Экономика | Қазақстанның нарықтық экономикаға енуі

Кіріспе.
Нарық – бұл экономикалық проблемаларды тиімді шешуді қамтамасыз ететін тауарларды өндіру және оларды ақшаның көмегімен айырбастау процесінде туындайтын экономикалық қарым – қатынастардың жиынтығы, шаруашылықты ұйымдастырудың формасы.
Нарық – бұл нәтиже мен еңбек шығындары аралығындағы байланыстарды /арақатынастарын/ объективті көрсететін, демек, өндірістің ағымдағы мөлшеріне сай тұтынуды сипаттайтын өндіріс өнімдерін айырбастау актісінің жиынтығы. Экономикалық қатынстар қалыптасқан қоғамда нарық қоғамдық өндірісті біртұтас процесс ретінде ұйымдастырады. Тек нарық көмегімен ғана қоғамдық өндіріс экономикалық жүйеге /немесе экономикаға/ айналады.
Осылайша нарық өз шешімін тауып, қоғамдық тұтынуды қамтамасыз етуге қажетті мөлшердегі өндіріс құрал – жабдықтары мен жұмысшы күші халық шаруашылығы салалары арасында өзара пропорционалды түрде бөлінеді.
Нарық жағдайнда тиісті алғышарттар бірден жүйеге келтіріліп, аз уақытта белгілі бір нәтижелерге қол жеткізе қою оңайға соқпайды. Ол үшін нарықтық экономиканың неізін осы бастан үйрену, білу қажет.....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Қазақстанның ДСҰ-на кіруі

Кіріспе
Әлемдік экономика мен әлемдік сауданың даму тендециялары бір ортақ ғаламдық еркін нарық болуын талап етеді. Әрине бұл бағыттағы Дүниежүзілік сауда ұйымының әрекеті ең маңызды болып табылады.
Ғаламдастыру жағдайында тауарлардың көпшілігіне сыртқы сауда немесе әлемдік нарық арқылы қол жеткізілетіндіктен, кез келген ұйымның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі, уақыт мәселесі болып, табылады.
Осындай жағдайда бұл тақырыптың Қазақстан үшін актуальдылығы өсе түседі. ДСҰ-на кіру Қазақстан үшін несімен жағымды болады? Біріншіден, басты Қазақстандық өндірушілердің әлемдік нарықтардың кеңеюіне байланысты болашақтағы өсу перспективалары өсе түседі. Екіншіден, республика әлемдік нарыққа өз кіруін жеңілдетіп, ДСҰ-ның мүшелерінің артықшылықтарын қолдану мүмкіндігіне ие болады. Қазақстан өндірушілері Уругвай раундында қабылданған міндеттемелер деңгейінде өз қызметтері мен тауарларын экспорттауға мүмкіндік алады. Бірақ ДСҰ-на кіруде Қазақстандағы тауарлар халықаралық стандарттарға сәйкес болуын қамтамасыз ету керек.....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Қазақстанның аграрлық саласының дамуы

Кіріспе
Индустриялы-инновациялық бағытты нақты шаралармен толықтыру мақсатында және оны жүзеге асырудың ұйымдық - экономикалық жетістіктерін қалыптастыруға қажетті негізгі шарттар мен қағидаларды қамтитын, индустрияны қарқынды түрде дамуын қамтамасыз ететін тұжырымдама әзірленді. Осы тұжырымдамада индустрия саласының бірінші кезектегі мақсаттары, отандық өндірушілерді мемлекеттік қолдау және дамыту бағыттары, әрі олардың мүдделерін қорғайтын зандық нормативтерге жүгіну механизмдерін жақсарту шаралары қамтылады.
Жаңа өнімді өндіріске енгізу инновацияның түбегейлі өнімділігі ретінде анықталады. Мұндай жаңалықтар негізінде жаңа технологияға, негізделеді, не тіршілікте қолданылып жүрген технологияның жаңа түрінде пайдалануын ұштастырады.
Процестік инновация – бұл жаңалықты енгізу немесе өндіріс тәсілін және технологияны едәуір жетілдіру, жабдықтарды және өндірісті ұйымдастыруды өзгерту.
Жаңалық дәрежедегі инновация негізінде жаңа, яғни өткен, отандық және шетелдік практикада ұқсастығы жоқ және жаңа нәрсенің салыстырмалы жаңалығы болып ұсақталады.....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Қазақстанның 2030-ға дейінгі кезең даму стратегиясы

Кіріспе
Қазақстан Республикасы егеменді тәуелсіз мемлекет. Оның өз тәуелсіздігіне қол жеткізген күні 1990 жылғы 16 желтоқсан. Осы кезеңге дейін қол жеткізген бұл мекенде талай мемлекеттер шаңырақ көтеріп, өркендегеннен, кейін тарих сахнасынан біржола өшкенін білеміз. Бұл мемлекеттік бірлестіктер халқының басым бөлігі ежелгі түрік халықтары болды. Түрлі тарихи жағдайларға байланысты мемлекеттер пайда болып, жойылып отырды, ал халықжаңа жағдайға бейімделіп келді. 1991 жылдың 16 желтоқсанында қабылданған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Конституциялық заң Еуразия құрлығының жүрек тұсындағы ежелден ұлы дала атанған ұлан – ғайыр өлкеде жаңа мемлекеттің дүниеге келгенн паш етті. Санаулы сағаттардан кейін әлемнің әр тарапындағы алуан мемлекеттерден келіп түскен ежелден азаттық аңсаған қаһарман халықтың тәуелсіздігін таныған қуанышты хабарлар әлемдік ақпарат құралдары арқылы дүниенің төрт бұрышына түгел тарап жатты.....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Қазақстанның 2030 стратегиясы - әлеуметтік – экономикалық дамудың және халықтың әл – ауқатын жақсарту бағдарламасы

Кіріспе
Әрбір мемлекет өзінің дамуы және әлемдік аренада өзінің орныны қалыптастыруы алдына қойған мақсатына байланысты. Мемлекеттің мақсаты ретінде бүгінгі таңда ұзақ, орта, қысқа мерзімді даму жоспарлары арқасында жүзеге асырылып отырылады. Сондай ұзақ жылдық даму жоспары ретінде стратагиялық жоспарды атауға болады.
Біздің мемлекетімізде Президенттің бастамасымен 1997 жылы «ҚАЗАҚСТАН 2030» даму стратегиясы қабылданды. Бұл ұзақ жылдық бағдарламада Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстанды 2030 жылы дамыған өркениетті мемлекеттердің арасандаға басты мемлекет ретінде көргісі келетінін атап көрсетті.
Жалпы Қазақстанның бұл даму стратегиясы негізігі жеті басымдық арқылы жүзеге асырылады. Оларға:
1. Ұлттық қауіпсіздік;
2. Ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамның топтасуы;
3. экономикалық өсу;
4. Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл-ауқаты;
5. Энергетика ресурстары;
6. Инфрақұрылым, әсіресе, көлік және байланыс;....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретіндегі экономикалық даму стратегиясы

Кіріспе
Соңғы жүзжылдықта дүние жүзінің көп мемлекеттерінде адам басына шаққандағы жалпы ұдайы өндіріс және жиынтық жалпы ұдайы өндіріс тұрақты түрде өсуде. Экономиканың өсуі кеңінен тараған құбылыс болып отыр. Экономикада болып отыратын құлдырауларды ескерсек те, ұзақ мерзімді экономиканың өсуі тереңді ұлғаймалы. Сондықтан экономиканың тұрақты өсуі, адам басына шаққандағы табыстың өсуі — бұл экономикадағы жаңа құбылыс. Бұл құбылыс дүние жүзінің көп мемлекеттерінде соңғы екі жүз жылдықта байқалып отыр.
Экономиканың өсуін өлшеудің екі жолы бар:
1) Макроэкономикалық көрсеткіштердің мәнінің өсуі (ЖҰӨ, ЖІӨ, ТҰӨ, ҰТ немесе адам басына шаққандағы тұтынудың өсуі).
2) Әлеуметтік институттар үрдісінің өзгерісі (Жеке меншік құқығы құрылымының өзгеруі, өндірісті ұйымдастыру және бөлу формаларының өзгерісі және т.б.). Бұл жағдайлар экономикалық өсудің бір деңгейден екінші деңгейге ауысуына негіз болады. Жоғарыдагы әдістемеге байланысты өсу теориясында үш бағытты атап өтуге болады.
- неокейнстік
- неоклассикалық
- тарихи-әлеуметтік.
Экономиканың өсуінің қайнар көзі неде? Кез келген мемлекеттің өсуі негізгі алты факторға тәуелді. Олар:
1.Табиғи ресурстардың сапасы мен көлемі
2.Еңбек ресурстарының сапасы мен саны ....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика| Қазақстандағы шетел инвестициясын пайдалану

Кіріспе.
Дүние жүзі елдері өмір сүруді қамтамасыз ету, тіршілік әрекетінің барабар және тиімді амалдарын қолдану проблемаларын шешуге деген өз ұмтылыстарында өркениеттін көш-керуеніне тартылған. Әлем дамуы жағынан бүгінде кең спектрді қамтиды, ол жоғары дамыған және дамушы елдерден, бай және кедей халықтардан тұрады.
Қазақстан ұзақ жылдар бойы өзін бұл қатардан дербес көрсете алмады.Тәуелсіздік алғаннан кейін республиканың алдында ол дербес мемлекет болып қалыптаса ала ма,егер солай болса ,онда оның орны қайда болуы керек деген тұрғыда таңдау жасау міндеті тұрды.
Қазақстан әу бастан-ақ өзінің дамуында меншіктің негізгі нышандарымен қабысқан және өзара ықпалдасқан бәсекелестікке негізделген әлеуметтік бағдар ланған экономикаға қол жеткізуді мақсат ететіндігін жариялады.
Елбасы Н.Назарбаевтың биылғы Қазақстан халқына Жолдауында «Біздің ұлттық экономикамыздың бәсекеге қабілеттілігіне оны әлемдік экономикаға интеграцияланған жағдайда ғана қол жеткізе алатынымыздың» атап көрсетілуі ел экономикасының жаһандық ықпалдастыққа жақындап келе жатқаның айқындады.....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Қазақстандағы тұтыну бағалары

Кіріспе.
Нарықтық жағдайда өндірістік өнімнің өсу қарқыны халықтың жалпы сұранысымен тығыз байланысты. Егер өндірілген өнімдер ұтымды бағамен сатылып жатса, онда осындай тауарларды өндіруге деген ынта арта түседі. Сондықтан, тұтынушылардың сұраныстардың зерттеп, олардың қандай заттарды сатып алғысы келетінін жеке қандай бағамен алғысы келетінін дер кезде анықтаудың зор маңызы бар. Тұтынушылардың нарықтық ортадағы іс - әрекеттері «микроэконмиканың» тұтынушылар талғамы атты тарауында зерттеледі.
Тұтынушылар талғамын зерттеу үш кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде тұтынушылардың көптеген тауарлар құрамының ішінен өзіне қалаулысын қандай принциппен таңдау керектігі жөнінде мәліметтер келтіріледі. Осы тұрғыда егер А,В,С тауарлар құрамы берілген болса, олардың ең жақсысын таңдау әр адамның кейбір ерекшеліктеріне байланысты болады. Сондықтан оны тұтынушылар қалауын анықтау кезеңі деп атаймыз.....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Қазақстандағы компаниялардың капитал құрылы

Кіріспе
Нарықтық экономика жағдайларында компаниялардың өзінің қаржылық-шаруашылық қызметін қажетті қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету олардың өз мойындарына түсіп отыр. Жоспарлы экономика жағдайларында компаниялар қаржылық мұқтаждықтар мен қиындықтарға душар болған жағдайда мемлекеттің және оның орталықтандырылған қаржы жүйесіне арқа сүйейтін еді. Алайда нарықтық қатынастардың орнауы мен дамуы аталған мәселені компаниялардың өз иықтарына жүктеп отыр. Компаниялардың меншікті және қарыз қаражаттар тарту нәтижесінде қалыптасқан капитал құрылымы оның қызметінің тиімділігін, бәсекелсетік ортадағы өміршеңдігін, қызметінің түпкі мақсаты болып табылатын табыстылығын анықтап беретін бастапқы фактор болып табылады. Әрине, компаниялар өз қызметі барысында меншікті капиталға арқа сүйейді. Олардың кәсіпкерлік табыстан алған табысы – бизнестің дамуының бірден-бір көзі болып табылады.....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Қазақстандағы кәсіпорындардың инвестициялық белсенділігін арттыру

Кіріспе
Кәсіпорындардың экономикалық және қаржылық тұрақтылығын және әрі қарай өсуін анықтайтын шешуші факторлардың бірі – бұл оның инвестициялық белсенділігі. Қазақстан Республикасында нарықтық қатынастарға көшкелі бері жүргізілген экономикалық бетбұрыстар халық шаруашылығының негізгі буыны болып саналатын кәсіпорындардың құқықтық, қаржылық-экономикалық және әлеуметтік жағдайын, олардың шаруашылық және азаматтық жүйелердегі дәрежесін айтарлықтай өзгерістерге ұшыраттты. Жеке меншікте, аралас, акционерлік меншікте құрылған миллиондаған кәсіпорындар пайда болды және қазіргі таңда қызмет етуде, көбею үстінде, даму барысында. Осылардың барлығы кәсіпорындардың инвестициялық қызметін ұйымдастыру және басқару механизмінің өзгеруіне себеп болды. Кәсіпорындардың инвестициялық қызметі олардың экономикалық өсуінің, ішкі және сыртқы нарықтарда бәсекелестікке қабілетті болуының алғы шарттарының бірі болып табылатындығы сөзсіз.....
Курстық жұмыстар
Толық