Құқық | Неке және отбасы заңдары

Осы Заң Қазақстан Республикасындағы неке-отбасы қатынастары, сондай-ақ оларды жүзеге асырудың кепілдіктерін белгілеп, реттейді, отбасының дамуың Қазақстан Республикасы мемлекеттік әлеуметтік саясатының басым бағыты деп анықтай отырып, оның құқықтары мен мүдделерің қорғауды қамтамасыз етеді.
Осы Занда пайдаланытын негізгі ұғымдар
1. неке – ерлі-зайыптылар арасындағы мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастарды туғызатын, отбасын құру мақсатымен зандарда белгіленген тәртіппен тараптардың ерікті және толық келісімі жағдайында жасалған еркек пен әйелдің арасындағы тең құқықты одақ;
2. жалған неке – отбасын құру ниетінсіз заңда белгіленген тәртіппен жасалған және ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттерін туғызбайтын неке;
3. отбасы – некеден, туыстықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиеге алудың өзге де нысандарынан туындайтын мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндетттерге байланысты және отбасы қатынастарын нығайту мен дамытуға жәрдемдесуге тиісті адамдар тобы;....
Рефераттар
Толық

Халық педагогикасындағы отбасы тәрбиесі

"Отан от басынан басталады".
"Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің".
"Көріп алған көріктіден, көрмей алған текті артық".
/Халық даналығы/.
"Отбасы-шағын мемлекет:
Мен-Президент, сен — Премьер"
/Қ.Аманжолов/.
Отбасы дегеніміз - туысқандық байланыста болатын, немерелер, ата-ана, ата-әже, балалар, немерелер, бірлесіп әлеуметтік өмір сүретін адамдар тобы. Отбасында мемлекеттік заңдар мен ережелерді сақтайды, демек некелік-отбасылық қарым-қатынастың биологиялық тарихы, әлеуметтік және праволық мәні бар.
Отбасындағы тәртіптің, оның мүшелері арасындағы адамгершілік-туыстық қарым-қатынастың, демократизмнің алатын орны ерекше. Отбасы тіршілігінің ежелден қалыптасқан заңы бойынша оны отағасы, ол болмаса отанасы, одан қалса үлкен аға немесе әпке басқарады.
Қазақ халқы балалар жасын кезеңдерге былай бөлген:
І.Нәрестелік жас - 7 ай бесік, 12-ай еңбектеу.
2. Бөбек - 1-3 жас
3. Сәби - 3-7 жас.
4. Жеткіншек - 8-11 жас
5. Бозбала - 12-15 жас.
6. Үлкендер - 15 жастан жоғары.
Отбасы қоғамдағы алғашқы ұйымдардың бірі. Оның өзіндік міндеттері болады, ол үшке бөлінеді:
1. Репродуктивтік. Мұның мәні — баланың өмірге келуі, өмірдің, ұрпақтың жалғасын табуы.
2. Шаруашылық-экономикалық. Мұның мәні-материалдық жағдайды қамтамасыз ету, үй және жеке меншік шаруашылығын жүргізу, отбасының қор-қаражат жинау, оны сақтау.
3. Бос уақьттты ұйымдастыру, яғни бала, ұрпақ тәрбиесімен айналысу.
Отбасы тәрбиесі ата-аналар ықпалымен жүзеге асатын қоғамдық, тәрбиемен ұштасып жатады. Ол қоғаммен, бүкіл қоғамдық қатынастар жүйесімен тығыз байланыста бола тұрса да, отбасы адамдарының белгілі дәрежедегі дербес сырлас тобы.
Отбасы өмірі материалдық және рухани процестермен сипатталады. Табиғи биологиялық және шаруашылық тұтыну қатынастары оның материалдық жағын құрса, ал рухани жағын құқықтық, адамгершілік және психологиялық қатынастар құрайды.
Адамгершілік тұғырға көтерер ең маңызды ұлағаттар, адамгершілік қатынастар отбасынан басталады.....
Рефераттар
Толық

Тұтас буынның төлбасы Ахмет Байтұрсыновтың өмірі мен шығармашылығы

Тұтас буынның төлбасы, кешегі Абай, Ыбырай, Шоқан салған ағартушылық, демократтық бағытты ілгері жалғастырушы, ірі ғалым-тілші, әдебиет зерттеуші, тюрколог, дарынды-ақын аудармашы Ахмет Байтұрсынов қазіргі Қостанай облысы, Торғай өңіріндегі Сартүбек деген жерде, ел арасында беделді, қайратты кісі Шошақұлы Байтұрсын шаңырағында 1873 жылы 18-қаңтарда дүниеге келген.Қалың қазақ ортасы, қаймағы бұзылмаған сахара тұрмысы табиғатынан дарынды туған баланың сезім дүниесін, ой әлемін тербеп толқытады. Әділетсіз өмірдің улы зары бала жүрегін он үшінде жаралайды. Әкесі Байтұрсын мен оның інісі Ақтас қорлық зорлыққа шыдамай,1885 жылы 12-қазанда ояз начальнигі полковник Яковлевтің басын жарады. Мұның арты дүние- мүлікті тартып алу, түрме, абақты, Сібірге он бес жылға жер аударылумен тынады.
Табиғатынан аса дарынды туған талапты бала Ахмет 1882-1884 жылдары әуелі көзі қарақты адамдардан өз үиінде хат танып, артынан жақын жердегі ауыл мектебінен сауат ашады да, 1886-1891
Торғай қаласындағы екі класты орысша қазақша училищеде,1891-1895 жылдары Орынбордағы мұғалімдік мектепте оқып білім алады.1895 жылдың 1- маусымынан бастап мұғалім болады.
Ақтөбе, Қостанай,Қарқаралы, атырабында бала оқытады, өмір, тіршіліг күресіне араласады, әділет үшін күреседі, жуандарға, байларға қарсылық білдіреді, патшаның отаршылық саясатын айыптайды.
Ауылдық, болыстық, кейін екі класты мектептерде ұстаз бола жүріп, 1901 жылдан бастап қолы бос кездерде өзі ізденіп, сан алуан кітаптар оқиды, әдебиетпен айналысады, оқу құралдарын жазады, аударма жасап, өлең - жыр шығарады, ауыз әдебиеті (фольклор) нұсқаларын жинайды.Оқыған, еркін мінезділігімен, батыл да ойшылдығымен ел ішінде бедел атағы өсе бастайды. Полиция тыңшыларының жаласымен күйе жағылып, губернатор Тройницкийдің жарлығы бойынша Қарқаралы екі класты училищесінің меңгерушісі Ахмет 1909 жылы шілденің 1- і күні Семей абақтысына алынып, сотсыз, үкімсіз, нақақтан-нақақ 8 ай бойы азап- қорлық көріп торығады, қинала жүріп ширайды, ақары күреске белді бекем буады. Бостандықты аңсаған, күреске шақырған өлеңдер жазады. Ақыры, Қазақстанда тұру құқынан айырылғандықтан, 1910 жылы 21- ақпанда түрмеден шығып, наурыз айында Орынбор қаласына келеді.....
Рефераттар
Толық

1 Желтоқсан - Тұңғыш президент күні (Тұңғыш Президент және менің Отаным)

 Көп жылдар бойы қазақ халқы тәуелсіз ел болуды армандады. Бақытты өмір сүруді қалады. Қазақ халқының бұл арманы 1991 жылы 1 желтоқсанда орындалды. Осы күні Қазақстан республикасының алғаш президенті ретінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды. Қазақстан 16 желтоқсан күні өз тәуелсіздігіне ие болды. Бұл Қазақстанның жаңа өмірге басқан үлкен қадамы еді. Ал оның елбасшысы ешқашан берілмейтін, құрметті ұлы тұлға. Осы күнге жетіп отырғанымыздың өзі елбасымыз..... 

Шығармалар
Толық

Қайрат Рысқұлбеков (Күнәдан таза басым бар)

Қайрат РысқұлбековҚайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбеков (13 наурыз 1966, Мойынқұм ауданы Бірлік ауылы – 21 мамыр 1988, Семей қаласы) – 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісінің қаһарманы.
Желтоқсан көтерілісінің бас құрбаны болған Рысқұлбеков еліміз егемендік алғаннан кейін Қазақстан Жоғарғы Соты Пленумының 1992 жылы 21 ақпандағы шешімімен толықтай ақталды. Оған «Халық Қаһарманы» атағы берілді. Тараз қаласында Рысқұлбеков есімімен аталатын демалыс паркі бар. Сондай-ақ онда Рысқұлбековке ескерткіш қойылған.

ӨЛЕҢДЕРі НАҚЫЛ СӨЗДЕРі ӘҢГІМЕЛЕРі

Өлеңдер
Толық

1 Желтоқсан - Тұңғыш президент күні (Елін сүйген, елі сүйген Елбасы)

Тәрбие сағат тақырыбы: Елін сүйген, елі сүйген Елбасы
Тәрбие сағат мақсаты: Оқушыларға ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың туып - өскен, оқып білім алған, еңбек жолының басталуы туралы мағлұмат беру, Елбасының еңбек жолынан үлгі алып, еліне деген патриоттық сезімдерін ояту, халқын сүюге, білімділікке тәрбиелеу.
Тәрбие сағат әдісі: әңгімелеу, сұрақ - жауап
Тәрбие сағат көрнекілігі: Елбасы суреттері, кітаптары, рәміздер, «Халқым аман, елім бірлікте болсын деп...», т.б.
Тәрбие сағаттар
Толық

1 Желтоқсан - Тұңғыш Президент күні (Елін сүйген, елі сүйген Елбасы)

Күнтізбелік мерекелер бойынша биыл біз елімізде Тұңғыш Президент күнін алғаш рет мерекелеп отырмыз. Өткен 2011 жылы Парламент 1991 жылғы 1 желтоқсанда өткен Тұңғыш Президенттің сайлауына қатысты осындай шешім қабылдаған болатын. Ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында депутаттар 1 желтоқсанды Тұңғыш Президент күні ретінде мемлекеттік мерекелер санатына қосу туралы бастама көтерді. Депутаттар өз ұсыныстарының мәнін Тұңғыш Президенттің дәл сол 1 желтоқсанда сайланып, Қазақстан Республикасында президенттік институтқа қадам дәл осы күні басылғанымен....
Шығармалар
Толық