Қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі - жетім балалардың жай-күйі. Анығырақ айтсақ: қарыны тоқ, киімі көк желіккен жастардың қызық қуып, соңынан опық жеп, өзгені де өкіндіріп жататыны. Бұлай деуім, болашағы бұлыңғыр дүниеге ойланбай араласып, ұлтымыздың менталитетіне мүлдем жат ойын-сауық ортасында қызық қуып, намысы мен ар-ұяттан жұрдай болған өрімдей бойжеткендер тым көбейді. Сәні мен сымбаты жарасқан осы бір арулардың «күнде қызық, күнде той» осы жүрісі мені қатты қынжылтады. Алабұртқан жастық шақты соңынан ертіп, еліктіріп әкететін беймәлім әлемнің шырмауына бір шарпылсаң, өмір жолының арнасы бұзылып, теріс жолға бастай жөнеледі.
Ақын жергілікті жердегі бастықтың үйінде отырды. Бастықтың әйелі ақынға шай құйғалы жатыр еді, бастық әйеліне: "Шайыңды қоя тұр", - деді де, ақынға қарап:
- Мына балаларға бір-бір шумақтан өлең лақтырып-лақтырып жіберші, - деді.
Бастықтың балалары көп еді. Ақын сүйкектетіп жазып отырып: "Есіл ерім-ай! Азаматым-ай! Баланы да таптырған екен", - деп бастыққа іштей разы болып отырды.
- Ағаңның бөлмесіне баршы, - деді бастық тұлымшағы селтиіп тұрған кішкентай қызына. - Ағаңның бөлмесіндегі суреттердің бәрін осында алып кел.
- Мынау Алматыда оқып жатқан ұлымыз еді, - деді бастық суреттерді ақынның алдына тоса беріп. - Осыған қарап отырып та бір-екі шумақ өлеңді лақтырып-лақтырып жіберші.
"Бұл кекіл алыну керек пе, жоқ па?" Бұл бірінші сыныпқа баратын кезде талас тудырған мәселе осы болды. Бұл алдырмаймын деді. Осыны естіген мұны бірінші сыныпқа қабылдағалы тұрған ұстазы: "Кекілімен-ақ келіп отыра берсін. Бала бастықсын әуелі. Бұл балабақшаға бармаған бала ғой" депті. Ағайының онысы рас еді. Бірде кішкентай күнінде қолжуғышқа бойы жетпейтін болған соң, үлкен орындықты қойып алып, соның үстіне шығып, жуынып жатыр еді, ашық тұрған есіктен есік алдында апасымен сөйлесіп жатқан балабақша қызметкерінің даусын естіді. Балабақша қызметкері мұны балабақшаға барады ма деп сұрап жатыр екен. Апасы: "Шырағым, өзің сұрап көр баладан. Егер барамын десе, барсын", - деді. Жанына келген тәтей: "Балабақшаға барасың ба?" деп сұрап еді, бұл "Жоқ" деп басын шайқады. Балабақша тақырыбы осымен жабылған.
Тәуелсіздік таңы ұлтымыздың өлгенін тірілтіп, өткеніне өткір сәулесін түсірді. Нәтижесінде бұрын күңгірт бұлыңғыр, даулы-дамайлы болып келген қазақ халқының тарихы қайтадан қаралып, күні кеше кеңестік күл төбесіне сырылған хан, болыс, билер, ел қорғаны болған батырлар, жетімін жылатпай, кедей-кепшігін, тентек-телісін сыртқа теуіп тентіретпей, бауырына басып , бауырмалдық танытқан, тарыққанда пана, ашыққанда ас-су болған бай-бағыландар біртіндеп тарих сахнасындағы өздерінің халыққа сіңірген еңбектеріне сай орындарын ала бастады.
Құдайдың құлы, Пайғамбардың Үмбеті екендігіне халықтың көзін жеткізіп, сауатын ашқан дін иелері молда, ишан, имам, хазірет, әулие-әмбиелер атылып, айдалып құлатылған медресе, мешіттер айқара есігін ашты. Сол кездерде ораза ұстап, намаз оқуға тыйым салынғаны белгілі. Соған қарамастан ораза ұстау, намаз оқу ада-күде тоқтаған жоқ еді. .....
Бәрі де сол Мәшһүр Жүсіп шығармаларына құмарлықтан басталды. Қолыма түскен Мәшһүр шығармаларын оқып танысқан сайын азды-көпті түйген ойымды қағаз бетіне түсіруге тырыстым. Сол танымдық дүниелерімді біртіндеп газет-журналдарға ұсындым.
Солардың бірі «Абай мен Мәшһүр Жүсіптің партияға көзқарасы» атты мақалам жаңадан шыға бастаған республикалық «Ұлағат» журналының №1-санында жарық көруі көңілімді қуанышқа бөледі. Мәшекеңнің еңбегін шамам жеткенше оқып-зерделеуге, оқырманмен ой бөлісуге ынталандыра түсті.
Сол тұста С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетіндегі Мәшһүртану ғылыми-практикалық орталығы (мұнан әрі орталық) жұмыс істейтінін естіп білдім. Орталық директоры филология ғылымдарының докторы, белгілі Мәшһүртанушы Айтмұханбет Тұрышев мырза орнында екен, жылы қарсы алды. Орталықтың атқарған, атқармақ жұмыстарына аз-кем тоқталған ол:
– Әкелген материалдарыңызды тастап кетіңіз. Өзіңіз айтқандай жілігі татып жатса, алда шығатын кітапшасына іліктіреміз. .....
Облыстық ғылыми жоба жарысынан жүлделі орын алған оқушының ғылыми жоба жұмысы Астана қаласындағы іріктеу кезеңіне жолданатындығы, сол жұмыстың компьютерде терілуі керектігі жайлы хабар келгенде, бұлар компьютердің жоқтығына байланысты дағдарып қалды. Себебі ауылда компьютер жоқ еді. Ауданның орталығынан да компьютер таба қою қиын болатын. Енді компьютер іздеп облыс орталығына баруы керек еді.
Ғылыми жоба облыстық жарысқа компьютерге басылмаған күйі қатысқан болатын. Жарыстың аты облыстық ғылыми жобалар жарысы деп аталғанымен, жарыс ол кезде облыс орталығындағы қала мектептерінің арасында өтетін. Себебі бұл кезде облыстың басқа аудандары ғылыми жоба жұмысына әлі атсалыса қоймаған еді. Тек бұлардың ауданы ғана екінші жыл атсалысып отыр. Ал ол кезде облыста ғылыми жобамен ең мықты айналысып отырған мектеп сол кездегі облыстық гимназия еді.
Енді сол облыстан жүлде алған жұмыстарды Астана қаласындағы республикалық "Дарын" ғылыми-практикалық орталығының мамандары іріктеуден өткізеді екен. Астанадағы мамандар тарапынан мақұлданса, республикалық ғылыми жоба жарысына қорғауға жібереді, ал мақұлданбаса... .....
Еліңнің ұлы болсаң, Еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып-көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі өзің екенінді ұмытпа!-деп Елбасымыз айтқандай еліме азда болса үлесімді қосуға, бар күшімді салып еңбек ету менің басты мақсатым болмақ.
Міне, Қазақстан тәуелсіз ел болғанына биыл 25 жыл болып отыр. Елдік туымыз тігілген үлкен үйіміз, алтын шаңырағымыз да осында. Жарастығымыз да, жақсылығымыз да, тыныштығымыздың да қиясы, махаббатымыздың да ұясы - Қазақстан. Біз бақытты да ынтымағы мен татулығы жарасқан бейбіт елде тұрып жатырмыз. Ата-бабамыз ғасырлыр бойы аңсап келген Тәуелсіздік 1991 жылдың 16 желтоқсанында бастау алады. Қол жеткізген тәуелсіздік қолызмызға оңай түскен жоқ. Еліміздің басынан небір қиыншылықтар, сұрпайы соғыстыр өтті. Еліміздің тұтастығы мен тыныштығын сақтауға батырлар мен қарапайым халықтар өз жандарын пида етті. Қазіргі Қазақстан бүкіләлемдік проблемаларды талқылыуда және шешуде ықпалды рөл атқарып келеді. Еліміздің тыныштығы мен қауыпсіздігі біздің Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жүргізіп отырған салиқалы саясытының арқасы деп білемін. .....
Қазақстан тәуелсіздігі – бұл ғасырлардан аса тарихы бар қазақ мемлекетінің қалыптасуы мен дамуы, бүгінгі жеткен жетістігі мен асқан асуы.
Тәуелсіздік – бұл бүгінгі өмір ғана емес, сонымен қатар, ертеңгі өміріміз – Қазақстанның болашағы, оның мүмкіндіктері мен мақсаттары. Тәуелсіз болу – өз тағдырына жауап беру деген сөз.
Үстіміздегі тәуелсіздік алуымызға себепші болған 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісіне 29жыл, Тәуелсіздігімізді алғанымызға 25 жыл толады. Бұл жылдар тарих үшін қамшының сабындай қысқа уақыт болғанымен, қазақ елінің мемлекет болып қалыптасуына, оның дауына жол ашқан сәтті мерзім болып отыр. Осы уақыт аралығында Қазақстан әлем елдері арасында өзіндік даму үрдісімен орын ала білді. Сонымен қатар өз ерекшеліктерімен қоса батылдығымен, табандылығымен әлемге атын шығарды. Бұл жолда елбасымыздың еңбегі өлшеусіз – қажырлы жұмыстың, саналы саясаттың арқасында Қазақстанның экономикалық, әлуметтік салалардағы реформалары, ұлтаралық татулық пен конфессияаралық бірлікті сақтаудағы істері, бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі жүзеге асырылып жатқан шараларын бүгінде әлем елдері мойындап отыр. Бұл дегеніміз тәуелсіздігіміздің арқасында жеткен ең үлкен жетістігіміздің бірі болып саналады.
Қазақстан мемлекетінің бүгінгі таңда ел экономикасына барынша көңіл бөліп отырғаны баршамызға аян. ТМД елдері ішінде бірінші болып экономикалық реформаларды жүзеге асырды, «Қазақстан - 2030» ұзақ мерзімді стртегиялық бағдарламасы әзірленіп, осы негізде сан түрлі экономикалық бағдарламалар туындады. Елбасының таңдауы дамудың дұрыс та сара жолы екендігін, бүгінгі таңда таразы уақыт дәлелдеп беріп отыр. Осы тиімді бағдарламалардың бағыттары бойынша қазіргі таңда көптеген жұмыстар жүргізіліп, соның ішінде агро өнеркәсібі де жақсы жұмыстардың ықпалымен қарқынды даму барысында.
Тәуелсіздік – еліміздің ең басты мерекесі. Қазақстанның жаңа дәуірде қол жеткізген барлық табыстардың қайнар көзі – Тәуелсіздік. Тәуелсіз болғанымыздың арқасында Қазақстан сөзі мен ісін бүкіл әлем таныды және танида береді. Дүниенің бір бұрышында Қазақ деген халықтың бар екенін және үлкен істер тындыра алатынын барша әлемге танытқан біздің ата-бабаларымыздың және елі үшін жандарын қиған батырларымыздың арқасында әлемдік деңгейде көк байрағымыз желбіреп тұр.
1991 жыл 16 желтоқсан – еліміздің егемендігін жариялаған күн. Сол күні көгімізде тәуелсіздік Туы желбіреді. Содан бері 25 жыл уақыт өтті. Осы өшпес жылдар ішінде Қазақстан экономикасы қарыштап дамыды. Саясаттардағы сындарлы бағыт өз жемісін беруде. Осы саясаттардың арқасында қаншама дағдарыстардан аман-есен шығып жатырмыз. Қазірде елімізде тыныштық заман орнап, қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман келді деп мақтанышпен айта аламыз.
Тәуелсіз Қазақстанымыздың тұғыры биіктеп, егемендігіміздің іргетасы нығая түссін. Ғасырлар бойы аңсатып жеткен тәуелсіздікпен келген халық тілеуі мәнгілік болып, Гимніміз әуеде асқақтап, Елтаңбамыздың еңсесі биік болып, Туымыз көкте шарықтай берсін демекпін.Осы тұста айта кететін жайт еліміздің тағы бір үлкен жетістігі болашақта жоспарланып отырған ЕХРО-2017 көрмесін ойдағыдай өткізсек, еліміз үшін теңдесі жоқ жетістіктердің бірі болары анық.
Еліміздің барлық саласындағы қызметкерлерге, шет елдің түрлі саладағы мамандармен тәжірибе алмасуға, яғни білім саласына қатты көңіл бөліп, жастардың сапалы білім алуға жағдай жасалуда. Осының бәрі тәуелсіз елдің мақтанышы деуге болады. Сондықтан Тәуелсіздігімізді мәнгілікке сақтап, Еліміздің Туы көкте қалықтап, ынтымағы жарасқан ел болайық! .....
Қоғамның ең кіші және ең маңызды бөлшегі – отбасы. Бала ертең өскенде өзіне және қоғамға қалай пайдалы бола алатындығының алғашқы тұқымы отбасыда егіледі. Осы тұқымның дұрыс егілуі үшін отбасының психологиялық, әлеуметтік жағдайымен қатар, экономикалық жағдайының да әсері зор.
Экономикалық проблемаларға келіп тірелетін көптеген жағдайлар отбасыда айтарлықтай қиындық тудырады. Бұл қиындықтардың алдын алу үшін отбасы мүшелері бір-біріне қолдау көрсетуі қажет және отбасы бюджетін дұрыс жоспарлауы керек. Отбасы бюджетін қалай дұрыс жоспарлай аламыз?
Отбасы бюджетін дұрыс жоспарлай алу үшін әуелі отбасының табыс көздері мен мөлшерін анықтау керек. Одан кейін отбасының бір айлық кіріс-шығыс кестесін дайындау қажет. Бұл кестеде,
• Пәтер ақысы, комуналды қызметтер, азық-түлік, бар болса несие секілді міндетті төлемдер;
• Киім-кешек, отын, көмір, машинаның дөңгелегі секілді маусымдық шығындар; .....
Шашқызып шәкіртіне жүрек кенін, Оятқан ізгілікке жүректерін. Бұл күнде ел біледі, құрметтейді Мектептің мақтанышы – Түлектерін.
(«Қожабақы мектебінің вальсі» әнінен)
Мектепті бітіргендеріне 20 жыл толған түлектердің 20 жылдық кездесулерін ұйымдастырмақ мақсатпен алдын ала өзара дастарқан басында ойластықтары өтіп жатыр еді. Бұлар – 1963 жылы дүниеге келген, мектепті 1980 жылы бітіріп кеткен 31-түлектері. Дастарқан басында жиналып отырған ендігі есейіп кеткен кешегі сыныптастардың арасынан төрде отырған Рүстембек Құлжанов сөйледі.
– Біздің орта мектепті бітіргенімізге де 20 жыл уақыт болыпты. Қыр басына шығып кеттік демейміз. Бірақ хал-қадірімізше еңбек еттік. Отбасын құрдық. Бала-шаға өсірдік. Әке, ана болдық. Енді осы төбенің басында 20 жылдық кездесу ұйымдастыруға бастамашы болып отырған жайымыз бар. Осыған бір өлең арналса, – деді Рүстембек Құлжанов.
Рүстембек Құлжановтың сыныптастары, шынында да, 20 жылдық кездесудің бастамышысы болып отырғаны рас еді. Содан кейін-ақ 20 жылдық кездесу өткізу үрдіске айналып жүре берді. Рас, мұндай 20 жылдық кездесу өткізу кеңес заманында дәл сол кездегі мектеп басшысы Амангелді Есетов ағайлардың сыныптастары арасында ұйымдастырылғандығы, оның ауылдық мәдениет Үйінде өткендігі де белгілі. Бірақ нақ осындай кездесулер өткізу тәуелсіздіктен кейін ғана барып үрдіске айналып жүре бергендігі рас.