Педагогика | Орта мектептердегі 9-шы сынып оқушыларына экологиялық білім мен тәрбие беру

КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейкестілігі: Қазақстан мектебінің алдына қойып отырған мақсаты – оқу мен тәрбие жұмысын дамыту, еліміздің әлеуметтік – экономикалық жағдайын жақсарту бағытында оқушыларға жүйелі, нақты білім беру.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологиясы мен инновациялық әдіс – тәсілдерді енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» – деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттерін көздейді [1]. Бұл міндеттерді шешу мұғалімнің ізденісіне байланысты. Осы күні Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық үлгісі қалыптасуда. Бұл процесс білім берудің жаңа парадигмасын туғызды.
Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл - ауқатының артуын қамтамасыз ету мақсатымен, Президентіміз Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан - 2030» жолдауында адамдардың денсаулығын жақсарту, ауруларды болдырмау және салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін экологиялық проблемаларды шешу қажеттігі атап айтылған. Онда: «Экологиялық нашар ахуал бүгінде адам өлімінің 20 % - ға артуына себеп болып отыр, ал кейбір аймақтарда жағдай мұнан да қиын, отандастарымыздың үштен бірі сапасыз ауыз суды пайдаланады. Жеткілікті және дұрыс тамақтанбау да теріс демографиялық салдарға әкеліп соғады» - деді [2].
Экологиялық дағдарыстың неғұрлым қауіпті көріністері - аймақтық техногендік шөлейттену, топырақтың тозуы, су ресурстарының тартылуы, атмосфераның ластануы, озон қабатының жұқаруы, қышқыл жауынның пайда болуы, ормандардың селдіреуі, тіршілікке қатер төндіретін дүлей табиғи құбылыстар мен өнеркәсіп апаттардың белең алып және улы қалдықтардың қолданылуы қоршаған ортаға зиянын тигізуде. Қазіргі кезде табиғат пен адам арасындағы қарым - қатынасты дұрыс жолға қойып табиғат байлықтарын көздің қарашығындай сақтап, оны тиімді пайдалану керек. Табиғаттың осындай күйге ұшырап, еліміздің көптеген жерлерінің апат аймағына айналуының бір себебі – экологиялық білім мен тәрбиенің төменгі дәрежеде болуынан.
Сондықтан жас ұрпаққа экологиялық білім мен тәрбие беру бүгінгі күн тәртібіндегі бірден – бір қажетті кезек күттірмес екендігі 1991 жылғы «Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептері тұжырымдамасында», «Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылға арналған экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасында» (2003ж.) және Ата заңымызға негізделіп жасалған ҚР «Білім туралы» заңдарда көрсетілген. [7,8,9,10].
Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Конституциясының 6-шы бабы жер және оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар мемлекеттің меншігі екендігін, олардың мемлекет қорғауында болатындығын мәлімдейді, ал Конституцияның 38-шы бабы Қазақстан Республикасының азаматтарына табиғатты сақтауға және табиғат байлықтарын ұқыпты қарауға міндеттейді. «Қоршаған ортаны қорғау туралы» заңы 1997 жылдың 15-ші шілдесінде қабылданды. 19 тарау, 89 баптан тұратын заңның 15 - тарауында мынадай қағидалар көрсетілген:
1. Экологиялық білім мен тәрбие берудің жалпыға бірдейлігі және үздіксіз жүргізілуі;
2. Оқу орындарының білім беру бағдарына және меншік нысанасына қарамастан, оларға экологиялық пәндерді міндетті түрде оқытудың көзделуі;
3. Лауазымды адамдар мен мамандардың қажетті экологиялық даярлығы болуға және олар қоршаған ортаны қорғау туралы заңдар негіздерін білуге міндеттілігі;
4. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы ғылыми зерттеулер мемлекет тарапынан қолдау табатындығы айтылған. 73-бабы «Экологиялық тәрбие мен білім берудің жалпыға бірдей және үздіксіз жүргізілуі» деп аталады. 74-бап оқу орындарында «Экологиялық білім берудің» мәселесіне, 75-бап «Қоршаған ортаны қорғау» саласында зерттеулердің мәселелеріне арналған. Осылармен қатар 1995 жылдың Республикамыздың қабылданған Конституциясында – табиғат байлықтарын қорғау, көбейту және тиімді пайдалану керек екендігі көрсетілген (6,38 баптар) [11].....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Психология | Психологиялық кеңес беру психокоррекция жұмыстарын ұйымдастыру

КІРІСПЕ
Білім беру жүйесіндегі психологиялық қызмет алғашқы кезде балалар үйінде және жетімдерге арналған мектеп-интернаттарда тәрбиеленетін балалрға психологиялық көмек көрсетуден басталған. Өйткені өкімет үйлерінде тәрбиеленушілер ата-ананың мейріміне бөлене алмағандықтан оларда эмоционалдык депривация кеңінен орын алады. Балаларды осы жетімсіреу жағдайынан шығаруға көмек көрсететін адам бұл мекемелерде өте қажет екені анық. Сондықтан психологиялық қызметті ұйымдастырудың бастапқы кезеңінде балалар үйлерінде қызмет аткаратын психологтар даярлауға үлкен көңіл бөлінді. Осындай тәрбие орындарында балаларға психологиялық қызмет көрсетудің максаты мен мазмұнын анықтаған ғалымдар А.Г.Асмолов, А.А.Бодалев, Ф.Е.Василюк, Б.А.Вяткин, А.В.Забрамная, И.В.Дубровина, Ю.М.Забродин, В.А.Иванников, Ю.С.Сыэрд, У.В.Ульенкова т.б. Осы мекемелерде өсіп, оқитын балаларға психологиялық қызмет көрсетуге негіз ретінде зерттеушілер мектеп-интернаттардың оқу-тәрбие жұмыстарына тән ерекшеліктерін көрсеткен. Сонымен қатар психокоррекция отбасындағы қарым-қатынастың бұзылуымен байланысты, кәсіби қызмет атқаратын жерлерге адаптациядан өту т.с.с. мәселелерді шешуге ықпал жасау құралы ретінде де пайдаланылады.
Психологияны адамдар өмір тәжірибесіне енгізу нәтижесінде оның көптеген жетістіктерін пайдаланып адамдардың алдында тұрған қиын мәселелерді шешуге ықпал жасауға мүмкіндік туды. Қазіргі кезде психологиялық кеңес беру және психокоррекция жүргізу әдістері тек балалар үйінде ғана емес, барлық білім беру мекемелерінде кеңінен пайдаланылатын қызмет болып келе жатыр. Психологиялык кеңес беру терминін пайдалану және кеңес беру тәжірибесін ұйымдастыру формалары алуан түрлі болғандықтан, психологиялық қызметтің бұл түрін қолдану аймағын бір жақты көрсету қиын. Сонымен, психологиялық білім қолданылатын кез келген салада кеңес беру психологиялық қызметті ұйымдастыру формаларының бірі ретінде қолданады.
Психологтың кеңес беру және психокоррекция жасау жұмысының технологиясы мен мазмұны әлі толық анықталмаған. Олардың үлгісін жасағандар А.А.Бодалев, А.В.Забрамная психологиялық қасиеттердің бұзылуымен байланысты жүргізілетін коррекциялардың негізін анықтап, пайдаланылатын әдіс-тәсілдер үлгілерін жинақтаған. Сонымен қатар И.В.Дубровинана мен Л.И.Прихожан жасаған «Положение о школьной психологической службе» деген еңбектерінде жалпы білім беретін мектепте психикасы және әлеуметтік жағдайы нормадағы балалармен жүргізетін псхологиялық кеңес беру және интеллектуалдық қабілетін жоғарылату үшін психокоррекцияны ұйымдастыру жолдарын көрсеткен.
Мектеп психологиялық қызметі арқылы балалардың психологиялық проблемаларын шешу жолдарының бірі – психологиялық кеңес беру және психокоррекцияны ұйымдастыру болғандықтан осы мәселені жан-жақты зерттеу үшін дипломдық зерттеу тақырыбын: «Психологиялық кеңес беру психокоррекция жұмыстарын ұйымдастыру» деп анықтадық.
Зерттеу объектісі: білім беру жүйесіндегі психологиялық қызмет.
Зерттеу пәні: мектеп психологиялық қызметінің мазмұны.
Зерттеу мақсаты: мектеп психологі жұмысындағы кеңес беру мен түзету-дамыту жұмыстарының ерекшеліктеріне сүйене отырып оны жүргізу әдіс-тәсілдерін пайдалану жолдарын анықтау.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Педагогика | Экологиялық білім және тәрбие беру

КІРІСПЕ
Көпке дейін бізде табиғат қана қорғауды қажет етеді, ал оның адамға қатыс жоқ деген түсінік алып келеді. Адам тағдырына қалай болса солай қарау ауыр зардаптарға соқтырды. Қазіргі кезде мемлекет табиғаты, биосфераны қоғау ісін адамның өмірі мен тіршілік ортасын, қоғамның игілігін қорғау деп қарастырды.
Адамның бүкіл өмірі – бұл оның табиғатпен және қоғаммен жанасуы, өзара әрекеттесуі. Адам табиғаттан тыс өмір сүре алмайды. Ол өзінің еңбегімен табиғаттың құрамды бөліктерін (жер, су, өсімдік, пайдалы қазбалар) өзінің қажетін, түрлі мұқтажын қанағаттандыруға бейімдейді. Адам айналадағы ортаны өзгерте отырып, өзі де осы өзгерген табиғаттың әсеріне ұшырайды.
Қазіргі кезде қоғам мен табиғаттың өзара әрекеттесуінің кең көлемде жүретіні соншалық, мұның өзі бүкіл дүниежүзілік көлемде экологиялық проблема тудырды. Бұл проблема қоғам өмірін индустрияландыру мен урбандалу нәтижесінде айналадағы ортаның ластауына, энергетика мен шикізат қорының азаюына, табиғи экологиялық баланстың (биосфераның ішкі өзін-өзі реттеу механизмінің) бұзылуына, адамның шаруашылық әрекетінің қалдықтарымен табиғаттың ластануының нәтижесі ретіндегі энергетикалық зиянды зардаптарға байланысты.
Ғылыми-техникалық прогресс дәуірінде адам құдыреті күшке айналды. Ол тауларды бұзып, өзен арнасын өзгертіп, жаңа көл, теңіз жасап, байтақ шөлдерді жасыл желекті мәдени алқапқа айналдыра алады.
Бір сөзбен айтқанда, ол табиғатты түбегейлі қайта құруға қабілетті.
Алайда қазіргі кезде адамзат өзінің табиғатқа үстемдігін ойсыз пайдаланудың табиғатқа шексіз араласа беруден бас тартуы қажеттігі, өзінің шаруашылық әрекетінен тууы мүмкін зиянды зардаптарды есепке алмай, оны қайта түрлендіруге болмайтындығы айқын көрініп отыр.
Адам қоғамының прогресі индустрияның дамуын қажет етеді. Индустрия дамыған сайын өнеркәсіп қалдықтары көбейе түседі. Қазіргі кезде айналамыздағы бүкіл табиғат - ауа, су, топырақ бәрі де белгілі дәрежеде ластанған.
Ағзалар мен айналадағы орта арасындағы күрделі байланыстардың бүкіл жиынтығын зерттеу экология пәнінің міндеті болып табылады.
Табиғи ортаның ластануы мен өзгеруінің аса күрделі проблемаларын ғылым мен техниканың әр алуан салаларының білікті мамандары шешеді. Алайда біздің әрқайсысымыз қазірдің өзінде-ақ табиғаттың күрделі құрылысы мен тіршілігі және оның жай-күйіне жауапкершілігіміз туралы міндеттіміз.
Экология - тірі организмдердің айналадағы ортамен қарым-қатынасы. Әрбір адам машинаны өзенде жуу, орман-тоғайда қоқыс, егістікке тыңайтқыш үйіндісін қалдыру – табиғат алдындағы қылмыс екенін санасына сіңіруі тиіс.
Айналадағы ортаны сақтауға әрбір адам белсене қатысуға міндетті.
Табиғат әкімшілік, мемлекеттік шекара дегенді мойындамайды. Климаттың, өзен көлдердегі судың сапалық өзгерістері әлемдік проблемалар тудырады.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Педагогика | 12 жылдық білім беруге бейімдеудің психологиялық - педагогикалық шарттары

КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі: Қазақстан Республикасының егемендік алып, дербес мемлекет болуына байланысты қоғам өмірін ізгілендіру мен өскелең ұрпаққа білім беруді реформалау мәселесі туындады.
Мамандардың пікірінше , бүгінгі мектеп түлектері жаңа өндірістік және экономикалық қатынастарға енуге даяр, бәсекелік қабілетті, кәсіптік икемділік пен бейімділік, ауқымды политехникалық біліктілік сияқты тұлғалық қасиеттерге толық ие болуы қажет.
ХХI ғасырда еліміздің білім беру жүйесіндегі жалпы және орта 12 жылдық білім беру жүйесінің негізілуі уақыт талабы болып отыр .Осының негізінде мектептердегі білім беру жүйебін 12 жылға ұзартуды таза психологиялық – физиологиялық жағынан алғанда құптау керек .
Елімізде осы мәселені қарастырып жүргендер : Г.Қ.Айқынбаева , М.Садықов , Н.В.Власова , С.Б.Тайманова , С.Д.Мұқанова , Ә.Дүйсебек , А.А.Семченко , М.Ж.Жадрина , Н.А.Заграничная , Ү.Б. Жексенбаева
Нарықтық қатынастарды нығайтумен, меншіктің алуан түрлілігін , еңбек тиімділігін дамытумен байланысты Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік – экономикалық қайта құрулар білім беру жүйесіне, мектептік білім беруге талаптарды түбірімен өзгертті.
Осыған орай қоғам өмірінің жаңа сапалық негізін құрайтын , елдің экономикалық қуаты мен ұлттық қауіпсіздігінің аса маңызды факторлары әрі базасы болып табылатын қазіргі білім беру жүйесінің ролі мен мәні арта түседі.
Зерттеу жұмысының әдіснамалық және теориялық негізіне педагогика , психология ғылымдарының жеке тұлғаны қалыптастыру , білім беру , тәрбиелеу туралы ілімдері , теория мен тәжірибе арасындағы байланыстар туралы қағидалары алынды .
Зерттеу көздері.Қазақстан Республикасында қабылданған ресми құжаттар ,( Қазақстан Республикасының Конституциясы , Білім туралы Заң ),сонымен қатар 12 жылдық жалпы орта білім беру Тұжырымдамасы , ғалымдардың , педагогтардың осы жүйе туралы зерттеулері , еңбектері .
Зерттеудің нысаны:12 жылдық білім беру мекемесі.
Зерттеудің пәні:12 жылдық білім беруге педагогикалық-
психологиялық бейімдеу процесі.
Зерттеудің мақсаты:12 жылдық білім беруге
педагогикалық-психологиялық
бейімдеу бағыттарын айқындау.
Зертеудің міндеттері:
- 12 жылдық білім берудегі бағалаудың ұлттық жүйесін практикаға енгізуге
бейімдеу
- Әлемдік білім кеңістігіне ықпалдасу.
- Білім алушылардың еңбек рыногындағыбәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз
ету үшін дағдылар алуына жағдай жасау.
Зерттеудің ғылыми болжамы:егер де жалпы орта білім берудің тәлім – тәрбиелік мүмкіндіктері мен мазмұны ғылыми педагогикалық тұрғыдан негізделсе , 12 жылдық білім берудің педагогикалық – психологиялық бейімдеу жұмыстары дұрыс ұйымдастырылса осы білім беру жүйесін енгізуде атқарылған жұмыстардың нәтижелілігі арта түсер еді.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Психология | Білім беру жүйесіндегі гендерлік тәрбие берудің психологиялық ерекшеліктері

КІРІСПЕ
Қазіргі замандағы қоғамда болып жатқан түрлі өзгерістер тұлғалардың гендерлік сипаттамаларын өзгертуде. Бұрын әдетті болған дәстүрлі еркектік қасиеттер мен әйелдік қасиеттердің өзгеріп, аралас типтегі андрогинді тұлғалардың қалыптасуы орын алуда. Бұл қазіргі заман талаптарына, адамның тіршілік әрекетінің өзгеруіне байланысты еркектерде феминдік қасиеттер мен әйелдерде маскулиндік қасиеттердің байқалуынан көрініс табады.
Ең алғаш гендер теориясы осыдан отыз жылдан астам уақыт бұрын әлеуметтік ғылымдарда пайда болған. Оның ең басты зерттеу мәселелерінің бірі - гендер және жыныс түсініктерінің айырмашылығы. Жыныс - адамның биологиялық, физиологиялық құрылысын білдіреді. Гендер дегеніміз - әйелдер мен еркектердің әлеуметтік рольдерінің арасындағы айырмашылықтарды және ортаның адамдардың биологиялық және жыныстарының негізінде қойған ұйғарымдарынан туған қылықтар мен эмоционалдық мінездемелерінің арасындағы айырмашылықтарды білдіреді. Гендер - ерлер мен әйелдердің мінез-құлқын сондай-ақ олардың арасындағы әлеуметтік өзара қарым-қытыеасты айқындайтын, олардың әлеуметтік психологиялық және мәдени нормалары мен рольдерінің жиынтығы. GENDER сөзі ағылшын тілінен аударғанда жыныс (еркек, әйел) дегенді білдіреді.
Гендерлік айырмашылықтардың негіздемелерінде иерархия жағы, оның түсіндіруі бойынша, маскулиндік, яғни, еркектік басымдық, ал феминдік, яғни, әйелдік бағыныштылық деп берілген. Нәтижесінде, әйелдер де, еркектер де гендерлік таптаурындардың (стереотиптердің) және мөлшер жүйесінің «құрбаны» болып қалады. Гендерлік зерттеулер мемлекет, жанұя, білім беру жүйесі, еңбекті қоғамдық бөлу механизмі, бұқаралық ақпарат құралы сияқты «салттық» рольдер мен мәдениеттік мөлшерді псиологиялық көзқарасты қалыптастыратын қоғамдық институттарды зерттеуге мүмкіндік береді. Білім беру жүйесіндегі саясатты әзірлеу барысында гендерлік тәсілдемені пайдалану гендерлік теңдік принциптерін ескеретін бағдарламалар саясатты және психологиялық білім беру жүйесін әзірлеуге мүмкіндік береді.
Шетелдік психологтардың тәрбие жөніндегі әдебиет талдауы гендерді зерттеуде жас ерекшелік сипаттамаларды ескеру қажет екенін көрсетеді. Оқушылардың жас ерекшелік сипаттамаларының тұрғысында гендерлік білім беруді оқушылардың, студенттердің, ересектердің білім алуы ретінде қарастыруға болиды. Оқушылардың гендерлік сауаттандырылуы олардың әлеуметтену мәселелерін жүзеге асыруға көмектесуге бағытталған. Баланың ұл бала немесе қыз бала ретінде өзін-өзі сәйкестендіруі, демек, осылайша нақты әлеуметтік рольді қабылдауы оның негізгі бөлігі болып табылады. Студенттерге гендерлік білім беру мәселесі жастардың ересектік өмірге аяқ басуда кездесетін гендерлік таптауырындарды түсіндіруде және сол таптауырындарды жеңудің құралдарын бірігіп іздестіруде. Ересек адамдар білім беру қорған әлемде жүріп жатқан өзгерістерге ыңғайлануға және туындап отырған қиыншылықтармен күресуге көмектесіп, адаптациялық сипатқа ие.
Көп елдерде гендерлік білім беру жүйесі гендерлік теңдік мәселесіне ерекше көңіл бөледі, соның ықпалымен жыныстық белгілеріне және гендер жайында білім тарату мүмкіндіктеріне қарсы бағыттылған кемісітушулікті жою сияқты істерде үлкен нәтижеге жетті. Бұл тәсіл гендерлік принциптерін барлық білім беру жүйесі бағдарламалармен саясаттарды пайдалануға мүмкіндік береді. Жоғарыда аталғандарды зерделей келе, біздің ұсынып отырған зерттеу жұмысымыз дер кезінде оырындалып отырған көкейкесті мәселе екендігі күмән тудырмайды.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Педагогика | Жасөспірімдерге эстетикалық тәрбие берудің мәселелері

КІРІСПЕ
Тақырыптың көкейкестілігі.
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында. Мектепте білім берудің мақсаты - ... жеке тұлғаның сапалы терең білім алуға деген мүдделерін қанағаттандыру, әрбір адамға оқытудың мазмұнын таңдауға кеңінен мүмкіндік беру деп көрсетілген.
Педагог ғалымдардың еңбектерінің негізі идеяларына сүйене отырып, қазақ қолданбаны өнердегі кеңістік пен уақыт ұғымдарының эстетикалық тәрбиедегі көрінісіне, соның негізінде эстетикалық тәрбие беру, мүмкіндіктеріне мазмұнды сипаттама беруге болады.
Эстетикалық тәрбие беру мүмкіндіктері адамның эстетикалық көзқарас, сезім, таным, қабылдау, баға беру, белсенділік қасиеттерінің жиынтығын құрайды.
Алдымен қазақ қолданбалы өнері эстетикалық көзқарасты тәрбиелейді. Адамның өмірге эстетикалық көзқарасы оның өмірі мен қызметінің барлық сапасынан көрінеді. Эстетикалық талғамы биік, сезімтал адам, еңбектегі әдемілікті, табиғаттағы сұлулықты, өнердегі әсемдікті танып, оны сүйе, қастерлей білетін болады. Ол туралы В.Белинский былай деп жазған: "Әдемілікті сезіну - адамгершілік қасиеттің шарты. Тек осы сезім төңірегінде ғана ақыл-парасат болуы мүмкін". Эстетикалық сезім - жақсылықтың негізі. Яғни эстетикалық көзқарасты тәрбиелеу - ұлттық өнерге мұқият зейін салуды талап етумен қатар балалардың ақыл-ойын, дүниетанымын дамытады.
Эстетикалық тәрбие беруде көзқарас пен таңым ынтымақтыққа, бірлікке, адамгершілікке, шыншылдыққа, патриоттыққа, мейірімділікке, тәрбиелейді.
Бүгшде мектептерде бастауыш және жоғары сынып оқушыларының ақыл-ойы сана-сезімін жетілдіруде эстетикалық тәрбие берудің мүмкіндігін ерекшелей келе, ұстаздардың кәсіби даярлығына ерекше талаптар қойып, оның психологиялық және педагогикалық жолдарын зерттеуді алға қоя отырып диплом жұмысының тақырыбына арқау болатын актуалды, көкейкестілігін анықтауды жөнкөрдік.
Эстетикалық тәрбие тек қана көркемдік деңгейді жетілдіру, оқыған кітіп, көрген кинолар мен музыкалық шығармалар санын көбейту ғана емес. Ең бастысы, адамгершілік, этетикалық сезімді, жеке бастың рухани деңгейін кеңейту, мінез – құлқын түзету, әсемдікті түсіне білу. Егер оқушы өзін жаман әдеттен алшақ ұстап, өз әрекеттерінің әдемілігін, қажеттігін түсініп, еңбек нәтижесінен көркемдікті сезіне білсе, бұл оның эстетикалық талғамының, сонымен қатар адамгершілік қасиеттерінің жоғарв жетіле бастағанын көрсетеді.
Мектепте оқушлар мен оқытушылар, тарбиеленушілер арасындағы, кіші және ересек оқушылар арасындагы таза адамгершілік қатынастардан өзіндік эстетиканы байқауға болады. Қатынас кезінде олар өзара түсінушілікке дағдыланады, ортақ тіл табысады, өмірге өздерінің көзқарастарын қалыптастырады, Сократ дана айтқандай "әдемілікті бірлесіп іздеуде" таптырмайтын мүмкіншіліктер алады. Қатынас - ол тек қана оймен ғана адмасу емес, сезім және әсерленушілікпен де алмасу. Қатынас неден құралады немесе, басқаша айтқанда, қатынастың әдістері қандай? Олар: - көзқарас, сөз, дауыс ырғағы, ым, ишарат, дене қимылы. Бұл амалдар жеке түрде болсын, біріккен түрде болсын көп мағынаны түсіндіреді.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Психология | Жеткіншек жаста мазасызданудың қалыпты жағдайда және ауытқуда көрініс беруі

Кіріспе
Зерттеудің көкейкестілігі:
Қазіргі таңдағы халық бастан кешіп отырған дағдарысты жеңудің ең маңызды шарттарының бірі ― біздің қоғамымыздың интеллектуалды ресурстарын белсендіру қажеттілігі болып отыр. Жекелеген жағдайда, ол адамның өзін-өзі және өзге адамдарды, қоршаған адамдармен қарым-қатынасын түсіне алу қабілеті, тұлғааралық қарым-қатынастарды болжай алу қабілеті ретінде қабылданатын қоғамдық интеллекттің даму мәселесін болжайды.
Заманауи ғылыми білім тұлғаның мазасыздану мәселесіне асқан қызығушылық танытуда. Бұл қызығушылық ғылыми зерттеулерде көрініс беруде, онда бұл мәселе психологиялық және өзге де көптеген аспектілерде талданып, негізгі мәселе болып отыр.
Жеке тұлғаның қалыптасуымен тығыз байланыста болатын жеке тұлғаның эмоционалды-еріктік аумағының қалыптасуы ― психикалық дамуды анықтайтын ұзақ және қиын үрдіс. Ол қоршаған адамдар, әсіресе бала тәрбиесімен айналысатын ересектер тарапынан болатын ықпалдың әсерімен жүзеге асады. Баланың эмоционалды аумағының ерекшеліктерін біле алмайынша, олардың әрекеттеріне тиісінше жауап қайтару, сәйкесінше жазалау мен мадақтау таңдау, тәрбиені мақсатқа сай басқару қиын.
Мазасыздану ― біздің заманымыздың өте кең тараған психологиялық феномені. Ол көбіне невроздар мен функционалды психоздардың симптомы болып табылады және де басқа аурулардың синдромологиясына енеді немесе жеке тұлғаның эмоционалды аумағының бұзылуының негізгі түрткісі болып табылады. Мазасызданудың әлеуметтік шарттандырылған фактор ретіндегі мәні Американдық психологтар мен психопатологтар ассоциациясы өткізетін жыл сайынғы симпозиумдардың ең алғашқыларында атап өтілді.
Ол зерттеу тақырыбын таңдау мен оны жүргізуге негіз болып отыр.
Зерттеу мақсаты: жеткіншек жастағы эмоционалды мазасыздануды қалыпты жағдайда және ауытқуда зерттеу.
Зерттеу пәні: жеткіншек жаста мазасызданудың көрініс беруі.
Зерттеу объектісі: жеткіншек жаста мазасызданудың қалыпты жағдайда және ауытқуда көрініс беру ерекшеліктері.
Зерттеудің негізгі болжамы: жеткіншектердің қалыпты жағдайдағы және ауытқудағы мазасыздануының сандық және сапалық ерекшеліктері бар деп болжанды.
Жеке болжамдар:
1) Психикалық дамуы кешеуілдеген балаларда мазасыздану деңгейі қалыпты жағдайдағы балаларға қарағанда төмен.
2) Сөйлеуінің қарқыны, ырғағы және жатықтығы бұзылған балаларда мазасыздану деңгейі қалыпты жағдайдағы балаларға қарағанда жоғары.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Психология | Жеткіншектерге мамандық бағдар берудің теориялық және әдістемелік негіздері

КІРІСПЕ
Психологиялық қызметтің міндеттерінің бірі - оқушылардың әр түрлі мамандықтарға икемділігін анықтау негізінде олардың болашақта тиімді қызмет атқару саласын таңдап алуға көмек көрсету. Бұл проблеманы жан-жақты зерттеу 19 ғасырда басталып көптеген ғалым психологтар оның әр түрлі аспектілерін зерттеді. 20 ғасырдың басында В.Вундт, Мюнстерберг, Бине т.б. ғалымдар ұйымдастырған зертханалар зерттелінушілердің психофизиологиялық ерекшеліктерін бағалау арқылы олардың мамандыққа жарамдылығын анықтаған. Бұрынғы кеңес мектептерінде мамандыққа баулу мәселелеріне үлкен көңіл бөліп, көптеген ғалымдар осы проблеманы зерттеуге үлкен үлес қосқан. Ю.В.Болыпакова, П.П.Блонский, Н.К.Крупская, В.И.Лебедев, Г.Н.Стычинчкий, В.А.Сухомлинский, Ю.П.Сокльников, А.П.Сейтешов, Г.А.Уманов, Л.К.Керимов, Т.Х.Хамракулов. Олар өз зерттеулерінде мамандыққа баулу жұмысының құрылымын, мазмұнын және пайдаланылатын әдіс-тәсілдерді анықтап, мектеп қабырғасында балалармен жүргізілетін мамандыққа икемділігін анықтау жұмыстарының бағдарламасын жасады.
Қазіргі кезде жеке тұлғаның психофизиологиялық ерекшеліктерін толық және жан-жақты талдап шығуға мүмкіндік бар. Сондықтан мектеп тәжірибесінде мамандыққа баулу және мамандыққа икемділігін анықтап беру жұмысын мектеп психологі жүргізуі керек. Мектептерде психологиялық қызмет ұйымдастырылуына байланысты барлық оқушылардың жеке-даралық ерекшеліктерін, әр баланың қызығушылықтары мен интеллектуалдық қызметке икемділігін, таным процестері мен жекелік қасиеттерін сандық және сапалық жағынан толық бағалап шығуға, баланың психологиялық портретінің ерекшеліктерін жүйелі түрде зерттеуге мүмкіншілік бар. Психологиялық қызмет жоспары бойынша жүйелі түрде жүргізілген зерттеулер нәтижелерін мамандықты саналы таңдап алуға, мамандыққа психологиялық қызмет жоспары бойынша жүйелі түрде жүргізілген зерттеулер нәтижелерін мамандықты саналы таңдап алуға, мамандыққа баулу жұмысы арқылы әр оқушыға тиімді көмек көрсетуге мүмкіншіліктер бар.
Мектеп психологі оқушылардың мамандықтар саласына икемділігін зерттеумен қатар, оларды қазіргі кезде кең тараған мамандықтармен таныстырып, оларды орындау үшін жаңа техниканы және технологияны меңгерудің қажеттілігін, осы проблеманы шешу жолдарын анықтауға ықпал жасайтын іс-шараларды ұйымдастыруы керек. Оқушыларды мамандыққа баулу мәселесі өте актуалды болып отырғанына байланысты біз дипломдық зерттеу тақырыбын «Жеткіншектерге мамандық бағдар берудің теориялық және әдістемелік негіздері» деп анықтадық.
Зерттеу объектісі - мектеп психологиялық қызметі.
Зерттеу пәні - мектеп психологінің оқушыларға мамандық бағдар беру жұмысы.
Зерттеу мақсаты - мектеп психологі жұмысында оқушылардың жеке даралық психологиялық ерекшеліктерін зерттеу арқылы орта буын оқушыларының мамандықты саналы таңдауына негіз құру.
Зерттеу міндеттері:
- білім беру жүйесіндегі психологиялық қызмет арқылы мамандық бағдар беру проблемасы бойынша ғылыми-әдістемелік еңбектеді талдау және мектеп психологінің оқушылардың мамандық қызығушылығын зерттеу әдістемелерін жинақтау;
- мектеп оқушыларының жекелік психикалық қасиеттерін зерттеу әдістемелерінің ішінен мамандық бағдар беруге пайдаланылатындарын іріктеп алып, оларды жүйге келтіру;
- жеткіншектердің мамандықа қызығушылығын диагностикалау және зерттеу нәтижелерін талдау арқылы балаларға мамандық таңдауға көмек көрсету жолдарын анықтау.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Психология | Жоғары сынып оқушыларына кәсіби бағдар берудің психологиялық негіздері

КІРІСПЕ
Оқушыларға кәсіби бағдар беру және болашақ мамандығын анықтап алуға ықпал жасау мектеп алдында тұрған міндеттердің бірі. Сондықтан психология мен педагогикада осы мәселеге үлкен көңіл аударылады. Әр мектептің оқушыларды мамандыққа баулу және кәсіби бағдар беру жұмысының жоспары құрылып, оны жүзеге асыруға психологтың қосатын үлесі мол болуға тиіс.
Балаларға мамандық таңдату оңай жұмыс емес. Бұл проблеманы зерттеушілер П.П. Блонский, Г.Н. Стычинский, В.А. Сухомлинский, Ю.П.Сокольников, А.П.Сейтешов Г.А.Уманов, Л.К.Кермов және олардың шәкірттері баланы жас кезінен болашақ мамандығын саналы түрде анықтауға ата-аналар, психологтар мен педагогтар өз үлестерін қосуы керек екенін атап көрсеткен.
Қазіргі кезде көптеген психологиялық зерттеу әдістемелері көмегімен баланың психофизиологиялық ерекшеліктерін зерттеп, қай салада қызмет атқаруға икем екенін болжамдап береуге болады. Атап айтсақ, темпераментті зерттеуге арналған Айзенк, Стреляу тестері, Басса-Дарки, Шмишек, Филипс жасаған мінез-құлық ерекшеліктерін анықтау әдістемелері, таным процестерін зерттеу және қабілеттіліктің түрлерін анықтау әдістемелері көмегімен әр адамның жеке даралық психофизиологиялық ерекшеліктерін нақты анықтауға болады.
Сонымен қатар коммуникативтік және ұйымдастырушылық қабілетті зерттеу және барлық бағаланған қасиеттерді дамыту және қалыптастыру жолдары да анықталған. Дегенмен мектеп тәжірибесінде психологиялық қызметтің енді аяқ алып келе жатқанына байланысты оқушыларға дер кезінде психологиялық көмек көрсету сирек кездеседі. Психолог бар жерде олардың арсеналында қажетті психодиагностикалық әдістемелер тапшы. Ғылыми тұрғыда негізделген кәсіби бағдар беру проблемасын шешу жолдары онша айқындалмаған. Сондықтан осы актуалдық проблеманың бір мәселесіне толығырақ түсініп, оқушылардың жекелік қасиеттерін зерттеу жолдарын анықтап алу үшін диплом жұмысымның тақырыбын «Жоғары сынып оқушыларына кәсіби бағдар берудің психологиялық негіздері» деп анықтадық.
Зерттеу мақсаты — мектеп психологиялық қызметі тәжірибесінде психодиагностика жүргізу арқылы оқушылардың жеке даралық ерекшеліктерін анықтау және қызмет түрлеріне икемділігін болжамдау.
Зерттеу міндеттері:
-тақырып бойынша ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді талдау;
-кәсіби психологиялық диагностиканы жүргізу ерекшеліктерімен танысу;
-оқушылардың психофизиологиялық ерекшеліктерін зерттеу әдістемелерін қолдану жолдарын үйрену;
-оқушылармен кәсіби қажетті қасиеттерді қалыптастыру тренингін жүргізу.
Дипломдық зерттеу барысында келесі ғылыми зерттеу әдістері қолданылды: ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді талдау, психо-диагностикалық әдістемелерді іріктеп алу, мектеп оқушылары арасында олардың темпераментің, таным процестерін, интеллектуалдық қабілеттілігін анықтау тестерін қолданып жеке даралық қасиеттерін бағалау, тренинг элементтерін қолданып түзету-дамыту жұмыстарын жүргізу.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

ПМНО | Бастауыш мектепте бейнелеу өнері арқылы эстетикалық тәрбие беру

Қазіргі кезедегі өмір тәртібі, адамдардың еңбектік, қоғамдық қарым-қатынастары, айнала қоршаған табиғат баланың эстетикалық дамуының алғы шартын жасайды. Ол әр түрлі халықтардың творчествосымен, сурет және мүсін өнерімен, музыка және биімен, қуыршақ театрының спектаклдерімен, мультфильмдерімен және басқалармен таныса отырып, өнер дүниесіне енеді.
Совет жазушылары – В.Маяковский, С.Маршак, К.Чуковский, С.Михалков, А.Барто, композиторлары – Д.Шостакович, С.Прокофьев, АН.Александров, Д.Кобалевский, М.Красев, М.Раухвергер, Е.Тиличеева, Т.Потапенко, суретшілері – Н.Жуков, А.Пластов, А.Каневский, Е.Чарушин балаларға арналған көптеген тамаша шығармалар тудырды.
Эстетикалық тәрбие педагогиканың оқшауланған саласы емес, оның барлық жақтарымен өзара әрекеттес.
Ақыл-ой және дене жағынан толық даму, моральдік пәктік және өмір мен өнерге деген белсенді қарым-қатынас адамгершілік жағынан жетілуі көбінесе эстетикалық тәрбиеге тәуелді болып келетін кесек тұлғалы, жан-жақты дамыған адамның жеке басын сипаттайды.
Сәбилік шақтағы көркем әсерлер күшті және есте ұзақ уақытқа, кейде бүкіл өмір бойына сақталады. Баланың көркемдік дамуының ойдағыдай болуы үшін педагог оның жасына сай балалар іс-әрекеттері мен көңіл көтерулерінің түрліше формалары мен түрлерін пайдалану қажет. ....
Дипломдық жұмыстар
Толық