Менің туып – өскен жерімде қаншама батырлар есімдері үлкен құрметпен аталып жатады. Өйткені, батырлар есімі ешқашан атаусыз қалмақ емес. Осындай батырларымыздың аттарын кейінгі жас жеткіншектер ұмытпай, өз еліміздің патриоты болып тәрбиеленуі үшін айтыла бермек. Солардың бірі гвардияшы – панфиловшылардың бірі, Кеңес Одағының Батыры Нұрсұлтан Есеболатов атаның есімін, ерлігін ерекше атағым келеді. Нұрсұлтан атаның 2013 жылы 100 жасқа келген тойы сол туған ауылында аталып өтті. Ал биылғы жылы Ұлы Отан соғысына 71 жыл болмақ. Небәрі, 27 жасында соғысқа аттаңған жас жігіт елі, жері үшін жанын қиып, соғыста қаза болды. Артында жылаған анасы, бауырлары, жерлестері қалды. Ол кісі қайтып келген жоқ. Бірақ, Нұрсұлтан атаның атында ауыл, көше, мектеп бар. Сол ауылда, аудан орталығында батырға арналған ескерткіш пен мұражай бар. Жылда 9 мамыр Жеңіс күнінде ескерткішке барып оқушылартағзым етеді, гүл шоқтарын қояды. 1418 күнге созылған бұл соғыста Кеңес Одағының басқа халықтарымен бірге жауды талқандап, жеңіске жету үшін қасық қаны қалғанша , көкіректерінен жаны шыққанша қазақ халқы да өз үлестерін қосты. Қазақ жауынгерлері Брест қамалынан бастап ,Берлинге дейін барды. Қайран ерлер Сталинград түбіндегі жертөлелерде ,Днепр өткелінде ,Ленинград пен Москва үшін болған шайқастарда көзсіз ерлік көрсетті.Көптеген елді мекендерді азат етті. Олар одақтастарымыз Польша, Румыния, Чехославакия Болгария, Германия жерінде орақ пен балға бейнеленген қып-қызыл туды желбіретіп өтті......
Пән: Әдебиеттік оқу Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Атақты тұлғалар Сабақ тақырыбы:Оқу түрлерін қолдану Нығмет Ғабдуллин «Батырдың мінезі» Оқу мақсаттары: 3.2.1.2 шығарманы іштей саналы түрде түсініп, көз жүгіртіп/ шолып/ түртіп алып/ қажетті ақпаратты тауып/ белгі қойып/сын тұрғысынан бағалап оқу 3.2.3.1 шығарманың тақырыбын анықтау және негізгі ойды білдіріп тұрған мәтін бөлігін/сөйлемді табу Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар шығарманың мазмұнын іштей саналы түрде түсініп оқиды, мұғалімнің көмегімен шығарманың тақырыбын анықтай алады; Көптеген оқушылар: шығарманы іштей, қажетті ақпаратты тауып оқиды, шығарманың тақырыбы мен негізгі ойын білдіріп тұрға мәтін бөлігін көрсете алады; Кейбір оқушылар: шығарманы сын тұрғысынан бағалап оқиды, мәтін бөлігінен шығарманы тақырыбы мен негізгі ойын анықтай алады..............
Пән: Әдебиеттік оқу Бөлім: Атақты тұлғалар Сабақ тақырыбы: Батыр ата Нығмет Ғабдуллин «Батырдың мінезі» Оқу мақсаттары: 3.2.6.1 Кейіпкердің портретін сипатта, оның іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен тауып, бағалау; 3.2.5.1 Көркем шығармадағы оқиғаның басталуын, дамуын және аяқталуын анықтау. Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: шығарманы түсініп оқиды, мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді; Көптеген оқушылар: кейіпкердің мінез-құлқының өзгеру себебін анықтайды; шығармадан оқиғаның басталуын, дамуын, аяқталуын табады; Кейбір оқушылар: мәтіннің құрылымдық бөліктерін (басы, ортасы, соңы) ажыратады, кейіпкердің іс-әрекетін бағалайды, өз ойын еркін айтады.....
Борай да борай қар жауса. Қалыңға боран борар ма? Қаптай боран соққанда, Қаптама киген тоңар ма? Туырлығы жоқ тұл үйге, Ту байласаң тозар ма? Ту түбінен тұлпар жығылса, Шаппаған қар тұсар ма? Ағайынның ары үшін, Қарындастың қамы үшін, ....
Шернияздың сөзі: Көк үйрек көлде отырған жергілікті, Ғалымдар шариғаттан жол біліпті. Жолдасы ер Исатай — ер Махамбет, Сөз бар ма тыңдай тұғын ескілікті? Махамбеттің жұмбағы: Көп қағып дауылпазды көл шайқаған, ....
Құбылса да заман мен ғасыр қалай, Шықпай қоймас жүзін бұлт жасырған Ай. Із қалдырып кетсе де кең далаға, Іздеушісі болмаған асылдар-ай! Біздің іске болар ма кейде ырза олар?......
Павлодар облысы, Екібастұз қаласы №18 жалпы орта мектебі, бастауыш сынып мұғалімі Оспанова Жанаргуль Каировна
Ашық сабақтың мақсаты: Білімділік мақсат: Ұлы Отан соғысы жылдарындағы елі үшін жанын қиған ерлер өмірін дәріптеу, Мәлік Ғабдуллин туралы түсінік беру. Дамытушылық мақсат: Оқушыларға бағыт бере отырып топпен жұмыс істеуге дағдыландыру, мәнерлеп, түсініп оқу дағдысын, мәтін мазмұнын әңгімелей білуге жетелеу Тәрбиелік мақсат: Оқушыларды еңбекқорлыққа, елін, туған жерін сүюге, патриоттыққа тәрбиелеу.
Зерттеу тақырыбына арқау болған Сартай батыр есімі халыққа кеңінен танымал. Қазақ елінің мыңдаған жылдық тарихында басты орын алатын қазақ-жоңғар соғыстарына байланысты кезең туралы сөз қозғалған. Қазақ даласы елін-жерін қорғаған батыр бабалардың ерліктерімен аты шыққан өңір. Тарихымыздың аумалы –төкпелі кезеңінде найзасын қолға алып, Кіші жүз елінен шыққан, нақты айтқанда Арал ауданындағы Ақшатау елді мекенінде дүниеге келген Сартай батыр туралы деректер жинап, қарияларымыздың айтқан аңыз-әңгімелерін жариялап, тереңірек мағлұмат берілген. Ғылыми-зерттеу жұмысының тақырыбы –Сартай батырдың өшпес ерлігі Зерттеу жұмысының мақсаты: 1. Сартай батырдың қалмаққа қарсы соғыста мың баланың жасағын басқарғандығы туралы мәлімет беру 2. Нұрмағанбет Қосжанұлының «Сартай батыр» дастанында негізінен шындықтың барын таныстыру. 3. Сартай батыр ғана емес, Әлім тайпасынан шыққан қара қылды қақ жарған әділ би болғандығын дәлелдеу. 4. Халқымыз ғасырлар бойы аңсаған тәуелсіздігімізге қол жеткізуге қол жеткізуге атсалысқан батырларымыздың бірі Сартай батырдың өшпес ерліктерін уағыздау. Ғылыми-зерттеу жұмысының өзектілігі - Халқымыз ғасырлар бойы аңсаған тәуелсіздігімізге қол жеткізуге атсалысқан батырларымыздың бірі Сартай батырдың өшпес ерліктерін жаңғырту. Ғылыми-зерттеу жұмысының жаңалығы - Сартай батырдың қазақ тарихындағы алатын орнының анықталуы .....
Бұрынғы өткен заманда үш жігіт жолаушы жүріп, қоналқа ауылға жақындағанда, бір малшыға жолығып: — Мына көрінген ауыл кімнің ауылы? – деп жөн сұрапты. Малшы: — Мамай батырдың ауылы, – депті. Одан жүріп кетіп тағы бір малшыға жолығып: — Мына ақ ауыл кімнің ауылы? – депті. Малшы: — Мамай батырдың ауылы, – депті. Сонымен бұлар тоғыз ауылдың малшысынан сұрағанда, тоғызы да Мамай батырдың ауылы болыпты. Күн бата оныншы ауылға келіп, бірақ үйдің артына түсіп, бір жігіттен жөн сұрап: — Бұл кімнің ауылы, қонуға бола ма? – депті.......