Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш


Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш, ғибратты оқиға, балаларға арналған қызықты оқиғаларАтасы он жасар немерсемен далада келе жатып, немересінен сұрайды:
     - Анау өрмекшіні көрдің бе? Не істеп жүр екен?
     - Көрдім, өрмек тоқып жүр.
     - Анау құмырсқаны көрдің бе?
     - Көрдім, аузында бір нанның уалшығы бар, жүгіріп кетіп барады.
     - Жоғары қарашы, көкте не ұшып жүр?
     - Жоғарыда қарлығаш ұшып жүр. Аузында кесе тістеген шөбі бар.
        Сонда атасы айтты:
     - Олай болса, шырағым, ол кішкентай жәндіктер саған ғибрат болсын! Өрмекші маса-шыбынға тұзақ құрып жүр, ұстап алған соң, өзіне азық етерге. Құмысқа бала-шағаларына тамақ аулап, бір нанның уалшығын тапқан соң, өзі жемей, аузына тістеп, қуанғаннан үйіне жүгіріп қайтып барады. Ал қарлығаш балапандарына ұя жасау үшін шөп жинап жүр. Жұмыссыз жүрген бір жан жоқ. Сен де жұмыс істеуге әдеттен.

Миргалиева Алия 
Қостанай қаласы


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу