Ақындығымның арқасында әскерде абыройлы болдым

Киелі Ертіс-Баян өңірінің табиғаты қаншалықты сұлу болса, осы елде өсіп-өнген ақындары да соншалықты сырлы болып келеді. Баянтау баурайындағы қарапайым малшылар отбасында өмірге келіп, туа біткен табиғи талантымен әдебиет әлемінен өзінің орнын тапқан ақын, журналист, сатирик Сүлеймен Баязитовтің есімі жұртшылыққа жақсы таныс. Оның журналистік жолдағы еңбегі алғаш Баянауыл аудандық «Баянтау» газетінде басталды.

Одан соң облыстық «Сарыарқа самалы» газетінде қызмет істеп, кейін ұстаздық жолға түскен. «Жасыбай батыр», «Хан ием», «Құдіреті күшті бір Алла» сынды он шақты кітаптың авторы. Сонымен қоса, үстіміздегі жылы Қазақстан Жазушылар одағы мен «Қазақмыс» корпорациясының бірлескен жобасы – республикалық «Балауса» жыр мүшәйрасының үшінші орын иегері. Ақын ағамыз биыл асқаралы 70 жасқа толып, ұрпағының қызығын көріп отыр. Осыған орай жерлес жазушымен жүздесіп, сұхбаттасып қайтқан едік.

- Ассалаумағалейкум, Сүлеймен аға! Алдымен балалық шағыңызға бір сәт саяхат жасасақ?

- Мен 1944 жылы Баянауыл ауданына қарасты Ж.Шанин атындағы елді мекенде колхоздың малшысы Баязит ақсақалдың отбасында өмірге келіппін. Мен туғанда қар аралас жаңбыр жауып, тас балағанның төбесінен су ағып тұрыпты. Ол кезде қойшылар қандай жөні дұрыс үйде тұрды дейсің? Әйтеуір баспана деген аты болмаса...

Ал балалық шағың қалай өтті дейтін болсаң, өмірдің соқпағына ерте түстім, кішкентайымнан қара шаруаға жегіліп өстім. Өзім өмірге келген жердегі жеті жылдық мектепті тәмамдадым. Мектеп бітірген соң біраз уақыт қой бағып, сиыр өсіріп, малшыларға көмекші болдым. Бұл сол тұстағы кез келген баланың өмірінен өтетін үлкен сындардың бірі еді. Сол арқылы көндігіп, өмірдің сырын ұқтық, қиындыққа төзуді үйрендік. .....
Әңгімелер
Толық

Қазақ Тәуелсіздігіне — 25 жыл

2016 жылдың үлкен мерейтойы – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы. Айтулы мерекеге республикамыздың түкпір-түкпірінде қызу дайындық жұмыстары жүргізілетіні бесенеден белгілі. Ал ақтөбеліктер егемендігіміздің ширек ғасырлық мерейтойына алғашқы әзірлікті бастап та кетті.
Ақтөбедегі мерекелік датаға арналған шаралардың алғашқысы – Қазақстан халқы Ассамблеясының «Үлкен ел – үлкен отбасы» республикалық жалпыұлттық жобасы. «Қоныс» спорт сарайында......
kz
Толық

Адал жар

Қыздардың адал жар атанып, күйеуіне бағынышты болуы иманнан. Ал, күйеуі адал жарын мәпелеп, қызғануы иманнан.
Осы екеуін тоғыстыра келсек, бір – бірімен тығыз байланысып жатқанын көруге болады… Күйеуінің қызғанышын оятып, басқалармен тілдесіп, билеп, басқалардың көзінше сәнденіп, ал күйеуінің көзінше үйдегі тамақпен иістенген халатты кие салып жүрген әйелдердің бұл тірлігі иманнан емес.
Аллаһ қосқан адал жарына барынша адалдық танытып, қызғандырмай, ол ашуланса күлімдеп қарап, қиыншылық туса жұбатып, ақыл айтса тыңдайтын аяулы жар болу Аллаһқа бойұсынған тақуа әйелдерден ғана болады. Шариғатты берік ұстанған әрбір жар өз некелескен жарымен бақытты.....
kz
Толық