Қайрат Нұртас Әли Оқапов пен Айқынды басып озып, "Үздік орындаушы" атанды

Алматы қаласының күніне орай өткен Muzzone арнасы ұйымдастырған ЕМА-2014 марапаттау салтанатында жүлдегерлердің есімі белгілі болды. Үш кезең арқылы анықталған жүлдегерлерді бірінші, екінші кезеңде халық дауыс беру арқылы таңдаса, үшінші кезеңде қазылар алқасы сыннан өткізді.

ЕМА-2014 жүлдесінде Қайрат Нұртас финалға шыққан Әли Оқапов пен Айқынды басып озып "Үздік орындаушы" атағына лайық деп танылды. Қайрат жүлдені алуға өзі келе алмай, көрермендерге видеосәлем жолдады. Ал Серік Ибрагимов "Жаңа тыныс", Әлішер Қайратұлы "Көрермен көзайымы", Луина "Үздік әйел орындаушы", "Орда" тобы "Үздік ер тобы", "Город А" "Үздік әйел тобы", Домино....
kz
Толық

Алтын, күміс

Баяғы бір заманда бай мен кедей көрші өмір сүріпті. Олардың араздығы сондай, бірін-бірі көргісі келмейді екен. Байдың үйі кең, әдемі болыпты. Іші толған – алтын мен күміс. Ал кедейдің үйі ағаштан жасалған, төбесін бұтамен жапқан қора екен. Алтын мен күміс түгілі, нанын әзер тауып жепті. Егін егіп, оны суарып, күтіп......
Ертегілер
Толық

Қу түлкі

Жолбарыс бір түлкіні ұстап алады. Түлкі құйрығын бұлаңдатып, тұмсығын жоғары көтеріп:
- Мені жей алмайсың! Мен осы орманға қожалық етуге келгенмін, - дейді.
Жолбарыс түлкіге олай бір......
Ертегілер
Толық

Ресей Байқоңырдағы жағдайды реттемейінше зымыран ұшыра алмайды

Протон-М зымыран тасығышы құлаған аумақта гептил деңгейі айтарлықтай төмендеген. Оның салдарын жою бойынша үкіметтік комиссияның төрағасы, қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Қаппаров Қызылорда өңіріне жұмыс сапарымен жетті.

Фото: inform.kz
Фото: inform.kz

Жақында өткен апаттың орны толмай жатып, Роскосмос Байқоңырдан тағы бір протон ұшырмаққа бекініпті деген ақпарат тараған болатын. Алайда министр жуырдағы апатқа қатысты мәселелерді шешіп алмайынша, бұған жол бермейміз деп отыр.

Қызылорда өңіріне тараған гептил мөлшерінің әлдеқайда азайғаны не керек. "Роскосмос" өткен апаттың табы басылмай жатып Байқоңырдан тағы бір протонын ұшырады деген ақпарат желдей есті.

Қызылорда өлкесін гептилден залалсыздандыру мәліметтері жарияланған комиссия отырысында осы талқыланды. Ресей тарабы қыркүйектің 15-інде зымыран тасығышын ұшырмаққа дайын екендігін тамыздың жетісінде жариялаған болатын. 

"Роскосмос" төрағасымен кездескен қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Қаппаров "жағдайды реттемесеңдер тіпті зымыран ұшыруға рұхсат бермейміз", - деп  ескерту жасады.

Жаңалықтар
Толық