Әкімшілік құқық | Әкімшілік құқықтың пәні және жүйесі

КІРІСПЕ
Әкімшілік құқықтың пәні туралы сұраққа неғұрлым нақты түрдегі жауапты оның жинақталған анықтамасынан табуға болады.
Әкімшілік құқық-құқықтық нормалардың жиынтығы, солардың көмегімен мемлекет атқарушы билікті нақты жүзеге асыруға байланысты және сол туралы пайда болатын қоғамдық қатынастарды реттейді.
Бұл анықтама кейбір түсініктемелер беруді керек етеді, олар бірінші кезекте және әсіресе әкімшілік-құқықтық реттеу пәніне жататын қоғамдық қатынастардың мән-мағынасын анықтаумен байланысты.
Қоғамдық қатынаста тек атқарушы билік органының (атқарушы органның) ғана болуы оны барлық жағдайда да сөзсіз басқарушылық қатынасқа жатқызуға, әрі әкімшілік құқықтың пәніне енгізуге жеткілікті негіз бола бермейді. Олай болатын себебі, бұл сияқты органдар заңнамалар бойынша әкімшілік құқықпен емес, құқықтың өзге салаларымен регламенттелетін іс-әрекеттерді жиі жасайды. Мысалы, олар реттелуі азаматтық құқық пәнін құрайтын мүліктік мәмілелер жасай алады. Олардың бюджет — салық аясында жасайтын бірқатар іс-әрекеттері конституциялық және қаржылық құқық нормаларының реттеушілік ықпалына жатады, т.с.с. Бұл мынаған байланысты, мұндай жағдайларда қандай да болмасын атқарушы орган атқару — өкім етушілік сипаты бар функцияларды орындамайды; мысалы, мәміле жасаған кезде ол өзінің мүліктік құқығын іске асырады.....
Курстық жұмыстар
Толық

Әкімшілік құқық | ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚ

Бақылау даналарын және міндетті даналарды беру тәртібін бұзу
1. Баспа басылымдарының бақылау даналарын және міндетті даналарды беру тәртібін. сол сияқгы теле - және радиохабарлар материалдарын есепке алу, тіркеу және сақтау тәртібін бұзу, –
айлық есептік көрсеткіштің онға дейінгі мөлшерінде айьшпұл салуға әкш соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген әкімшілік жаза қолданыл-ғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған нақ сол іс-әрекеттер, –айлық есептік көрсеткіштің он беске дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға және бұқаралық ақпарат құралдарының шығуын немесе басылымын алты айға дейінгі мерзімге тоқтата тұруға әкеп соғады.
Теле-, радиохабарлары мен жарнамалық роликтерді эфирге шығару тәртібін бұзу
1. Заңдармен белгіленген уақытты бұза отырып, темекі және алкоголь өнімдерін насихаттайтын теле-, радиохабарлары мен жарнамалық роликтерді эфирге шығаруға рұқсат беру, –
лауазымды адамдарға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген әкімшілік жаза қолданыл-ғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған нақ сол іс-әрекеттер, –өнім таралымын тәркілей отырып, лауазымды адамдарға жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Шығарылым деректерін жариялау тәртібін бузу ....
Курстық жұмыстар
Толық

Әкімшілік құқық | Әкімшілік жауаптылық туралы істерді қарауға өкілетті органдар

Кіріспе.
ӘҚБтК өзнің материалдық және процессуалдық құқық нормаларымен сот тәртібімен де, сол сияқты соттан тысқары тәртіппен де жүзеге асырылатын әкімшілік-юрисдикциялық қызметті неғұрлым толық реттеген.
Онда іс жүргізудің міндеттері айқындалған: әрбір істің мән-жәйын дер кезінде, жан-жақты, толық және объективті анықтау; оны осы Кодекске сәйкес шешу, шығарылған қаулының орындалуын қамтамасыз ету; әкімшілік құқық бұзушылықтың жасалуына ықпал етететін себептер мен жағдайларды анықтау. /577-бап/.
Сонымен бірге әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуді болдырмайтын мән-жәйларда анықталған. Төмендегі мән жәйлардың ең болмағында біреуі болған жағдайда іс жүргізуді бастауға болмайды, ал басталған іс қысқартылуға жатады; әкімшілік құқық бұзушылық оқиғаларының және құрамының болмауы; әкімшілік жауаптылықты белгілейтін Заңның күші жойылуы; әкімшілік жауапқа тартуды мерзімінің өтуі. Аталған мән-жәйлар жеке тұлғаларға да, сол сияқты заңды тұлғаларға да қатысты. Мұның сыртында тек жеке тұлғаларға ғана қатысты іс жүргізуді болдырмайтын мән-жайлар белгіленген. Бұл әкімшілік құқық бұзушылық жасаған кезде адамның 16 жасқа толмауы; құқыққа қарсы әрекет жасаған адамның ақыл есінің дұрыс болмауы; құқық бұзушылық осы Кодекстің 5-таруына сәйкес мән-жайлар жаслағн ретте; әкімшілік жауапқа тартылатын адам жөнінде сол факт бойынша әкімшілік жаза қолдану туралы не істің қысқартылуы туралы не істің қысқартылуңы туралы судъяның, органның /лауазымды адамның/ қаулысының, сондай-ақ нақ сол факт бойынша сол ь қылмыстық іс болуы; ісі жүргізіліп отыратын адамның қайтыс болуы.....
Курстық жұмыстар
Толық

Әкімшілік құқық | Әкімшілік құқық мәні, пәні, әдістері, дерек көздері, субъектілері

КІРІСПЕ
Әкімшілік құқық - қоғамдық қатынастардың белгілі бір саласын реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы, құқықтың бір саласы. Атқару билігі мен мемлекеттік басқарудың іске асырылуы барысында, тұлға мен мемлекет, азамат пен атқару билігі органдары, мемлекеттік басқару саласындағы азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, іске асыру, олардың шенеуніктер тарапынан бұзылуынан не шектелуінен, озбырлықтан қорғау барысында пайда болатын қоғамдық қатынастарды реттеу әкімшілік құқықтың мәні. Ақша-қаржы қоры кез келген қоғамның, мемлекетің, жеке және заңды тұлғалардың материалдық жағдайын қалыптастырады. Ондай қордың болмау әрекет жасауды қиындатады. Қазақстан Республикасының қаржы саласында әрекет жасайтын құқықтық нормативтік кесімдерді, қаржы құқығының қағидаттары, әдістері, жүйесі, бюджет, салық және оның түрлері сияқты санаттар мен ұғымдарды білуге «Қаржы құқығы негіздері» көмектеседі.
Қоғамдағы және құқық саласындағы барынша жағымсыз, қауіпті әрекеттің (әрекетсіздіктін) бірі қылмыс. Өскелен ұрпақты қылмыстық қылықтардан ауаша жүруге тәрбиелеу қоғамның міндеті. Сондықтан оқу құралының «Қылмыстық құқық негіздері» деп аталатын алтыншы бөлімінде қылмыстық құқықтың пәні, әдістері, қағидаттары, жүйесі, қылмыстық заңнаманың ұғымы, қағидаттары, атқаратын міндеттері, кылмыс ұғымы, қылмыстың белгілері, қылмысқа қатысу, қылмыс жасаудың сатылары, кылмысты топтамалау, жаза, жазадан, қылмыстық жауаптылықтан босатудың негіздері сиякты ұғымдардын мазмұндары ашылады. ....
Курстық жұмыстар
Толық