Ауылдық аймақтар - біздің мемлекетіміздің базасы

Статистика агенттігінің 2018 жылы 1 тамызда жасаған мәлімдемесінде, жыл басынан бері қала халқы 120 771 адамға өсіп, 10 544 340 адамға жеткені айтылған. Оның ішінде 34 521 – ауылдан көшіп келгендер. Бұл қала халқының өсімінің 1/4 бөлігін аймақтардан келгендер құрайды деген сөз. Жыл сайын бұл көрсеткіш өсіп келеді. Осы мәселеге назар аудару қажет. Урбанизация, қалалардың өсуі - ел дамуына үлкен қосады, бірақ оның кері әсері де бар.
Қазақ мемлекетінің өте үлкен аграрлық потенциалы бар. Ауыл жастарының көптеп қалаға көшуі тікелей осы салаға әсер етеді. Қазақ жастары – дарынды, талапты. Бәрі жақсы....

Шығармалар
Толық

Әр-түрлі әзілдер

"Әр әзілдің түбінде бір шындық бар" демекші, күліп тұрып-ақ арғы ойын жеткізе білетіндер бар. Күлдіремін деп күлкіге қалатындар да бар. Бір сөзбен айтқанда, "күлдіре білу - өнер, күлкіге қалу - өлім". Назарларыңызға әзілдер топтамасын ұсынамыз.

Анекдоттар мен әзілдер
Толық

Туған жер – алтын ұям, байтақ мекен

Туған жер – алтын ұям,байтақ мекен
Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем,
Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем.
Мен оның қасиетті тілін сүйем,
Мен оның құдіретті үнін сүйем.
Бар жәндігін сүйемін қыбырлаған,
Бәрі маған: «Отан» деп сыбырлаған.
Жаным менің,
Кеудемді жарып шық та,
Бозторғайы бол оның шырылдаған!,- Мұқағали Мақатаев ағамыз жырлап кеткендей туған жеріміз алтын ұямыз. Кең байтақ сахарамыз бойында қасық қаны қалғанша жан алып жан беріп арпалысып өткен бабаларымыздың батырлығымен бізге жеткен ұлы даламыз. Миллиондаған жылдардың белесінде....

Шығармалар
Толық

Баспаналы болуға көмектескен кәсіпкер

Жерде жетім жыласа, көкте періште күңірінеді. Қазіргі кезде ата-ана қамқорлығынан айырылған балаларға көмектесетін жомарт жандар көп. Олар республикамыздың түкпір-түкпірінде және әрдайым көмектесіп келеді. Сондай жомарт жүректі, мейірімді жандар деп Ибрагим Сәрсенбаев, Хамит Өтеуұлы мен Боран Ермахановты айтуымызға болады. Олар Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданындағы жетім балаларды қамқорлығына алып, баспаналы болуына көмектескен ауыл....

Шығармалар
Толық

Туған жер- алтыннан да қымбат қазына!

Туған жер, қандай қасиетті , неткен ыстық сөз! Туған жер деп қай ақын толғамаған, қай жазушы тебіренбеді десеңші?! Әр адамның жүрек төрінен орын алатын қасиетті мекен, жырақ кетсең сағынатын мекен. Туған жер- алтыннан да қымбат қазына. Әр адамның туған жері туған анасындай қастерлі. Туған жердің әрбір тасы, әрбір сайы естелік тұнған ғажайыптар. Есейеміз, ер жетеміз туған жерді тастап арман қуып қалаға келеміз. Мүмкін шет елге де кетерміз, бірақ туған жерге деген сағыныш бәрібір жүрек түкпірінде тұрады-ау шіркін! Туған жерден жырақта жүрсең сол өңірдің өңі таныс....

Шығармалар
Толық

Ғашықпын мен өзен менен бұлаққа

Мен ғашықпын барша дүние әлемiне,
Мен ғашықпын асқар таулы бөктерiне
Бұл әлемде жетi ғашык мәңгiлiк ,
Қуанамын еш сүрiнбей өткенiне.

Мен қалайша қуанбайын ей ғалам
Осыны ойлап ерекше бiр ойға қалам
Қозы менен Баянды....

Өлеңдер
Толық

Аягөз деген- аядай бұлақ деседі...

Кешегі Абай, Мағжандар бастаған ұлы ақындардан бастап, қазіргі сөз ұстаған сүлейлерге дейін туған жер туралы тебіреніп жыр жазу- ұрпақтық парызға айналды. Себебі, туған жер, өскен өлке- әр ұрпақ үшін алтын бесік, құт орда. Сол үшін де қазақ халқы әлімсақтан бері туған өлкесін қорғау, оны жат қолына бермеу үшін «мың өліп, мың тірілді». Елінің үмітін ақтау жолында ұлт батырлары мен ел иелері «ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен» жер қорғады. Осының бәрі «туған жерге туыңды тік» дейтін халық ұғымы мен даналығына саятын ізеттілік пен ізгілік болмақ. Қай пенденің болмасын, туған жері- дара, ұлттық рухы осы жалқы ұғымның қазығына байланады.
Осы тұста менің алтын бесік, туған өлкем Аягөз....

Шығармалар
Толық

Туған жерім – түп қазығым, айбыным

Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында: «Туған жер әркімнің шыр етіп жерге түскен, бауырында еңбектеп, қаз басқан қасиетті мекені, талай жанның өмір бақи тұратын өлкесі. Оны қайда жүрсе де жүрегімен әлдилеп өтпейтін жан баласы болмайды» - деп туған жердің қадір – қасиетін ерекше атап өтеді. Туған жер десе тебіренбейтін пенде жоқ шығар, сірә? Туған жер – әрбір жанның дүниеден бейхабар дәрменсіз періштеден ес біліп, ер жеткенге дейінгі өсіп – өнген, дүниені таныған түп қазығы. Әрбір адамға туған жерінің табиғаты, адамдары, жан – жануары, жоталары, тау – тасына дейін ыстық болып көрінеді. «Туған жердің түтіні де ыстық» деген мақал осыдан қалса болса керек. Барлық....

Шығармалар
Толық

Шынар

Шынар есімінің мағынасы - қазақ тілінен алынған — биік, тау терегі, шынар ағашы; жадырақты зәулім биік ағаш; ауыспалы мағынасы колжетпес биік, асқақ.

Есімдер мағынасы
Толық