Экология | Өндіріс саласында экологиялық шараларды ұйымдастыру мен жоспарлау

Курстық жұмыстың өзектілігі. Нарықтық реформаларды тереңдету, ұлттық және аймақтық деңгейде экономикалық және әлеуметтік даму мен қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету мақсатымен, сондай-ақ өтпелі кезеңде табиғи ресурстарды сарқылмастай тиімді пайдалану аса маңызды болып табылады,биологиялық әр алуандылықты сақтау, экологиялық қауіпсіздікті сақтау, қоршаған табиғи ортаны қорғау және халықтың экологиялық жағынан денсаулығын қамтамасыз ету. Іс жүзіндегі экономикалық құралдардың бағалануы негізінде олардың тиімділігі мен үйлесімділігін арттыру бойынша шаралар қолданып, сондай-ақ арнаулы экономикалық құралдарды әзірлеу керек. Сараптық бағалаулардың және экономикалық құралдарды өткізудің әлемдік тәжірибесінің негізінде олар табиғатты қорғау саясатын жүргізуде маңызды құрал болып табылады.
Қоршаған ортаның ластануы көп жағдайда шығынның артуына, жоғалып кететін немесе ортаның ластану нәтижесінде өндірілуі мүмкін болмайтын өнімді қайта өндіру (қалпына келтіру) үшін қажеттіліктердің өсуіне әкеледі. Басқаша айтсақ, су қоймаларын сауықтыру, балықтарды қайтадан өсіріп-өндіру, пайдалы жерлер, ауыл шаруашылық мәдениетінің өндірісі және т.б. бойынша шараларды өткізу үшін қажеттіліктерге шығындар көбейеді.
Қолданылып отыран шараларға қарамастан республикадағы экологиялық жағдай күрделі күйіне қалып отыр. Қоршаған ораның ахуалы жалпылама шаруашылық жұмыстардың нәтижесінде экологиялық апат шегінде тұрған аймақтарды анықтауға мүмкіндік беріп отыр. Олардың ішінде Арал мен Каспий жағалаулары, Балқаш көлінің бассейні және Шығыс Қазақстан т.б.
Қазіргі кезде экономикалық және экологиялық жағдайдың ушығып тұрған сәтінде экологиялық апаттан өтудің жалғыз ғана жолы бар. Ол экономикалық даму процесін экологияның мүддесіне сай үйлестіре есепке алып жүргізу, яғни экономиканы экологияландыру деген сөз.
Үйлестіру жұмыстарын іске асыру жаңадан экологиялық экономика саясатын жасауды талап ететіні белгілі жайт. Оның мақсаты – табиғатты пайдаланудың және оны меңгерудің экономикалық мүлдем жаңа жүйесін құру, әрине, ол жүйе табиғи ресурстарды пайдалану барысында экологияға зиян келтірмейді, қоршаған ортаны бүлдіру ахуалынан, осы заманға сай әдісіне біттіндеп кезеңмен ауысуы.
Курстық жұмыстың мақсаты: Нарық жағдайында өндіріс саласында экологиялық іс-шараларды ұйымдастыру мен жоспарлаудың мазмұны мен міндеттерін анықтау.
Курстық жұмыстың зерттеу объектісі: Нарық жағдайында өндіріс саласында экологиялық іс-шараларды ұйымдастыру мен жоспарлаудың міндеттерін жүзеге асыру жүйесі.
Курстық жұмыстың зерттеу пәні: Қазақстанда өндіріс экологиялық іс-шараларды ұйымдастыру мен жоспарлау жұмыстары .
Курстық жұмыстың міндеттері:
- Өндіріс саласында экологиялық іс-шаралар туралы түсінік;
- Қазақстанда өндіріс саласында эколгиялық іс-шараларды ұйымдастыру;
- Мемлекеттің экологиялық бағдарламалары, олардың мазмұны; ....
Курстық жұмыстар
Толық

Экология | Қоршаған орта және адам денсаулығы

Біздің курстық жұмыстың тақырыбы «
Қоршаған орта және адам денсаулығы» болып табылады. Бұл тақырыпты алып отырған себе-біміз, қоршаған ортаның адамдарға әсері,яғни қоршаған ортаны қорғау, сонымен қатар адамдардың денсаулықтары қазіргі кезде мемлекеттер үшін соның ішінде Қазақстан Республикасы үшін ең басты мәселе болып отыр деп ойлаймыз.
Қазіргі таңда біздің мемлекетіміз өздерінің қоршаған орталарын қорғап, адамдардың денсаулығына зиян тигізбес үшін көптеген жағдайлар жасауда.
Жалпы біздің алып отырған тақырыбымыз «Қоршаған орта және адам денсаулығы» және осы тақырыбымыздың өзекті мәселесі болып қазіргі таңдағы мемлекетіміздегі қоршаған ортаны қорғау, ауаны ластамау, мемлекеттегі адамдардың денсаулығына зиян келтірмеу, ағаштарды кеспеу, және қоршаған ортаны қорғау үшін маңызды жағдайлардың жасалуының жүзеге асырылуы болып табылады.
Біздің «Қоршаған орта және адам денсаулығы» тақырыбын алуымыздағы басты мақсат болып қоршаған ортаны қорғау және қоршаған ортаның адам денсаулығына зиянын келтіретін пробллемаларды ашып көрсету, сонымен қатар осы қоршаған ортаны қорғаудағы жасалып жатқан жағдайлардың қалай жүзеге асырылып жатқанын көрсету және қоршаған ортаның адам денсаулығына зиянды әсерлері қандай деңгейде тұрғанын ашып көрсету болып табылады.
Осы курстық жұмыстың міндеті болып біріншіден, қоршаған ортаны қорғау және қоршаған ортаның адам денсаулығына әсерінің түсінігін, мазмұнын ашып көрсетіп, мемлекетіміздің қазіргі уақыттағы адам денсаулығына зиянды және пайдалы мәселелерімен танысу. Өйткені біз осы мәселелерді білмей тұрып қоршаған орта және адам денсаулығы мәселелерінің қалай жүзеге асып жатқанын біле алмаймыз. Екіншіден, мемлекетіміздегі қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету жағдайларын қарастырамыз. Мемлекетімізде қоршаған ортаны қорғау,қоршаған ортаның адам денсаулығына кері әсері бұрыннан зерттеліп келе жатқан өзекті мәселе болып табылады....
Курстық жұмыстар
Толық

Экология | Қоршаған ортаның тазалығын бақылау жүйесін жақсарту

Табиғат – бұл бізді қоршаған орта. Ол адам баласының санасынан тыс, өздігінен пайда болған дүние. Демек, адам табиғатсыз өмір сүре алмайды. Табиғат өлі және тірі табиғат болып екіге бөлінеді.
Өлі табиғатқа – ауа, су, пайдалы қазбалар, топырақ құрайтын аналық жыныстар жатады.
Тірі табиғатқа - өсімдік дүниесі, майда ағзалар, насеком, құс, балық, аң мен біздер, адамдар жатамыз. Өлі табиғат тірі табиғаттың тірегі, ал тірі табиғат өзінің қалдықтарымен өлі табиғатты баытып отырады. Ал топырақ осының екеуіне де жатпайды. Табиғатта өте тамаша бір қасиет бар. Оның өзі бөліп шығарған қалдықтардан адамдардың көиегісіз-ақ өзін-өзі тазартып аала алады. Ал адам баласының бөліп шығарған көң-қоқсығынан ақыл-оймен өмірге келген халық шаруашылығының (ауыл, өнеркәсіп, транспорт, құрылыс) улы, зиянды қалдықтарынан өздігінен тазалануға табиғатта шама жоқ. Табиғаттың адам баласының қажетін тек уланбаған, былғанбаған тек таза қалпында ғана өтуге мүмкіндігі бар. Уланған, былғанған табиғат байлығын қажетіне пайдаланса, жазылмас ауруға ұшырайды, ондай табиғат адамзаттың сорына айналады. Қысқасы, таза табиғат – біздің ырыс – құтымыз, ал былғанаған табиғат – біздің ауруымыз, өліміміз. Ал табиғатты былғайтын тек адам ғана. Таза табиғат үшін күрес – адам үшін күрес, келешек үшін күрес. Табиғаттың тозуы – экологиялық кризис. Бұл үлкен ғаламат апат. Ал одан құтылудың бірден бір жолы – халықтың, түгелдей табиғаттың, адамның санасыз әрекетінен тозуына қарсы күрес жүргізу. Ел біріксе, алынбайтын қамал, жеңілмейтін қиындық жоқ. Ендігі мәселе-әр адамның саналы түрде табиғаттың тозуына қарсы күресуі. әрбір кісіге табиғатты қорғау өзінің өмір қажетіне керек. Пайдаланғанда оны быгғану мен уланудан, тозып кетуден қорғауды үйрету, бұл әрине, педагогикалық оқу мен тәрбиелеу проблемасы. Табиғат қоғауға әрбір кісіні тәрбиелеу педагогика ғылымының негізгі принципі болуы керек. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Экология | Қазақстан Республикасының қазіргі экологиялық проблемалар

ХХ ғасырдың екінші жартысында қоғам мен табиғаттың өзара қарым-қатынасында жаңа сападағы жағдай қалыптасты. Материалдық өндірістің көлемі еселеп өсіп, барған сайын шикізатты өндіру артты, дүниежүзілік мұхит пен қазба байлықтар жеделдетіліп игерілді. Ғылыми-техникалық прогресс нәтижесінде жасалынған табиғатқа әсер етудің ұлан-ғайыр мүмкіндіктері мен құралдары және адам баласының өсіп отырған қажеттіліктері табиғат ресурстарын, олардың планетадағы жалпы қарымен бара-бар мөлшерде пайдалануға алып келді, ол жер бетінің өзгеру ауқымы, дауылдар, су тасқындары, вулкандар атқылаулары, жер сілкіністері сияқты табиғи құбылыстардың нәтижелерімен тепе-тең, тіпті олардан асып түсетіндей жағдайға келеді. Бұл табиғи ортаға деген зиянды әсерді күшейтіп, биосферадағы табиғи түрдегі энергия мен зат алмасуды бұзды. Адамның табиғатты өзгертуге байланысты іс-қимылдары планетадағы өмір үшін қауіп тудыратын тоқтаусыз өзгерістерді алып келетін деңгейге жақындады. Дүние жүзіндегі экологиялық жағдайдың өзгеруі, әсіресе өткен ғасырдың 60 жылдарынан кейінгі объективтік жағдайлар да осыған себепкер болды.
Табиғат - Ана деген сөздің асқақтығы, табиғатқа деген ілтипат-бұл адамнның өзіне көрсетілген құрмет. Жаңа экологиялық мәдениет осыны мойындауға тиіс. Қазіргі әлемде экологиялық мәселелер өзінің қоғамдық мәнні жағынан алдыңғы қатардағы мәселелердің біріне айналды, тіпті ядролық соғыс қаупі де оның көлеңкесінде калып қойды. Адамзаттың ауылшаруашылық іс - әрекетінің қауырт дамуы, айналадағы ортаға үдемелі, көбінне бүлдірушілік сипатта әсер етуде. Адамның табиғатқа әсері мыңдаған жылдар бойына қалыптасқан табиғи жүйелерді өзгерту, сондай ақ топырақты, су көздерін, ауаны ластау арқылы жүзеге асуда. Бұл табиғат ахуалының күрт төмендеуіне әкеліп соқты, көп жағдайларда орны толмас зардаптар қалдырды. Экологиялыык дағдарыс шын сәніндегі кауіпті төндІріп отыр: іс жүзінде тез өріс алып бара жаткан дағдарыстық жағдайларды кез келген аймақтардан көруге болады.
Экологияның танымал сөзге айналғаны соншалық, оны не болса соған тазарту ғимараттарын салуға, жерді пайдалануды аймақтық деңгейде жоспарлауға, қағазды қайта өңдеуге және көкөністеді тек органикалық тыңайтқыштарды пайдалана отырып өсіруге айдар етіп таға салатын болды. Осы іс - әрекеттердің бәрі аса қажет екендігіне қарамастан, мұның ар жағында көбіне ойынды әдеттегі талай сыннан өткен ережелер бойынша жүргізбей, табиғат заңдарын сорақылықпен бұзғанымыз үшін табиғаттың өз үкімімен бізге берер соққысын жеңілдетумен лайықты жазаны аз да болса кешуілдетуге тырысуымыз керек. Американдык оқымысты Р.Риклефстің Жалпы экология негіздері, оқулығынан алынған осы үзінді, табиғатты ұтымды пайдаланудың өткір проблемаларын шешудегі экологияның ғылым саласы ретіндегі маңызын барынша айқын көрсетеді. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Экология | ҚАЗАҚСТАН РЕСПБУЛИКАСЫНДАҒЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІКТІ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ

Қазақстан Республикасы үшін экологиялық қауiпсiздiк мәселелерi мен жағдайлары бүгiнгi таңда маңызды орын алып тұр. Мемлекетiмiздiң тәуелсiздiгiмен бiрге жаңа экологиялық қауiпсiздiк жүйелерiн басқару да бой көтерiп келедi. Дұрыс басқару қоршаған ортаны қорғаудың мемлекеттiк саясатын уағыздап, табиғи ресурстарды рационалды пайдалану үшін өте қажет. Өкiнiшке орай Қазақстанда көптеген жылдар бойы өндiрiсте табиғи шикiзаттарды өндiргенде, қоршаған ортаға зиянды қалдықтарды шығару көп мөлшерде болды.
Елiмiзде экологиялық қауiпсiздiктi және тұрақты экономикалық дамуымызды қамтамасыз ету мақсатымен, 2003 жылдың 3 желтоқсанында Президенттiң Жарлығымен Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған Экологиялық қауiпсiздiк концепциясы жарияланды. Бұл концепция қабылдағаннан бастап көптеген маңызды өзгерiстер болып жатыр. Қоршаған ортаны қорғау заңдылықтар негiзi құрылды. Бiрқатар халықаралық келiсiмдерге қол қойылды. Қоршаған ортаны қорғауды басқару жүйесi құрылды. Концепция қоршаған ортаны қорғау мониторингiнiң бiркелкi жүйесiмен iске асыруды ұсынады. Экологиялық қауiпсiздiк ол - халық қауіпсiздiгiнiң маңызды бiр бөлiгi.
Экологиялық қауіпсiздiк бағытында Мемлекеттiк саясаттың мақсаты, ол - табиғи жүйенi қолданудың қорғалуы. Адам өмiрiндегi ең маңызды жағдайларды ескере отырып, табиғатқа зиян тигiзбеу. Өндiрiстi дамытумен қатар ғылыми-техникалық зерттеулердi күшейту. Экологиялық қатердi болғызбау үшін халық шаруашылығын, өндiрiстi байланыстыра отырып, экологиялық-экономикалық талдаудың әдiстерiн пайдаланып, қоршаған ортаға шығарылатын ластағыштар деңгейiн салааралық модель арқылы талдап көрсету қажет-ақ.
Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін технологиясы бар мемлекеттің келешегі зор. Қазақстан Президент Н.Ә. Назарбаев 2006 жылғы Жолдауында халықаралық стандарттарға сәйкес қоршаған ортаны қорғау және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөнінде тоқтала келіп былай деді: «2006 жылы біздің экологиялық заңнамаларымызды халықаралық озық актілермен үйлестіруге, жаңа стандарттарға көшуге, мемлекеттік бақылау жүйесін жетілдіруге бағытталған Экология кодексі қабылдануға тиіс. ....
Курстық жұмыстар
Толық