Бір дәруіш ұзақ жол жүріп бір ауылға келеді. Алдынан шыққандардан қонақтайтын мекен сұрайды. Сонда ауылдықтар Садық деген байға баруын айтады. Дәруіш келе жатып, бірнеше ауылдарға жолығады. Олардың сөздерінен сол жердің ең бай адамы Садық және одан кейінгі бай....
Көршілерінің үйінде болған бір күн бұрынғы тойдың әңгүдігінен кейін, оның өмірі астан-кестен болған еді. Бұл үйде, бұл көшеде, бұл маңайда бұдан былай қала алмайтын еді. Соншама жыл бірге өмір сүрген болса да, тіпті әйеліне де «Қош бол!» деп айтпай есіктен үнсіз шығып кетті. Артынан әйелі....
Бір адам он жасар баласын ертіп, егіннен жаяу келе жатса, жолда аттың ескі тағасын көріп, баласына: — Балам, анау тағаны, ала жүр! — дейді. Бала әкесіне: — Әке, сынып қалған ескі таға ғой, пайдасы жоқ, не қыламыз оны, — дейді. Әкесі үндемейді. Тағаны өзі иіліп жерден алады да, жүре береді. Олар қалаға жақындайды. Қаланың шетінде....
Атасы он жасар немерсемен далада келе жатып, немересінен сұрайды: - Анау өрмекшіні көрдің бе? Не істеп жүр екен? - Көрдім, өрмек тоқып жүр. - Анау құмырсқаны көрдің бе? - Көрдім, аузында бір нанның уалшығы бар, жүгіріп кетіп барады. - Жоғары қарашы, көкте....
Адамдардың разылығын, игі дұғасын, батасын алуға тырысу керек. Ренжітуден, қарғыс алудан міндетті түрде ұзақ болу керек. Дұға - қаза мен тағдырды өзгертеді. Бір игі дұғамен өмір жасы ұзаруы мүмкін. Ал қарғыспенен, әсіресе ата-ананың, салих туыстардың қарғысымен өмір қысқаруы мүмкін. Сондықтан аузымыздан шығатын сөздерге мұқият болуымыз керек. Аталарымыздың да «Жақсы сөз - жарым ырыс» деген хикметті сөздері бекер емес. Убайдуллаһ Ахрар «құддиса сирруһ» хазреттері өте кішіпейіл....
Біз мына күйкі тіршіліктің қамымен жүріп, дәл қасымызда үндемей-түндемей, ешкімге де дабыра қылмай, қолынан келгенше жұртқа жақсылық жасап жүрген жандарды байқай да бермейміз. Одан да бізге әкім не жеп қойдды, кім кімді тонап кетті болмаса кім кімді басып-жаншып кетті деген қауесет пен ақпараттар жанымызға жақын, жүрегімізге жылы тиетін секілді.
Өткен ғасырдың 60-шы жылдары екінші сынып оқушыларына төмендегі жұмбақ ұсынылған. Суретке мұқият қарап 6 сұраққа жауап беру керек: 1. Пароход өзен ағысымен жоғары ма, әлде төмен бе кетіп барады? 2. Жылдың қай мезгілі бейнеленген? 3. Өзен осы жерінде терең бе? 4. Айлақ алыс па? 5. Айлақ өзеннің қай бетінде орналасқан (оң, сол)? 6. Суретші күннің қай уақытын бейнелеген?
Жауабы: Оқулықтың жауаптары: 1. Бакендер орнатылған ағаш ұшбұрыштар ағысқа қарсы орнатылады. Яғни пароход өзенмен жоғары жүзіп бара жатыр. 2. Суретте құстар бейнеленген; олар бұрыш түрінде ұшып бара жатыр, бұрыштың бір жағы қысқарақ: бұл тырналар. Тырналардың топтасып ұшуы көктемде немесе күзде болады. Тырналар оңтүстік жаққа ұшып бара жатыр. Демек, суретте күз бейнеленген. 3. Өзен бұл жерде таяз, матрос фарватер тереңдігін сырық арқылы өлшеп тұр. 4. Пароход айлаққа жақындаған: бір топ жолаушы заттарын алып, пароходттан түсуге дайын болып тұр. 5. 1-ші сұраққа жауап беру арқылы біз өзеннің ағысын анықтадық. Өзеннің оң немесе сол жағасын анықтау үшін ағыс бойына қарап тұруымыз керек. Пароход айлаққа жақындағанын білеміз. Жолаушылар біз суретке қарап тұрған беттен түсуге дайындалып тұр. Яғни, ең жақын айлақ өзеннің оң жақ жағасында орналасқан. 6. Бакендерде шамдар орнатылған. Оларды кештен алдын қойып, таңда алады. Малшылар малды ауылға айдап бара жатқаны көрініп тұр. Яғни суретте кешкі мезгіл бейнеленген.
Маймыл тісті доңғалақты айналдырғанда тілше қандай санды көрсетеді? 1 немес 2? Жұмбақты шешудің екі жолы бар.
Жауабы: Тілше 2 санын көрсетеді. Шешімнің бірінші жолы суретте көрсетілген. Екінші жолы: Тісті доңғалақтарды зерттейік: — әр тісті доңғалақ тіркелген келесі доңғалақты кері бағытта айналдырады, — белбеулі доңғалақ айналу бағытын өзгертпейді, — сегізді-белбеулі доңғалақ қарапайым тіркестегідей доңғалақтың бағытын өзгертеді. Доңғалақтарды санап шығайық. Айналу бағытын өзгертетін беріліс жұп болған жағдайда, соңғы доңғалақтың айналу бағыты өзгермейді. Тақ болса – кері бағытқа өзгереді. Бізде 16 беріліс: 14 жағдайда бағыт өзгереді, 2 жағдайда өзгермейді. Нәтижесінде тілше 2 санын көрсетеді.