"КешYOU" тобында өнер көрсетіп, кейін Дәурен Айдарқұловқа тұрмысқа шығып танылған Ақбота Сейітмағамбет желіде әсерлі жазба жариялады. Белгілі актермен жақында ғана ресми түрде ажырасқан әнші бұрынғы қарым-қатынасында жіберген қателіктері мен үлкен өкініші туралы жан сырын ақтарды деп жазады nur.kz.
Пән: Жаратылыстану Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Ғалам. Жер. Адам Сабақ тақырыбы: Жер бетін бейнелеу тәсілдері Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 6.2.5.3 масштабты пайдаланып, арақашықтықты есептеу 6.2.5.4 географиялық координаталарды анықтау Сабақ мақсаттары: Оқушы: • Масштаб ұғымын және оның түрлерін білу; • Масштабты пайдаланып, арақашықтықты есептеу; • Географиялық координаталар, географиялық ендік және бойлық ұғымдарын білу; • Географиялық координаталарды анықтау......
Баяғыда аңшылықпен күн көрген бір адам болған екен. Бір күні аңға шықса, алдынан бір буаз киік ұшырайды. Оны атып, алып төс етін кесіп, отқа қақтайды да аузына апара бергенде, «Әйт»,—дейді. Арт жағынан біреу, қараса, манағы киігі, «Менің жәйімді Орманбет биден сұра»,—деп секіріп-секіріп жоқ болады.
Аңшы енді сол Орманбет биді іздеп табуға бел байлайды. Ол ұзақ жол жүріп Орманбет бидің аулын табады, бірақ, Орманбет би үйінде болмайды, қаңыраған үйі ғана тұрады.
Аңшы сұрастырып білсе, Орманбет бидің басқа бір жерде ашына әйелі болады екен. Ол соған кетеді де өз әйелі оны қуып кетеді.
Аңшы жігіт о да Орманбет бидің соңынан іздеп бармақшы болады. Ақыры Орманбет бидің жаңа отауын табады. Отауға кіріп барса, бір әйел тұрыпты да: «Сен Орманбет биді іздейсің ғой»,—деп бір жүгенді қағып қалып: «Қаратөбет бол»,—деген екен, әлгі аңшы ит болып шаба жоғалыпты, бірақ, санасы өзгермейді. Содан қаңғырып жүріп, бай ауылға ұшырайды. Мал сойылып қан-жын болған жерде, ол ауыл иттерінің бәрін жеңіп, маңнан қуатын болыпты. Ол үйдің әйелі жыл сайын бала тапса да, үш күн тұрғансын өле береді екен, итті үйіне әкелген күні де ұл бала табады....
Пән: Дүниетану Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Қоршаған орта Сабақ тақырыбы: Жер бетінің табиғи нысандары Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу): 2.2.3.1 Ірі табиғи нысандардың (тау, жазық, көлдер мен өзендер) шаруашылық маңызын анықтау Сабақ мақсаттары: Жер бедерімен танысу, олардың шаруашылыққа маңызын анықтау......
Пән: Биология Ұзақмерзімді жоспар бөлімі: Көбею Сабақ тақырыбы: Екінші реттік жыныстық бетілу белгілері. Қыз балдар мен ер балдардың жыныстық жетілуі Оқыту мақсаты: 9.2.1.2 екінші реттік жыныстық белгілердің дамуын сипаттау Сабақ мақсаты: екінші реттік жыныстық белгілердің дамуын сипаттау.....
Пән: Қазақстан тарихы Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 9.3 А. Қазақстан тоталитарлық жүйенің нығаюы кезеңінде Сабақ тақырыбы: Неліктен ұжымдастыру саясаты «ұлы нәубетке» әкеліп соқтырды ? Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 9.4.1.2. күштеп ұжымдастыру саясатының ауыл шаруашылығына тигізген зардаптарын талдау; 9.1.1.1.демографиялық өзгерістердің себептері мен салдарын анықтау; Сабақ мақсаттары: кеңестік ұжымдастыру саясатының ауыл шаруашылығына тигізген зардаптары мен демографиялық өзгерістерді талдайды.....
Биссимилла сөздің басына, Ағайын келді қасыма. Бір күнгідей болмаған, Дүние деген осы ма?! Көңілден қайғы босатсам, Келер ме көздің жасына?! Жыламай нағып шыдайын, Кешегі өткен асылға?! Асылым түсті қолымнан, Қанатым сынды оңымнан. Құдай қосқан жайсаңым, Адастырып жолымнан. Отыз төртке келгенде, Ұядан ұшты алғаным, Дүниенің білдім жалғанын.....
Отаным, еркелегем өзге кімге, Өзіңмен нені болсын көргем бірге... Қалайша қабырғама батпас менің Басыңа қатер бұлты төнген күнде? Ғ.Орманов. «Отан отбасынан басталады» деген сөзде терең мағына жатыр. Себебі Отан мен ана деген егіз ұғым - адам өміріндегі ең басты қасиетті сөздер. Өз Отанына қызмет еткен, топырағынан қуат алып, асқақ армандарына құлаш созған ата-бабаларымыз дархан даланы келешек ұрпаққа мұра қылып қалдырған.Алып қазақ сахарасын көздің қарашығындай қорғап, оны шексіз сүю- әр қазақтың міндеті және азаматтық борышы. Өйткені Отан деген тек өскен жерің ғана емес, ол-күнделікті отбасы, ошақ қасың, ауасын жұтып, суын ішіп, байлығын игілігіне жаратып, отырған кең-байтақ жерің, құрбықұрдастарың, ата-анаң, өмір сүріп жатқан туған елің. Қойнауы қазынаға, өрісі малға толы ырысты атамекенді қорғау, амандығын тілеу, ел болашағына жауаппен қарау, әрбір елім деген азаматтың перзенттік борышы. Әр адам баласына туған күнінен жақын ең қымбат жан ана болса, есейген сайын «Отан, туған жер» деген ұғымдардың мәніне терең бойлап, үңіле бастайсың. Оны түсінген сайын, Отанның маңыздылығын сезінеді екенсің. Отанға деген ыстық сезімді өмір бойы адамдар жүрегінің бір түкпірінде сақтап жүреді.....
Адамзат тарихында Жеңістер көп. Бірақ солардың ішінде мән-маңызы жөнінен шоқтығы биік –Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс. Адамзат тарихындағы ең сұмдық соғыстың болып өткеніне 71 жыл толды.Бірақ ұлы жеңістің ұмытылмайтыны сияқты, соғыс та ұмытылмастай ізін қалдырды.Жеңіс күні - бұл сан мыңдаған ұрпақ үшін ортақ мереке. Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін тарихта мәңгілік қалатын күн. Бұл күнді соғыстың алғы шептерінде қарсылықпен шайқас жүргізіп, ерліктің сан үлгісін көрсеткен ардагерлер тойлайды. Бұл мейрамды өздерінің тылдағы қажырлы еңбегімен жеңісті шыңдаған, станоктың қасынан, егін даласында, күні-түні мал бағып, тынымсыз жұмыс істеген жұмысшылар, ауыл адамдары тойлайды. Бұл мейрамды біздің аяулы апаларымыз-өздерінің әкелерін, ерлерін, ұлдарын және сүйіктілерін көзінен жасы сорғалай жүріп төзімділікпен күткен, олардың орнын жоқтатпаған аналар мен жұбайлар, қалыңдықтар мен қыздар тойлайды.Бұл мейрамды жеңістің құрдастары тойлайды. Ұлы жеңіс елі мен жері үшін жанын пида еткен, туған-туысқандарына, жақын-жарандарына, туған жеріне, ауылына оралмай қалған қаһарман ерлерді бүкіл ел болып еске түсіреді....