Қазіргі таңда жаңа ғалым жаңа заман демекші ХХІ ғасырда тек қана дәрханлардың қыметі жаңару үстінде емес, сонымен қатар басқа да сауда желісіндегі барлық орталықтар адамдардың көңілін аулау және өз саудасын алдыға жылжыту мақсатында көптеген әсемдікпен сауда орындарын жаңарту үстінде. Соның ішінде пациенттке немесе сатып алушыға батғытталған ХХІ ғсырдың дәріханасында әрине барлықдәрі дәрмектер мен медициналық мақсаттағы бұйымдар мен таңу материалдары және тағы басқа мақсаттағы заттар толық, үлкен ассортименте болуы шарт. Әсіресе қазіргі таңдағы ХХІ ғасыр дәріханалары ішінде дәрі-дәрмектер мен медициналық мақсаттағы бұйымдар мен тауарларды науқастарға немесе сатып алушылар өздері таңдап көре алатындай жағдай орналастыру қызметімен байланысты болады. ....
Күнделікті тұрмыста менеджмент сөзі белгілі бір ұйымдағы барлық адамдардың қызметіне басшылық етумен шұғылданып, өз мақсатына жетуді білдіреді. Тіпті білікті басқару саласының өзінде де менеджмент ұғымы түрліше түсіндіріледі. Сонымен, менеджменттің бастапқы ұғымы - бұл басшылық. «Менеджмент» ұғымының анықтамасына сүйенетін болсақ, онда менеджмент дегеніміз қазіргі индустриялық қоғамда жұмыс істейтін экономикалық орган. Менеджмент қабылдаған кез келген әрекет, кез келген шешім –бұл экономикалық сипаттағы шаралар. Сонымен, менеджменттің тиімділігін және менеджерлердің іс-әрекетін экономикалық табыстар, экономикалық нәтижелер арқылы ғана таразылауға болады. Кәсіпорын ең сапалы, әрі бағасы бір шама арзан тауарларды шығара алуы немесе бәсекелестеріне қарағанда ең тәуір қызмет көрсете алуы тиіс. Менеджменттің міндетіне, басшылық етуіне жаңа рыноктарды игеруіне жұртшылықтың мұқтажын қанағаттандыру жатады. Егер кәсіпорын нашар әрі тиімсіз жұмыс істесе, онда оның жаңа қожайыны жұмысшыларды емес, басшыларын ауыстырады. Сонымен, менеджмент дегеніміз ұжым (коллектив) жұмысын ұйымдастыру. Кәсіпорын жұмысын ұйымдастырғанда, қызметкерлер мұқтажын барынша толық қанағаттандыруды, олардың жұмысын жандандыруды, әрі тиімділігін арттыруды көздеу қажет. Менеджментті жеке адамдар арасындағы психологиялық қарым-қатынасқа тәуелді етеді де, бұлар материалдық жағдайларға тәуелсіз ретінде қарастырылады, өйткені соңғы айтылғанның алуан түрлілігінде шек жоқ. Менеджментке алуан түрде түсінік бергенімен, классиктердің бұл жөніндегі тұжырымдары көп жағдайда ұқсас келеді. Гальвецияның пікірінше, басқару процесі-өнер, оның басты мәні мен мазмұны нақты жағдайда қарап ғылымды (басқару саласындағы ұйымдық ілім негізін) қолдану. Тіпті маман болмағанның өзінде де, біздің кез келгеніміздің басқару ғылымы мен өнері туралы азын-аулақ хабарымыз болатыны сөзсіз. Менеджмент - нарықтық экономика жағдайында өндірісті тиімді басқарудың теориясы мен практикасы. ....
Орталық банктер бүкіл елдің несие жүйесін бақылаушы әрі реттеуші бас органның ролін атқара отырып, ерекше орынға ие және экономикалық басқарудың ролі мемлекеттік органы болып табылады. Олардың басшылық ролі мемлекет берген үлкен өкілеттіліктермен анықталады. Орталық банк елдің эмиссиялық, резервтік және кассалық орталығы, сондай-ақ ол норма шығару, басқру құқықтарына ие «банктердің банкі», «соңғы сатыдағы несие беруші» ролін атқарады, ақша несиелік және валюталық саясатты анықтайды,оның негізгі мақсаты пайда табу емес, ақша несие саясатын жүзеге асыру және несиелік жүйесін басқару болып табылады. Әлемдік тәжірибеде көрсеткендей, мемлекеттің Орталық банкіге кең өкілеттік беруі екінші деңгейлі банк жүйесінің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Орталық банк мемлекет берген эмиссиялық құқығы негізінде экономиканы жалпы мемлекеттік тұрақтандыру саясатын, тауар-ақша тепе-теңдік саясатын жүргізеді.Орталық банк тарапынан ақша-несиелік реттеудің негізгі объектісіне экономикадағы қолма-қол және қолма-қолсыз ақша массасы жатады, оның динамикасына төлеуге қабілетті сұраныстың әр түрлі компоненттерінің өзгерісі тәуелді болады. Қазіргі даму сатысында ақша несиелік сипат алады, яғни ақша массасы, негізінен, банктердің несие-депозиттік қызметіне байланысты пайда болады, сондықтан Орталық банк ақша айналымының құрылымын және көлемін екінші деңгейлі банктердің операцияларын басқару арқылы реттейді. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Заңы бойынша Қазақстан Республикасының Орталық Банкі және республикамыздағы банк жүйесінің жоғарғы деңгейі болып табылады. Жоғарыда айтылғандай, КСРО-ның мемлекеттік банкінің Республикалық кеңсесі Қазақстан Республикасының Ұлттың банкі болып қайта құрылған. Ол жай клиенттерге қызмет көрсететін мемлекеттік банктер орталық эмиссиялық банкке өзгертілді және «банктердің банкі» болды. Тәжірибеде жүзінде кассалық резервтердің барлығы Ұлттық банкке шоғырланады және олардың шаруашылық айналымға түсуі Ұлттық банкінің мекемелері арқылы коммерциялық банктердің кассаларын толтыру негізінде жүреді. Барлық банктер қолма-қолсыз есеп айырысуларды Ұлттық банктердің мекемелері арқылы жүргізіледі, ал қажет жағдайда Ұлттық банктен несие алады. Осының нәтижесінде қолма-қол және қолма-қолсыз есеп айырысу айналысы Ұлттық банкіде және оның мекемелерінде шоғырланады.....
Қай халықтың болса да ең маңызды ескерткіші оның тарихы. Сол тарихымыздың орыс отаршылдығы және кешегі КСРО кезінде бұрмаланып келгендегі, ақтаңдақтардың болғандығы ақиқат. Сол ақиқаттардың ең үлкені-халқымыздың ұлт-азаттық жолындағы күресі еді. Өткенді білмесең-болашағың бұлыңғыр. Өткенді білу-бүгініңк сабақ, болашаққа бағдар. Өзіңнің тарихыңды тану-елдігіңнің, өскеніңнің айғағы. Біз өткені жоқ халық емес едік, бірақ та сол өткенімізді біле білмей келдік. Біз тарихы жоқ халық емес едік, бірақ та тарихымызды тани алмай келдік. Я, кешегі қызыл империя тұсында тарихымыз өрескіл бұрмаланып, өктем саясаттың құрбанына айналдық. Кенесары Қасымұлы бастаған халық көтерілісі туралы шындықтыбілгенімізден де білмегеніміздің көп болғаны соның айғағы екені анық. Халқымыздың небір заманды басынан өткергенін «елім» деп еңіреген қандай қасиетті ұл-қыздары болғанын білмей тұрып, өзіміздің кім екенімізді ұғамыз деу бекершілік екендігін ұқтық. Тәуелсіздік-бұл халық ұшін рухани азаматтық, ешқандай байлыққа айырбастауға болмайтын өлшеусіз бақыт. Міне осы Тәуелсіздік үшін Кенесары күресті, бар өмірін сарп етті. Қазақ елін біртұтас ел «Алаш» елі болса деп армандады. Тарихты әділ бағасын енді алып жатқан, арысымызды оқушыларға толық жеткізу мақсатында мен шығармашылық жұмысына Кенесарының ерлікке толы өмір жолын таңдадым. Мақсатым: Оқушыға бізге тәуелсіздікті қалай келгенін түсіндіру, оларды Отанын сүйетін, ер жүрек, ұлт жанды етіп тәрбиелеу. «Азаттың ащы дәмін, тәуелсіздіктің тәтті дәмін» татқан қайсар рухты Қазақ деген халықтың ұрпағы екендіктерін мақтанышпен айту. Кенесары батырдың туған жерінің азаттығы мен бостандығы үшін бар өмірін арнағнын оқушыларға жеткізіп, жастарды Отанға шын берілген азамат етіп тәрбиелеу. ....
Қазақстан Республикасының білім беруді дамыту 2011-2020 жылға дейінгі бағдарламасы негізінде білім беру ісіне жылдан-жылға үлкен көңіл бөлінуде. Елбасы Жолдауындағы ең маңызды көтерілген тақырып, ол білім мәселесінің қаралуы. Білімді жоғары сапаға көтеру арқылы заманауи білім беруді қалыптастыру. Оқытудың жаңа әдістемелік жүйелерін белсене дамытудың керектігін айтады. Осы Жолдауды қолдай отырып оқушыларымызға сапалы білім беру жолында еңбек етеміз деп сенемін. Бiлiм беру мазмұны - жеке адамның бiлiктiлiгi мен....
Вундтың идеяларын Америка еліне жеткізген. АҚШ этнопсихологияның бастауын қалаушы Ф.Боас болды. Колумбия университетінде көптеген америка этнологтары Боастан білім алыд, бірақ оның шәкіртерінің еңбектерінде Вундт идеяларынан қаланғаны тек адамның ішкі жан дүниесімен мәдениетін байланыстарып тұратын талаптар айқындалады. Олар психологиялық концепциядан бас тартпастан өз зерттеулерін жүргізе отырып Фрейдтің класиикалық психоанализміне және К.Юнг, Э. Фрамма, К.Хорни, А.маслау идеяларында аса көңіл бөледі. Нәтижесінде «Мәдениет және жеке тұлға» теориясы мен психологияның арасында орын алды. Совет этнографы С.А.Токаревпен келісе отырып, оның «Мәденит және жеке тұлға» теориясының кейбір негізгі ерекшеліктерін көрсетті. А) жеке бас психологиясына оралу; Б) жеке тұлға түсінігі туралы түсінікті толықтыра түсу; В) жеке тұлғаның дамуы барысында болатын процестерге аса қызығушылықпен қарау; Г) сексуалды сфераға ерекше назар аудару. «Мәдениет және жеке тұлға» теориясы 20-шы жылдардың аяғы мен 30-шы жылдардың басында дами бастады. 1932 ж боастың шәкірті Р.Бенедикттің атақты «Мәдениет конфигурациясы» мақаласы жарық көреді, мұнда да ол өзінің жаңашылдық идеясын ұсына отырып, мәдениеттер арасында негізгі айырмашылықтар бар және де әр мәдениет өзінің даминанттылығымен ерекшеленеді. Мәдениеттердің типологиясын құрастырғанда Бенедикт Ф.Ницшенің аполлоникалық және дионисикалық түрлі мәдениет идеяларын қолданады.Үндістердің пуэмбло тексерулерінің нәтижесінде олардың мәдениетіне, апалионикалық түріне қисынды, бір жақты, парасатты, сырттай қарауға мүмкіндік берді. Ол мәдениеттің мінездемелік өкілінің негізгі тірегі шеттен шығу деп санады. Пуэбило ұстамдылық пен баланс жасауды бәрінен жасауды бәрінен де артық бағалайды, және олардың армандары, ортақ жолдары – ұстамдылық, ыза мен қызғаншақтыққа қарсылық білдіру. Олар өзара даралық қарым-қатынасты бүлдіруден, күштеу мен озбырлық көрсетуден құтылуға тырысады.....
Кең –байтақ республикамызда қорықтардың аздығы кімді болса да ойландырмай қоймайды.Қазақстанда ұйымдастырылған Ақсу-Жабағылы (1926), Алматы (1931), Барсакелмес (1939), наурызым (1959), Қорғалжын (1958) және Марқакөл (1976), Үстірт (1984), Батыс Алтай (1992)., Алакөл (1998), Қаратау (2002) қорықтары табиғат байлықтарын қорғау ісіне орасан зор үлес қосып отыр. Талас Алатауының солтүстік-батыс сілемдерін және оған іргелес жатқан Өгем жоталарын қамтыған Ақсу-Жабағылы мемлекеттік қорығы 1926 жылы 14 маусымда ұйымдастырылған. Бұл қорықты ұйымдастырудағы басты мақсат – Батыс Тянь-Шань тауының өзіндік ерекшелігі бар табиғат ландшафтыларын- табиғат кешендерін сақтап қалу еді. Бастапқыда қорық аумағының ауданы-30 мың га шамасында болса, қазір оның алып жатқан жер көлемі-85,4 мың га. Ақсу-Жабағылы қорығы Оңтүстік Қазақстан обылысының оңтүстік –шығыс бөлігінде, яғни Жамбыл облысымен, көршілес Қырғызстан және Өзбекстан республикаларының шекараларымен түйісетін жерде орналасқан. Бұл қорықтың негізгі аумағынан басқа, жалғасып жатқан екі филиалы- Әулие сай және Қарабастау палеонтологиялық қорықша- -лары бар. Мұнда осыдан 150 млн жыл бұрын тіршілік еткен жануарлар мен өсімдіктердің тасқа айналған қалдықтары шоғырланған. Әулие сай Қошқарата өзені аңғарының сол жақ жағалауында орналасқан. Ал 125 га аумақты қамтыған қарабастау бөлігі Қаратаудың Боралдай жотасында орналасқан. Ақсу-Жабағылы қорығының басым бөлігі 1000-4000 метрлік биіктік аралығын қамтиды. Мұнда табиғат белдеулері биіктік бойынша таралған. Шөлейт дала, ұсақ шоқылы дала, аршалы-шабындықты дала,субальпі мен альпі шалғындығы және мәңгі мұздықты белдемдер кезектесіп, табиғатың түрліше көрінісін береді.Аталған белдемдердің табиғат жағдайларына байланысты ол жерлерге өсетін өсімдіктер әлемі де сан алуан. Мысалы:Ақсу-Жабағылы қорығының аумағында жоғары және төменгі сатыдағы өсімдіктердің шамамен 1400 түрі өседі. Соның ішінде сүректі ағаштардың 16 түрі және бұталардың 62 түрі кездеседі. Талас терегі, тал мен қайық, шетен мен үйеңкі, жабайы алма мен долана, мойыл мен регель алмұрт сияқты ағаштар мен бұталар тау беткейлерінде, өзен аңғарларында орамнды алқап құрайды. Ал тамаша аршалы ормандар үлесіне қорық жерінің 30 % -ы тиеді. Ормандар арасы мен жазықтарда әсем гүлдер мен көк майса шалғындар жасыл кілем сияқты қалың өскен. Жасыл желекке оранған бұл өлке жануарлар дүниесіне де өте бай. Мұнда құстардың 240, сүтқоректілердің 43, бауырмен жорғалаушылардың 9, қосмекенділер- -дің 2 түрі және балықтың 4 түрі тіршілік етеді. Ал омыртқасыз жануарлар дүниесі өзінің түрі жағынан өте бай. Қорық жерін мекендейтін жануарлардың ішінде кәсіптік маңызы бар – арқар, таутеке, елік, марал, жабайы шошқа сияқты аңдар өздерін еркін сезінеді.Жемтігін аңдыған жыртқыштар- барыс, аю, түлкі, борсықтар қорықтан жайлы қоныс тапқан. Әсіресе өте сиреп кеткен бүркіт, жұмақторғай өсіп-өнуі үшінқорық аумағы өте қолайлы.....
Адам және адамтәрізді маймылдардың ортақ ата тектері. Мезозой заманының соңғы бор кезеңінде (бұдан 65 млн. жыл бұрын) жер бетіндегі ауа райы суыта түсіп, маусымдық құбылыстар орын ала бастады. Бұл кезде жорғалаушылардың көптеген өкілдері (динозаврлар, т. б.) жойыла бастады да, оның орнына сүтқоректілер пайда болды. Сондағы бунақденеқоректі сутқоректілерден алғаш рет приматтардың өкілдері пайда бола бастады. Бұдан 36—23 млн. жыл бұрын приматтардын өзі 2 тармаққа: тартанаулы және кеңтанаулы болып бөлінді. Тартанаулы маймылдар тобына геологиялық кезеңдерде жойылып кеткен барлық приматтардын түрлері, адамтәрізді маймылдар және адам жатады. Ал қазіргі кездегі тіршілік ететін маймылдардың көпшілігін кеңтанаулы приматтарға жатқызады. Демек зоологиялық жүйе бойынша адам тәрізді маймылдар мен адам өзара жақын туыстас топқа жатады. Кайнозой заманындағы жер шарының солтүстік және оңтүстік ендіктерінде ауа райының салқындауының нәтижесінде бұрынғы орманды алқаптардың орнын далалы алқаптар басты. Осындай қатаң табиғат жағдайларында өте ертедегі адамтәрізді маймылдардың бір тобы еңбек құралдарын жасауға, ол үшін қолды еңбек кұралы етіп пайдалануға, әрі тік аяқпен жүруге және құрғақ далалы аймақтарда тіршілік етуге мәжбүр болды, яғни жаңа орта жағдайына бейімделу жолына түсті. Адамтәрізді маймылдардың тіршілік етуі үшін кейбір жыртқыш жануарлар аса қауіпті болды. Маймылдардың ондай жыртқыш жануарлармен тайталасуына шамасы келмеді. Олардың басқа жануарлардан артықшылығы — дене мөлшері шағын болса да ми көлемінің едәуір үлкен болуы, сондай-ақ олардың сезім мүшелері де жақсы дамыды. Сонымен бірге маймылдардың қолы да ағашқа жармасып, өрмелеуге, жабысып қатты ұстауға, заттарды лақтыруға икемді болды. Маймылдар ағаш басында қолымен ағаштарды қармап, ұя жасауға бейімделе бастады. Эволюциялық дамудың бұл кезеңінде тұқым қуалайтын өзгергіштік белгілері табиғи сұрыпталудың нәтижесінде тұрақтала түсті. Маймылдардың бұл кездегі топтанып, тіршілік етуінің де маңызы зор болды. Олар жауларынан қорғаныш, өз ұрпақтарына камқорлық жасауда едәуір тәжірибелер жинақтап үлгерді және ұзақ уақыттар бойы далалы аймақтарда екі аяғымен тік жүріп тіршілік етуге бейімделе түсті. Тіршілік үшін күресте олардың қөпшілігі қырылып кетті, тек кейбір орта жағдайына бейімделе алған төзімділерінде тұқым қуалайтын өзгерістер ұрпақтан-ұрпаққа табиғи сұрыпталып беріліп отырды.....
ХІХ ғасырдың басында Қазақстан жерінде халыққа білім беру екі бағытта: діни және жай азаматтық бағытта жүргізілді. Ел ішіндегі болыстар мен ауылдардағы қазақ балалары әдетте мұсылман мектептерінде оқыды. Оларға оқу араб алфавиті бойынша жүрді. Мұндағы діни мектептерде сабақ беретін негізінен ауыл молдалары еді. Олардың белгілі оқу жоспарлары, сабақ жүргізуде методикалық тәжірибелері болмады. Көбіне балаларды араб тіліндегі құран сүрелерін жаттаттыруымен ғана айналысты. Осының салдарынан діни мектептегі шәкірттер ғылыми негізде тиянақты білім ала алмады. Бұл кездегі діни білім беру жүйесінде медресенің рөлі едәуір жоғары дәрежеде болды. Ондағы оқу мерзімі төрт жылға дейін созылды. Медресе шәкірттері ислам дінін үйренумен қатар, философия, тарих, тіл білімі,астрономия,медицина, математика пәндері бойынша мағлұматтар алды.Қазақ даласында бұл кезде жергілікті халықтың балаларын оқытуға арналған азаматтық бағыттағы мектептердің саны өте аз болды.Мұндай оқу орындары Қазақстанда тек Ресейге қосылғаннан кейін ғана ашыла бастады. Атап айтқанда,1786 жылы Омбы қаласында Азиаттық мектеп,1789 жылы Орынбор қаласының айыбас сарайы жанынан үкіметтік мектеп ашылды.Бұл оқу орындарында балалар, соның ішінде қазақ балалары тілмәштік, песірлік(кеңсе хатшысы) қызметтерге дайындалды.Әскери мамандары мен әкімшілік шенеуніктерін 1825 жылы Орынбор қаласында ашылған Неплюев кадет корпусы және 1846 жылы негізі қаланған Омск кадет корпусы даярлады.Азаматтық тұңғыш қазақ мектебі Бөкей Ордасында 1841 жылы ашылды.Бұл мектептің оқушылары орыс тілін,математиканы, географияны, шығыс тілдерін,сондай-ақ ислам дінін оқып үйренді.....
Оқу іс - әрекетінің тақырыбы: Хайуанаттар бағындағы қызықтар Оқу іс - әрекетінің мақсаты: Балаларға хайуанаттар бағы туралы түсінік беру, жа¬байы аңдар туралы білімдерін тиянақтау. Аңдардың кейбір ерекшеліктерін салыстыра айтуға үйрету арқылы ойлау қабілеттерін дамыту. Жан - жануарларды қорғауға, қамқор болуға, сүйіспеншілікпен қарауға тәрбиелеу. Көрнекіліктері: аңдардың, тордың суреттері, ойыншықтар, суреттер. Оқу іс - әрекетінің барысы: 1. Кіріспе бөлім. а) Сабаққа дайындық ретінде балалар алдын - ала хайуанаттар бағына апарылады. Хайуанаттар бағынан алған әсерлері үйден салып келуге тапсырылған суреттерінен байқалады. ә) Жұмбақтар шешу. .....