Қоғам қайраткерлерін еске алып, бір минут үнсіздік сақтау шариғатқа қайшы ма?

بسم الله الرحمن الرحيم الحمد لله رب العالمين و الصلاة و السلام على سيدنا محمد وعلى آله وأصحابه أجمعين ” أما بعد“


Аса мейірімді, ерекше рақымды Алланың атымен бастаймын.


Барша мадақ атаулы әлемдердің Раббысы Аллаға тән. Адамзаттың асылы пайғамбарымыз Мұхаммедке, оның отбасы мен сахабаларына салауат пен сәлем болғай!


Ислам діні адам баласын тірі күнінде де қайтыс болғаннан кейін де құрметтеуге шақырады. Ол жайында Алла Тағала: «Расында Біз адам балаларын қадірлі еттік. Оларды құрлықта және теңізде көліктерге мінгіздік және оларға адал ырыздықтар бердік. Оларды Өзіміз жаратқан көп нәрседен абзал еттік» - дейді......
Кеңестер
Толық

Денсаулық, дерт, қасірет

Көкті бу көтереді,
Жерді су көтереді,
Жүйрікті ау көтереді.
Жүкті нар көтереді,
Өлімді бар көтереді.

Бұлбұлдан шешен құс жоқ,
Бармақтай-ақ қарасы.
Оқтан жылдам ажал жоқ,
Тырнақтай-ақ жарасы.

Дүниенің қадірін,
Бергенде білерсің.
Жанның қадірін,
Өлерде білерсің.

Көп екен көргеннен көрмегенің
Бәрінен жақсы екен өлмегенің.
Мақал-мәтелдер
Толық

Денсаулық – баға жетпейтін жалғыз асыл дүние

Денсаулық – біздің жалғыз ғана асыл дүниеміз. Денсаулықты ақшаға сата да алмаймыз, сатып та ала алмаймыз. Себебі ақша байлық емес, ең басты байлық-денсаулық. Денсаулығымызды сақтамасақ, күтпесек, оны құртып алуымыз мүмкін. Ал ауырып ем іздегеннен гөрі, ауырмайтын жол іздеу жеңілірек болары айтпасақ та түсінікті

Денсаулықты сақтау үшін пайдалы, адам өміріне зиянын тигізбейтін тағамдарды тұтыну, спортпен шұғылдану қажет, жақсы ұйықтап, таза ауамен демалған да өте пайдалы. Адам денесінің көп бөлігі судан тұрады. Сондықтан күніне кем дегенде бір-екі литр су ішу керек. Адамдар ауырып қалса, дәрігерге бармай, өз беттерімен емделеді. Бұл дұрыс емес. Себебі біз ауырып тұрған жерімізді емдеп, басқа ағзаға зиян келтіруіміз мүмкін. Сол себептен ауырып қалған жағдайда дәрігерге барып, дұрыстап тексеріліп, жазып берген дәрісін ішкен жөн.

Денсаулыққа өте қатты зиянын тигізетін ішімдік, шылым және т.б. сол сияқты зиянды заттар жетерлік. Бұндай заттарды мүлде пайдаланбау керек. Майлы, газдалған, қуырылған тағамдарды, жартылай дайын өнімдерді, қантты аз мөлшерде тұтынған жөн. Олардың орнына сүттен, балықтан, еттен жасалған табиғи әрі пайдалы өнімдерді, жеміс-жидекті, көкеністі көптеп жеген дұрыс.......
Эсселер
Толық

Өмірді таңда

Өмір – адамға бір - ақ рет берілетін баға жетпес қымбат сый. Осындай сыйды бізге сыйлаған кім? Әрине, саған осындай баға жетпес сый сыйлаған ең қымбат адамдарың - ата – анаң. Егер саған анаң осындай баға жетпес сый сыйласа, сен соған лайықты өмір сүруге тиіссің. Адамдар, негізінен, бұл өмірге қонақ. Соны түсініп, сезіне білген адам....
Шығармалар
Толық

Салауатты өмір салты – денсаулықты нығайту жолындағы iс-әрекет

Салауатты өмір салты – салауатты өмір салтын қалыптастырудың негізгі шарты болып табылады. Ол бiздiң денсаулығымызды жақсартады. Қозғалыс белсендігiне көп септігін тигізеді. Бiздiң өсу ең дамуымызға, организмнiң дұрыс қалыптасуына жақсы. Және де организм қабілеті жоғарылап, ауруларға төзімділiгi артады. Ал біз қозғалып салауатты өмір салтын ұстанбаған жағдайда, организмде өзгерістер пайда болады. Яғни, салауатты өмір салты – денсаулықты....
Шығармалар
Толық

Денсаулық және экология (7 сынып, I тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Бөлім атауы: «Денсаулық – зор байлық»
Сабақ тақырыбы: Денсаулық және экология
Сабақтың түрі: Тақырып бойынша оқушылардың қабілетін қалыптастыру сабағы
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: Ж5 Оқылым және тыңдалым материалдары негізінде жинақы мәтін (компрессия) жазу.
Сабақ мақсаттары: Оқылым және тыңдалым материалдары бойынша тірек сөздер мен сөз тіркестерін синонимдік қатармен ауыстыра отырып, жинақы мәтін жазу......
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Денсаулық спорт туралы мақал-мәтелдер мен жұмбақтар оқимын (2 сынып, III тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Дені саудың – жаны сау
Сабақ тақырыбы: Денсаулық, спорт туралы мақал-мәтелдер мен жұмбақтар оқимын
Оқу мақсаттары: 2.1.2.1 мәтіннің тақырыбы мен тірек сөздердің негізінде мәтіннің мазмұнын болжау
2.1.5.1 аудио-бейнежазба мазмұны туралы өз ойын (ұнайды/ұнамайды, себебі..., пайдалы немесе пайдасыз болды... т.б.) білдіру
Сабақ мақсаттары: Тыңдалған материал бойынша түсінбеген сөздерін белгілейді;
Тыңдалған материал бойынша алған ақпаратын мазмұндай алады;
Мәтін мазмұны бойынша қойылған сұрақтарға жауап береді, қызықты ақпаратымен бөліседі......
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Су денсаулыққа пайдалы (3 сынып, IV тоқсан, 7 бөлім)

Пән: қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7-бөлім «Су – тіршілік көзі»
Сабақ тақырыбы: Су денсаулыққа пайдалы
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары:
3.3. Мәтіннің жанрлары мен түрлерін анықтау
3.3.3.1.мәтіннің жанрын (әңгіме, тұрмыс-салт жырлары, бата, мақал-мәтелдер)әңгімелеу, сипаттау мәтінін анықтау.
2.5. Оқыған/тыңдаған материал бойынша пікірін білдіру
3.2.5.1.оқыған/тыңдаған материал бойынша өз пікірін (менің ойымша..., менің көзқарасым бойынша...., себебі, ....) дәлелдеу.
Сабақ мақсаттары:
Оқушылардың барлығы:
Мәтін мазмұнын мұғалімнің қолдауымен тірек сөздер арқылы айтады.
Оқушылардың көпшілігі:
Оқыған мәтін мазмұнын, өз пікірін жай сөйлеммен білдіреді.
Оқушылардың кейбірі:
Мәтіннің жанрын анықтап, оқыған мәтін бойынша өз ойын дәлел келтіріп айтады. ....
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Денсаулықты күтуді үйрену (1 сынып, 8 бөлім )

Пән: Сауат ашу.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Дені саудың - жаны сау»
Сабақ тақырыбы: Денсаулықты күтуді үйрену
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме 1.1.5.1 түрлі жағдаяттарда этикет сөздерін қолдану
1.2.1.2 оқудың түрлерін (буындап оқу, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу) қолдану
Сабақ мақсаттары:
• Сыпайы сөздерді пайдалана отырып әңгімелеу
• Таныс сөздерден сөйлемдер құрастыру
• Қарапайым, сипаттама сөздерді қолдана алу......
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Тазалық - денсаулық кепілі (5 сынып, III тоқсан, 1 бөлім )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Денсаулық - зор байлық.
Сабақтың тақырыбы: Тазалық - денсаулық кепілі
Сабақта іске асатын оқу мақсаты: (оқу бағдараламасынан сілтеме) А4. Мәтіннің негізгі аспектілерін анықтау және талқылау
Сабақтың мақсаты: А4. Шағын көлемді мәтіндердің мазмұнына жоспар құру, соған сүйеніп баяндау....
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық