8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні (Қыз)

Бір қыз жерге қарайды, бір қыз өрге,
Қайсысы оның татиды үздігерге?
Басыңды көп қатырма, байғұс жігіт,
Анасын көр алдымен, қызды көрме.

Сұлу қыз, мұнша неге бұландадың,
Бос тастап екі қолды...
Өлеңдер
Толық

Фариза Оңғарсынова (Ұстаз)

Заводта болсаң, күнбе-күн
көрінер еді табысың.
Дәрігер болсаң, түрлі емің –
сырқаулы жанның бағы шын.

Ал сенің еңбек жемісің
өзгеше тіпті басқадан:
ол - өзін арнап....
Өлеңдер
Толық

Ұстаздар (Мұғалімдер) күні (Менің ұстазым)

Ашық сабақтың тақырыбы: Менің ұстазым
Ашық сабақтың мақсаты: Балалардың «білім», «еңбек» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту және
«сыйластық» ұғымының адамгершілік құндылығы ретіндегі мәнін ашу.
Ашық сабақтың міндеті: 1. Ұстаздың әрі маман, әрі оқушыға дос, жанашыр, ақылшы екендігі туралы түсінік беру.
2. Ұстазбен өзара сыйластық қарым-қатынастарын дамыту.
3. Ұстаздың еңбегін құрметтеуге тәрбиелеу.
Ашық сабақтар
Толық

Ұстаздар (Мұғалімдер) күні

1-жүргізуші:
Білімнің кәусәр бұлағын,
Жүресің құйып санама,
Біз үшін сенсің-мұғалім,
Ұстаз да,ғылым дана да.
ӘН: Ұстазым
Сценарийлер (ертеңгілік)
Толық

Математика, Бастауыш | Белгісіз қосылғышты табуға берілген есептер (2 сынып)

Тақырыбы: Белгісіз қосылғышты табуға берілген есептер
Мекен жайы: Павлодар облысы, Екібастұз қаласы,
Мектеп аты: №26 мектеп - гимназиясы
Бастауыш сынып мұғалімі: Бейсембаева Бақтыгүл Қабдығалымқызы


Күні:
Сабақтың тақырыбы: Үшінші белгісіз қосылғышты табуға берілген есептер
Сабақтың мақсаты:
1. Үшінші белгісіз қосылғышты табуға берілген есептерді шығара алуға, периметрі белгілі үшбұрыштың белгісіз қабырғасының ұзындығын таба алуға дағдыландыру.
2. Екі таңбалы санға бір таңбалы санды қосып, азайтуды басшылыққа ала отырып, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, ой-өрістерін арттыру;
3. Есте сақтау қабілеттерін арттыра отырып, шапшаңдыққа, сауатты жазуға, өзара көмекке , қамқорлыққа тәрбиелеу;
Ашық сабақтар
Толық

16 Желтоқсан - Тәуелсіздік күні (Тәуелсіздік ел тірегі - білімді ұрпақ)

Қызылорда облысы,
Қазалы ауданы, Қазалы ауылы,
№100 орта мектебінің
I cанатты бастауыш сынып мұғалімі
Саулебаева Ләззат Шәкиқызы


Тәрбие сағатының тақырыбы: Тәуелсіздік ел тірегі - білімді ұрпақ
Тәрбие сағатының мақсаты:
а) білімділік: Оқушыларға еліміздің қысқаша тарихы туралы мағлұмат беру. Өткен тарихымызға деген ұлттық қалыптастыру және Отанымыз Қазақстанды өркендетуге білімді адамдар керек екенін түсіндіру.
ә) тәрбиелік: Оқушыларды Отанды сүюге тәрбиелеу, туған елін, жерін қорғау әрбір азаматтың міндеті екенін білгізу және ұлттық педагогика негізінде тәрбиелеу.
б) дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісін дамытып, білім деңгейін көтеру, шығармашылық ізденісін қалыптастыру, белгілі бір пікір айтуға, тұжырым жасатуға үйрету, патриотизм сезімін қалыптастыру.
Тәрбие сағаттар
Толық

16 Желтоқсан - Тәуелсіздік күні (Тәуелсіздік – теңдесі жоқ байлығым)

Тәрбие сағат тақырыбы: Тәуелсіздік – теңдесі жоқ байлығым.
Тәрбие сағат мақсаты: оқушыларды еліміздің қысқаша тарихымен, мемлекеттік рәміздерімен таныстыру. Желтоқсан оқиғасы арқылы жүздеген жылдар бойы бабаларымыздың армандаған егемендігіне қол жеткізгенімізді, осы тәуелсіздікке жету жолында талай боздақтарымыздың жалған айыппен шейіт болғандарын көрермендерге жете ұғындыру, оқушылардың дүниетанымын кеңейту.
Тәрбие сағат көрнекіліктері: Мемлекеттік рәміздер, тақырыпқа байланысты жазылған плакаттар, «Тәуелсіз Қазақстан» бұрышы.
Тәрбие сағаттар
Толық

16 Желтоқсан - Тәуелсіздік күні (Тәуелсіздік бастауы – Желтоқсан)

Атырау облысы, Махамбет ауданы,
Береке негізгі мектебінің математика және информатика пәні мұғалімі
Баймұханова Ардақ Сағынғалиқызы

Тәрбие сағаттың тақырыбы: Тәуелсіздік бастауы – Желтоқсан
Тәрбие сағаттың мақсаты: 1986 жылдың желтоқсанындағы адал да, аңғал Қазақ жастарының бодандыққа қарсы жойқын бұлқынысы, бейбіт шеруге шыққан, тұңғыш рет Кеңес империясының зорлықшыл тас қамалына тайсалмай қарсы шыққан желтоқсан құрбандарының ерлігін, жалынды жырларын оқушылар көңіліне ұялату. Оқушылардың тіл байлығын, сөйлеу мәдениетін дамыту.
Тәрбие сағаттар
Толық