау өзіңді кінәлау үшін емес, ол өзіңді - өзің тәрбиелеудегі, біліміңді жетілдірудегі басты қағида болуы қажет. Дәрігердің білім деңгейі мен жинаған тәжірибесі өз алдына бір бөлек. Белгілі дәрігер Абу Али Ибн Сина (Авиценна) адам шығармашылығының қорытындысын былайша белгілеген: « Мы умираем и с собой уносим лишь одно: сознание, что мы ничего не узнали». Дәрігердің өмірі – бұл еш
қандай бітпейтін университет. «Дәрігердің басты міндеті - өмір бойы қоғам үшін оқу» - деген екен беделді клиницист А.А.Остроумов( 1844 - 1908). Дәрігердің оптимизмі саналы болуы қажет және ол бірінші кезекте терең білім мен мол тәжірибеге сүйену керек. Кез – келген жақсы дәрігердің басты қасиеттері - әрқашан қарапайымдылық пернесін жамылуы тиіс, олар өзін - өзі жарнамалауды қажет етпейді. Дәрігер бойындағы ең бпсты қасиеттердің бірі – шыншылдық. Бұл - оның тұлғалық артықшылықтарының бірі - белгілі жағдайда ауру адам мен оның туысқандарына ауру адамның тағдыры туралы, кейде қайғылы келетін, өз ойын жеткізе білу міндетімен айқындалады. Әділеттілік – дәрігердің ең жоғары қасиеттерінің бірі. Осы жерде Цицеронның сөздерін тағы да қайталай кеткен жөн, әділеттіліктің ең негізні екі бастауы бар, олар: « ешкімге зиян келтірмеу және қоғамға пайда әкелу». Дәрігердің адалдығы тек қана кәсіби мамандығының төңірегінде ғана шектелсе, ол бір жақты және толық емес болар еді. Адамгершіліктің айнымас жол серігі – ақкөңілділік, шын жүректен жақсылық жасай білу. Яғни, адам денсаулығы өз өмірінде де де құрбан ете білу. Дәрігерлер өмірінен алынған көптеген мысалдар бұл ұранның өміршеңдігін көрсетеді. Қан ауыстыру институтының негізін салушы кеңестік дәрігер А.А.Богданов ( 1873 - 1928 ) өз тағдыры туралы ойланбай қатты науқастанған студентті құтқару үшін онымен қан ауыстырған. Нәтижесінде студенттін өмірін сақтар қалып, А.А.Богдановтың өзі қайтыс болған. Ауру адамның өмірін сақтап қалу жолында құрбан болған. Адалдық тек қана дәрігердің істерінде ғана көрінбеуі тиіс, ол оның екінші « МЕНІ » болуы қажет. Дәрігердің мықтылығы оның іс - әрекеттерінен көрінеді. Қатты науқастанған адамның төсегінің қасындағы түнгі күзетулер, тәулік уақытында және ауа райына қарамастан науқасқа бару, операциялық құрал – жабдықтарсыз – ақ өмірді сақтап қалу мақсатында алғашқы көмек көрсету, өз өміріне қауіп төндіретін іс - әрекеттерге бару – бәрі – осының айғағы.

Медициналық деонтология

« Жанып тұрған шырақ» - - ғасырда голландық дәрігер ван Туль – Пси ұсынған символдық эмблема: «Басқаларға жарық тастау арқылы өзім жанамын», - дәрігерлікке деонтологияның терең мағынасын ашады, сонымен қатар дәрігердің ауру адамның өмірін қорғайтын «психологиялық асептика» принципінің бітпес мүмкіндіктерін көрсетеді. Этика – құлықтылық ғылымның дамуы адам тарихының барлық ғұмырында жалғасын табуда. Соңғы жүзжылдықта, әсіресе, мамандықтардың дифференциясының өсуіне байланысты этиканың арнайы тармақтарының бөлінуіне қажеттілік туады. Ағылшын философы Бентам ( 1748 – 1832 ) алғашқы рет бұл үшін «деонтология» терминін ұсынды. ( «деон» - қажеттілік, қарыз және «логос» - ғлым). Бұл ұғым арқылы парыз, адамгершілік міндет, профессионалдық этика туралы ғылымдарды белгілейді. Деонтологияның, әсіресе, адамдар арасындағы қиын өзара ықпал және жауапкершілігі мол қарым – қатынас формаларын кеңінен пайдаланатын профессионалдық қызмет бөлімдерінде маңызды зор. Оларға бірінші кезекте медициналық қызметкерлердің ауруларға жасайтын ықпалдарының әртүрлі формалары үлкен роль ойнайтын қазіргі медицинаны, сонымен қатар тәрбие мен білім беру тәрбиешінің оқуға тікелей және жанама әсер етуіне негізделген дидактиканы жатқызуға болады. Сондықтанда, медицина қызметкерлерінің аурулар алдындағы парызының ерекшеліктерін, олардың ауру адамды жақсы емдеуге бағытталған іс - әрекеттер мен тұрғындардың денсаулығын сақтаудағы қоғам алдындағы адамгершілік міндеттерін ашатын медициналық деонтологияның медициналық психологияның жеке бөлімі ретінде қарастырылуы кездейсоқ емес. Медициналық деонтологияның принциптері, әсіресе, қазіргі дәрігерлердің басты қасиеттерін көрсетеді.

Қазіргі дәрігердің көрінісі

А.П. Чехов былай деп жазған екен: « Дәрігердің ақыл – ойы ашық, адамгершілік жағынан таза, физикалық жағынан ұқыпты болуы керек». Осы тура айтылған ұғымды ашып қарасақ, дәрігеердің білімі, тәжірибесі мен жоғары сапалы қызметіне деонтологиялық қырағылық (сақтық) қатарлас болуы қажет. Ауру адамға көмектесуде, аурудың аяғы құтты болатынына сендіру негізіндегі әңгімелерде, прогностикалық қорытындылар мен кеңес беруде сөз арқылы ауру адамға зиян келтірмеу үшін өте сақ болу керек. Дәрігерлік практика дәрігерге медико - психологиялық баға беруде көп мәлімет береді. Дәрігердің кәсіби қызметі ауру адаммен байланысты. Оның ерекше қиындығы тек тірі ағзаны құрайтын биологиялық жүйенің ерекшеліктеріне ғана байланысты емес, сонымен қатар ең басты қоғамдық байланыстың әртүрлі болуы мен арнайы адамның индивидуалдығы, қайталанбас психологиялық көрінісін ққұрайтын тәуелділікке байланысты (отбасында, оқу орнында, құрылыста, қоғамдық ұйымдарда, достар арасында және т.б.). Сау адамға қарағанда ауру адамның келбеті өзгереді және ауру тудыратын ерекшеліктерімен толықтырылады. Сондықтан да дәрігер тек медик - маман ғана емес, сонымен бірге азамат, қоғамдық қызметкер, ол тек қана медицинада емес, сол сияқты мемлекеттің барлық сұрақтарынан жан – жақты білімді болуы керек. Ғылыми мен медициналық қызметті азаматтықтан бөліп қарауды жақтамайтын И.П.Павлов былай деп мақтанышпен жазған екен: « Не істесем де күшім, әлім келгенше, ең бірінші, Отаным үшін істеймін деп ойлаймын». Дәрігердің білімі кең, терең, мейлінге жетілген болғаны дұрыс. Сонда да, өзін бір жағынан, адамгершілік тұрғысынан үздіксіз тәрбиелесе, екінші жағынан, үздіксіз белсенді, өнімді, пайдалы әрекетке ұмтылуымен қатар жүрмесе мұндай білімнің жеткіліксіз болуы мүмкін. өнегелі, нағыз дәрігер ауру алдындағы, өзі таңдап алған мамандық алдындағы жұмысы мен парызы, оны азамат және дәрігер етіп жаратқан қоғам алдындағы парызы үшін қызмет етеді. Барынша өнімді қызмет үшін дәрігер өзін білім мен ауру адамның анологиялық қызметтерінен асып түсетінен өнегелі әдеттермен үздіксіз толықтырылып тұруы керек. « Ешкім өзін сынап үйренбестен бұрын басқаларды сынай алмайды» - деп жазған Гете. Бұл - өте дұрыс айтылған тұжырым. Өмірдің ең басты қызметінің өкілі ретінде дрігерге қоятын талаптар оның өз мамандығын игеруде табиғи қиыншылықтар тудырып, ісін шынайы ерлік етеді. Өзі ұзақ аурудан азап шеккен орыс жазушысы, дәрігер А.П. Чехов дәрігерлердің осы қасиетін ерекше бағалаған. «Дәрігердің мамандығы – ерлік. Ол қайсарлықты, жанның тазалығы мен ақыл - ойдың ізгілігін қажет етеді: кімде – кім үздіксіз медицина өнеріне үйреніп, өз бойында қазіргі заманға сай дәрігерге тән өнегелі қасиеттерін тәрбиелей білсе, сол ғана осы мамандыққа лайық болады». Педагогикалық негізін қалаушы, « Ұлы дидактиканың» авторы, чех педагогі Ян Амос Каменский ( 1592 – 1670 ) құлықтылықтың астарында тек сыртқы өнегелілікті емес, бар ішкі болмысының негізін түсінген жөн деп үйренген. Мұндай жоғары өнегелі ішкі болмыстың негізін тәрбиелеу ұзақ, әрі қиын процесс. Бұл үщін тәрбие мен өзін - өзі тәрбиелеудің ойланып талқыланған бір жүйесі қажет. Мақсатталған, белсенді қызмет ешқашан энергияның жай жұмсалуына жол бермейді: ол барынша ақталады, және бір жағынан өнегелі баю болса, екінші жағынан, сол энергияның толықтырылуының бірден – бірі жолы. Сондықтан дәрігердің өмірі бар болмысымен ауру адамның сытқатын жоюға, сонымен қатар, т өз бойындағы кемшіліктерді жойып, түзелуге бағытталуы тиіс. Дәрігердің еңбегі мен жұмсаған энергияның ең басты бағасы - ауру адамға көрсеткен көмегі. Бұл дәрігерлік тәжірибенің баюы мен оның беделінің өсуіне септігін тигізеді. Дәрігенрдің беделі ауру адаммен тіл табысуда үлкен роль ойнайды. Отандық медицинаның классиктері медицина қызметкерінің беделін көрсететін амалдарды тереңірек шешті.
Дәрігермен ауру адамның алғашқы танысуынан олар арасындағы бұдан былайғы қатынастардың қай сипатта боларын аңғара салу өте қиын. Көп жағдайда, тым жақсы басталған таныстық қапелімде үзіледі, ал кейде тіпті басқаша да болады:алғашқысында әйтеуір бірдеңеден ұнатпай жүрген адамына бара - бара үлкен құрметпен қатынас көрсеткендер де аз емес.мұндай жағдайлар дәрігер мен ауру адамның бір - біріне алғашқы танысуда берген бағалары мен қабылдауына байланысты психологиялық заңдылықтарға орай туындайды. Нақты мезеттегі дәрігер мен ауру адамның арасында болатын қатынастардың сипаты көптеген шарттарға тәуелді. Дәрігер мен ауру адам арасындағы қатынастар олардың жеке мінез - құлығына байланысты. әрдайым ұнамды арақатынастардың орнығуына адамдағы қайырымдылық, ақ көңілділік үйіршеңдік, достық пен ұжымшылдық қасиеттер райдалы. Ал сенімсіздік, күмәншілдік, өшпенділік, тұйықтық пен өзімшілдік – қалыпты қатынастар орнығуына кері әсерін тигізеді.Ой - өрісі жақсы дамыған,жасы бар дәрігерлер өз қатынастарын меңгере алады, бірақ бұл көптің қолынан келе бермейтін іс, себебі көп жағдайда аралық қатынастардың мәнін соларды түзуші адамдардың өздері де түсіне бермейді. Ал түсінбеген затты саналы басқару мүмкін емес. Дәрігердің іс - әрекетінің нәтижесі – нақты бір өнім. Ал осы өнімді әрбір жеке адам көбіне өзі үшін емесе, қоғам игілігі үшін өндіреді, жаратады. өз кезегінде, лсы қоғамның көптеген мүшелерінің өнімі әрбір жеке адамның мүддесін қамтамасыз етуге жұмсалады тіпті адам бір нәрсені тек өз қажеттігіне жасап жатқанның өзінде, ол өз еңбегінде басқалардан алған білімдерін қолданып, олардың тәжірибесін пайдаланылады. Іс - әрекет қоғамдық - тарихи категория. Шынында да, қалаған жеке іс - әрекет қоғам қызметімен тығыз байланыста, әрьір тұлға – басқа адамдармен қарым – қатынаста. Жеке іс - әрекет қоғамдық іс - әрекеттің тетігі, нақты көріністегі бөлігі ретінде қарастырылады. Қоғамдық байланыстар мен қатынастардан тыс жеке, дара іс - әрекет жасалмайды. Жеке әрекет қоғамдық іс - әрекеттің құрылымды бөлігі болғандықтан, оны зерттеп талдау да осы жеке әрекеттің қоғам өміріндегі ролін білуден басталғаны жөн. Сондықтан жеке іс - әрекет белгілі қоғамның кезеңдік тарихи даму сатысындағы қалыптасқан нақты қоғамдық қатынастардан жүйесімен байланыстырыла зерттеуі керек. Дәрігердің мсаналы танылған және қабылданған қажеттілік әрекет қылықтың сеп түрткісіне (мотив) айналады. ....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру