Салауатты өмір салты – денсаулықты нығайту жолындағы iс-әрекет

 Салауатты өмір салты – денсаулықты нығайту жолындағы iс-әрекет

Мұратова Аида Үсенбекқызы Атырау қаласында дүниеге келген. М.Мөңкеұлы атындағы №6 орта мектептің 10-сынып оқушысы.

Салауатты өмір салты – салауатты өмір салтын қалыптастырудың негізгі шарты болып табылады. Ол бiздiң денсаулығымызды жақсартады. Қозғалыс белсендігiне көп септігін тигізеді. Бiздiң өсу ең дамуымызға, организмнiң дұрыс қалыптасуына жақсы. Және де организм қабілеті жоғарылап, ауруларға төзімділiгi артады. Ал біз қозғалып салауатты өмір салтын ұстанбаған жағдайда, организмде өзгерістер пайда болады. Яғни, салауатты өмір салты – денсаулықты нығайту жолындағы iс-әркет.
Қазіргі кезде мәліметтер бойынша адамдардың 52-55 пайызы салауатты өмір салтын ұстауға тәуелді болады екен. Бұл мәлімет бойынша бiз салауатты өмір салты қаншалықты маңызды екенін байқаймыз. Бiзге мысалға түрлі ауруларды алдын алу үшін организмдi үнемі шынықтыру қажет. Шынығудың арқасында организм қоршаған ортадағы температураның күрт өзгеруiне бейiмделедi. Организм жұқпалы ауруларға қарсы тұра алатын болады. Бiзге ескеру қажет жағдайлар:жасы, денсаулығы, шынығуға бейiмделу дәрежесі және т.б ескеру қажет.
Қазіргі кездегі проблемалардың бірі: артық салмақ. Көпшілігi қазіргі кезде бұдан айырылу жолын «диета» деген әдiспен көреді. Бiрақ бұл дұрыс емес деп ойлаймын. Денсаулықты сақтауда уақытымен дұрыс тамақтану абзал. Жүріп бара жатып, теледидар алдында отырып тамақтануда болмайды дегендi ескерген де абзал. Алдымен тәттіге, майлы ға, тұзды тамақтану шектелген жөн. Көбінесе бiз қазақ халқы майлы нәрселерге әуес халықпыз. Оны мүлдем жемеу керек дегенді білдірмейдi: оны аздап, өз мөлшерімен.
Қазіргі кезде екінші үлкен мәселе: зиянды әдеттерден зардап шегуші адамдар көп. Бұған қарамастан адамдар оны тоқтатар емес. Мысалы: темекі шегу, iшiмдiк, есiрткi тағысын тағы. Бұл әдет ауруымен, ауырып жүрген тек ер адамдар емес, онымен қатар әйел қауымы да қосылып кеткен. Қазір осы әрекеттеріне мәз болып жүргенiменен, болашақта қандай үлкен зардап шегеді. Бұл денсаулықка зиян келтіріп жатқандар арасынан бiз жастарды да көріп жатамыз. Қазіргі қоғамда яғни бұл үлкен проблемаға айналып кеткен.
Үшінші ауқымды проблема: күйзеліс (стресс). Көп адамдар қазіргі кезде осыдан зардап шегіп, денсаулығына нұқсан келтірiп жатыр. Көбінесе қайтадан бұған жастарды кiргiземiз. Себебі: жастардың ой саналары басқа жаққа қарай өтiп кеткен. Депрессияға түсу, көңіл-күйлерiн бағындыра алмау, бұл осының бәрі психиканың бұзылуына денсаулыққа нұқсан келтіруге үлкен мүмкіндік жасайды. Осыдан қазіргі жастардың өзіне қол жұмсау, өз өзіне киянат жасау секілді нәрселер туады. Бұдан барлығы тек өз денсаулығына зиян келтіруден басқа жақсы iс шыкпайды.
Денсаулық сондықтан ел дамуының басты арқауы болып саналады. Жеке адам, мемлекет басты байлығы денсаулық. Республикамызды Елбасы Н.Назарбаев бастауымен «2002 жыл-Денсаулық жылы» деп жариялаған болатын. Бiздiң қазіргі уақытта ең басты жемісімiз: адамдардың өз денсаулығына көңіл бөлгенi өзін-өзі сыйлағаны. Тағы бір айта кететін мәселе : Қоғамда болып жатқан жаман әдеттерге кінәлі – өзіміз. Осындай жат, жаман әдеттерден бойымызды аулақ ұстап, төзімділік, табандылық танытып, адамгершілік қасиеттерді жоғары ұстай білуіміз керек. Болашағымыз нұрлы, еліміздің ертеңі нұрлы болсын десек, ел болып, халық болып болашағымызды, ұлтымызды, тегімізді жоғалтып алмау үшін нашақорлықтан жаман iстерден аулақ болуымыз қажет.
Қазіргі кезде салауатты өмір салтын ұстауға түрлi форумдар өткізу қажет деп ойлаймын. Мысалға: салауатты өмір салты культін қалыптастыру, халықты толық ақпараттандыру, өмір сүру ортасы мен тұрмыс-тіршілігін сауықтырудың түрлі жобалары мен механизмдерін енгізу арқылы жеке адам мен қоғамның өз денсаулығына деген жаңа көзқарасын қалыптастыру. Мүмкін осындай түрлі жобалар жасауда халық жақсы өмірге ынтасы ашылып, салауатты өмір салтын ұстауға бейiмделетiн болар.
Бiзге бұл форумдарда айтылу керек іс-әрекеттер мен мақсаттар:
1. Денсаулықтың негізі қимыл, спорт, дұрыс тамақтану, таза ауада жүру екенін балаларға ұғындыру. Жаман әдеттерден сақтандыру, ішімдік пен темекінің жас организмге зиянды екенін насихаттау;
2. Өз денсаулықтарына жауапкершілікпен қарауға, шығармашылық қабілеттерін дамыту, сөйлеу шеберлігін жетілдіру;
3. Өзін – өзі күте білуге, тазалыққа, ұқыптылыққа, әдемілікке, салауатты өмір салтын қалыптастыруға тәрбиелеу.
Адамның денсаулығы – өмір тiршiлiгiнiң ең бiрiншi басты шарты. Салауаты өмір салтын ұстанып, үнемі жаттығулар жасап, жақсы тамақтанатын болсақ, бiз келешек ұрпаққа да, қазіргі қоғамға да үлкен тәрбие боламыз.
Осы айтылған үш проблемадан арылайық, салауатты өмір салтын ұстанып, өз-өзiмiздi қоршаған ортаны сыйлайық!


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру