Екі бойжеткен әңгімелесіп тұр...

Екі бойжеткен әңгімелесіп тұр:
- Анау «Мерседестің» жанында телефонмен сөйлесіп тұрған әдемі жігітті көрдің бе? Мен оны миллионер жасадым ғой.
- Ол жігітті жақсы білемін. Маған дейін ол жігіт миллиардер болатын. 

Анекдоттар мен әзілдер
Толық

Екі келіншектің әңгімесінен

Екі келіншектің әңгімесінен.
- Менің бір ақын сіңлім бар еді. Жақында өзін үнемі сынап, жақтырмай жүретін бір сыншы жігітке күйеуге шықты.
- Өшін алайын деген шығар... 

Анекдоттар мен әзілдер
Толық

Қатты уайымдап жүрмін...

- Қатты уайымдап жүрмін, - дейді бір әйел құрбысына.
- Неге?
- Қызым тұрмысқа шыққалы жатыр. Өзі әлі тамақ істей алмайды.
- Оған бола қам жемеңіз. Өткені күйеу балаңыздың тамақ істеуге қажетті азық-түлік алатын ақшасы да жоқ көрінеді. 

Анекдоттар мен әзілдер
Толық

Нан қосып жеп алдым!

Нан қосып жеп алдым!
- Менің жігітім маған кеше көп балмұздақ әперді ғой.
- Қанша әперді, соншама?
- 25.
- Мәссаған, тамағың ауырып қалған шығар...
- Саған ше?
- Біреу.
- Ой сен не бір балмұздаққа тойдың ба?
- Иә, мен нан қосып жеп алдым! 

Анекдоттар мен әзілдер
Толық

Баласы отбасын құрмақ болып, әкесіне....

Баласы отбасын құрмақ болып, әкесіне өмірлік жарын таныстырады:
- Әке, міне, келініңіз! Біз бір-бірімізді жақсы көреміз. Сондықтан үйленетін болып шештік.
Әкесі:
- Балам, бұл қызға үйленбе! Ол - сенің қарындасың болады.
- Қалай қарындасым?
- Түсінесің бе.... жас кезімде қыздарға көп барып едім.
Оны естіген баласы әлгі қыздан бас тартып, біраз уақыттан кейін екінші қызды таныстыруға әкеледі.
Сонда әкесі:
- Балам, бұған да үйлене көрме! Ол да - сенің қарындасың, - депті.
Әкесінен көңілі қалған баласы анасына барып, болған оқиғаны айтып береді. Сөйтсе, анасы:
- Үйлене бер, балам! Ол сенің әкең емес, - деген екен. 

Анекдоттар мен әзілдер
Толық

Жігіт қызға sms жолдауда

Жігіт қызға sms жолдауда? "Мына абонент "Маған тұрмысқа шығасыз ба? деп сұрайды"
Қыздың жауабы: "Сіздің бұл операцияны жүзеге асыруға қаржыңыз жеткіліксіз". 

Анекдоттар мен әзілдер
Толық

Ақындықтың құлагері атанған - Ілияс Жансүгіровтың өмір баяны және шығармашылығы жайлы!

    Ілияс Жансүгіров - қазақ ақыны, қазақ әдебиетінің классигі. Қазақстан Жазушылар одағының бірінші төрағасы. Ресей Коммунистік партиясының (большевиктер)  мүшесі, коммунист.



Рефераттар
Толық

Алгебра (11 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 11-сынып білім алушыларына «Алгебра және анализ бастамалары» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Бөлім бойынша жиынтық бағалаудың Тапсырмаларлары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Әдістемелік ұсыныста бөлім бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар Тапсырмаларлар ұсынылған. Сондай-ақ жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған.
Дескрипторлары мен балдары бар Тапсырмаларлар ұсыныс түрінде берілген.

Жиынтық бағалау (ТЖБ, БЖБ) (СОЧ, СОР)
Толық

Алгебра (7 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 7-сынып оқушыларына «Алгебра» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге оқушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Әдістемелік ұсыныста бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта оқушылардыңң оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған.
Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген.
Әдістемелік ұсыныс мұғалімдерге, мектеп әкімшілігіне, білім беру бөлімінің әдіскерлеріне, критериалды бағалау бойыншамектеп, өңірлік үйлестірушілеріне және басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.
Әдістемелік ұсынысты дайындау барысында ресми интернет-сайттағы қолжетімді ресурстар (суреттер, фотосуреттер, мәтіндер, аудио және бейнематериалдар) қолданылды.

Жиынтық бағалау (ТЖБ, БЖБ) (СОЧ, СОР)
Толық

Абай Құнанбайұлының  музыкалық  мұрасы туралы  ғылыми баяндама

Абайдың музыкалық мұрасы қазақтың ұлттық өнері тарихында ерекше орын алады. Абайдың әуендік таланты халықтық негізде дамып, ақынның рухани жан-дүниесі, әлемге көзқарасы оның лирикалық әндерінде айрықша көрсетілген. 

Баяндамалар
Толық