Рухымыз кетпепті аласарып, Азаттықтың байрағын ала салып, Өркениет аулына көш түзедік, Алдыменен жол салып, қала салып. Адамдықты әспеттеу — асқан әдеп. Адам үшін бастысы баспана деп......
Аллаға сеніп, құдіретіне сыйынып, Әзіз бауырлар, оралдыңдар ма жиылып?! Ата жұрт — осы. Арада — мың жыл көрмеген, Тізе бүгіңдер, киелі топыраққа иіліп. Көп заман бөлігі, көп жасқа толды көздерім, Көздерім менің көздерін көрді өзгенің.........
Түркістан. Тұран. Бір кезде тұлғалы мекен, Тұнығындай қайнардың мұңданып өтем. Туған жерге деген бұл махаббатпен Мың жыл бұрын біз неге тумадық екен?!......
Бұл сарай — сәулетімен бірге өзінің Қоңырауы мезгілдің бір кезінің. Түйсігі туа бөлек жүрек керек Түсініп тыңдау үшін күмбез үнін. Бар ма екен адамзатта бүтін бауыр, Бір кезде жолықпайтын үкімге ауыр? Киелі қабырғалар арасынан......
Сол тауда — кемел жиын, кенен бейне. Келгендер ықыласқа бөленбей ме? Қардештер, мүсәпірлер дегенді естіп, Бейбіт бей жалт қарады Төлен бейге. Әпендім дейді бізге, әзілі ме? Әйтеуір, ризамыз саз үніне.......
Ертеңіне барады елім көшіп Елді ойласам, қонады көңілге шық. Менің алтын тамырым сол жақта еді, Алтындарым жүр екен не күн кешіп?! Аңсаулармен тербелер арман — шынар,......
Иә, қате болды бұл, иә, ағат та, Ие болып жүргендер зиялы атқа, Зияны жоқ қандасты Қанаты кең Болғаны үшін қидыңдар қиянатқа. Намысы бар жүрек деп ұйғарыңдар.......