Қардан жасалған гүл

Анашым, ертегі айтып беріңізші?! Жарайды, айтып беремін. Тек кеш батсын. Не үшін кештің батқанын күтуіміз керек? Білмеймін...ертегіні кешке тыңдаған жақсы сияқты. Жақсы. Онда келістік. Қызым күн батқанша әрең шыдады. Қыстың келте күні әп-сәтте кешке ұласты. Пешке жағылған оттың қызуы үйді жылытып жіберді. Жарықтың сөндірсең, отың ойнаған алауының көлеңкесі керегеде ойнайды. Осындай кезде бала кездегі ата-анамның......
Ертегілер
Толық

Балықтар неге сөйлемейді?

Ерте, ерте, ертеде сиқырлы көк теңіздің астында балықтар патшалығы өмір сүріпті. Олар бір-бірімен өте тату-тәтті тұрыпты. Достықтарының, еңбексүйгіштіктерінің арқасында басқа патшалықтарға да үлгі болыпты. Барлық патшалық балықтар патшалығына қызыға қарапты. Өйткені, балықтар күндіз тынымсыз еңбек етіп, кешке көңілді сауық-сайран құрады екен. Олар теңіз бетіне шығып, әртүрлі іс-қимылдар арқылы бидің түрлі тәсілдерін көрсетіпті. Би ырғағымен ......
Ертегілер
Толық

Жұмбақтар жауабымен: Оқу жабдықтары, білім

Бойлаған сайын тереңге,
Шығасың биік белеңге.
Білім

Бір шыққан соң орнына қайтып кірмес,
Қай жақтан келерін де адам білмес.
Азаттығы сонымен дүниенің,
Онсыз тірі ешкім де дәуір сүрмес.
Сөз

Тыста – арқаңдамын,
Сыныпта – партаңдамын.
Портфель
Жұмбақтар жауабымен
Толық

Жұмбақтар жауабымен: Жануарлар (кит, жылан, маса, тышқан, балық, мысық, қасқыр, қоян, түлкі, піл, сиыр)

Көзі бар, қанаты бар балық дене,
Сияқты зор тұлғалы алып кеме.
Кит

Бір мақұлық бар екен төрт аяқты,
Тағыпты арқасына мың таяқты.
Ашуланса, аяқ-қолын көрсетпейді,
Көресің көзің салсаң ғажайыпты.
Кірпі

Дене мен аяқ-қол жоқ, құйрық пен бас,
Бұрыннан жан-жәндікке ойлаған қас.
Бес-алты ай демалыста күн көреді,
Оншалық керек етіп жемейді ас.
Жылан
Жұмбақтар жауабымен
Толық

Жұмбақтар жауабымен: Жануарлар (жылқы, ит, ат, қошқар, бұғы, суыр, тасбақа, бақа, есек, кенгуру, түйе)

Қамыс құлақ,
Тостаған тұяқ
Мінсең – қанат
Сүті – дәрі,
Еті – тамақ.
Жылқы

Адамға серік,
Күзетке берік.
Ит

Денесіне қапталған,
Сырты түбіт тоны бар.
Дыбыссыз кіріп шығады,
Бүкірейген жоны бар.
Мысық
Жұмбақтар жауабымен
Толық