Кіріспе Зерттеудің өзектілігі. Қазақстан Республикасының Конститутциясында «балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу – ата-ананың табиғи құқығы әрі парызы» деп, отбасының міндеті нақты көрсетілген. «Қазақстан-2030» бағдарламасында балаларымызды алыс болашақта қандай сапада көруіміз керектігі айтылған. Сонымен бірге, отбасы туралы заң жоғары және орта білім тұжырымдамасында әрбір отбасына өзінің ұрпағын тәрбиелеп, қатарға қосу міндеті жүктелген. Қазіргі заманда отбасының құрылымы өзгеріп, оның мүшелер саны азайып, бала саны да кеми түсті. Қоғамдағы әлеуметтік, мәдени экономикалық жаңғырулар, әр түрлі сипаттағы әлемдік деңгейдегі ақпарат алмасу, отбасы мүшелерінің арасындағы қарым-қатынас сипатына да өз әсерін тигізіп отыр. ....
КІРІСПЕ Өзектілігі. Қазіргі заманда отбасының құрылымы өзгеріп, оның мүшелер саны азайып, бала саны кеми түсті. Қоғамдағы әлеуметтік, мәдени экономикалық жаңғырулар, әртүрлі сипаттағы әлемдік деңгейдегі ақпарат алмасу, отбасы мүшелерінің арасында қарым-қатынас сипатына да өз әсерін тигізіп отыр. Қазіргі аналардың көпшілігі жұмыс жасайтын болғандықтан бала уақытының көбін пассивті тәрбиешілермен өткізеді. Бала тәрбиесі қалалық отбасына тән болып отырған келесі ерекшеліктермен шартталған: балалардың көбісі күннен күге ұлғайып отырған айырылысулардың нәтижесінде әкесіз немесе анасыз өседі; теледидар, жеке бөлме т.с.с. өркениеттің жетістіктері балалармен олардың ата-аналарының арасындағы қарым-қатынас процесін қиындатады. Отбасы баланың ең жақын әлеуметтендіру ортасы. Осы орта баланың өмірдің мақсаты, оның құндылықтары, не біліп, өзін қалай ұстау керектігі туралы алғашқы мағлұматтар меңгеріледі және онда басқалармен қарым-қатынас орнатуға дағдыланады. Сөйтіп, өзінің «кім» және «қандай» екенін, басқалардың «кім» және «қандай» екенін тәжірибеде сынап байқап көреді. Балалар отбасында әртүрлі жағдайаттар мен төтенше ахуаларда өзін ұстаудың нормаларын, мінез-құлқын реттеудің өлшемдерін меңгереді. Отбасы психологиясын зерттеушілер А.Г Харчев, А.Н Антонов, З.И Файнбург оның функцияларын ата-ананың үгіт-насихаты, түсіндіруі, олардың үлгі-өнегесі, үйдегі ахуал, отбасының психологиялық тынысы арқылы балалардың әдеті, мінез-құлқы, жақсы-жаманды бағалау уәзендері (критерйй) қалыптасуымен бірге қандай қылықтары үшін сөгіс алып, не үшін жазаланатынын, әділдік пен адалдық ұғымдарын меңгереді деген тұжырымдар жасады. Қарым-қатынас адам өмірінде аса маңызды рөл атқарады. Қарым-қатынас нәтижесінде тұлғааралық байланыс орнығып, өзара мәміле қалыптасып дамитындығы әр жеке тұлғаның қалыптасуында жетекші факторлардың бірі болады. Қарым-қатынас барысында өзара пікір алмасу, сезім әлеміне бірлесіп ләззат алу, қайғы, қуанышта ортақтас болу арқылы адамдардың арасында сенімді кең ауқымды эмоциялар арқылы екі немесе бірнеше психологиялық жүйе не бірнеше рухани әлем және ой-пікір, сана-сезім, мінез-құлық, қылық-жорықтар арасында келісім, өзара түсіністік, не болмаса қақтығыс, талас-тартыс, қарама-қайшылық, тұрғысындғы мәміле үрдісі іске асады. (А.В. Мудрик, А.В. Запорожец, Қ.Б. Жарықбаев, Ж. Намазбаева, С.М. Жақыпов, М. Мұқанов.). Теориялық маңыздылығы - отбасы ұғымына анықтама беру, оның атқаратын қызметтерін нақтылау, отбасындағы қарым-қатынас мәселелерін талдау көптеген зерттеулерде орын алған. Отбасы қызметінің ортақ топтамасы немесе жіктемесі де жетік түрде толық жасалмаған. Г.М. Свердлов және В.Л. Ресенцев (1958) отбасының маңызды қызметтерін ұрпақ жалғастыру, тәрбиелеу, шаруашылық және өзара көмек көрсету түрлерін жатқызған. Ата-ананың отбасылық ықпалы туралы өз еңбектерінде А.Ю.Гавит, Э.А.Тийт қарастырды, сонымен қоса некедегі сәйкестікке қатысты мәселелер де талданған.....
Бүгiнгi мектептердегi жүргiзiлетiн тәрбиенiң негiзгi мақсаты да, мектептегi оқушының жас ерекшелiктерiне қарай құндылықтар маңызын санасына сiңiрiп, осыған байланысты тәрбие түрлерiн анықтау. Педагог оқушыларды оқыта және тәрбиелей жүрiп баланың қалай дамып келе жатқанын,оның түрлi қылықтарына түрткi болған себептердi ұдайы талдап отырады. Баланы тәрбиелеу, оның жеке бастық қасиетiн қалыптастыру күнделiктi өмiрдiң әр күнiнде жүзеге асырылады. Баланың дамуына ықпал жасайтын факторлар өте көп. Балалармен тәрбие жұмысын жүргiзгенде олардың бәрiн ескерген жөн. Егемен елiмiздiң тiрегi – бiлiмдi ұрпақ ұрпақ. Қазақ халқының өмiрiнде тәрбие жеке отбасының ғана мұраты болған емес, ұрпақ болашағы ежелден ортақ мүдде деп түсiнiлген. Бздiң болашағымыз – артта өсiп келе жатқан жасөскiндер мен жасөспiрiмдер. Жас ұрпақ ел-тiрегi, ертегiмiздiң кепiлi деген сөз бар. Әсiресе баланың эстетикалық, көркемдiк талғамын ұштап ұлттық тәрбие беруiмiз керек. Баланың тiлi қалыптаспай ойын айта алмайтыны түсiнiктi болғанымен, тiл халық жаны бар екендiгiн түсiне беремiз бе. Тiл ана сүтiмен бала бойына дарып, мектеп атты ұяда дамып жетiледi. Онсыз бала мәңгүрт болып елiн-жерiн сүймейдi. Сусыз құрғақ жерге, таса көлеңкелi жерге дән тастағанмен өнбейтiн сияқты, жас баланы бiлiммен сусындатып, бағып – күтпесек, көкiрегiн ашып, тәрбие бермесек өспейдi, өнбейдi. Баламен тiл табысып, оның бойына бiлiм ұрығын себетiн басты тұлға – ұстаз. Ұстазы ....
Адамның жеке басын тексеріп қарау, кедендік бақылаудың ерекше нысаны болып табылады және Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өтетін не кедендік бақылау аймағындағы немесе халықаралық әуежайдың транзит аймағындағы жеке тұлғаның Қазақстан Республикасының заңдарын бұзу объектілері болып табылатын тауарларды өзінде жасырып, бермей тұр деп санауға негіз болған жағдайда, кеден органы басшысының немесе оның орынбасарының жазбаша шешімі бойынша жүргізілуі мүмкін. Адамның жеке басын тексеріп қарау, жеке тексеру рәсімдерін жүргізу және оны ресімдеу тәртібінің арнайы ережесі қабылданған. Аталған ереже Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің 448-бабына сәйкес әзірленген және оны жүргізудің тәртібін және тіркеу нысанын айқындайды...
Сыртқы бейнесі мен түр-тұлғасы жағынан адамдар біріне - бірі ұқсас болғанымен, мінез-құлқы, темперамент ерекшеліктері, қабілеті мен икемділігі жағынан олардың әрқайсысының өзіндік даралық қасиеттері болады. Табиғатта жеке дара ерекшеліктерімен сипатталатын үш түрлі нәрсе бар. Оның бірі – бір түп ағаштағы 200 000 – ға жуық жапырақтың бедері жағынан бір-біріне ұқсамай, даралық өзгешілігімен көзге түсетіндігі; екіншісі – темпераменті, мінез-құлқы жағынан бірдей екі адам болмайды; үшіншісі – дүние жүзіндегі 6 млрд. адамның әрқайсысының саусақ бедері біріне-бірі ұқсамайды. Осы деректер табиғаттағы кемелденіп жетілген ақыл-ой иесі – адамның өзіндік қасиеті мен ерекшелігін білдіреді. Әрбір кісінің жеке басына тән дара өзгешіліктің бірі – осы темперамент. «Темперамент» сөзінің шығу тегіне тоқталар болсақ, «красис» деген грек сөзін латынша – темпераментум дейді. Мұндай атаудың мәні нәрселердің не заттардың мөлшер шамаластығы деген түсінікті білдіреді. Бұл өзгешілік – ең алдымен, адамның эмоциялық сезіміндегі және жүріс-тұрысы мен қимыл-қозғалысындағы, сөйлеген сөзіндегі, өзге адамдармен қарым-қатынасындағы ерекшеліктері. Сөйтіп, біз темпераментті жүйке жүйесінің табиғи типтік қасиеттеріне тәуелді, жеке адамға тән дара өзгешілік деп білеміз. Адамның мұндай өзгешілігінің сыр-сипатына зерттеуші-ғалымдар ерте замандарда-ақ айрықша мән берген. Адамның осындай өзгешілігінің мәнін ашуға алғаш көңіл аударып, еңбек жазған – ертедегі грек жұртының дәрігер ғылымы Гипппократ (б.з.д. 460 – 356 жж.) болды. Ол өз шәкірттерімен бірге организм өзгешіліктері денедегі «тіршілік шырындарына» байланысты деп санады. Яғни, олардың пікірінше, денені жылытатын – қан, салқындататын – сөл, құрғататын өт, дымқылдандыратын – қара өт. Бұлар бірімен –бірі белгілі бір пропорциялық қатынаста болады. Осы заттар қатынасының қай мөлшерде екендігіне қарай әрбір адамның өзіндік даралық өзгешілігі болады.....
Кез келген кәсіпкерлікпен айналысатын кәсіпорындар әрекетінің маңызды өрісінің бірі-инвестициялық әрекет болып есептеледі. Кәсіпорындардың қаржы ресурстары-ағымдағы шығындарды-қаржыландыруға және инвестициялауға бағытталады. Инвестиция-бұл ақша қаражаты, бағалы қағаздар, басқадай мүліктер, оның ішінде мүлікке иелік ету және тағы басқа белгілі бір пайда табу мақсатымен кәсіпкерлік объектіге салу. Инвестиция фирмалардың серпінді дамуын қамтамасыз етеді және келесі мақсатты орындауға жағдай жасайды, олар: қаржы және материалдық ресурстарды жинақтау есебінен меншік кәсіпкерлік әрекетті кеңейтеді, жаңа кәсіпорынды сатып алады,бизнестің жаңа түрлерін игеруге байланысты әрекеттерін әртараптандырады. Кәсіпкерлікпен айналысушы кәсіпорындар инвестицияны әртүрлі түрінде іске асырады, өйткені инвестиция объектілерінің көптеген түрлері бар. Нақтылы инвестиция ол тауар өндірісін және қызмет көрсетуге байланысты нақтылы активкеьақша қаражатын салу. Бұл салым кәсіпорынның негізгі қорларын ұлғайтуға бағытталады. Нақтылы инвестиция негізінен жаңадан негізгі қорды салуға, кеңейтуге, қайта техникалық жағынан қарулануына немесе жұмыс істеп тұрған кәсіпорынды қайтадан құру үшін қолданылады.....
Менiң курстық жұмысымның мақсаты нақтылы инвестициялық жобаларды талқылай отырып, олардың тиiмдiлiгiн бағалау. Өзiмiзге мәлiм болғандай әрбiр кәсiпорын өз қызметi барысында мiндеттi түрде пайдасын максималдағысы келедi. Осыған орай олар максималдаудың әртүрлi жолдарын iздейдi. Сондай жолдардың бiрi инветицияларды құю болып табылады. Компания қандай да бiр инвестициялық жобаны бағалау немесе таңдау кезiнде, оны зен қойып талдауы керек. Өйткен қаншалықты оны нақты бағалап, нәтиже шығарсa, онда соншалықты ол тиiмдiрек болады. Қаржылық менеджерлер инвестициялық жобаларды бағалаудың әртүрлi әдiстерiн қолданады. Жалпы олардың негiзгiлерi болып келесiлер табылады:таза келтiрiлген күн, таза терминалдық күн, инвестицияның қайту деңгейi, инвестицияның тиiмдiлiк коэффициентi, инвестицияның кайту мерзiмi. Бұл көрсеткштер одан әрi жалғасулары мүмкiн, алайда жалпы әдебиеттерде бұларды жиiрек қолданады. Компания үшiн инвестициялық жоба тек қана пайда табумен байланысты болмайды, ол сонымен қатар компанияның нарықты жаулап алу саясатына да байланысты болуы мүмкiн. Қаржы менеджерi өз қызметi барысында компанияның инвестициялық саясатын даярлайды.....
«Қазақстан—2030» ұзақ мерзімді бағдарламасында елімізді дамытудың стратегиялық мақсаты — қоғамда ғылыми-техникалық саясаттың рөлін көтеру және отандық ғылым мен технологиялық бәсекелестік қабілетін арттыру деп көрсетілген [1]. Қазіргі кезеңде тәуелсіз Қазақстанда ғылыми-техникалық саясатты дамыту, басым бағыттардың бірі болып саналады. Өркениетті елдер тәжірибесі көрсеткендей, ғылыми-техникалық саясаттың дамуы ел экономикасының іргетасы екендігін өмір өзі дәлелдеп отыр. Осы мақсатта елімізде ғылыми-техникалық саланы реформалауды және қайта жаңғыртуды қолға алу кезек күттірмейтін мәселе екендігі дау тудырмайды. Өнеркәсіптің басым салаларында қоршаған ортаға техногенді әсер етуді темендететін, ғылымды көп қажет ететін және ресурсты үнемдейтін технологияларды әзірлеу қоғам қажеттілігі екендігі сөзсіз. Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық реформалардың ішіндегі ең кабілеттісі — ғылыми-техникалық, инновациялық өзгерістер. Бұл сала еңбекке кабілетті мәдениет пен білімді өркендететін потенциалды қамтиды. Дүниетанымы мен менталитеті қоғамға сай қабілетті адамдарды, әсіресе жастарды тәрбиелеуде, оларды нарық заманының талаптарына жауап беретіндей етіп еңбекке үйретуде ғьлыми-техникалық саясаттың атқаратын рөлі орасан зор. Инновациялық жаңартулар арқылы қоғамның іргетасын нығайтып, әлеуметтік міндеттерді жүзеге асыра аламыз. Мемлекеттік саясаттың ажырамас, құрамдас бір бөлігі болып отырған ғылыми-техникалық саясаттың қоғам мен мемлекеттегі ....
Тақырыптың өзектілігі. Замана доңғалағы зыр айналып келеді. Уақыт талабы, заман сұранысы деп адамдар қолдан жасап алған өзіндік ережелер мен біржақты ұстанымдар қоғамда оңды-терісті өзгерістер орнатуда. Қалай десек те қоғам даму үстінде. Қазақстанға Тәуелсіздік сыйлаған өткен ғасыр соңы мен еліміздің кемел келешегінен үміт күттіретін үстіміздегі ғасыр әлділердің құралына айналып отырған жаһандану, ғаламдасу сынды үрдіспен ерекшеленіп отыр. Жер шарын мекендейтін адамзат ұрпағына ортақ құндылықтар мен ортақ қызығушылықтарды меңзейтін үрдіс өзіндік оң және теріс жақтарын көрсетіп бағуда. Осы орайда ел ағаларының «Жаһандану – бірлесіп өмір сүру, қиындықтарды әлем адамдарымен бірлесе отырып жеңу» деп оның ұтымды тұстарын сөз етсе, екінші бір ағалардың «Ғаламдасу – сан ғасырғы құндылықтар мен мұралардан бас тарту, өзге, яғни бізге мүлде жат мұраларды мойындау, соған сену» деп дабыл қағып отырғаны белгілі. Әзірге, бір пікірдің толықтай мақұлданып немесе толығымен жоққа шығарылғаны жоқ. Ақиқаттың сайыс барысында пайда болатынын ескеріп, біз де ештемені кесіп айта алмаймыз. Дегенмен, тарих беттері ғаламдық үрдістің ұлттар үшін қауіпті екенін көрсетеді ....
Жұмыстың құрылымы: Дипломдық жұмыс кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады
Жұмыстың мақсаты мен міндеті: Ахмет Байтұрсынұлы түркі тіл білімі тарихында грамматиканың барлық саласында ғылыми жол бастаушы және негізін қалаушы ғалым екендігін салыстырудың қорытындылары бойынша дәлелдеу
Жұмыстың жалпы сипаттамасы: Ахмет Байтұрсынұлы – ағартушы, қазақ тіл лингвистикасының көш бастаушысы, рухани – мәдени тарихымыздың көрнекті өкілі, белгілі ғалым – педагог, қазақ теориясы мен сынының негізін салушы, ақын, аудармашы ,филолог, еңбек сіңірген ғылыми қызметкер. Бұл жұмыстар Ахмет Байтұрсынұлының қазақ (түркі) тілтанымдық мұрасы ХХ ғасырдың бірінші ширегіндегі әлем тілтаныммен сабақтас екендігін көрсету болып табылады. Ахмет Байтұрсынұлы тіл біліміндегі мәселелердің негізін қалаушы ғалым екендігін салыстырудың нәтижесіндегі қорытындылар бойынша айқындаймыз.
Жұмыста қолданылған әдістер: Сипаттамалы, ғылыми-зерттеу әдісі, салыстырмалы ғылыми-зерттеу әдістері қолданылды
Жұмыстың өзектілігі: Ахмет Байтұрсынұлының ғылыми мұрасы негізінде ХХ ғасыр басындағы орыс тілші ғалымдар өздерінің тілтанымдық концепциясын жасады деген тұжырымды дәлелдеу
Пайдаланылған дерек көздері: Ахмет Байтұрсынұлының ғылыми еңбектері және оған арналған зерттеу мақалалар, сондай-ақ Н.Ф. Яковлев, Е.Д. Поливанов, И.А. Бодуэн де Куртенэ, В.В. Виноградов, А.М. Кононов, П.М. Мелиоранский, А.Н. Самойлович, Л.Р. Зиндер және т.б. ғалымдардың тілтанымдық еңбектері қарастырылды
Тірек сөздер: термин, тұжырым, дыбыстық жүйе, қорытынды, қазақ тілі грамматикасы, тіл білімінің теориясы, тіл материалдары, практикалық жетістіктер, тіл категориясы, әдіс, орфографиялық норма
КІРІСПЕ
А. Байтұрсынұлы – ғұлама жазушы, энциклопедиялық білім иесі, рухани дүниесі биік ғұлама. Ахмет Байтұрсынұлының өзі және творчестволық мұрасы төрт рет репрессияға ұшырады. Бұл тарихи шындық. Көп жылдар бойы зерттемелері “құлыптаулы” қамал ішінде сақталды. Ахмет Байтұрсынұлы жер шарының алты бөлшегінің бір ұшын қамтыған мемлекеттің тарихында жиі кездесетін көп ақтаңдақтардың біреуі. Ахмет Байтұрсынұлы КСРО-да репрессияланған болса да, Қытай да, Монғолстанда, Түркияда, Германия мен АҚШ ғалымдарының еңбектерінде, А.А. Реформатскийдің, А.Н. Кононовтың және басқалардың зерттемелерінде ХХ ғасырдың ғұлама тілшілердің бірі ретінде танылды. Бүгінгі таңда, Ахмет Байтұрсынұлы еңбектері терең зерттеле бастады. Бұл зерттемелер, мақалалар, естеліктер мен деректі кинофильмдер және тағы басқалар аз да болса, Ахмет атамыздың жазушылық, қоғамдық-мемлекеттік, педогогикалық қызметін сипаттайды. Енді қысқаша өмірбаянына тоқталып кетсек, Ахмет Байтұрсынұлы 1873 жылы 28 (15) қаңтарда сол кездегі Торғай уезіне қарасты Тосын болысының 5-ші ауылында Сарытүбек деген жерде дүниеге келген. Ахмет Байтұрсынұлының әкесі (Байтұрсын Шошақұлы) ауылға інісі Ақтасты іздеп келіп, ойран салған патша әскерлерінің полковнигіне қарсылық көрсеткені үшін әскери соттың шешімімен інісі екеуі 15 жылға сотталып, Сібірдің каторгасына айдалды. Жетім қалған А. Байтұрсынов немере ағасы Ерғазының қолында тәрбиеленді. Ахмет ауылдағы молданың мектебінде (ислам дінінің негіздері, оқу, жазу, Шығыс әдебиеті, ауызекі халық әдебиеті (фольклор), түркі шежіресі, қазақ шежіресі, тағы басқа) сапалы діни білім алады. 1891 жылы Торғай қаласында екі кластық орыс-қазақ училищесін бітіреді. 1895 жылы Орынбор қаласында, кезінде Ы. Алтынсарин негізін қалаған “Мұғалімдер мектебін” бітіреді. 1895-1905 жылдары Ахмет Байтұрсынұлы Ақтөбе, Қостанай және Қарқаралы уезінде және екі кластық орыс-қазақ училищесінде мұғалім болып істейді. 1907 жылы Ресейдің отаршылық саясатына қарсы күреске қатысқаны үшін тұтқындалып, Қарқаралы қаласының абақтысына қамалды, одан Семей қаласының абақтысына өткізіледі, 1913 жылдың наурыз айынан 1917 жылдың соңына дейін Орынбор қаласында “Қазақ” газетінің бас редакторы болып жұмыс істейді. 1917 жылдың соңынан 1919 жылдың наурыз айына дейін “Алаш” партиясы жүйесінде және “Алашорда” атты уақытша Халық кеңесінің оқулықтар жазу Комиссиясының құрамында қызмет етеді. 1919 жылы наурыз айында Ахмет Байтұрсынұлы Совет үкііметін қабылдап, сол үкіметтің жүйесінде мемлекеттік істерде қызмет атқарады: 1920-1923 жылдары – Қазақстан Халық Ағарту Комиссариатының комиссары; 1921-1922 жылдары – Қазақстан Халық Ағарту Комиссариаты жанындағы Ғылыми Әдеби комиссияның төрағасы; 1921-1926 жылдары – Орынбордағы Қазақтың халық ағарту институтының мұғалімі; 1926-1928 жылдары Ташкенттегі Қазақ педагогика (тәлім-тәрбие) институтының мұғалімі; 1928-1929 жылдары – Қазақ мемлекеттік университетінің профессоры, 1929 жылы колхоздастыру және конфискация жасау кезіндегі асыра сілтеушілерге ашық қарсы үгіт жүргізгені үшін тұтқынға алынып, Архангельск облысына жер аударылады. Дүниежүзілік Қызыл Кіреске М. Горькийдің жұбайы Е. П. Пешкованың жолдаған өтінішімен А. Байтұрсынұлы 1934 жылы мерзімінен бұрын айдаудан босатылады. 1936-1937 жылдары қайтадан тұтқынға алынады. 1937 жылы желтоқсан айының 8 күні атылады. 1988 жылы қараша-желтоқсан айларында ақталады /7, 13/.....