Бүгін Астанада «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының басшылығы ірі xалықаралық компаниялар, инвесторлар мен банктердің 300-ге жуық өкілімен кездесу өткізді. Қордың Активтерді жекешелендіру департаментінің директоры Дәурен Тасмағамбетов 217 компания сатылатынын айтты, деп хабарлайды baq.kz.
Facebook желісінің қолданушыларының бірі, журналист Ерлібай Өзбекбайұлы танымал продюсер Баян Есентаеваны телеарналарға шығармауға шақырды деп хабарлайды nur.kz.
Кәсіпқой бокста Қазақстанның намысын абыроймен қорғап жүрген отандасымыз Қанат Ислам келесі кездесуін 17 ақпан күні Нюьарка қаласында өткізетін болды деп хабарлайды Massaget.kz.
Шымкенттік тұрғын Астанада жұмыс істеп жүрген кезін еске алып, бас қала туралы жағымсыз ойымен бөлісті. Елорданы «тоқалдар» қаласына теңеген ол бұл туралы пікірін NUR.KZ порталының өңірдегі тілшісіне айтып берді.
Иманғали Нұрғалиұлы Тасмағамбетов – мемлекет және қоғам қайраткері, белгілі саясаткер. Қазақстан Республикасының бесінші премьер-министрі болған және бірнеше министрлік пен облыс, қаланы басқарған адам. 1956 жылы қазіргі Атырау облысы, Махамбет ауданы, Новобогат ауылында туған. Мұғалім Иманғалиден… Иманғали Тасмағамбетовтің балалық шағы, оқыған мектебі туралы ақпарат ашық дереккөздерде аз кездеседі. Дегенмен, оның жиырма жасынан бергі өмірі көптің назарында. Иманғали Нұрғалиұлы 1979 жылы Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінен түлеп ұшқан. Мамандығы – география және биология пәнінің мұғалімі. Ең бірінші жұмыс орны – өзінің ауылындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектебі. Кейін сол Махамбет ауылындағы орта мектепте география және биология пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеген. Арада он жыл өте, 1989 жылы Иманғали Тасмағамбетов ұстаздығымен қатар, қоғамдық қызметте бас көрсете бастайды. Ең алдымен «лениншіл» жастардың жанынан табылады (Қазақстанның Лениншіл коммунистік одағы орталық аппаратының бірінші хатшысы қызметі). 1991 жылы тәуелсіз Қазақстанның жастар ісі жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасы болады.....
Батырдың балалық шағы Сағадат Нұрмағамбетов 1924 жылы қазіргі Ақмола облысы Ақкөл ауданы Қосым ауылында туған, үйдің кенжесі. Әкесі – Қожахмет, анасы – Айса, ағасы Сағит. Сағадат дүние есігін ашуға бір ай қалғанда әкесі Қожахмет өмірден озады. Айса жалғыз қалып, екі ұлын асырау үшін бар күшін салады. Алайда елiмiздi ашаршылық жайлаған 1932 жылы Сағит пен Сағадат отбасының тірегі болған аналарынан айырылып, тұл жетім қалады. Ол кезде Сағадат бар-жоғы 7 жаста еді. Сағадат үшін жалғыз ағасы Сағит әке де, шеше де болады. Бірақ сұм соғыс ағасын да көп ұзатпай майдан даласына алып кетеді. Ол ағасын жанындай жақсы көрген екен. "Ағам шымыр денелі, жұдырығы тоқпақтай, қой көзді, анама ұқсайтын еді", - дейді Сағадат Нұрмағамбетов. Алайда Ұлы Отан соғысына аттанған оның жалғыз ағасы Новгород түбiндегі шайқаста қаза табады. Отбасынан айырылған Сағадат Нұрмағамбетов ерте есейіп, жастайынан алғыр, өжет болып өседі. Туыс атасы Әлжан айтқан Қобыланды батыр, Алпамыс батыр туралы жыр-дастандарды сүйсіне тыңдайды....
Сейтімбет Үсіпхан Әбдікерімұлы - актер. 1960 ж. ОҚО Келес ауданы Игілік ауылында дүниеге келді. 1979 ж. Республикалық Эстрада-өнер студиясын бітіріп, Алматы облыстық филармониясына жұмысқа қабылданды. 1983 ж. Т. Жүргенов атындағы Театр және көркемсурет институтына оқуға түсті. 1986 ж. Желтоқсан оқиғасына қатысып, батырлық пен патриотизм үлгісін көрсетіп, жастар қарсылығын ұйымдастыруда белсенділік көрсеткені үшін 1987ж. екі жылға сотталып, 1989 ж. бостандыққа шықты. Осы жылы институттағы оқуын қайтадан жалғастырып, бітіріп шықты. 1990 ж. Ғ. Мүсірепов атындағы Жастар мен балалар театрының актерлік құрамына қабылданып, С. Балғабаевтың «Ең әдемі келіншегінде» Абдолла, «Қыз жиырмаға толғанда» драмасында Есімсейіт, Д. Исабековтің «Анасын аңсаған қызында» Смат, т.б. біраз роль орындады.....
Айжан Нұрмағамбетова Қостанай облысы Саркөл ауданында 7.6.1956 жылы дүниеге келген өте ширақ, шалқыған ақ көңілді жан. Оның әкесі Қабдуғали Нұрмағамбетов жоғары білімді ауылшаруашылық институтында алған. Кейінірек Алматының жоғарғы партия мектебін бітірген соң, автомобильдер жолдары министрлігінде, білім қоғамында қызмет істеді. Алматы қаласының Октябрь аудандық атқару комитетінің социалдық қамтамасыз ету бөлімін басқарды. Айжанның анасы Сапаева Сара Мұхаммедқызы екі қыз, екі ұлды тәрбиелеп өсірді. Ол Алматының Темір жол институтының есеп факультетін тәмамдап, Мемлекеттік баспа комитетінде бас экономист, есепші қызметін атқарғанды. Нұрмағанбетовтердің тұңғышы — Айжан Нұрмағамбетова. Ол екі жоғары оқу орнын бітірді (филолог және заңгер). Айжан бірде қыраттан жүгіріп төмен түскен кезде қалың қарға иегіне дейін батып, одан әрең дегенде шығып, өкпесіне салқын тигізіп алады. Осы оқиғамен қатар оның есінде өзі ауыз суды қыс күндері өзеннің мұзын ойып алып, үйге қапшыққа салып алып келіп, қазан астына от жағып ерітетіндігі қалыпты. Ол кезде газ жоқ-тұғын.....
Әділбек Сәбитұлы Ниязымбетов (19 мамыр 1989 жылы Нүкіс қаласы, Қарақалпақстан, Өзбекстан) — боксшы, Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері, Құрмет орденінің иегері (2012), Бакуде өткен әуесқой бокстан әлем чемпионатының күміс жүлдегері. Жартылай ауыр салмақта (81 келіде) 2012 жылғы Лондонда өткен Жазғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері. Жартылай ауыр салмақта (81 келіде) 2016 жылғы Рио-де-Жанейрода өткен Жазғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері. Өмірбаяны Әділбек алғаш рет 2007 жылдың жазында Алматы қаласында өткен жастар арасындағы Азия чемпионатын ұтқан. 2008 жылы Тараз қаласында өткен ересектер арасындағы 69 келі салмақ дәрежесінде Қазақстан чемпионатын жеңіп алды. Ол кезде Әділбек бар болғаны 18 жаста болатын. Ал 2009 жылы Қостанай қаласында өткен Қазақстан чемпионатында осы жетістігін қайталап, екі дүркін ел чемпионы атанды. Бірақ ҚР құрамасы сапында 2009 жылдың жазында Вьетнамда өткен Азия чемпионатында алғашқы кездесуде ұтылып, сәтсіздікке ұшырады. Сол себепті Әділбекті құраманың бас бапкері Дамир Буданбеков Миланда өткен әлем чемпионатына алмай тастап кетті. Сол кезден бастап Әділбектің боксында тығырық кезеңі басталды. Ол 2010 жылы Астана қаласында өткен ҚР чемпионатында 1/4 финалда Данабек Сужановқа 2:3 есебімен есе жіберсе, 2011 жылы ақпан айында Алматыда өткен ҚРЧ 1/4 финалда Асхат Жақыпбековке 1:3 есебімен ұтылып қалды.....