Қазақ Тәуелсіздігіне — 25 жыл
2016 жылдың үлкен мерейтойы – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы. Айтулы мерекеге республикамыздың түкпір-түкпірінде қызу дайындық жұмыстары жүргізілетіні бесенеден белгілі. Ал ақтөбеліктер егемендігіміздің ширек ғасырлық мерейтойына алғашқы әзірлікті бастап та кетті.
Ақтөбедегі мерекелік датаға арналған шаралардың алғашқысы – Қазақстан халқы Ассамблеясының «Үлкен ел – үлкен отбасы» республикалық жалпыұлттық жобасы. «Қоныс» спорт сарайында бастау алған бұл шараға 4 мыңға жуық адам қатысты. Олардың арасында ардагерлер, жастар және мемлекеттік емес ұйымдар мен этноұлттық бірлестіктердің өкілдері болды.
Иә, ата-бабаларымыз сан ғасыр армандаған Тәуелсіздіктің 25 жылдығы еліміздегі іргелі істермен айшықталып, сәт сайын жақындап келеді. Тәуелсіздік жолындағы халқымыздың тартқан тауқыметі мен көрген қиындықтарын ақтөбелік өнерпаздар театрландырылған көріністер арқылы көрсетті. Бір сағатқа созылған қойылым барысында қазақ халқының сан ғасырлық тарихы көрермен қонақтар назарына ұсынылды. Театрландырылған қойылымның «Ауыл» деп аталатын бірінші бөлімінде қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заманның көріністері, одан кейінгі жаугершілік кезеңдер, Екінші дүниежүзілік соғыс, тың игеру жылдары, қазақ жеріне жан-жақтан депортацияланған ұлттардың тағдыры көрсетілді. Ал «Мәңгілік Ел» бөлімінде Тәуелсіз Қазақстанның ширек ғасырлық тарихы, осы уақытта жеткен жетістіктері, әлем аренасында танылуы сынды тақырыптар қамтылды.
Ауқымды шараға қатысқан Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев өңір тұрғындарын мерейлі жылдың басталуымен құттықтады. «25 жыл мемлекет үшін көп уақыт емес, осы аз ғана уақытта Қазақстан өз аяғына нық тұрып, әлемге аты танылған мемлекет болды. 25 жылда талай өзгеріс болды. Қазақстан 70-тен астам халықаралық ұйымның белді мүшесі атанды. АҚШ-тың 41-ші президенті, үлкен Буш Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың көрегенділігінің арқасында, оған деген халықтың сенімінің арқасында Қазақстан осындай үлкен жетістікке жетті, әлемге танылды деген болатын. Еліміздегі бірлік пен ынтымақтың арқасында осындай жетістіктерге жетіп отырмыз. Сондықтан осындай маңызды жылда өтетін шараларға, біз, ақтөбеліктер, өз үлесімізді қосуымыз керек», – деді Бердібек Машбекұлы. Сонымен қатар, облыс басшысы Қазақстан Республикасының бүгінге дейін жеткен жетістіктеріне тоқталып өтті. Бердібек Машбекұлының айтуынша, осы уақытқа дейін елімізде жалпы ішкі өнім де, экономикаға тартылған инвестиция да 40 есе артты. 1993 жылмен салыстырғанда өндіріс көлемі 1000 есеге дейін жоғарылады. Халықтың өмір сүру жасы 72-ге дейін көтеріліп, бала туу көрсеткіші 68 пайызға өсті. Соңғы 5 жылдың ішінде ғана елімізде индустриалды даму бағдарламасы аясында 950 жаңа кәсіпорын құрылып, 250 мың жаңа жұмыс орны ашылды. Алдағы жылдары елімізде ЕХРО көрмесі, Универсиада секілді маңызды шаралар да өтеді.
Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығында қол жеткізген жетістіктерді кеңінен насихаттап, түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін облыстың аудандарына үгіт пойыздары мен ақпараттық топтар жөнелтілді. Үгіт пойызына ақ жол тілеп шығарып салған Ақтөбе облысының басшысы Бердібек Сапарбаев бұл шараға бастамашы болған «Нұр Отан» партиясының өкілдеріне Қазақстан халқы Ассамблеясының ақ туын тапсырды. Айта кетейік, үгіт пойызы қаңтар және ақпан айларында Ақтөбе облысының барлық аудандарын аралап шығады. Үгіт пойызында «Нұр Отан» партиясының, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының өкілдері, медицина қызметкерлері, заңгерлер бар.
Облыс аудандарына үгіт пойыздарын жөнелтудегі негізгі мақсат – өңір жұртшылығына 25 жылда жеткен жетістіктерді, атқарылып жатқан жұмыстарды насихаттау, тұрғындарға қажетті медициналық, заңгерлік көмектерін беру, ауылда шағын және орта бизнесті құру бойынша кеңестер ұсыну.
Сонымен қатар, Ақтөбе қаласының бес жеріне уақыт есебін көрсететін LED экрандар орнартылды. Аталмыш экрандар ақтөбеліктерге Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мерекесіне қанша уақыт қалғанын бақылауға мүмкіндік береді. Күндіз де, түнде де көшелердегі жарық диодты алып экрандар еліміздегі маңызды тарихи оқиғаға қанша уақыт қалғанын көрсетіп тұрады. Қала көшелеріне орналасқан үлкен экрандар ақтөбеліктер мен қала қонақтарының назарын бірден аудартады. Сондай-ақ, Тәуелсіздік мерекесіне дейін неше күн қалғанын көрсететін есептегіш экран қала тұрғындарының көңілінен шығуда. «Үлкен экранның жанынан күн сайын өтемін. Ондағы Тәуелсіздік күніне дейінгі уақыт мөлшерін көрсететін күнтізбе назарымды ерекше аударады. Мен бұдан еліміздің тарихына деген құрметті көремін. Осы шараның арқасында, тіпті, кішкентай бүлдіршіндеріміз де тарихи күн туралы хабардар болуда», – дейді Қ.Жұбанов атындағы өңірлік мемлекеттік университеттің студенті Жәдігер Бөпеліков.
Қала тұрғындарының айтуынша, бұл – өте маңызды бастама. Ал Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерейтойына дайындық жұмыстары жастардың еліміздің дамуына қосқан үлесі деп айтуға әбден болады. Ақтөбеліктер осындай қадамдары арқылы Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығын асыға күтетіндіктерін және оған тиянақты дайындалатындықтарын көрсетіп отыр. Бұл өңірдегі айтулы мерекенің дайындықтары мұнымен шектелмейтіндігі айқын. Жоспар бойынша, егемендіктің ширек ғасырлық мерейтойын тойлайтын жылда Ақтөбе облысында барлығы 5 мыңнан астам түрлі шаралар ұйымдастырылмақ.

Әсел ӘНУАРБЕК, дереккөз
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: Қазақстан, дейін, үлкен, Ақтөбе, уақыт, арқасында, осындай, Бердібек, экрандар, ғасырлық, жылда, маңызды, болды, шараға, елімізде, деген, жылдығы, қалғанын, жеткен, облысының, Қазақ Тәуелсіздігіне — 25 жыл, қазақстан тәуелсіздігіне 25 жыл