Маша мен Аю / Маша и Медведь

Ерте, ерте, ертеде кемпір мен шал өмір сүріпті. Олардың Маша атты немересі болыпты. Бірде Маша құрбыларымен орманға жиналыпты. Атасы мен әжесі оған:
- Құрбыларыңнан қалып қалма! – деп табыстады.
Бірақ Маша олардың айтқанын тыңдамады. Ол құрбыларынан алысқа ұзап кетіп, ақырында адасып қалды. Маша оларды шақырып айқайлай бастады. Құрбылары дауыс қатпады. Маша ымырт....
Ертегілер
Толық

Ақ тышқан мен нәресте

Алыстағы бір ауылда жесір қалған жүкті әйел өзіне серік болсын деп таудағы жаралы ақ тышқанды (күзен)асырап алады. Ақ тышқан әйелдің қасынан бір сәтте деайырылмапты. Қаншалықты үй жануары болмаса да, барынша тіл алғыш болады. Бірнеше ай өткен соң әйел босанады. Жалғыз басты әйел үшін барлық қиыншылықтарға.....
Ертегілер
Толық

Екі дос

Бір күні екі дос орманда келе жатады. Кенеттен алдарынан бір аю шыға келеді. Сол кезде біреуі қаша жөнеледі, екіншісі талға өрмелеп жасырынып қалады. Қашқан жігіт ортада қалып кетеді.
Алайда, не істерін білмей тұрғанда, ойына «Өлген адам сияқты ....
Ертегілер
Толық

Балабақша | Жаңа жыл (Қуант бізді Жаңа жыл! )

Балалар көңілді әуенмен залға ұстаса жүгіріп кіріп, әуенмен әртүрлі қимылдар жасап билейді. Әуен тоқтап қалғанда шыршаның екі жағына тұрады.

1 - тәрбиеші: Ортада таңдандырып талайды,
Шыршамыз жасарып жайнайды.
Құбылып, құлпырып.......
Сценарийлер (ертеңгілік)
Толық

Балабақша | Жаңа 2017 жылдан күтер сыйым жақсылық

«Жаңа жылдан күтер сыйым жақсылық»
(Жаңа жыл тіл ұстарту ертеңгілігінің сценарийі)

Кубденова Жанылсын Сабитқызы
Атырау қалалық №20 «Алтын балық»
мүмкіншілігі шектелген балаларға
арналған балабақшасы тәрбиешісі



Мақсаты: Балаларға Жаңа жыл мерекесі туралы мағлұмат беру. Жаңа жыл мерекесінің қызықтарын, әдемі көріністерін тамашалау арқылы қоршаған ортаға қызығушылығын арттыру. Балаларды бір - біріне деген достық сезімге, сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Түзетушілік мақсаты: Балаларға мерекелік көріністер арқылы диалогты сөйлеуге, қарым - қатынасқа еркін түсе білуін жетілдіру. Танымдық қабілеттерін дамыту.
Қажетті құралдар: Жаңа жылдық шырша, ертегі кейіпкерлері, ойын.......
Сценарийлер (ертеңгілік)
Толық

Жұмбақтар жауабымен: Жануарлар (сиыр, қоян, мысық, ешкі, тасбақа, зебра, аю, мал, бота, түйе)

Айран берген, құрт берген,
Шелек-шелек сүт берген,
Айтыңдаршы балалар,
Бұл қандай мал, кім білген?
Сиыр

Басында мүйізі бар,
Үстінде киізі бар.
Сиыр

Өзінше ноян
Қорқақ кім?
Қоян
Жұмбақтар жауабымен
Толық

Жұмбақтар жауабымен: Ыдыс-аяқтар (қасық, дастархан, сүзгі, үстел, құмыра, ыдыс, термос, кесе, оқтау, пышақ)

Жер баспайтын аяғы,
Апамның ақ таяғы.
Жұдырықтай қамырды,
Жаулықтай ғып жаяды.
Оқтау

Кесе-кесе мұқалды,
Жони-жони жұқарды.
Пышақ

Аяғы жоқ, басы бар,
Іліп алған асы бар.
Тиген кезде қолыңа,
Аузыңа тез асығар.
Қасық
Жұмбақтар жауабымен
Толық

Жұмбақтар жауабымен: Есеп және сауда

Арзан ба, әлде қымбат па?
Білесің де бағасын,
Барлық затты бір затқа
Айырбастап аласың.
Ақша

Бір қара дөңгелек,
Арлы-берлі дөңгелеп.
Әр нәрсені тексеріп,
Санағанда тым зерек.
Есепшот
Жұмбақтар жауабымен
Толық

Алфавит, әріптер

Бір атадан туыпты жиырма тоғыз баласы,
Бірлігінде бұлардың, ешкімнің жоқ таласы,
Бірігіп жүріп іс қылар, өзің ойлап қарашы.
Жиырма тоғыз әріп

Қаздар бар жиырма тоғыз бірге туған,
Әлемнің былық басқан бетін жуған.
Қор болмайды, өмірде кем болмайды,
Туа салып анадан соны қуған.
Жиырма тоғыз әріп

Жансызға жиырма тоғыз* болдым таныс,
Тамаша бір жүйрікпен қылдым жарыс.
Жансыз тұрып, жандының себебімен,
Аяғын басады екен шәркем шалыс.
Жиырма тоғыз әріп

Жұмбақтар жауабымен
Толық