Махаббатсыз әйел
Уақыт... 28 жыл... Сол бір күндер көз алдымнан тізбектеліп тағы бір өтті. Жастардың әңгімесі ескі бір жараның аузын тырнап, қан жылатты. Иә, уақыт өтсе де адамның жүрегінде қалған сезім ешқашанда өшпейді. Студенттік күндер... Ол жігітті алғаш көргеннен жаныма жақын тарттым. Кездескен сайын біртүрлі мазам кетіп, жүрегім тулап, кеудеме сыймай кететін болды. Жаксы дос, сырлас болдық. Оның сүйгені барын білдім. Қара түнекке оранғандай күй кештім. Бірақ оған ешнәрсені сездірмей, қуанышына шын көңіліммен ортақтастым. Сүйгені басқа қалада оқ иды екен. Бір күндері оның ұнжырағы түскен, көніл-күйінің жоқ екенін байқап қалдым. Содан аңгімеге тартып, жағдайын сұрадым. Сүйгенінің дұрыс сөйлеспей жүргенін айтты. Екеуміз почта бөліміне барып, қоңырау шалдық. Қызы кешірім сұрап, тұрмысқа шыққалы жатқанын айтты. О, Алла, сол кезде өмірімде алғашқы рет ер адамның козіне жас алып, қайғырғанын көріппін. Ол үшін жаным қатты ауырды. Бар жан-тәніммен оның жарасын жеңілдетуді ойладым. Сөйтіп достығымыз күннен-күнге ұлғайып, арамызда бір керемет нәзік сезім пайда болды. Өмірде менен өткен б ақытты қыз жоқ болып көрінді. Достары да мені сыйлап, ерекше құрмет көрсетті.
Бірақ...!!! Әттең...!!! Жалғыз менің махаббатым екеумізге аздық еткен екен!.....
Бірақ...!!! Әттең...!!! Жалғыз менің махаббатым екеумізге аздық еткен екен!.....
Махаббат хикаялары