ІІМ барлық жүргізушілерге ерекше белдікті міндеттеуі мүмкін


Елімізде бұдан былай түн мезгілінде болатын жол апаттарының саны күрт азаюы мүмкін. Себебі, астаналық студент ерекше белдік ойлап тапты.

Фото: artem-kiselev.info
Фото: artem-kiselev.info

Көз байланған қараңғыда ол айналаға жарық беріп, жүргізушінің қауіпсіздік белдігін таққан-тақпағандығын оңай аңғартады. Түнде жарыққа шағылысатын белбеу қарсы бағыттағы көліктерге де жарық белгі береді.

Бұл біріншіден, көлік тізгініндегілердің қауіпсіздігін арттырса, екінші жағынан жол полициясы қызметкерлерінің жұмысын да біраз жеңілдетпек.

Өнертапқыштың ойлап тапқан жобасын ішкі істер министрлігі де қызу қолдап, қазір оны барша азаматқа міндеттеудің жолдарын қарастырып жатқан көрінеді. Белдік жуырда патенттелген. Ал жобаны толық жетілдіру үшін бір жыл уақыт жұмсалыпты.

"Біз сақтандыру компанияларымен өзара келісімге келіп тиісті бағаға сатуды жоспарлап отырмыз. Олар өз кезегінде жүргізушілерге ерекше қауіпсіздік белдіктерін сыйға тартпақ", - дейді өнертапқыш Диана Әубәкір.

Тағы бір қызық ұсыныс. Көлігін сақтандырып сыйлық алған жүргізушілердің белдіктерінің тысында автомобильдің нөмері жазылады. Қазіргі уақытта белдік тыстарын тігетін шеберханалармен келісім жүріп жатыр. Айта кетейік, мұндай тың идеяның әлемде әзірге еш баламасы жоқ екен.


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру