Құқық | Азаматтық құқық қатынастарының ұғымы

Азаматтық құқық – Қазақстан Республикасының құқық салаларының бірі болғандықтан күнделікті тыныс-тіршілікпен, сондай-ақ азаматтардың, заңды тұлғалар мен мемлекеттің өзімен, оның әкімшілік – аумақтық бөліністерімен тығыз байланысты.
Азаматтық құқықты зерттемес бұрын азаматтық құқық пәнін анықтап, басқаша айтқанда, мұның пәні не екенін белгілеп алуға тиістіміз. Ал азаматтық құқықтың пәнін анықтаудың өзі оңай шаруа емес. Өйткені, азаматтық құқықпен реттелетін қоғамдық қатынастар ауқымы өте кең де сан қырлы.
Құқық жүйесі іштей құқық салаларына бөлінетіндігі белгілі. Әдетте құқықтың қандай салаға жататындығын анықтау үшін оның пәні мен құқықтық реттеу әдістемесі қолданылады. Дәл осы пән мен әдістеме арқылы азаматтық құқықты Қазақстан Республикасының басқа құқық салаларынан аражігін айыра отырып, сонымен бірге оның салалық ерекшеліктерін де айқындауға болады.
Қазақстан Республикасы азаматтық құқығының пәнін тауар-ақша қатынастары және қатысушылардың теңдігіне негізделген өзге де мүліктік қатынастар, сондай-ақ мүліктік қатынастарға байланысты мүліктік емес жеке қатынастар құрайды.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Құқық | Адам өлтірудің ауырлататын түрлері

Қылмыстылық өзінше ашық жүйе ретінде қоғамның нәтижесі бола тұра, қоғамның өзіне де қарсы тұра алатын, оны күйрете алатын күйге жетті. Мысалға, соңғы қырық жылдағы қылмыстылық деңгейі 1960 жылдардағы орташа көрсеткішпен салыстырғанда 1970 жылдары 25%-ке, 1980 жылдары (сол 60 жылдармен салыстырғанда) 120%-ке, ал 1990 жылдары 293%-ке өскен. Ал соңғы екі онжылдықты салыстырғанда 78%-ке өскендегі байқалады. Әрбір он мың халыққа егер 80 жылдары 62 қылмыстан келсе, 90 жылдары 124 қылмыстан келген.
Қоғамдағы соңғы жылдары болған өзгерістер қоғам мүшелерінің моральдық этикалық ұстанымдарын күрт өзгертті. Осыған орай жеке адамның өмірі мен денсаулығына қарсы қылмыстар да өсті. Сонымен қса, қылмыс сандық жағынан ғана емес, сапалық жағынан да өзгерістерге ұшырады. Айталық ауырлататын мән-жайлары бар кісі өлтіру түрлері жиіледі, атап айтқанда, аса қатігездікпен, пайдақорлық мақсатпен, екі немесе көп адамды өлтіру т.б. Бұл дипломдық жұмыстың тақырыбы өзектілігі әлі күнге кү....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Құқық | АВТОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚ СУБЪЕКТІЛЕРІ

Менiң дипломдық жұмысымның тақырыбына арқау болып отырған негiзгi мәселелер Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарына сәйкес авторлық құқық субъектiлерiнiң құқықтық жағдайын теориялық және құқықтық тұрған қарастыру болып табылады. Бұл мәслеге жалпы авторлық құқыққа қарастыры тұрғыдан мән берер болсақ ол тiптi әлемдiк денгейде әлi күнге дейiн, өз шешiмiн таппай отырған үлкен бiр өзектi проблемалар қатарында тұр десек артық айтпағандық болар едi. Сонымен бiрге менiңше осы қарастырылатын мәселелердiң өзектiлiгiн сондай-ақ мына мән жайлардан-ақ байқап көруге болар едi. XXI ғасырдың басында ғылыми-техникалық прогресстiң өте қарқынды iлгерлеп дамуы авторлық құқықтың жаңа объектiлерi мен субъектiлерiн өмiрге алып келуде, соның бiр мысалы ретiнде тек интернет жүйесiн алып қарар болсақ құқықтық тұрғыдан әлiде өз шешiмiн таппаған қыруар мәселелердiң барына көз жеткiзу мүлдем қиын емес деп ойлаймын ....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Құқық | Қазақстан Республикасының инновациялық дамуының бағыттары мен мәселелері

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Әлемдік экономиканың өнеркәсіптік өндіріс және қызмет көрсету салаларының қазіргі технологиялық өзгерістерге негізделген даму үрдістері уақыт талабынан туындайды. Экономикалық өсудің дәстүрлі бағыттарының мүмкіндіктері қанат жая бастаған шақта жаңа үрдістердің, инновациялық үдерістер жүйесінің басымдығы айқындалып отыр. Мұның өзі ХХІ ғасырдағы экономикалық өсу тағдыры ғылыми сана, инновациялық процестер, жаңа технологиялар, өнімдер мен қызмет көрсетулер үлесінде екендігін білдірсе керек. Инновациялық бағдар тек қана бүгінгі күннің емес, сонымен бірге кез келген сферадағы адамзат іс-әрекетінің болашағын да көрсетеді. Осы орайда экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыруда инновациялық фактордың маңыздылығын, негізгі мәселелерін, болашағын зерттеу қажеттілігі туындайды. Дипломдық жұмыста ұлттық экономиканы инновациялық даму жолына бағыттау мәселелерін теориялық және тәжірибелік тұрғыдан қарастыруға талпыныс жасалды.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Құқық | 12 жылдық мектептерде оқушыларына экономика негіздеріпәнін оқыту

Зерттеу тақырыбының өзектілігі: Бүгінгі таңда адамзат қоғамын алға қарай жетелеуші құдіретті күш білім болып тұр. Қазіргі кездегі қоғамның саяси, әлеуметтік – экономикалық және техникалық құрылымындағы жаңарулар білім беру жүйесіне жаңа талаптар қойып отыр. Сондықтан да Қазақстандағы білім беру жүйесін ғаламдық білім беру кеңістігі аясында дамыту өзекті мәселеге айналды.
ХХІ ғасырда еліміздің жас ұрпағына білім беруді қамтамасыз ететін жалпы және орта білім беру саласын түбегейлі өзгерту, яғни 12 жылдық оқытуға көшу үдерісі жүргізілуде. Қазіргі кезде ҚР 12 жылдық оқыту бойынша жүзден астам мектептерде эксперимент өткізілуде. 2015-жылдан бастап 12 жылдық білім беру жүйесіне мектептердің сатылап көшірілуі жоспарлануда. Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында « 2020 жылы 12 жылдық оқыту үлгісіне көшу толықтай жүзеге асырылады» деп көрсетілді [1].
Соңғы жылдары Үкімет пен Білім министрлігі 12 жылдық оқытуға көшуге қажетті даярлықты бастап та кетті, яғни мектептердегі материалдық-базаны нығайтуға, жасөспірімдердің физиологиялық және психологиялық жағдайларына талдау жасау арқылы оқу сатыларын анықтауға, оқу бағдарламалары мен оқулықтарды әзірлеуге үлкен мән беруде. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық