Сары бидай (Қазақ ауыз әдебиеті)

Біздің ауыл текшенің етегінде,
Ерте шықсам аулыңа жетемін бе?
Ақ тамақтан емінте бір иіскетсең,
Айналақтап аулыңнан кетемін бе?

Есіктің алды тал-қайың,
Басыңда тұрмас жаз дәйім.
Қалқатай еске түскенде,
“Сары бидай” әнін,
Сағынып сонда салғаным......
Өлеңдер
Толық

Қызыл бидай (Қазақ ауыз әдебиеті)

Қыз емес, қыздың аты – қызыл бидай,
Қыз үшін түнде жүрдім көңілін қимай,
Қалмады баста бөрік, белде белбеу,
Жеңгесін қызды ауылдың сыйлай-сыйлай.

Ақау айдай,
Қызыл бидай.
Болғанша жарың жаман,
О, шіркін, алсын Құдай!.....
Өлеңдер
Толық

Ақ бидай (Қазақ ауыз әдебиеті)

Жоғарыдан келеді бір топ тана, ақ бидай,
Бір топ тана су ішер ұрттап қана.

Игаужан, жан жан-ай,
Дәурен екі келмейді-ай.

Көп ішінде сағымды сындырмадың, ақ бидай,
Төсегіңде, бір топ бала.

Игаужан, жан жан-ай,
Дәурен екі келмейді-ай.....
Өлеңдер
Толық

Қазтуған Сүйінішұлы (Мадақ жыры)

Бұдырайған екі шекелі,
Мұздай үлкен көбелі,
Қары ұнымы сұлтандайын жүрісті,
Адырнасы шайы жібек окқа кірісті,
Айдаса – қойдың көсемі,
Сөйлесе – қызыл тілдің шешені,
Ұстаса -қашағанның ұзын құрығы,
Қалайылаған қасты.....
Өлеңдер
Толық

Биология | КАРА БИДАЙ

Көрнекті құралдар мен материалдар. Кара бидай өсімдігінің гербарийлері мен баулары. Дақыл масақтары, масақшалары және гүлдері, тұқымдануы, суреттері, плакаттары, слаидтар, түрлі түсті фотолар, талдау тақтайшасы, зертханалық таразы.
Әдістемелік нұсқаулар. Туыстығы 12 түрді біріктіреді, олардың ішінде көп тарағаны түрі. Қара бидайдың тамыр жүйесі шашақты, 1,5-2,0 м тереңдікке бойлайды. Сабағы 5-7 түйін аралықтарымен, куыс, биіктігі 1,5-2,0 м. Жапырақтары болады, бидайға қарағанда енді. Кейде жапырақ тақтасы түктермсн көмкерілген, тілшесі мен құлақшасы ерте кеуіп, түсіп қалады. Гүл шоғыры- масақ. Масақ білігі қыска мүшелерден тұрады. Мүшелердің кертпешінде бір-бірден масақша орналасқан. Масақша ею масақша қабығынан (қауызынан) және 2-3 гүлден тұрады Масақша қабықшалары ланцетті-біз пішінді, қысқа килі бар. Гүл екі қабықшалы. Сыртқы гүл қабықшасы қылтықты, ланцет тәрізді, жалаңаш, бес жүйкелі және кірпікті килі бар. Ішкі қабықша қоскилді, жоғары жағында кірпікті, аталығы үшеу, түйінінде қауырсынды аналык аузы бар.
Қара бидай айқас тозанданатын өсімдік. Дәні ұзыншна келген, бүйірлерінен қысыңқы, ұзына бойынан терең ойық өтеді. Дәннің түсі жасыл, сары, сүр немесе қоңыр. 1000 дәннің массасы 18-35 г.....
Рефераттар
Толық

Биология | Бидай өсіру

Жобаның мақсаты: егер де дымқыл дәнді сепсем, өскін неше күннен кейін шығады?
Жоба қалыптастыратын біліктіліктер:
өздігінен зерттеу жұмысын жүргізу, бақылау, ақпарат жинау.
Жобаның міндеті: білімге құштар болу, табиғатты бақылау, қорытынды жасау, өздігінен тәжірибе жасау дағдыларын қалыптастыру.
Жобаның мәселесі: дымқыл әлде құрғақ дәнді себу тиімді?
Шығармашылық жұмыстың жоспары: дәнді суға салып қою (бір тәулікке), топыраққа себу, мезгілінде су құю, күнде бақылау жүргізу, күнделікті толтыру.
Жобаның түрі: сарамандық – бағдарланған жоба.
Пәндік мазмұны жағынан: дербес жоба (Дүниетану).
Оқушылардың әрекеті бойынша: дербес жоба.
Ұзақтылығы: апталық жоба.
Жобаның қорытындысы: презентация..
Рефлексия: жұмыс барысында оқушының бойында пәнге қызығушылығы оянып, өздігінен тәжірибе жүргізу дағдылары қалыптасып, қосымша мәлімет жинастырылады, ой - өрісі дамиды......
Ғылыми жобалар
Толық

Биология | Жаздық бидайды өсіріп зерттеу орны.

КIPICПЕ
Тақырыптың маңыздылығы. Астық өндірісі саласын жеделдетіп дамыту еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолындағы мемлекеттік аграрлық саясаттың бірінші кезекті міндеттерінің бірі болып табылады[1]. Бiрақ, арал өңірінде жылдан жылға күшейген су тапшылығы болып, жаз айларында Сырдария өзені суы ауыл шаруашылығын суландыруға жеткіліксіз болып отыр. Болашақта бұл жағдай одан да ушығуы мүмкін. Сондықтан суды аз талап ететін, экономикалық түрғыдан тиімді дақылдарды өндіріске енгізу керек. Бұл жағынан алғанда бидай бағалы азықтық дақыл, оның биологиялық потенциалы жоғары [2,3].
Ерте жаздық дақыл - бидайды күріш ауыспалы егісіне енгізу, оны мелиоративтік және басқа танаптарда өсіру инженерлік дайындалған суармалы жерлер тиімділігін арттырады, суды үнемдейді, ауыспалы егіс танаптарынан түсетін жалпы дән өнімін көбейтеді [4-7].
Арал өңіріндегі күріш ауыспалы егісінде жаздық бидайдың егiс көлемі жылдан жылға ұлғайып келеді. Бірақ Орталық Азия мен Қазақстанның оңтүстік аймағындағы суармалы епншілік жағдайда (күріш, мақта, көкөніс ауыспалы егістерінде) өсірілген жаздық бидай дәнінде белок және клейковина мөлшері төмендейді.....
Курстық жұмыстар
Толық