Қазақстанда барлық салық түрі көтеріледі

Бүгін Үкімет отырысында "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" Заң жобасы мақұлданды.

Аталған құжатты ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев мәлім етті. Оның айтуынша, салық салу мәселелері жөніндегі заң жобасында мөлшерлемелерді көтеру көзделген.

Атап айтқанда, заңды тұлғалардың мүлік салығы; жер салығы; қозғалтқыштарының көлемі 3000-нан бастап 4000 текше см-ге дейінгі автомобильдер үшін көлік құралдарының салығы; 2015 жылдан бастап темекіге акциздер; 2014 жылдан бастап алкоголь өнімдеріне акциздер салығы артатын болады.

"Сонымен қатар салықтық әкімшілеуді және салық төлеушілерге қызмет көрсету сапасын жақсартуға әрі әкімшілік кедергілерді төмендетуге, бизнес ахуалды арттыруға бағытталған бірқатар түзетулер дайындалды", - деді Е.Досаев

Жаңалықтар
Толық

Орталық мешітке қатысты дау ушығып барады

Осыған дейін имамдарға қатысты масқара мәлімдеме жасаған Жанар Боранбаева бүгін Діни басқарма алдында шу шығарып, мешіт қызметкерлерінің жауап беруін талап етті.

Алайда, Діни басқарма қызметкерлері алғашында зардап шеккен қыз алдында ақталмақ түгілі, камераны көре сала тұра қашты.

Наиб имамдарға қатысты жағаны ұстатар жайттарды жайып салған Жанар Боранбаева орталық мешітке ашуланып келіп, ұстаздарын іздеді. Қолында мешіт жанындағы сауат ашу курсын бітіргенде берілген, мөр басылған сертификаты бар. Мешіт қызметкерлеріне құжатын көрсетіп, өзінің дәріс алғанын дәлелдемек болды. Имамдар Боранбаева бізде мүлде оқымаған деген еді.

"Имамдарды жина! Жауап берсін! Мені осы жерде оқыған жоқ деген кім? Тез жиналыңдар", - дейді ол.

Жаңалықтар
Толық

Ресейге сыймаған "Рошенге" Қазақстанда рұқсат бар

Қазақстанда украиналық Roshen компаниясының өнімдерінен зиянды қоспалар табылмады, деп мәлім етті жұма күні, 16 тамызда, ҚР бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин.

"Тексеріс аяқталды. Өнімнің 101 үлгісіне зерттеу жүргізілді, яғни Астанада – 46, Алматыда 55 өнімге, кәмпиттердің атауы осыншалық. Барлығы микробиологиялық көрсеткіштер бойынша Кедендік одақтың азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігі талаптарына толық сәйкес келеді", - деді Жандарбек Бекшин жұма күні ҚазТАГ тілшісіне телефон арқылы берген сұхбатында.

Ол сондай-ақ аталмыш компанияның тауарларын Қазақстан аумағына енгізуге ешқандай тыйым салынбайтындығын атап өтті. Бұған дейін хабарланғандай, Ресейде украиналық Roshen компаниясы өнімдерінің құрамынан бензапирен....

Жаңалықтар
Толық

ІІМ барлық жүргізушілерге ерекше белдікті міндеттеуі мүмкін

Елімізде бұдан былай түн мезгілінде болатын жол апаттарының саны күрт азаюы мүмкін. Себебі, астаналық студент ерекше белдік ойлап тапты.

Фото: artem-kiselev.info
Фото: artem-kiselev.info

Көз байланған қараңғыда ол айналаға жарық беріп, жүргізушінің қауіпсіздік белдігін таққан-тақпағандығын оңай аңғартады. Түнде жарыққа шағылысатын белбеу қарсы бағыттағы көліктерге де жарық белгі береді.

Бұл біріншіден, көлік тізгініндегілердің қауіпсіздігін арттырса, екінші жағынан жол полициясы қызметкерлерінің жұмысын да біраз жеңілдетпек.

Өнертапқыштың ойлап тапқан жобасын ішкі істер министрлігі де қызу қолдап, қазір оны барша азаматқа міндеттеудің жолдарын қарастырып жатқан көрінеді. Белдік жуырда патенттелген. Ал жобаны толық жетілдіру үшін....

Жаңалықтар
Толық