Курстық жұмыстың өзектілігі: оқушылардың барлық таным белсенділіктерінің басым көпшілігі бастауыш мектепте қалыптасатыны белгілі. Сондықтан да бастауыш сынып мұғалімдеріне ерекше күрделі әрі маңызды міндеттер жүктеледі. Солдардың бірі – оқушыларды сауатты, орфографиялық, пунктуациялық анықтамаларды ескере отырып, көркем әрі ұқыпты жаза білу дағдыларын қалыптастыру. Басқаша айтқанда, олардың ауызша тілі мен жазбаша тілін қоса дамыту, тілдік қорын молайту, адамгерлішік қасиеттерге тәрбиелеу. Осы аталған міндеттердің ішіндегі ең бастыларының бірі – оқушының жазба тілін дамыту. Ал, диктант әдісі арқылы оқушылардың жалпы жазбаша жұмысының негізгі бөлшегі іске асады. Сондықтан да диктантты жаздыру үшін оның мақсатын, міндетін, негізгі қызметін, оның түрлерін, орфографиялық талдауды, оны бағалау нормаларын дұрыс ескеру, т.б. мәселелер өздерінің өзектілігін танытады. Курстық жұмыстың мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларының диктант жұмыстарын толығымен саралау: олардың мазмұнын, мәнін, басқа жазба жұмыстарынан өзіндік ерекшеліктерін, түрлерін, оларды тексеру нормаларын зерттеу. ....