Рухани жаңғыру - ұлттық санамыздың кемелденуінің кірпіші

Еліміздің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламасы қазақстандықтардың салт-санасы мен дүниетанымын өзгертетін күш. Елбасымыздың осы мақаласын оқу барысында мынандай ой түйдім. Оның айтуы бойынша рухани жаңғыру – ұлттық құндылықтарымызды ұмытпай, жаһандық жаңашылдыққа жетелейтін жол. Қазіргі қоғам көзқарасы зерделі де ақылды ұрпақ тәрбиелеуге тиіс. Ол үшін біз білімге терең зер салып, жан-жақты дамуымыз қажет.
Біз дамыған 30 елдің құрамына кіру үшін алдымызға ...
Шығармалар
Толық

Ата-бабам аңсаған тәуелсіздік

“Мәңгілік Ел” болу ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы еді. Тәуелсіз Қазақстанды Мәңгілік Ел ету біздің ұрпақтың басты мақсатына, ұлттық ұранымызға, ұлттық идеямызға айналды. Мәңгілік Елдің іргетасын қаладық!

Н. Ә. Назарбаев

Қазақ - қайсар халық.Бүгінде сол батылдығы мен қажымас қайратының арқасында Алланың үлкен сыйы “ Тәуелсіздікке” қол жеткізіп отыр.Бұл үлкен бақыт, әрине мәңгілікке жалғассын деп тілейміз.Десе де бұл күрес қазақ халқы үшін оңай болған жоқ Ата-бабамыздың ары мен зарының арқасында, сүйектен өткізер саптаулы сөзінің арқасында осы жеңістің дәмін таттық. Қазіргі таңда осындай баға жетпес байлығымызға жиырма сегіз жыл толып отыр.

Азат күн туды, қырандай еркін самғаған,
Асыл арманды ақиқат күнмен жалғаған.
Ұғынсаң елім, бостандық атты бақ құсы,
Сан ғасыр бойы басымызға да қонбаған!
Бұл күнді күтіп батырлар жанын қиысты.
Бостандық алып күмбірлеп кетті күй ішкі.
Ержүрек ұлы, қайсар қыздары бар қазақ,
Мәңгілік азат халық болуға тиісті!
Ақ Орда тігіп, Астана қылған қаласын,
Тарихын танып, ардақтап жатқан бабасын,
Барша әлем білген бөрі-жүректі баласын,
Қиналмай өтер алдынан шықса дара сын,
Көк туың мәңгі желбірей берсін көгіңде,
Айбарлы менің асыл Алашым!.....
Шығармалар
Толық

Абайды оқы, таңырқа

Табиғат сүтін сан ғасыр бойы арда еміп, бұлықсып ерке өскен қазақ халқының тарлан тарихындағы ұлы құбылыс-хакім Абай. Қайырлы сөз ұққанның жүрегіне нұр құя білетін майталман ақын-қазақ халқының бағытынан айнымас тұсбағары,түзу қалам-қисайған, өткір қалам-мүжілген дүрбелең дәуірлерде надандық бұлтын сейілткен сөнбес жарық күні. Ақын болмысын халық санасында мәңгілік жаңғыртатын қаламынан туған қуатты жырлары ғана емес, қаламгер турасында жазылған зерделі сөз бен ұлы шығармалары деп білемін. Өлең сөздің патшасын қиыннан қиыстырған ұлы ақынға ой теңізі терең Торайғырдың Сұлтанмахмұты да:

\Асыл сөзді іздесең,

Абайды оқы, ерінбе.

Адамдықты көздесең,

Жаттап тоқы көңілге,-деп ақбейіл шумақтарын арнаған. Жыр сүлейі Сұлтанмахмұттың «Ер Тарғын», «Қобыландыны» оқып байқа, Абайды оқы, таңырқа басыңды шайқа,-деп өскелең ұрпақты Абайдың жыр жайлауына беттетуі тегін емес-ті. Шынында Абай әлемі оқыған сайын көкірек көзіңді ашып, кеудеңді хикметке бөлейтін түпсіз мұхит, шексіз ғалам. Жыр алыбы Жамбыл «Ақындардың Пайғамбары» деп баға берген ойшыл ақын-халқымыздың ғасырлық идеалы. Оның іші алтын, сырты күміс өр өлеңдері мен қастерлі қара сөздері қай кезеңде де құнын жоймаған. Қазаққа қара сөзге дес бермеген ақын: «Сендер кетсеңдер де, мен біржола кетпеймін. Сендер бүгініңмен, мен алдағы келешекпен өмір сүрдім. Ол күндері артқа қалдырған ісім мен сөзім мені қайта тірілтер»,-деген екен. Дана Абайымыздың өлген күнінен қанша алыстасақ, рухына сонша жақындадық. Себебі, ұлы ақын шығармаларында жеке тұлға мен қоғамды толғандыратын барша сұрақтың жауабы бар. Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұстаған талапты жанның Абай шығармаларынан сусындағанда адамшылықтың асыл қасиеттері, білім-ғылым, махаббат, салт-жоралғы, заң тұрғысынан алса да шөлі қанары анық. Асылы, Абай өлеңдері халқымыздың бойына тас кенеше жабысқан адамзатты бұзатұғын жалқаулық, көрсеқызарлық, дүниеқоңыздық, күндестік, өтірікші, мақтаншақтың сынды мінездерді түзетуші. Бүгінде елімізде білімге ұмтылыс болғанымен, қазақтың Абай көріп, сынаған жасанды жаны қаншалықты өзгерді? .....
Шығармалар
Толық

Шардара барсаң, шайырмын деме

Менің жұдырықтай жүрегімнен жарты әлемдей орын алған, түйе жейтін жапырағы да, түйе аунайтын шаңдақ топырағы да жаныңа шипа, дертіңе дауа болатын қасиетті туған жерім – тарихкөз тарландар тараған Шардара. Шардарамыз – өнер мен мәдениеттің қайнаған қазаны. Жер-анасы алдындағы қасиетті парызын терең білімі, қилы өнерімен өтеп жүрген жалынды ұл – қыздардың ішінде өлкеміздің дана болмысты, ақиық ақындар тобының қай кезеңде де мәртебесі биік. Әрбіріміздің көңіл көкжиегімізде туған жеріміздің алып тұлғалары дегенде, ә дегеннен-ақ бір кітап боларлық ақын-жазушы есімдері елес береді десем де артық емес. Шағыл құм шабыт берген шайырлардың ұлы көші- шығармашыл Шардараның аяулылары Қасқыр Серікбаев, Бауыржан Қарабеков,Жұмабек Мұқанов,Әмірхан Балқыбек,Нұрғали Ыбырайым, Әлібек Шегебай, Қазыбек Иса, Құрманбек Шәметов, Оңалбай Еспанов, Құдайберген Өтеш сынды дарабоз ақындардан бастау алып,Әбдіғаппар Айдаров, Қанат Дауылбаев, Сәбит Лаханов, Ажар Сламова сияқты шоқжұлдыздар шоғырымен жалғасын тапқан. Ой салтанаты биік майталман ақындарымыздың жыр жайлауына сапар шексек, сөз патшасы өлеңді қиыннан қиыстыра өрнектеген шырайлы шумақтарды көреміз. Қашанда қабағы ашық құмды мекеннің мақтан тұтары - Бауыржан Қарабеков: Өмірде шалқыдық па көк теңіз боп, Әйтеуір артымызда өткен із көп.

Шығып ем Шардарадан...шартараптан,

Келемін әлі күнге көктем іздеп,- деп туған өлкесін жырында тіліне тиек ете жүретінін көрсетеді. «Ер – туған жеріне»,-демей ме, ендеше өлеңімен туған аймағының атын шығарған Бауыржан атамыз- нағыз ер. Ал ақындық майданында талай жауынгерді шыңдап шығарған ардагер ақын Қасқыр Серікбаевтың шумақтары өсиетке толылығымен ерекшеленеді.Ақын өлеңінде: Құмар бол жастан білімге,

Кімдігің қызыл тіліңде.

Сәл нәрсеге шалқайып,

Сәл нәрсеге бүлінбе, -дей келіп, тірлігіңде жастарға үлгі болатын жақсы сөз қалдыруды насихат етеді. Жалпы, Қасқыр ақын шығармашылығында Майлықожа үлгісі байқалады. Шағалалы сұлу Сырымызды сөзіне қоспаған Шардаралық шайыр жоқ шығар. Солардың бірегейі, абыз даланың бауырында еркелей ескен Сырдариясын: Сұлу Сыр,.....
Шығармалар
Толық

Менің таңдауым

Сары ала күздің келбеті, сары даланы сыйқырлағанына бүгін төртінші күнге таяп келеді. Қоғамға тұлға ретінде, сара жолымның алғашқы баспалдағына ақырын ғана қадам басып келемін. Адамның арманы шексіздікпен тоғысатын, санада жарқ ететін саф идеялар жиынтығы іспеттес. "Күз келбетін салқын санап, көпшілігіміздің жатсынатынымыз жасырын емес. Бірақ білесіз бе, кеше ғана кіріп келген табиғаттың бұл мезгілін алғаш рет сұлу келбетте күтіп алдым". Қабағы- қатулы, жаңбырын төгіп жіберетін- жылауық, жасыл даланы күн көзіндей келбетке орандыратын сары күзді- мен жаны нәзіктік пен сұлулыққа құштар қыз баласындай көрдім.

Қатулылығы- еркек жаратылысына оңайлықпен ере қоймайтын қайсар қызды еске түсірсе, толассыз жаңбыры- сылаң қағып, сыбдыр күлкісімен жаныңды баурайтын нәзік жандылардың мамықтай көңілдерінің сүйкімді келбетте бұртия қалатыны, айналаны алтынға орауы- әйел табиғатының қолынан келетін қауқардың қаншалықты мықты екенін көрсетуге ұмтылғысы келетіндей. Бұл ойлардың тууына Қазақ Ұлттық Қыздар Педагогикалық Университетінде оқысам, тұнып тұрған білім мен тәрбиенің ордасына еніп, 75 жылдық тарихы бар "Ұстаздардың шеберханасына" айналған, қазақ қыздарының киелі мекені болған, қара шаңырақта білім алсам деген асқақ Арманымның орындалып отырғанында.

Елімізде жоғары оқу орындары көп. Бірақ, менің таңдауым не үшін ҚазҰҚПУ?

- Ол жаны мен тәні таза қазақ қыздарының келбетін тереңінен танып, апаларымның ізін басып, даналығы мен өсиеттерін бойға сіңіріп, құндылықтарына қанық болып, келешекке нағыз батыр, өр мінезді, тазалық пен сұлулыққа жаны құштар, қазақилық тәрбиеге сусындап, бәсекеге қабілетті, кез-келген ортада көшбасшылыққа лайықты ретінде, өз ісінің нағыз маманы атанып, Еліме, Халқыма қызмет етіп, үлкен кісілердің батасын алып, ел азаматтарын тәрбиелеп, тәлім беріп, егде тартқанда өмірімнің бос өтпегенін сезінгім келген осындай болашаққа құрылған сүйкімді арманым мен қиялымның жетегінде, ақыл мен жүрек қалауы түйіскен ортасында таңдау жасап келіп отырған оқу ордам- осы ҚазҰҚПУ! Қас пен көздің арасында зымырайтын алтын уақыт несімен ерекше деген сауалға, жақсы жандардың тәлім мен тәрбиесі тоғысқан алтын ордада бас қосып, игі жақсылардың ықпалынан болашақ маман ретінде өткізген кезеңім дер едім!.....
Эсселер
Толық

Мамандық – өмір таңдау

Мамандық - адамнан арнаулы білім, еңбек дағдылары мен іскерлікті талап ететін еңбек іс-әрекетінің түрі. Мамандық - қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі.

Мамандық таңдау - тағдырыңды таңдау деген сөз. Кейінгі өмірде өкінбейтіндей, өз қабілеті мен бейімділігіне сай кәсіп түрін таңдау. Бұл өте жауапты және маңызды іс. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек.

Мамандық саналы қадам,оған барлық уақыт пен күш жұмсалады.Әр адам үшін мамандық таңдау қиын және жауапты қадам болып табылады.Мамандық таңдау адамның қызығушылығына,қабілеттеріне және мінез ерекшеліктеріне байланысты. Мамандықтың көптеген түрлері бар: дәрігер,мұғалім,экономист,дизайнер және тағы мыңдаған түрлері. Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ мұның кез - келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың жолы ғана емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе.

Биыл мен үшін жауапты кезең,өйткені биыл мектеп табалдырығымен қоштасамын.Соңғы оқу жылы,алда үлкен белестер, тарау - тарау жолдар күтіп тұр. Әрбір адам өзін - өзі дамыта алу үшін білім алып, сол біліміне сай мамандыққа машықтану керек

11-сыныпқа келгендіктен,мен саналы қадамның жолында тұрмын. Бала кезімнен мұғалім болуды армандадым.Сондықтан дефектолог болуды жөн көрдім.Мен балалармен тез тіл табыса аламын. Бұл жұмыстың қаншалықты қиын екенін біле отырып,өмірімді осы кәсіппен байланыстыруды жөн көрдім.Дефектолог - бұл ерекше балаларға біздің қоғамда бейімделуге көмектесетін адам.Олардың физикалық,моральдық дамуына көмек беру.Дефектологтың мамандығы –мұндай балаларға тәсіл табуға,кішігірім жетістікке қуануға,шыдамды,жауапты болуға үйрету.Дефектологтың жұмысы өте ауыр,сізге тапсырылған әр бала үшін жауапкершілікті талап етеді......
Эсселер
Толық

Қазақ тілі саласындағы функционалдық сауаттылықтың білім берудегі маңыздылығы

Функционалды сауаттылық- бұл тұлғаның әлеуметтік,мәдени,саяси және экономикалық қызметіне белсене араласуы,яғни,өз мамандығына,жасына қарамастан заман ағымына ілесе отырып,білімін арттыра түсу.

Қазіргі таңда мен 8 сынып оқушысымын.Алайда,ертеңгі күннің болашағының негізі боламын.Ал сол ертеңгі болашаққа білім берудегі,функционалдық сауаттылық дағдысының пайдасы мен кем тұстарын айта отырып,кемшілікті түзеу мақсатында ұсыныстарымды білдіретін боламын.

Өмірге деген үлкен жолды салып беретін мектептің білім берудегі маңызы зор.Ал сол білім ошағының қазіргі сәттегі жағдайы мен берер тәрбиесі қандай?

Заман талабы бойынша біздің оқып жатқан оқулығымыз бен алып отырған біліміміз функционалды сауаттылыққа негізделеді.Мұндай оқу түрі менің жаныма жағады.Себебі,кезінде тек теориялық негіздермен жұмыс істесек,қазір практикамен жұмыс істей отырып,оқулықта берілген оқылым,айтылым,жазылым дағдылары бойынша өз пікірімізді ашық жеткізе алып,сыртқы ортамен қарым-қатынас жасауға бейімделудеміз.Ал мұның керегі не?Не мақсатпен жасалып отыр деген сұрақ әркімнің көкейін түсуде.Менің ойымша,бұл оқу дағдысы баланың ортамен тілдесе алуы мен қазақтың тарихын жан-жақты түсіндіріп,өзге де білім салаларымен байланыстыра отырып,мамандық таңдауға өз үлесін қосады.Оның үстіне бала өзінің ойын ашық түрде айта алып,бір-бәрімізді критерий бойынша бағалап,әркімнің пікірі өзінше құндылыққа ие бола алады.Әйтсе де әрбір кереметтің бір кем тұсы болуы хақ......
Эсселер
Толық

Жаңғыру жолындағы жас маман қандай болу керек?

Ақырын жүріп, анық бас,
Еңбегің кетпес далаға,
Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға…»-деп, Aбaй aтaмыз бекер aйтпaғaн. Ұстаздық бұл өмірдегі ең жақсы, ең адал, ең жауапты, қызығы мен қиыншылығы қатар жүретін мaмaндықтардың бірі. Ұстаз әрқашанда іздену үстінде болу керек, үнемі жаңалықты ашушы,ізденімпаз болуы керек,

Ендігі алға қойған мақсатым — білікті ұстаздардың қатарынан көріну, білімді жастар тәрбиелеу. «Бала жүрегі- кішкентай күй сандық. Сол сандықтың кілтін тапсаң ғана ашылады. Мұғалімнің қолында әр кезде сол кілт тұру кeрeк» деп М. Шаханов ағамыз айтқандай, әр баланың жүрегіне жол табу, бала бойындағы дарынды ашу мұғалімнің міндеті деп ойлаймын. Қазір жас маманмын — болашақта өзім білім алған ұстаздарым секілді білікті де,ұшқыр маман болу менің алға қойған мақсаттарымның бірі. Мұғалімдер қатарын толықтырып отыратын мен секілді жас мамандар да талмай үнемі ізденіс үстіндe бoлып, әр пәнді жоғары деңгейде, сапалы етіп өткізсе — шығар асуымыз алыс емес.

Менің бала күнімнен бергі арманымның бірі-ұстаз болу болатын. Өйткені кішкене кезімнен бастап,өзім тәлім алған ұстаздарыма қарап,бой түзедім. Бүгінгі күні мен өзіме тәлім-тәрбие берген ,білім нәрімен сусындап, қияға ұшырған алтын ұя мектебім Тасөткел орта мектебіне қайта оралып, еңбек жолымды осы жерден бастап жатырмын......
Эсселер
Толық

Үндістанның Тынық мұхит пен Жерорта теңізі аралығындағы сауда орталығы ретіндегі рөлі қаншалықты маңызды болды (Дүниежүзі тарихы, 5 сынып, ІІ тоқсан)

Пән: Дүниежүзі тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлім: Ежелгі Үндістан: Буддизмнің гүлденуі мен индуизмнің триумфі
Сабақтың тақырыбы: Үндістанның Тынық мұхит пен Жерорта теңізі аралығындағы сауда орталығы ретіндегі рөлі қаншалықты маңызды болды
Оқу мақсаттары: • ежелгі өркениеттердің шаруашылық жүйесін сипаттау
• ғылымдардың (арифметика, геометрия, астрономия, медицина) пайда болып, дамуына шаруашылық іс-әрекетпен әлеуметтік өзгерістердің ықпалын сипаттау
Сабақ мақсаттары: • ежелгі үнділердің шаруашылық туралы білу
• ежелгі үнділердің саудасы мен керуен жолдарының бағдарларына сипаттама беру
• ғылымдардың дамуына шаруашылық пен сауданың ықпалын анықтау.....
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық