Қанат Исламның келесі кездесуі қашан өтетіні белгілі болды
Кәсіпқой бокста Қазақстанның намысын абыроймен қорғап жүрген отандасымыз Қанат Ислам келесі кездесуін 17 ақпан күні Нюьарка қаласында өткізетін болды деп хабарлайды Massaget.kz.
Бұл туралы vesti.kz тілшісіне «Nelsons Promotion» промоутерлік компаниясының Қазақстандағы өкілі Нұрғазы Ісмағамбетов айтты.
"Қанат Ислам кәсіпқой бокстағы келесі кездесуін 17-ақпан күні Нью-Джерси штатындағы Ньюарка қаласында өтеді. Рой Джонстың қатысуымен өтетін бокс кешінде Ислам 10 раундтық жекпе-жек өткізеді. Бірақ, бұл кеште Қанат чемпиондық атағын қорғамайды. Отандасымыз чемпиондық атағын тек Қазақстанда қорғаймын деп отыр. Қарсыласының кім болатынын алдағы уақытта хабарлаймыз. Қанат Ислам қазір АҚШ-та. Нельсон Лопездің қол астында жаттығу жұмыстарына кірісіп кетті", - дейді Ісмағамбетов.
Айта кетейік, бұған дейін америкалық басылымдарда Қанат Исламның келесі кездесуін Сауль Альвареспен өткізуі мүмкін деген қауесет шыққан еді. Бірақ мұндай ақпаратты ресейлік бокс маманы Александр Беленький өтірік деп айтса, ал оның әріптесі Григорий Стангрит аталған жекпе-жектің өтуі мүмкін екенін айтқан болатын.
Қанат Ислам кәсіпқой бокстағы өзінің соңғы жекпе-жегін 29 қазан күні Алматыда өткізіп, төрешілердің шешімі бойынша ганалық Патрик Аллотейден басым түскен еді.

Қарап көріңіз 👇
kz | Жаңалықтар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: Қанат, Ислам, келесі, кездесуін, жекпе, ақпан, қаласында, Massaget, Бірақ, чемпиондық, кәсіпқой, бокстағы, Ісмағамбетов, мүмкін, атағын, хабарлайды, болды, бокста, Кәсіпқой, абыроймен, Қанат Ислам