Серік Жұманғалиұлы Сәпиев (16 қараша, 1983 жыл, Абай қаласы, Қарағанды облысы) - боксшы, олимпиада чемпионы, халықаралық спорт шебері, Қазақстанның бокс бойынша еңбек сіңірген спорт шебері, Парасат орденінің кавалері (2008 жыл), Отан орденінің иегері (2012), спорт бойынша ЮНЕСКО чемпионы атанған әлемдегі 13-ші спортшы, қазақстандық ең танымал боксшылардың бірі, 2014 жылдың қарашасынан бастап Astana Arlans командасының бас директоры. Жартылай орташа салмақ пен бірінші жартылай орташа салмақта әуесқой бокстан Олимпиада ойындарының чемпионы (2012), Баркер кубогының иегері (2012), әлемнің екі дүркін чемпионы (2005, 2007), күміс (2011) және қола (2009) медальдарының иегері, Бейжің және Лондон Олимпиадасында бокстан құрама команданың капитаны. Өмірбаяны....
Шыңғыс хан, Тэмуджин, Темучин (1155 ж. ш., Онон өзені бойындағы Делиун-Болдак шатқалы – 25.8.1227, Сися мемлекетінің жері) – Азияда біртұтас мемлекет құрушы, өз заманының аса ірі әскери және мемлекет қайраткері. Ежелгі ру басшысы Есугей батырдың отбасында туылған. 12–13 ғасырдың басында монғол тайпасының өкілі Тэмуджин Орта Азия тайпаларын біріктірді, сөйтіп ол Орта Азия даласындағы ең құдыретті жаулап алушыға айналды. Өзінің әскери дарынының.....
ҚұрманғазыСағырбайұлы туып-өскен жері Бөкей хандығы, қазіргі Орал облысының Жаңақала ауданына қарасты Жиделі деген жер. Топырақ бұйырған орыны – Астрахань (Ресей) облысының бұрынғы «Шайтани батага», қазіргі «Құрманғазы төбе» деп аталатын жер.
Шыққан тегі – Кіші жүз, он екі ата Байұлынан өрбіген Сұлтансиықтың Қызылқұрт бұтағы. Құрманғазының жетінші атасы Ерші деген кісі от тілді, орақ ауызды, сөз дарыған......
ӘбілғазизұлыАрынғазы (1785 – 1833) алмағайып аласапыран заманда өмір сүріп, елдің тұтастығы, жердің бүтіндігі үшін арыстандай арпалысып өткен көрнекті мемлекет қайраткері, көреген саясаткер......
МәлікҒабдуллин - 15 қарашада Көкшетау облысының Зеренді ауданындағы Қойсалған ауылында дүниеге келді. 1935 жылы ҚазПИдің тіләдебиет факультетін бітірген. «Пионер» газеті жауапты редакторының орынбасары, КСРО Ғылым академиясының Қазақ филиалында кіші ғылыми қызметкер болып істеген. 1938–1941 жж. ҚазПИдің аспирантурасында оқыды.
Генерал И.В.Панфилов бастаған даңқты 28 гвардия дивизиясы құрамында Ұлы Отан соғысына бастанаяқ қатысты. 1автоматшылар ротасының саяси жетекшісі, 2атқыштар батальонының комиссары, полк үгітшісі.....
Дүниеге келгені: шамамен 1093, кейбір деректерде 1103 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданы Қайтыс болғаны: 1166 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан Мансабы: Ақын, Пәлсапашы Қожа Ахмет Яссауи (1093 ж. ш., кейбір деректерде 1103, 1041, Сайрам (Исфиджаб) — 1166 ж. Түркістан (Иасы)) — түркі халықтарының, соның ішінде қазақ халқының, байырғы мәдениетінің......
Рахмади Жабықпаевтың ұлы Еркеғали 1930 жылдың 1 тамызында сол кездегі Семей облысының Шұбартау ауданындағы бұл күндері «Мәдениет» деп аталатын ауылында дүниеге келген. Ол 6-сыныптан бастап «Үлгі» колхозы мектебінің интернатына орналастырылады. Еркеғали оқуда алғыр болып өсті. 1948 жылдың.........
ӘбділдәТәжібаев — атақты ақын, көрнекті ғалым, танымал драматург, белгілі қоғам қайраткері. Қазақ әдебиетінің тарихында есімі алтын әріппен жазылар ірі суреткер. Шоқтықты тұлға. Ол, сонымен қатар, әдебиеттану, театртану саласында да көп бейнеттенген ілім иесі. «Өмір және поэзия» (1960), «Қазақ драматургиясының дамуы......