Тарих | Қазақ ою өрнегінің даму тарихы

Кіріспе
Қазақ ою - өрнегінің даму тарихы
Ою - өрнек түрлері
Ою - өрнектің мән - мағынасы
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Ою ойғанның ойы ұшқыр
Халық даналығы
Қазақ ою - өрнегі - ғасырлар бойы дамып келе жатқан өнер туындысы. Халқымыздың қай қолөнер саласын алсақ та, ою - өрнектер өзіндік ерекшелігін сақтай отырып, белгілі бір тәртіппен орналасқанын көреміз. Оюлардың ежелден келе жатқан нұсқаларында элементтер құстың, гүлдің, жануарлардың түрін тұспалдап тұратыны белгілі. Күні бүгінге дейін ұлтпен бірге жасап келе жатқан ою - өрнектердің мән - мағынасын, түрлерін, олардың атауларын бүгінгі ұрпақ біле бермейді. Міне, сондықтан жас ұрпақтың есінде жүрсін деп, мен қазақтың ою - өрнегін ғылыми жұмыс етіп алдым......
Ғылыми жобалар
Толық

Тарих | Коши Буняковский теңсіздігін пайдаланып стандартты емес есептерді шешу

Коши – Буняковский теңсіздігін пайдаланып, стандартты емес есептерді шешу
I. Ғылыми жобаның мақсаты мен міндеттері. Стандартты емес есептерге Коши – Буняковский әдісін қолдану тіпті тиімді. Әсіресе қазіргі жаңа технология заманында бұл әдісті жетік болу қажет деп есептеймін.
Көбінесе мұндай есептер Коши теңсіздігін, Бернулли теңсіздігін, Коши - Буняковский теңсіздігінжаңа әдістерді пайдалану арқылы шығарылады. Коши теңсіздігі, Коши – Буняковский теңсіздігі – нақты не комплекс сандардың шекті қосындыларына арналған теңсіздік. Егер және қатарлары жинақталатын қатарлар болса, онда ak және bk шексіз тізбектері үшін де Коши теңсіздігі дұрыс болып есептеледі Векторлар геометрияда, алгебраның кейбір есептерін шешуде: теңдеу шешу, теңдеулер жүйесін шешу, теңсіздіктерді дәлелдеу, функцияның экстремумдарын іздеу, сонымен қатар геометриялық теңсіздіктерді дәлелдеуде қолданылуы мүмкін.
Жұмыста бұл тәсілмен шешудің дәстүрлі тәсілдерге қарағанда тиімді және шешу ұзақтығының қысқа болатынын көрсетеміз.
Ол үшін біз Коши - Буняковский теңсіздігі және оның салдарын қолданамыз. Коши – Буняковский векторлық теңсіздігін қолдану есепті тез шешуге жағдай жасайды және ол арқылы шешудің жаңа әдістерін табамыз......
Ғылыми жобалар
Толық

Тарих | Қазақ тарихындағы би шешендер мұрасы

Брошюра шығаруға дайындаған материалы
Қазақ тарихындағы би - шешендер мұрасы
Сайын дала төсінде мал - жан, тіршілік қамымен көбінесе аттың жалы, түйенің қомында көшіп - қонып жүрген дарынды халқымыз көршілес батыс - шығыс елдеріне қарағанда жазу - сызу мәдениеті кенжелеу дамығанымен, мазмұны мен сапасы, көлемі жағынан алғанда қай халықтікінен болса да кем түспейтін, олқы соқпайтын орасан бай ауыз әдебиетін жасады. Тумысынан ойшыл, дана халқымыз өзі өмір сүріп отырған орта, саялы табиғат, тұрмыс - тіршілік болмысын, ел - жұрт арасындағы қарым - қатынас, ел басынан өткен қилы - қилы кезеңдерді, жақсы - жаман жағдаяттарды ой - сана елегінен өткізіп, оған деген өзінің көзқарасын білдірді. Халықтың өмірі, тарихы, елдің тұрмыс - тіршілігі қазақ көкірегінен жыр - дастан, өлең - ән, ертегі - аңыз, күмбірлеген күй болып төгіледі. Табиғатынан көзі ашық, көкірегі ояу, өзінің кең жазира туған даласындай дарқан дарынды ойын - сауықшыл халқымыз осы баға жетпес қазынаны киелі дүниедей қастерлеп, ұрпақ санасына сіңіріп, болашаққа мәңгі өлмейтін мұра етіп қалдырады. Барша қазақ мәдениетінің түп қазығы саналатын осы теңдесі жоқ қазына бүгін халқымыздың рухани сусындайтын шалқыған шалқар дариясына айналып отыр......
Ғылыми жобалар
Толық

Тарих | Аралдың ежелгі мәдениеті

ТАҚЫРЫБЫ: Аралдың ежелгі мәдениеті
Тақырыптың өзектілігі: Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының ең басты кезек күттірмейтін мәселелерінің бірі - Арал экологиялық дағдарысы — адам әрекетінің әсерімен болған экологиялық дағдарыстың неғұрлым айқын мысалы, Арал теңізі экологиялық жүйесінің құлдырауы,ежелгі мәдениет.

Ғылыми жұмыстың мақсаты: Аралдың ежелгі мәдениетіне талдау жасау.
Мақсатқа жету үшін алға қойылған міндеттері:
- Арал қаласының географиялық сипаттамасы
- Зерттеу әдістерін пайдалану ;
- Аралдың қоршаған табиғи ортаға экологиялық әсері ;
- Аралдың ежелгі мәдениеті;.....
Ғылыми жобалар
Толық

Тарих | Ақтөбе облыстық мемлекеттік мұрағаты тарихи дерек ретінде

Міндеті мен мақсаты.Жұмысты жазудағы мақсатымыз - Ақтөбе облысының шаруашылығы мен әлеуметтік – мәдени салалары бойынша мұрағат қорларын жинақтап топтастыру, оны ғылыми айналымға енгізу.
Мақсатымызға жету үшін мынадай бірнеше міндеттерді алға қойдық.
- Мұрағаттағы облыстың шаруашылығына қатысты құжаттарды сыни көзбен талдай отырып, салаларына қарай топтастыру;
- Өлкенің әлеуметтік – мәдени дамуына байланысты оқу – ағарту, мәдени және спорт салаларына қатысты қорларды бір жүйеге келтіріп, жинақтау;
- Ақтөбе облысының шаруашылық, мәдени – ағарту өміріне қатысты негізгі құжаттар мұрағатта сақталған жергілікті баспасөз материалдарын жылдар бойынша шоғырландырып, жинақтау;
- Мұрағаттағы қорлардың Ақтөбе тарихындағы орнын анықтау. .....
Ғылыми жобалар
Толық

Тарих | Сыр елі азаматтарының Еуропаны азат етуге қосқан үлесі

Сыр елі азаматтарының Еуропаны азат етуге қосқан үлесі
Биылғы жылы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 67-жылдығы, тарих өз дегенін алуда. Сол жеңіске жарты ғасырдан астам уақыт өтіп ел жаңарып өзгерістер болып жатыр. Алайда бұл жеңістің құндылығы қанша уақыт өтсе де өзінің мәнін жояр емес, тарихта мәңгі қалады. Қазақстан тарихында қазақ халқының Ұлы Отан соғысына қатысқаны ерлігі Әлия, Мәншүк сияқты батыр қыздарымыздың аты төл тарихымыздан орын алды. Алайда Қазақстандық азаматтардың әсіресе Европаны азат етуге қатысқан немесе қарсыласу қозғалысына қатысқаны жайлы мәліметтер тарихымызға толық енбеді деп есептесек жаңылмаймыз. Өйткені Қазақстандықтардың шетелдіктерде жүріп қарсыласу қозғалысына қатысқандығы жөніндегі мәліметтер 50-ші жылдардың соңғы ширегінде ғана баспаға шыға бастады. .....
Ғылыми жобалар
Толық

Тарих | Сартай батырдың өшпес ерліктері

Зерттеу тақырыбына арқау болған Сартай батыр есімі халыққа кеңінен танымал. Қазақ елінің мыңдаған жылдық тарихында басты орын алатын қазақ-жоңғар соғыстарына байланысты кезең туралы сөз қозғалған. Қазақ даласы елін-жерін қорғаған батыр бабалардың ерліктерімен аты шыққан өңір. Тарихымыздың аумалы –төкпелі кезеңінде найзасын қолға алып, Кіші жүз елінен шыққан, нақты айтқанда Арал ауданындағы Ақшатау елді мекенінде дүниеге келген Сартай батыр туралы деректер жинап, қарияларымыздың айтқан аңыз-әңгімелерін жариялап, тереңірек мағлұмат берілген.
Ғылыми-зерттеу жұмысының тақырыбы –Сартай батырдың өшпес ерлігі
Зерттеу жұмысының мақсаты: 1. Сартай батырдың қалмаққа қарсы соғыста мың баланың жасағын басқарғандығы туралы мәлімет беру 2. Нұрмағанбет Қосжанұлының «Сартай батыр» дастанында негізінен шындықтың барын таныстыру. 3. Сартай батыр ғана емес, Әлім тайпасынан шыққан қара қылды қақ жарған әділ би болғандығын дәлелдеу. 4. Халқымыз ғасырлар бойы аңсаған тәуелсіздігімізге қол жеткізуге қол жеткізуге атсалысқан батырларымыздың бірі Сартай батырдың өшпес ерліктерін уағыздау.
Ғылыми-зерттеу жұмысының өзектілігі - Халқымыз ғасырлар бойы аңсаған тәуелсіздігімізге қол жеткізуге атсалысқан батырларымыздың бірі Сартай батырдың өшпес ерліктерін жаңғырту.
Ғылыми-зерттеу жұмысының жаңалығы - Сартай батырдың қазақ тарихындағы алатын орнының анықталуы .....
Ғылыми жобалар
Толық