Әлихан Б. Орта жүз ханы Бөкейдің ұрпағы. Ата-тегі: Бөкей – Батыр – Мырзатай – Нұрмұхамед - Әлихан. Жасынан зерек, алғыр өскен. Әлиханды әкесі Қарқаралыға алып барып, жергілікті молданың қолына оқуға береді. Бірақ ол молданың қолынан оқуды қанағат тұтпай, қаладағы үш сыныптық стауат ашатын мектепке ауысады. Оны бітіргеннен кейін 1879-1886ж. Қарқаралы қаласындағы қазақ балаларына арналған мектепте оқыды. 1886-1890ж. Омбыдағы техникалық училищеде оқып, оны «техник» мамндығы бойынша бітіріп шықты. 1890-1894ж. Санкт – Петербургтегі Орман институтының эканомика факультетінде оқыды. Мұнда ол студенттік қызу пікірталастарға қатысып, XI ғ. Бсағасын аттағалы тұрған Ресейдің қандай жолмен дамуы тиімді болатындығы туралы қайшылықты пікірлер қақтығысына куә болды, өз ойын да шыңдай түсті. Бөкейханов туралы «Семипалатинский листок» газетінің 1906 жылғы 5 маусымдағы санында: «Ол Орман институтының студенті болып жүрген кезінде барлық студенттік қозғалыстарға белсенді түрде араласып, әсіресе, солшылдарға ілесетін. Марксизм туралы қызу пікірталастарда эканомикалық материализм қағидаларын дес бермей қорғайтын» делінген. Ә.Бөкейхонов Ресей жандармирия басқармасының назарына алғаш рет студенттік жылдары – ақ ілігіп, «Саяси – сенімсіздердің қара тізіміне алынды». Ол институтты бітіргеннен кейін Омбыға барады. Онда Орман ш. Училищесіне математика пәнінен оқтушы болып орналасты. Социалистік бағыттағы «Степной край» газетінің қызметіне белсенді түрде араласып, оның редакция алқасы құрамына енді. 1896 – 1903ж. Щербина экспедициясы жұмысына қатысты. Оның ойы бойынша, экспедиция жұмысына қатысу сол тарихи кезеңде қазақ халқы үшін ең зәру мәселеге айналған – жер қатынастарын тереңінен түсініп, белгілі бір тұжырымдарға келуге жағдай жасауға тиіс еді. Әлихан Б. экспедиция жұмысына қатысу барысында қазақ даласына байланысты Ресей империясының көздеген мақсатын бұрын өзі байқай бермеген жңа қырынан көрді және орталық биліктің таяу жылдары ірі шараларды іске асыруға даярлық жасап жатқанын байқайы. Қалай болғанда да, Әлиханның көзқарасының Щербина Экспедициясына қатысқаннан кейінгі кезеңде үлкен өзгерістерге ұшырағандығы анық. Дегенмен, Бөкейханов сияқты қазақ зиялыларының мүлдем жаңа сапаға көтерілуіне 1-ші орыс революциясы ерекше ықпал етті. Студенттік және Омбылық өмірінің алғашқы кезеңінде Маркстік бағытта тұрған Бөкейхановтың саяси көз қарасы өзгерді. Ол қазақ даласын отарлау саясатына білек сыбана кіріскен патша өкіметімен күрес жүргізу үшін әуелі бүкіл қазақ жұртының басын біріктіруді, сонымен бірге орыс қоғамының ішінде ресми билікке қарсы тұрған саяси крестерге сүйенуді алға тартты. Әлихан 1905 жылы қарашада Мәскеуде өткен Земство және қала қайраткерлерінің съезіне қатысты. ....
Қазақ халқы көптеген қиыншылықтарды басынан кешірді. Осы кезде азын-аулақ болса да халық жағдайын ойлаған азаматтарымыз бұл тығырықтан шығуға тырысты. Сол азаматтарымыздың бәрі тарихта өте маңызды орынға ие болған. Әлихан Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Шоқай секілді қайраткерлерді атап өтуге болады. Ұлттық мемлекет құру Бөкейханов және басқа буржуазиялық – демократиялық бағыттағы интелегенция өкілдерінің түпкі мақсаты болды. Бұл интелегенция өкілдері конституциялық демократия шеңберінде қазақ ұлтына автономия алып беруді меңзеді. Тарих сахнасына Алашорда – Халық Кеңесі үкіметін алып келген жалпы ұлттық күрестің басында ұлттық интелегенция тұрды. 70 жылдан астам уақыт жүріп өткен тарихи жолымыз көрсетіп бергендей. Қазақ қоғам қайраткерлері туелсіз дербес мемлекет құру жолын таңдай отырып, қателескен жоқ. Аты аңызға айналған барлық түркі халықтарының атасы – «Алаш» атын алған партия қазақ даласындағы алғашқы дербес партия. Бұл партия либералдық көзқарасты жақтайтын ұлт зиялыларынан құралды. Сол кездегі басты мақсаттардың бірі ұлт пен ұлттық интелегенцияны біртұтас саяси ұйым төңірегіне топтастыру болды. Тағы да бір мәселе халыққа болып жатқан саяси мәселелерді түсіндіру, бұқараның сауатын ашу, оларды жаңа мемлекет құруға жұмылдыру. Алаш қозғалысының жетекші қайраткерлері мен қатардағы мүшелері 1920-30 жылдары саяси қуғын – сүргіннің құрбандары болды. Осыған қарамастан Алаш қайраткерлерінің іс-әрекеттері қоғамдық өмірдің әр саласында олардың әрқайсысына тән ерекшеліктері мен тарихта хатталып қалды. Тарихтың қилы кезеңдерінде сан алуан оқиғалар болған. Олардың бір қатары уақыт өте келе ұмытылып, тарихтың ақтаңдақтарына айналды. ХХ ғасырдың бас кезіндегі ұлт-азаттық қозғалыс тарихының өзекті мәселелерінің бірі, әрине, Алаш партиясының құрылуы, оның тарихи негіздері, саяси әлеуметтік сипаты және қазақ тарихында алатын орны. Қазақ зиялылары қоғамдық сұранысқа сай құру әрекетін бірінші орыс революциясы жылдарында –ақ қолға алғандығы мәлім. Мұны Алаш қозғалысы тарихын алғаш зерттеушілер де дәл сезіп байқаған. Бірақ олар бұл мәселеге тар таптық, партиялық методология тұрғысынан келіп, ұлт зиялыларының осы бағыттағы қызметін «буржуазиялық ұлтшылдық көрінісі есебінде бағалаған. Енді осы алғашқы партия құру әрекеті неден басталды, немен аяқталды, соған тоқталайық. 1905 жылғы жаздағы революциялық өрлеу барысында патшалық билік, еңбекші бұқаралық таптық наразылығына шет аймақтардағы отарлық тәуелділіктерді елдегі өз бостандығы үшін қуаттық қозғалысын қосып алудан қаймықты. 1905 жылы 6 тамыздан мемлекеттік дума, жөніндегі патша манифесі басқа «бұратаналармен» бірге қазақ еліне депутат сайлау құқығын берді. Осы жылы қазақ зиялылары сайлау науқаны сияқты күрделі саяси шараға араласа отырып, ірі мәселеге кезікті. Қазақ қоғамында бұл уақытта белгілі бір қоғамдық позияциядан үгіт насихат жұмысын жүргізе алатын саяси ұйымдар жоқ еді. Міне, осындай жағдайда думаға даярлық мерзімнің тар қыспағына іліккен ұлт зиялылары тұңғыш рет саяси партия құру әрекетін қолға алады. Саяси күрес жолына енді ғана түсе бастаған қазақ зиялыларының осі кезектегі саяси әлеуметтік бағдары, белгілі дәрежеде, Ресейдің радикалдық буржуазиялық партиясы – кадеттердің ұстанған бағыты ма тоғысқандығы тарихи факті. ....
Бөкейханов Әлихан Нұрмұхамедұлы (1870-1937) – көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ғұлама ғалым, ұлт азаттық қозғалысының теориялық негізін салушы әрі көсемі, қазақтың тұңғыш саяси партиясын ұйымдастырушы және Алашорда үкіметінің төрағасы. Туған жері бұрынғы Семей облысындағы Қарқаралы уезінің Тоқырауын болысы, қазіргі Қарағанды облысының Ақтоғай ауданы. Ата тегі Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошыдан тарайтын төре тұқымы. Арғы атасы атақты Көкжал Барақ. Қазақтың соңғы хандарының бірі Бөкей хан осы Көкжал Барақтың баласы. Бөкейден Батыр, одан Мырзатай, одан Әлиханның әкесі Нұрмұхамед. Әлиханды әкесі тоғыз жасында Қарқаралыға апарып, жергілікті молданың қолына оқуға береді. Бірақ зерделі бала молдадан оқығандардан гөрі осындағы мектепте оқып жүргендердің сауаттылығын аңғарып, қаладағы үш кластық бастауыш мектепке өз еркімен ауысып алады. Бұдан кейін ол Қарқаралы қаласының үш жылдық училищесіне түсіп, оны да «өте жақсы» деген бағамен бітіріп шығады. Осыдан кейін он алты жасар Әлихан Омбының техникалық училищесіне қабылданады. Төрт жыл бойы үздік оқыған алғыр шәкіртіне риза болған мүмкіндік жасайды. Сөйтіп ол жиырма жасында Дала генерал губернатор кеңсесінің ұсыныс хаты мен қазақ қауымдастығының 200 сом стипендиясын алып, Ресейдің астанасы Санкт Петербургке барып, Орман шаруашылығы иснтитутына түседі. Ол мұнда жүріп күнделікті сабақтарына қоса студенттердің саяси, әдеби, экономикалық және тағы басқа үйірмелердің жұмысына қызу араласып, студенттік толқуларға қатысады. ....

Әлихан Бөкейханов Нұрмұхамедұлы - көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ғұлама ғалым, ұлт-азаттық қозғалысының теориялық негізін салушы әрі көсемі, қазақтың тұңғыш саяси партиясын ұйымдастырушы және Алашорда үкіметінің төрағасы. Туған жері - бұрынғы Семей облысындағы Қарқаралы уезінің Тоқырауын болысы, қазіргі Қарағанды облысының Ақтоғай ауданы. Ата тегі - Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошыдан тарайтын төре тұқымы. Арғы атасы - атақты Көкжал......
БөкейхановӘлихан Нұрмұхамедұлы (1870-1937) – көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ғұлама ғалым, ұлт азаттық қозғалысының теориялық негізін салушы әрі көсемі, қазақтың тұңғыш саяси партиясын ұйымдастырушы және Алашорда үкіметінің төрағасы. Туған жері бұрынғы Семей облысындағы Қарқаралы уезінің Тоқырауын болысы, қазіргі Қарағанды облысының Ақтоғай ауданы. Ата тегі Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошыдан тарайтын......